Дәріс Қабырғалық керамикалық материалдар мен бұйымдар.
Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің «керамос»- балшық деген сөзінен) деп табиғи саз балшықтан немесе оны минералдық немесе органикалық косымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру және күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдарды атайды.
Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді: кеуекті және тығыз. Кеуекті материалдардың су сіңіргіштігі 5%-дан жоғары болады (әдетте 6-20 массалық пайыз аралығында), бұларға кәдімгі кірпіш, керамикалық қабырға тастар, тыстаулық (өңдеулік) тақталар, т.б. жатады. Тығыз керамикалык материалдар 5%-дан кем су сіңіреді (көбінесе 1-4%); оларға: еденге төсейтін плиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар (түтіктер), т.б. жатады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар қолданылатын орнына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1) қабырғалық бұйымдар (кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар деп аталатын қуысты керамикалык тастар және олардан істелінген панельдер); 2) Үйдің сыртқы қабырғалары мен ішкі өңдеуге арналған тыстаулық бұйымдар (беттік кірпіш, кіші өлшемді плиталар, глазурьландырылған плиткалар және олардың фасондандырылган детальдары (бір қалыпқа келтірілген бөлшектері) - карниздер (ернеулер, жақтаулар), т.б.; 3) арнайы міндет атқаратын бұйымдар, материалдардар; санитарлық-техника бұйымдары (жуынатын столдар (кол жуғыштар), ванналар, унитаздар, отқа және қышқылға төзімді бұйымдар, жеңіл бетонның толтырғыштары (керамзит, аглопорит), т.б.
Қабырғалық керамикалық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор, өйткені олар құрылыста колданылатын барлық кабырғалық бұйымдардың тең жартысы (50%-і). Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кәдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар (қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, т.б.), кірпіштен немесе керамикалық тастардан құралған ірі панельдер.
Кірпіш (кәдімгі) толық денелі (қуыссыз) формасы тікбұрышты, өлшемі 250х120х65мм, оңай балқығыш балшықтардан (қосымша заттарсыз) жасалынады. Тығыздығы 1600-1900кг/м3, жылуөткізгіштігі, 0,7-0,8 Вт/(м×°С); беріктігіне сәйкес (R сығу) 7 маркамен сипатталынады: М75, М100, МІ25, МІ50, М200, М250, М300. Сусіңіргіштігімен сипатталынатын кеуектіліктің мөлшері маркасы М150-ден жоғары кірпіш үшін 6%-дан кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8%-дан кем емес болуы қажет. Кеуектілігі азайса, кірпіштің жылуөткізгіштігі артады, құрылыс ерітіндісімен байланысы әлсірейді. Кірпіштің аязғатөзімділігі 15 циклден кем болмауы кажет; әдетте, бұл қасиеттің маркалары Г25, Г35, Г50. Кірпіш, көбінесе, қабырға қалауда, панельдер жасауда, пеш және мұржа кұруда колданылады.
Қуысты кірпіштер. Қуысты керамикалық тастар. Кәдімгі қуыссыз, тығыз
денелі керамикалық кірпіштің өлшемдері 250x120x65 мм және 250х120х88 мм, яғни соңғы кірпіш қалыңырақ; оны модульді* кірпіш дейді. Қуысты кірпіштердің өлшемдері кәдімгі кірпіштердікіндей, бірақта олардың денесі қуысталынған. Қуысты тастардың өлшемі кірпіштерден үлкенірек болады. Кірпіштер мен тастардың куыстарының формасы дөңгелек не тік бұрышты, өлшемдері де және бір кірпіштегі сандары да әр түрлі. Қуыстар бұйымдардың төсеу бетіне тік не жазық бағытта орналастырылады; олар бір шеті бітеу немесе шеттері ашық етіліп жасалынады; олардың қуыстылығы кірпіштердің денесінің 42%-не. ал тастардың - 50%-не дейін (5-сурет).
Тиімді қабырғалық керамикалық бұйымдардың қуысты түрлерін өндіру үшін қалыптағы престің мүштігіне қажетті нұсқалы өзек-болатты қапсырма шегемен бекітеді.
Кірпіштен немесе керамикалық тастардан құралған ірі панельдер
Мұндай панельдер сыртқы қабырға ретінде пайдаланылады. Олардың биіктігі мен ені үй бөлмесінің биіктігі мен еніне тең (мысалы3,2х2,7x0,28 м). Олар бір, екі және үш қабатты етіліп өндіріледі. Үш кабатты панельдің қалыңдығы 28см (ішкі, сыртқы беттерінің өңдеулік материалдармен тысталғанын есептегенде (қосқанда). Соның ішінде сырткы екі
5-сурет. Қуыс денелі кірпіштер мен тастардың негізгі турлері а-жабысқақ қалыптаумен алынған кірпіш,- б-жартылай құрғақ әдіспен алынған кірпіш в-7 мен 8 тік, және 11-көлденең куысты тастар.
қабатының әр қайсысы 6,5см, яғни кірпіштің қалыңдығына тең, ортасының калыңдығы см-жылу өткізбейтін материал (мысалы минералдық мақтадан істелінген плита (тақта). Екі қабатты панельдің бір кабаты кірпіштен (бұл қабаттың қалыңдығы 12см, яғни кірпіштің көлденеңіне тең), екіншісі (оның да қалыңдығы 12см) - жылуөткізбейтін материалдан тұрады.
Бір қабатты панель қуысты кірпіштен немесе қуысты тастан құралады; оның қалыңдығы (өңдеулік, яғни тыстаулық материалдың шамасы (2,5см+2,5см) кальщдыктарьш есептемегенде) бүйымдардьщ үзындыгша (25 сантиметргө) тен. Ірі панельдін сырткы беті әдетте, керамикалык кілем тәрізді алуан түсті өрнектелген плиткалармен өңделеді (капта-лады, тысталады).
№10 дәріс Тыстаулық (өндеулік) керамикалык бұйымдар.
Бұлар сырткы (фасад-касбет) және ішкі тыстамалық бұйымдар деп ажыратылады.
Қасбеттік тыстамалық бұйымдар. Олар кабырға панельдерінің, цоколдің блоктарының касбетті жағын, лоджияларды өңдеу үшін және үйдің кабырғасын әшекейлеу үшін пайдаланылады. Фасадты өңдеу үшін көбінесе глазурьландырылған бұйымдар колданылады. Глазурьлеу бұйымның су өткізбеу және үзак уакыттык касиеттерін жаксартады. Мұндай бұйымдар Қазакстанда Қарагандыда және Астанада өндіріледі. Қасбеттік бұйымдар: беттік кірпіш және керамикалық тастар, ірі плиткалар және кілемдік керамика болып үш топқа бөлінеді.
х/Модуль (өлшем) І) техникада: өте маңызды коэффициентке немесе мөлшерге берілетін ат (есім); 2) архитектурада: үйдің немесе басқа бір кұрылыстың бөлшегі; осы бөлшек өлшем ретінде қабылданып, ол арқылы Үйдің басқа бөлшектерін немесе үйді толығымен сипаттау үшін қолданылады.
Кірпіштен ірі панель өндіру үшін алдымен оның және ондағы терезе ойығының периметрлеріне пісіру аркылы біріктірілген каңқалы арматура кондырылады, монтаждық ілгектер орнатылады, содан кейін кірпіштер маркасы 75-тен кем емес, консистенциясы (күйылу дәрежесі) стандарттык конустың 9-11 сантиметрге батуымен сипатталынатын цемент негізінде дайындалған құрылыс ерітінділерімен қаланады, онан соң панельдің сырткы және ішкі беттері өңделінеді. Ең соңында панель 10-14 сағат буландырылады да құрылыс орындарына жеткізіледі.
Мұндай панельдерді монтаждау, кабырғаны кірпіштөн қалаганнан көрі, 40% аз уакыт алады. Сондыктан кабырғаны ашык; ауада, суыкта кірпіштен қалаганнан көрі ірі панельдерді цехта өндіру тиімді.
Қасбеттік тыстамалы кірпіш (250x120x65) және керамиқалық тастар (250x120x140) колданылатын балшықтардың түріне байланысты оңай балқитын (күйдіргенде түсі кызыл) және баяу балкитын (күйдіргенде ак тұсін өзгөртпейтін) балшыктардың коспадағы (керамикалык массадағы) қатынасына карай: ақ сары және коңыр түсті болып өндіріледі. Қасбеттік кірпіштердің өз құнын арзандату үшін олар екі кабатты етіліп жасалынады: бірінші (калың) қабатка жергілікті кызыл балшықтар, ал екінші (жұқа - калыңдығы 3-5мм ғана) кабатқа көбінесе баска жақтан әкелінетін ак балшық пайдаланынады.
Түрлі түсті қасбеттік кірпіш өндіру үшін оның бет жағы 80% ак балшық, І5-20% шыны сынығы және 5-7% минералдык бояулар коспасымен ангобаландырылады. Ангоб шликер сұйык) күйінде шикі кірпіштің бетіне жағылады да, күйдіру арқылы бекітіледі. Ал қасбеттің архитектуралық (сәулеттің мәнерлілігін арттыру үшін кірпіштер глазурленеді .
Ірі плиткалар өлшемдері (250хІ40х10 мм) кірпіштен немесе бетоннан істелінген дайын кабырғаны өңдеу үшін пайдаланылады. Казіргі кезде мұндай плиткалар толық автоматтандырылган үздіксіз (толассыз) престеу (калыптау), кептіру, глазурьлау және күйдіру процестерін орындайтын жұмыс жолында өндірілөді.
Кілемдік керамика деп аталатын уақ плиткалар өлшемдері 20х20х2 мм және 48x48x4 мм етіліп жасалынады. Бұл плиткалар өте берік кағазға бет (ОН) жағымен суға ерігіш желіммен кілем тәрізді өрнектеп жапсырылады да, теріс жағымен құрылыс (цемент, құм және судан тұратын коспа) ерітіндісі арқылы сыртқы кабырғаға бекітіледі. Ерітінді катайып плиткаларды кабырғамен байланыстырғаннан соң кағазды сумен жібітіп жуып тастайды. Уақ плиткалар да заводтарда глазурьландырылып өндіріледі.
Ішкі өндеулік бұйымдар. Бұлар кабырғалык және едендік болып екі түрге бөлінеді; көбінесе ылғалдығы жоғары жайларды (монша, ванна, дәретхана, прачечная (кір жуатын үй, лабораториялар, т.б.) өндеу үшін колданылады.
Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткалар көбінесе ылғалды жоғары жайларды (монша, ванна, дәретхана, прачечная (кір жуатын үй), лабораториялар. т.б.) өңдеу үшін колданылады.
Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткалар көбінесе кәдімгі оңай балқитын балшықтарға 20% бор қосып жасалынады. Бұлар бет жагына глазурь жабылғаннан соң тағы бір рет күйдіріледі. Бұлардың фаянс плиткалары деп аталынатын түрі отка төзімді балшықтарға кварцты құм және дала шпаты қосылган қоспалардан өндіріледі. Бұл плиткалар бірақ рет күйдіріледі өйткені олардың бетіне глазурь күйдіру алдында жағылады. Ішкі қабырғалық плиткаларды престеу және күю әдістерімен формалайды. Престеу әдісі бойыша массаны әбден араластырғаннан кейін болаттан жасалынган пресс-калыпқа салып кысымды бір шаршы сантиметрге 140-160 килограммга дейін жеткізеді. Қалыпталған плиткаларды бетіне глазурь массасын жағып, одан кейін пеште күйдіреді. Плиткаларды глазурь жақпайтын астыңгы жағын бұдырлы етіп жасайды. Сондықтан олар цементті құрылыс ерітінділері аркылы кабырғамен берік байланысып тұрады. Бүл әдіспен істелінген плиткалардың өлшемдері күю әдісімен жасалатындарға қарағанда үлкенірек, формалары шаршы (150х150 мм) және тік бұрышты (150х100 мм және 150х75 мм), ал калыңдығы 6 миллиметрден аспайды, түрлері әр түсті (ак, көгілдір, жасыл, т.б.) болш келеді. Күю әдісімен қалыптанған плиткалардың өлшемдері кішірек, формалары шаршы (50x50 мм) және тік бұрышты (25х100 мм, т.б.), ал калыңдығы 2 - 3 мм.
Едендік плиткалар шаршы, тік және үш бұрышты, алты және сегіз кырлы, калыңдығы 10-13мм, ал қырларының өлшемдері 50-150мм болып өндіріледі. Плиткалардың астыңғы беті бұдырлы етіліп жасалынады. Ал монша, кір жуатын орын, т.б. ылғалды жерде колданылатын плиткалардың екі жағы да бұдырлы болады. Бұл плиткалар баяу балқитын және отка төзімді балшықтардан, оларды үш әдістің кайсысымен болсын калыптау, онан сон кептіру және толык пісуіне шейін күйдіру аркылы өндіріледі. Мысалы, бүл плиткаларды престөу әдісімен балшық массаны бір шаршы сантиметрге 250-300 килограмм келетін кысымда калыптап, одан кейін 3% ылғалдылыққка дейін кептірген соң, 1200... 1300°С-та күйдіру арқылы алады