Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы

Контур сыртынан су айдау. Бұл жағдайда қабатқа әсер ету айдау ұңғылары

арқылы іске асады, олар мұнайлылық контурдың сыртымен орналастырылады.

Айдау ұңғылары сызығы шамамен мұнайлық контурынан 300-500м

қашықтықта орналасады. Олар қабатқа біртекті әсер ету үшін және сулану

тілдерін, өндіру ұңғыларына судың өтіп кетуінен сақтанып, алдын алудан

орналастырылады.

Контур сыртымен су айдау тиімді:

- айдау ұңғыларын араластыру ауданы мен мұнай қабатының жақсы

гидродинамикалық қатынасы кезінде;

- салыстырмалы түрде мұнайлы кенішінің аз көлемділігі, олардың кеніш

ауданы мен мұнайлық контур периметрі қатынасы 1,5-1,75км болғанда;

- Қабаттың біртекті болуы, ондағы коллектор құрамының қалыңдығы

бойынша да жақсы болуы;

- Осы жағдайларда контур сыртымен су айдау кезінде мұнай қорын

толығымен қабаттың ортаңғы бөлігіне, өндіру ұңғылар қатары деп аталатын

немесе бір ұңғыға ығыстырып отыру оңайға соғады.

Контур сыртымен су айдаудың кемшіліктері де бар. Олардың қатарына

келесілерді мысал қылуға болады:

- айдау ұңғыларының алыс болғандығынан кенішке жай қарқынмен әсер

етіледі;

- мұнайды өндіруге айтарлықтай көп энергия жұмсалады, себебі айдау

сулары қабат зонасында мұнайлы контурмен айдау ұңғылары арасындағы

фильтрациялық кедергіге төтеп беруі керек;

- суды көп мөлшерде жұмсау, соның салдарынан айдау сызығына қабаттың

басқа аудандарына шығып кету қауіпті;

Контур бойымен су айдау

Кенішке тез арада әсер ету үшін айдау ұңғыларын мұнайлылық контурына

жақын жерге немесе ішкі және сыртқы мұнайлылық контуры арасында

орналастыруға болады.

Контур бойынша су айдау келесіде қолданылады:

- қабаттың ішкі ауданымен гидродинамикалық қатынастың нашарлауында;

Бірақ тілдердің пайда болу және басқа өндіру ұңғыларына судың қосылып

кету ықтималдығы жоғарылай түседі. Осыған байланысты мұнайдың

жоғарылауы да қарқындай түседі.

Энегетикалық жағынан көзқарастан контур бойымен су айдау экономиялы

тиімді, бірақ ішкі ауданда гидроөткізгіштік жақсы болуынан көлемі де өте көп.

Контур ішінен су айдау

Контур ішінен су айдау арқылы қабатқа әсер ету оның мұнайлылық

контурдың ішінде бір арнайы жүйе бойынша айдау ұңғыларын орналастыру

арқылы іске асады. Бұл кенішке әсеретудің аса тез жолы болып табылады, ол

мұнай қорын игеруді және мұнай өнімін шығаруды тездетіп, оны уақытында

қысқартады.

Контур ішімен су айдаудың бірнеше түрлері бар, олар кенішті айдау

ұңғымаларымен сызықтарға бөлу сызығы арқылы орындалады.

Айдау ұңғымаларын орналастыру жүйесі нақты геологиялық жағдайларға

байланысты, сол зоналарда, өткізгіштігі жақсы құмтастарда қабатты толығымен

қоршап әсер ету тиімділігін арттыру үшін орналастырылады.

Контур ішімен су айдау контур бойымен және контур сыртымен су

айдауға қарағанда тиімдірек, себебі ол мұнайды екі жағынанда ығыстырып

отырады.

Айтылған су айдау жүйелері үлкен кенкенорындарда, контурланбаған

зерттеулердің кенорындардағы әлі барлау жүріп жатқан кездерден кейін,

геологиялық шаралардан кейін қолданылады

Қабат қысымын ұстау жүйесін сумен қамтамасыз ету

Қабатты сумен қамтамасыздандыру жүйесі сол кеніштің орналасқан

районына, аудан, облысқа байланыс, олардың әртүрлі жағдайларына

байланысты болады. Бірақ жер үсті суларын қолданатын болғандықтан әр

қайсысында келксі негізгі талаптар қойылады:

1. Су жинау жабдықтары, су көзінен суды жинау және оны сораптар

арқылы жеткізу жабдығының болуы

2. Суды тазалау жабдықтары, егер су лас болғанда

3. Магистралды және суды тасымалдау құбырлар жиынтығының болуы;

4. Сорапты станциялар; олар су тасымалдау құбырларларына айдау және

айдау ұңғыларына қолданылады.

5. Айдау ұңғылары болу керек;

Билет №5

Мұнай газ құрамы

Мұнай - сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи ішкі зат. Мұнай - ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі құрамындағы элементтерге байланысты. Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы, Азербайжан мемлекеттеріндегі Сурахана кен орнынан ақ түсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша айтқанда, мұнай тектерінің өзгерістерге ұшырауынан пайда болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (миграңия) арқылы шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.

Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық (СН2п+2)нафтиндік ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru Н2п), ароматтық ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ) қатарларының күкіртті, азотты жэне оттекті қосылыстардың қоспаларынан тұрады. Мұнай құрамындағы шекті көмірсутектері (парафиндер) метаннан ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ), этаннан ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ), пропаннан ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru бутаннан Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ) бастап гексакантанға ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ) дейінгі көмірсутектерінен тұрады. Ароматтық көмірсутектері: бензол (С6Н6) мен дефелиннің ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ) туындылары. Бұларда нафталин ( Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru ) сияқты қоюланған жүйелер де ұшырайды. Нафтендер шекті және ароматтық көмірсутектер аралығынан орын алады. Мұнайда 82,5-87%-ке дейін көміртек, 11,5-14,5% сутек кездеседі.

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Бұл көрсеткіш тұщы судың тығыздығымен 1 г(см3) салыстырылады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл мұнай деп екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы 0,9 г/см3-ге дейінгі, ал ауыр мұнай қатарына тығыздығы 0,9 г/см2-ден жоғарғы мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ауыр мұнайлар 100°С-ден жоғары температурада қайнай бастайды. Мұнай құрамында 0,001-5,3%, кейде одан да жоғарылау мөлшерде күкірт, 0,001- 1,8% азот, 0,7% оттегі, 10%-тен көбірек парафин, 35%-ке дейін (әдетте

5-10%) асфальт-шайырлы заттар болады. Мұнайдың құрамын зерттеу мақсатында элементтік және фракциялық анализдер қолданылады. Фракциялық құрамына байланысты мұнай бензинді керосинді және бензинсіз болып ажыратылады. Табиғатта метанды, метан-нафтинді, аз күкіртті және құрамында 2%- ке дейін күкірті бар мұнайлар көбірек тараған. Негізінде мұнай оз денесінен электр тоғын нашар өткізеді, ал көбінесе өткізбейді. Мұнай суда ерімейді, бірақ тұрақты эмульсия құрауы мүмкін. Мұнайдың жылу бөлгіштік қабілеті 10400 - 11ОООккал/кг шамасында, бұл ең жоғарғы жылу беретін отын қатарына жатады.

Жер қойнауындағы мұнайдың физикалық жағдайын оны жер бетіне шығарғандағы қасиетімен салыстыруға болмайды. Себебі, жер астында мұнай шығаруға температура және қабат қысымымен байланысты сақталады. Ал, оны жер үстіне шығарғанда температура төмендейді, қысым жойылады, мұнайдан газ бөлініп шығады, мұнайдың көлемі кішірейеді. Мұнайдың қабат бойындағы физикалық қасиеттерін білу, әсіресе мұнай қорын есептеу мұнай өндірудің технологиялық схемаларын орындау, техникалық және технологиялық шараларды іске асырып, меңгеру жұмыс салаларында өте қажет.

Жер қойнауындағы мұнай көлемінің жер бетіне шығарғандағы көлеміне қатынасы - мұнайдың көлемдік коэффициенті деп аталады. Ол былай жазылады:

Абат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы - student2.ru (1.1)

мұндағы b - мұнайдың көлемдік коэффициенті; V - мұнайдың қабат бойындағы көлемі, м3; V - мұнайдың жер бетіне шығарылғандағы көлемі, м3.

Бұл коэффициент арқылы жер бетіне шығарылған 1м3

мұнай жер астында қандай орын алатынын білуге болады. Көп жағдайларда бұл коэффициенттің мазмұны 1-ден артық болып, 3-ке дейін жетуі де мүмкін.

Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі - тұткырлык. Мүнай түтқырлығының өндіріс саласындағы маңызы өте зор. Ол арқылы мұнай ендіру үдірісімен оны құбыр арқылы айдағанда жұмыс қарқынына көптеген әсер келтіретіні белгілі. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар құбыр арқылы тез өтеді, ал тұтқырлығы басым, қою мұнайды өндіру, жинақтау, құбыр арқылы жүргізу жұмыстары көптеген қосымша еңбекті керек етеді.

Негізінде мүнайдың түтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Мұнайдың температурасы әр түрлі болып келіп, үлкен кезекте орын алады. Мысалы, Грозныйдағы парафинді мүнай 11°С салқындықта тоңазып қоюланады да, жылжып ақпайтын жағдайға келеді. Ал, сол кен орнының парафиннің мнайы 19°С салқындықта да сұйық күйінде сақталады. Маңғышылақтағы Жетібай және Өзен алаңдары мүнайының парафині көп болғандықтан +34°С жылылықта қоюланып, жылжып ақпайтын жағдайға келеді.

Мұнай кейбір органикалық - бензин, хлопофарм, эфир сияқты ерітінділерде тез ериді. Сонымен бірге ол йод, күкірт, каучук, шайыр, өсімдік майлары ерітетін еріткіш ретінде пайдаланылады. Бірақ мұнай суда ерімейді. Бұл қасиет жер қойнауынан қосымша мүнай өндіру жұмыстарында қабатқа су айдау процестерінде мол қолданылып, оның мұнай бергіштік коэффициентін өсіруде пайдасы мол.

Наши рекомендации