Асханалық ыдыстардың, асханалық құрал – жабдықтардың, ас жаулықтардың тағайындалуы
Ас аспаптары түрлері мен тағайындалуы
Ас жаулықтардың тағайындалуы
Ас аспаптарымельхиордан және тот баспайтын болаттан жасалуы мүмкін. Кең тараған тот баспайтын болаттан жасалған аспаптар. Асханалар мен дәмханаларға қарағанда мейрамханалар мен кафеде ас ыдыстары мен аспаптарының кең ассортименті қолданылады.
Ыдыстар, шыны, ас аспаптары өзара үлесіп қоймай, Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны концепциясына, оның бағалық саясатына сай келу керек.
Ұлттық аспаздығы тағамдарын ұсынатын кәсәпорындар үшін ыдыстардың, аспаптардың кейбір түрлері ағаштардан жасалады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыны үшін ас ыдыстар мен аспаптарды таңдаудың негізігі критерийі:
· қолдану қауіпсіздігі;
· беріктілігі мен ұзақ мерзімділігі;
· ыдыс жуу машинасында жуу мүмкіндігі, ал тәрелкелер үшін микротолқынды пеште қолдану мүмкіндігі;
· кәспорының жалпы стиліне сәкес келу;
· біріңғай дизайн мен бір түрі шегінде ассортимент кеңдігі;
· ұзақ уақыт бойы ассортимент тұрақтылығы;
· бағасы.
Ас ыдыстары мен аспаптар тағам өнімдермен түйісу үшін рұқсат етілген материалдан жасалу керек және санитарлық талаптарға сай болу керек. Кейбір матералдардан жасалған ыдыстар ыдыс жуу машинасында жарылып, өте ұсақ бөліктерге сынуы мүмкін. Заманауи технологиялар қоғамдықтамақтану кәсіпорындары үшін берік, ұзақ мерзімді фарфор және шыны ыдыстар шығаруға мүмкіндік береді, фарфор ыдысының жылтыры ыдыс жуу машинасында көп рет жууға, қысымға, жоғары температураға төзімді болады, фарфор декорацияланған болса, уақыт өте суреті, түсі жоғалады, ас аспаптарынан із қалмайды.
Бір маркалы ас ыдыстары мен аспаптары таңдау ерекше стиль құруға, ал ассортимент кеңдігі дастарқан жаюды өзгерту мүмкіндігін береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында дастарқан жаю және қызмет көрсету үшін бір түрлі ыдыстың толық жинағы болу керек, соның ішінде әртүрлі өлшемді тәрелкелер, овал және дөңгелек табақтар, салат салғыштар және т.б болу керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ас ыдыстарының ассортименті мен мөлшері кәсіпорын типіне, мейрамхана немесе бар классына, кәсіпорының мамандануына, оның қуатына, өндірліп өткізілетін өнім ассортименті мен мөлшеріне, залдың жұмыс тәртібіне, қызмет көрсету түріне, тұтынушылық сұраныс сипатына тәуелі. Кәсіпорынның оңтайлы ыдыс қажеттілі бір орынға шақанда 3-4 жинақ құрайды, оның екі жинағы залда айналымда және тарату бөлімесінде, үшінші - жуу бөлмесі, төртіншісі - сервиз бөлмесінде болады. Бұндай ас ыдыстар мен аспаптарының мөлшері үздіксіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Барлық асханалық аспаптар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі аспаптар жеке қолданысқа арналған тағам қабылдау үшін қолданылады. Қосымша аспаптар жалпы қолданысқа арналған, олардың көмегімен кеседі, порцияға бөледі, тағамдарды ортақ ыдыстардан тұтынушы тәрелкесіне салады.
Бірнеше аспаптардан тұратын негізгі аспаптарға:
· тісбасарлық аспап;
· ас аспабы;
· балық аспабы;
· десерттік аспап;
· жеміс аспабы жатады.
Тісбасарлық аспап шанышқы мен пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы – 210 мм, шанышқы ұзындығы – 180 мм. Барлық суықтағамдар мен тісбасарларға және кейбір ыстық тісбасарларға (қуырылған ветчина, блины және т.б.) беріледі. Ас аспабынан кіші өлшемімен ерекшеленеді.
Ас аспабы шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Пышақ ұзындығы 250 мм , шанышқы 210 мм, шанышқы тісшелері – 60 мм. Дастарқан жаюда бірінші және екінші тағамдарды ұсынғанда қолданылады. Ас қасығы мен шанышқысы арнайы аспап болмаған жағдайда тағамдарды салу үшін қолданылуы мүмкін. Ішінара тісті жүзі бар пышақтар аса ыңғайлы, олармен қуырылған ет кесу жеңілге түседі. Тісті жүзі бар өткір ұшты пышақтар –стейк–пышағы стейк ұсынылғанда қолданылады.
Балық аспабы сүйектерінен ажырату үшін ойық және төрт қысқа тісті шанышқы мен қалақша тәрізді жалпақ жүзді және қысқа пышақтан тұрады. Пышақ ұзындығы – 202 мм, шанышқы –180 мм, шанышқы тістері – 65 мм. Дастарқанға екінші балық тағамдарын ұсынғанда қолданылады.
Десерттік аспап қасық, шанышқы және пышақтан тұрады. Өлшемі жағынан шанышқы мен пышақ тісбасарлық аспаптардан аздап кішірек (пышақ –185 мм, шанышқы – 150 мм, шанышқы тістері –60 мм). Шанышқыда үш тісі болады, оның біреуі өткір және жалпақтау болады. Десерттік пышақ пен шанышқыны тәтті тағамдарды (алма шарлоты, тәтті бәліш және т.б.), десерттік қасықты пудинг, мусс, кілегеймен жидектер, сірнедегі жемістер сияқты тәтті тағамдарға ұсынады.
Жеміс аспабы шанышқы мен пышақтан тұрады, десерттік аспапқа қарағанда өлшемі кішірек. Пышағы бәкі жүзіне ұқсас, өткір қысқа жүзді.
Сонымен қатар негізгі аспаптарға:
· Шай қасық шай, сүтпен кофе, сонымен қатар шала піскен және «қалтада» піскен жұмыртқа тұтынғанда қолданылады.
· Кофелік қасық қара кофе және шығысша кофе тұтынғанда қолданылады.
· Балмұздаққа арналған қасық шеттері сәл иілген қалақша тәрізді жайпақ пішінді.
· Сорпа қасығы– сорпа шыны аяғында сорпаларды ұсынғанда қолданылады, ас қасығына қарағанда өлшемі кіші және дөңіс пішінді.
· Кокот шанышқысында десертті қасыққа қарағанда үш қысқа және жайпақ тісшелері бар. Ыстық тісбасарларды (құс және жабайы құс етінен жульен, қаймақтағы саңырауқұлақ және т.б.) ұсынғанда қолданылады.
· Майға арналған пышақ – басқа пышақтарға қарағанда негізі жалпақ
· Таңқышаян, омарларға арналған шанышқы – ұзын сапты және екі кішкентай тісшесі бар.
· Шаяндарға арналған шанышқы – қысқа сапты және екі тісшесі бар.
· Устрицаға арналған аспап (пышақ пен шанышқы) – пышағы қабыршақты бөлуге арналған өткір қысқа жүзді , шанышқысында үш жүзінің біреуі консерві пышағы жүзі түрінде жасалған.
Қосымша аспаптар тағамдарды кесуге және салуға арналған. Оларға :