Металл ыдыстар сипаттамасы
Мейрамханада металл ыдыстар тарату бөлімесінен залға даяшының қосалқы үстеліне тағамдарды жеткізу үшін, сонымен қатар жеке тағамдар түрлерін тікелей ас үстеліне ұсыну үшін қолданылады. Ол тез қызады және суиды, бұл тұтынушыға тағамады қажет температурада ұсынуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында мельхиордан, нейзильберден және тот баспайтын болаттан жасалған металл ыдыстар қолданылады. Ең жақсы жылу өткізгіш және эстетикалы мельхиор мен нейзильберден жасалған ыдыс саналады. Мельхиор - мыс (80%дейін) пен никель (18-20%) құймасы, ал нейзильбер құрамына мыс (61,4%), никель(16,5%) және мырыш (22%) кіреді. Бұл құймалардан жасалған бұйымдарды қорғау үшін декоративті жалатады. Коррозияға қарсы тұрақтылған арттыру және сыртқы түрін жақсарту үшін мельхиор мен нейзильберден жасалған бұйымдар сыртын никель немесе күмістің (0,3 -0,5мм дейін) жұқа қабатымен гальванизация жолымен жабады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында металл ыдыстардың кең ассортименті қолданылады.
Мельхиордан жасалған уылдырық салғыш ішінде хрусталь немесе шыны розеткасы болады. Түйірлі немесе кета уылдырығын салуға қолданылады. Бір,екі және төрт порциялы болады. Барларда және арнайы маманданған балық мейрамханаларында қалақшасы бар қақпақты раковина түріндегі уылдырық салғыш қолданылады. Уылдырықты кобальт түсті салмалы розеткаға салады.
Тот баспайтын болаттан жасалған устрицаға арналған табақша устрица қабыршақтарын салуға арналған шұңқырлары бар дөңгелек пішінді ыдыс. Ортасындағы қуыс жарылған мұз салуға арналған.
Кокильница - бір бүтін ретінде жасалған түпқоймада орнатылған металл раковина. Ол балық даярлайтын ыстық тісбасарлар мен теңіз өнімдерін көмбелеп пісіруге және ұсынуға арналған.
Кокотиница (ұзын сапты кішкекнтай кастрюль) - сиымдылығы 90-150 см3, мельхиордан және тот баспайтын болатан жасалған. Оны соуспен ет, құс еті, көкіністер және саңыпауқұлақтар даярлау және ұсыну үшін қолданылады.
Порциялық таба- тот баспайтын болаттан жасалған екі сапты шұңғыл емес ыдыс, глазунья - қуырылған жұмыртқасын, ет, көкіністерден көмбелеп пісірілген тағамдар даярлауға және ұсынуға арналған.
Мельхиордан жасалған екі сапты және шеттері тік порциялық таба кейбір ыстық тісбасарлар (қызыл шараптағы жылан балық, татымды соустағы тефтельдер) және ыстық тәтті тағамдар (Гурьев ботқасы) даярлауған және ұсынуға арналған.
Пашотница -мельхиордан немесе тот баспайтын болаттан жасалған кішкентай кастрюль, сорпға салынып ұсынылатын ыстық аршылған пашот немесе «қалтада» пісірлген жұмыртқа пісіруге арналған.
Қақпақты көже мискалары - сиымдылығы 1-6 порцияға дейін, ыстық тұздықты көжелер (терпангтан даярланған көже, креветкамен көже) температурасын сақтау үшін қолданылады. Олар шұңғыл, дөңгелек, үсінгі шетінде екі сабымен болады.
4-10 порциялық аласа аяқты ваза-көже құйғыш туристер тобы мен отбасылық түскі астарда (жексенбілік бранчтар) қызмет көрсетуде тұздықты көжелер ұсыну үшін арналған.
Тренога - балықшы немесе патша ухасын ұсынуға арналған қондырғы, соғылған болаттан жасалған түпқоймадан, сиымдылығы 500 дөңес қазаннан және иық ағаш түріненде саптан тұрады. Тұтынушы қатысында уханы қыздыру үшін түпқойма түбіне құрғақ спирт таблеткасын салады.
Сиымдылығы 1-6 порцяға дейін қақпақпен овал пішінді баранчикті мельхиордан жасайды және қайнатылған балық және соустағы балықтан даярланған ыстық тағамдарды ұсынған кезде қажетті температураны сақтау үшін қолданылады.
Тот баспайтын болаттан бір порциялы, мельхиордан 1-6 порциялы болып шығарылатын дөңгелек баранчиктер ет, құс еті,қой етінен карри, мүкжидек және қаймақтан даярланған соустағы қой еті, тауық етінен чахохбили сияқты тағамдарды ұсынғанда қажетті температураны сақтауға арналған.
Овал табақтар ұзындығы 230-800мм дейін (банкетті) бір порциялы және көп порциялы болып шығарылады, жеке және топтық қызмет көрсетуде қолданылады. Овал табақтар соустары бөлек берілетін екінші ыстық тағамдар үшін (уылдырық соуспен арқан балық грилі, көмбелеп пісірілген бекіре, шиемен толтырылған бұзау еті, коньяктан қуырылған қаз бауыры) арналған.
Сиымдылығы 6-12 порциядан дейін, диаметрі 330мм басталатын дөңгелек табақтары банкеттерде ет, құс, көкеністер екінші табиғи қуырылған тағамдар (қарақұмық ботқасымен толтырылған торай, алмамен қаз еті, және т.б) ұсынуға арналған.
Менажница - қалқаншалы овал пішінді бір порциялы металл табақтар. Ыдыстар секцияға бөлінген, олардың әрқайсысына тағам құрайтын өнімдерді (ет,гарнир) салады.
Эскарго (ұлуға арналған табақ) тот баспайтын болаттан жасалады, дөңгелек пішінді және раковина орналастыруға арналған қуысы бар.
Соус сауыттар мельхиордан және тот баспайтын болаттан жасалады. Олар ұзынша пішінді, созылмалы ауызды және дәнекерленген сабы бар. Бір және екі порциялы болады. Ыстық соустар ұсынуға арналған.
Таганчик тот баспайтын болаттан жасалады, бықсыған көмірге арналған құрал мен түпқоймасы бар, оған дайын өнімі салынған шойын таба қояды. Шаруа бифштексін және кейбір фирмалық тағамдар (көкөрікпен көкөністермен қой еті) ұсыну үшін қолданылады.
Балмұздаққа арналған креманка мельхиор мен тот баспайтын болаттан жасалады. Дөңгелек түпқоймасы бар жарты шар пішінді. Креманка сиымдылығы 150-200 см3 жазғы кофе қызмет көрсетуде қолданылады.
Шығыша кофе даярлау және ұсынуға арналған турка сиымдылығы 125-250см3, мельхиордан немесе тот баспайтын болаттан жасалады.
Сиымдылығы 500-1500 см3 кофейниктер туристер тобына және қонақ үй нқмірлеріне қызмет көрсетуде қолданылады.
Сиымдылығы 50-200 см3 кілегей құйғыш және сиымдылығы 100-125 см3сүт құйғыш ыстық сусындарға сүт ұсыну үшін қолданылады.
Шампан және басқа көпіршікті шараптарды суытуға арналған кішкентай шелек – сиымдылығы 3-5 л болатын, сақиналар түрінде мельхиордан жасалады. Арнайы жылжымалы немесе тұрақты түпқоймасы бар, оның биіктігі үстел биіктігіне тең.
Мұзға арналған контейнер – цилиндр пішінді, қақпағы және ішінде түбіне дейін жетпейтін торы бар, Мұзға арналған қысқыштармен бірге жинақта шығарылады.
Мұзға арналған шелек – ол да қысқыштармен бірге жинақта шығарылады.
Екі және үш деңгейлі вазалар (кабачек) мельхиордан немесе тот баспайтын болаттан жасалады. Банкеттерде жемістер ұсыну үшін қолданылады.
Спаржа ұсынуға арналған тор мельхиордан жасалады. Тор иілген тіктөртбұрышты пішінді және төрт аяғы болады, қысқышпен бірге жинақ құрайды.
Металл подностар – үлкен, кіші және орташа өлшемді болып шығарылады. Үлкен подностар (50х40, 50х50 см) даяшылардың тағамдар мен ыдыстарды тасуға арналған. Орташа подностар (35х25, 30х30 см) – қабылдаулар мен банкеттерде тағамдарды ұсынуға арналған. Кішкентай подностар (20х20см) – есеп, темекі өнімдерін, шырпы ұсынуға арналған. Подностар дөңгелек және тіктөртбұрышты (сапты және сапсыз) болады;
Самаурын суды қайнату үшін және орыс стилінде үстел жаю үшін қолданылады.
Метал ыдыстары күту. Металл ыдыстарда қолданған кезде қатты соққыдан сақтау керек. Тот баспайтын болаттан жасалған және мельхиордан немесе нейзильберден жасалған ыдыстары бірге жууға болмайды. Қаттырақ болат күміс жалатқан мельхиор немесе нейзильбер бетін қырнап кетуі мүмкін. Металл ыдыстарды жуғанда сұйық жуғыш заттарды қолданып, ыстық сумен шайып, құрғақтатып сүру керек. Мельхиордан жасалған қарайған ыдыстарды кальций содасымен құрғақ шүберекпен сүртіп, ыстық сумен шаяды да, құрғақ болғанша сүртеді.
Бақылау сұрақтары:
Фарфор ыдыстар сипаттамасы, тағайындалуы?
Хрусталь ыдыстар сипаттамасы, тағайындалуы?
Металл ыдыстар сипаттамасы, тағайындалуы?
Ағаш ыдыстар сипаттамасы, тағайындалуы?
Полимерлі ыдыстар, тағайындалуы?
ДӘРІС