Желімдер мен желімдік мастикалар
Желімдеуші материалдар
Желімдеуші материалдардың астар мен жабын материалға жақсы адгезиялық қабілеті және желімденген қабатта жеткілікті деңгейде беріктігі, жоғары гидроизоляциялық қабілеті, ауа-райына, жылуға және суға, қышқылдық және сілтілік ортаға төзімділігі болуы тиіс. Желімдеуші заттарды фазалық құрамына сәйкес екі негізгі топқа бөледі: 1) көпфазалы немесе гетерогенді, оған желімді мастикалар жатады; 2) бірфазалы немесе гомогенді, оған желімдер жатады.
Желімдік мастикалар байланыстырғыш заттан (желімдік негіз), толықтырғыш пен пластификатор түріндегі қоспадан және беттік белсенді заттардан тұрады. Желім ретінде негізінен органикалық еріткіштердегі жоғары молекулалы полимерлердің ерітіндісі қоладанылады.
Желімдеуші заттың түріне қарай гидроизоляциялық мақсатта желімдік мастикалар битумдық, битумды-полимерлік, каучуктік, және қара майлық болып жіктеледі.
Желімдік мастикалар тек түрлі материалдарды бір-біріне желімдеп қана қоймастан, саңлауларды, беттің кедір бұдырлығын да толтыруы мүмкін. Мастиканың желімденетін бет бірлігіне шығыны – 1,0...1,5 кг/м3 құрайды. Құрылыста битумды желімдік мастикалар кең қолданылады.
Битумды желімдік мастикаларға: 1) ыстық мастикалардың барлық түрлері, әсіресе жылуға төзімділігі жоғары мастикалар; 2) сұйылтылған битум негізінде дайындалған суық битумды мастикалар жатады. Битумды эмульсия негізіндегі мастикаларды біртұтас желімдеу үшін қолдануға болмайды.
Орамалы материалдарды (рубероид, пергамин, изол, гидроизол) желімдеу үшін көбнесе битумды еріткіш ретінде соляр майы қолданылатын суық битумды мастикалар қолданылады.
7.1 кесте – Суық битумды мастикалардың техникалық сипаттамалары
р/с | Суық битум мастикаларының маркалары | Жұсару температурасы | Массасы бойына үлесі, % | |||
Битум | борпылдақ әк | соляр майы | асбест | |||
МБС-Х-70 | 50...55 | |||||
МБС-Х-85 | 33,5 | 31,5 | ||||
МБС-Х-100 |
Битумды желімдік мастикаларды дайындау технологиясы – аралстырғышқа үлестегіштен 160...1800С температурадағы ыстық битум беріліп, кейіннен біртіндеп еріткіш беріледі. Битум толық еріген соң араластырғышқа жақсылап араластыра отырып, біртіндеп біртекті мастика түзілгенше порциямен ұнтақ тәрізді немесе талшық тәрізді толықтырғышты ендіреді.
Желімдегіш материалға қара майлы орама материалды желімдеу үшін қолданылатын қара майлы мастикалар да жатады. Бұл мастикаларды қолдану кезінде негізді қара майлы грунтовкалармен өңдеу қажет.
Ыстық және суық жағдайдағы изол-мастикалар да жақсы желімдеуші материал бола алады. Олар бетонға, керамикаға, ағашқа, пластмассаға және басқа да конструкциялық материалдарға жақсы желімденеді. Изолды резиналы-битумды ыстық мастиканың жұмсару температурасына сәйкес бес маркасы қолданылады.
Битумды-полимерлі жабындық ыстық мастика МБПК Г-75 мұнай битумынан, полиизобутилен және антисептик негізінде дайындалатын біртекті пластикалық массадан тұрады. Бұл мастиканы жабындық орама материалдарды желімдеу үшін қолданады.
Желімдер – негізінен синтетикалық шайырлар: карбамидті (мочевинаформальдегидті), формальдегидті, эпоксидті және полиэфирлі шайырлар негізінде дайындалады.
Карбамидті желімдерді формальдегид қатысында мочевинаны конденсациялау арқылы алады. Оларды негізінен аммоний хлориді, қымыздық, сірке, сульфонафтен және басқа да әлсіз органикалық қышқылдар негізіндегі қатайтқыштырдың және ағаш ұнтағы, карбоксилметил-целлюлоза сияқты толықтырғыштардың қатысында қолданады. Бұл желімдердің адгезиялық қабілеті жоғары, қыздыру кезінде немесе қыздырусыз тез қатаяды. Олар арзан және адам ағзасына зияны аз, сондықтан құрылыста кең қолданылады.
Фенолформальдегидті желімдер желімдеуші қосылыстардың жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оларды аттас желімдер негізінде алады және бастапқы компоненттердің қатынасы мен дайындау тәртібіне сәйкес термопластикалық немесе термореактивті болуы мүмкін. Желім ретінде негізінен термореактивті шайыр қолданылады. Фенолформальдегидті желімдерде еріткіш ретінде ацетон, спирт және су қолданылады. Өндірісте негізінен суда еритін шайырлар кең тараған. Желімдерде толықтырғаш ретінде ағаш ұнын, мақта қалдығын, асбесті қолданады, бірақ желім толықтырғышсыз да дайындалуы мүмкін. Қатайтқыш ретінде Петровтың керосинді контакты қолданылады.
Ыстық желімдеу кезінде қатайтқыш ендірілмейді. 1300С температура кезінеде фенолфоральдегидті желім 13 минут ішінде, ал 1550С температура кезінде 3 минут ішінде қатаяды. Ал суық тәсіл кезінде (15...170С) қатаю уақыты 24...48 сағатты құрайды.
Фенолформальдегидті желімдерді қолдану кезінде ағзаға зиянды фенол бөлінетінін ескеру қажет.
Май желімдері негізіндегі желімді құрамдар. Ғимараттардағы ішкі кебу сылақтарды, сондай-ақ уақытша құрылыстардағы ішкі ағаш беттерін бояу үшін байланыстырғыш ретінде сүйек желімдері болып табылатын желімді құрамдарды пайдаланады.
Бұл құрамдардың өзі суда ерімейтін пигмент пен бордың, желімнің коллоидты суспензиясы. Желімді жабылымдардың қатаюы, құрамнан судың булануына сәйкес жүреді, бірақ та кепкен желім ылғалданғанда беріктігін жоғалтады, сондықтан желімді құрамдарды тек үй ішінде ғана аз мөлшерде қолданады.
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар мен органикалық желімді құрамдар. Төменде айтылып отырған құрамдардың негізгі бөлігі тікелей жұмыс орнында және құрылыс бояуларын өндіретін мекемелерде дайындалады. Бұл құрамдарды пайдалану шағын ғана масштабпен сипатталады.
Әкті құрамдар. Байланыстырғыш зат ретінде сөнген әкті (әкті сүт күйінде) қолданады. Негізінен сілтілі ортаға төзімді пигменттерді таңдап алады. Әкті бояулар кальций гидрооксиді карбонизациялануының негізінде беріктікке ие болады. Бұл реакцияның жүруі үшін қоршаған ортаның белгілі ылғалдылығы керек. Әкті құрамдарды ең алдымен аз қабатты ғимараттардың қасбеттерін бояуға жұмсайды.