Тәрбиеші: Имангалиева Р 13.05.2015ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы: « Кит»

Мақсаты : Балаларды теңіздегі ірі балықтың түрлерімен таныстырып шаршы қағазды үшбұрыштап балықтың бейнесін жасауға үйрету ; Қосымша бөліктерін карандашпен салуға , жұмысты жауапкершілікпен жасауға дағдыландыру

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту   Психологиялық ойын-жаттығу. Табиғатым тамаша Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған нұрлы күн, Сәлем саған жер ана!     Балалар бірге қайталайды.
Ұйымдас тыру – іздену «Ойлан, тап!» Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса өледі   Кит туралы әңгімелеу.   «Кім көп біледі?» Сергіту жаттығуы: Көлбең ,көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Балықтар қалай жүзеді, Кім көрсете біледі? Біз жүземіз көл астында, Біз жүземіз көл үстінде, Жүземіз оңға, жүземіз солға, Шоршимыз анда-санда. « Кел ,үйренейік!» Саусақ жаттығуы. «Алыптар мен балықтар» Теңіздегі алыптар, Ауыздарын ашады. Кіп кішкентай балықтар, Жүзіп жылда қашады. « Біз шеберміз!» Жеке баламен жұмыс. 9.Көрме ұйымдастыру. «Теңіздегі кит»     Балық Ірі балықтың түрлерімен танысады.   Балалар өздері білетін балық түрлерін айтады.     Сергіту жаттығуын орындайды.     Киттің жасалу жолдарын қарап түсінеді, еске сақтайды.   Саусақ жаттығуларын жасайды.   өз беттерімен жұмыс жасайды.     Балалар өздерінің , достарының еңбегін бағалайды, қуаныш сезімін сыйлайды.(таза,құыпты,әдемі )  
Рефлек сивті –түзету Ойын : «Толқиды теңіз»     Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже :

Білу керек:Балаларға теңіздегі ірі балықтың түрлерімен таныстырып; Қосымша бөліктерін карандашпен салуға ,

Қандай түсініктерді игерді:. шаршы қағазды үшбұрыштап балықтың бейнесін жасауға үйрету

Меңгерген дағдылармен іскерліктері:жұмысты жауапкершілікпен жасауға дағдыландыру .Балалардың қамқорлық сезімдерін дамыту.

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта .

Тәрбиеші : имангалиева Р.С. 22.04.2015ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : "Тау"

Мақсаты : Қазақстан таулары туралы түсінік беру. Шаршы қағазды үшбұрыштап үлкен- кіші етіп бүктеу арқылы тау жасауды үйрету.Жұмысты жауапкершілікпен жасауға дағдыланыру

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Шаттық шеңбер: Амансыңба, асыл күн! Амансыңба , асыл жер! Амансыңба, көк аспан! Амансыңба жан досым! Жылуыма жылу қос , міне менің қолым Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз , біздер қандаймыз!   Балалар шеңбер бойынша тұрады.
Ұйымдас тыру – іздену 1 Жұмбақ шешу: Көрсең оның ағысын, Таңғалтар таулың тағысын. Бұрқап жатқан көк тасқын, Үстінен ырғыр жартастың. Ырық бермес үйірген Толқыны аса шүілген.   Қия шыңнан құлайды, Тасты бұзып арыны. Ақ жалданып тулайды, Құлақ жарар сарыны.   Д/О: "Табиғат керемет"     Үлгі көрсету: Тау Жасалу жолдарын түсіндіру   Сергіту сәті: «Поезд» Поезд жүріп барады Дөңгелектер қағады Бұл поездың ішінде Балалар кетіп барады Чу-чу-чу-чу-чу Паравоз кетіп барады, Алыс-алыс жерлерге. Балалар алып барады, Міне мынау аялдама   «Шеберханада»   Көрме: «Таулар»   Балалар жұмбақтарды шешеді (тау өзені, сарқырама)   Балалар Іле Алатауының табиғаттының әдемілігімен ерекшеліктерін сурет арқылы тамашалап қиялмен көздерін жұмып тауға саяхатқа шығады.     Тыңдайды, түсінеді. Естеріне сақтайды     Сергіту жаттығуын орындайды.   Балалар үлгі бойынша тауды қағаздан бүктеп жасайды   Балалар өз жұмыстарын бағалайды.  
Рефлек сивті -түзету Ойын: "Өз әсерлерімізбен бөлісейік"   Балалар Іле Алатауының алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже :

Білу керек:Қазақстан таулары туралы білу керек.

Қандай түсініктерді игереді :Қазақстан таулары туралы түсінік беру. Шаршы қағазды үшбұрыштап үлкен- кіші етіп бүктеу арқылы тау жасауды үйрету.Жұмысты жауапкершілікпен жасауға дағдыланыру

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері :Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауды меңгереді.

Наши рекомендации