Негізгі, астарлы және желімдеу маталарды таңдау

Мата ассортименттері

Мата аталуы Артикулы Мата түрі Тоқылуы Талшық құрамы Жіптің тығыздығы 10см жіптің тығыздығы 1 см2 салмағы Ені, см Қолданылуы
Негізгі жіп Ар қау жіп Негізгі жіп Ар қау жіп
Джинсы Негізгі       0.40 см Шалбар тіккенге қолданамыз

Тігін жібін таңдау

Киім бөлшектерін бір – біріне қосу үшін тігін жіптері қолданылады. Тігін жіптері табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден өндіріледі.

Мақта маталы жіптер тұтынушылық қасиеттерге байланысты барлық өндірістегі операцияларда (бөлшектерді қосып тіккенде, түймені қадағанда, торлау және т.б.) әр түрлі материалдардан киім дайындауда, жөндеуде және жаңартуда қолданылады. Мақта маталы жіптің ассортименті ширатылуына байланысты: бір ширатылған 2 және 3 қабатты және екі ширатылған 4 және 6 қабатты. Мақта маталы жіптің жууға тұрақтылығы 150 цтклдан төмен болмауы мүмкін. Иірімді мақта маталы өрімдерді 15,4 текс х 3... 37 текс х 3 м тығыздықтағы жіптерді уақытша сырып тігуде қолданылады.

Табиғи жібекті тігін жіптері (МЕСТ 22665 – 83) жібекті шикізаттан өндіріледі. Жіптер 50, 100, 200, 500, 700 және 1300 метр ұзындықтағы орамдарда шығарылады. Табиғи жібекті тігін жіптері жұмсақтық, созылғыштық, жақсы бояғыштық, сыртқы түрінің әдемілігімен ерекшеленеді.

Химиялық талшықтар мен жіптерден өңдірілген жіп. Комплексті жіптерден иірілген тігін жіптері. Жіптер әр түрлі әрлеуіш түрлерде шығарылады: пісірілген, қатаң, ақшыл, түрлі түстерде боялған 700 және 1000 метр ұзындықтағы орамдарда оралған.

Текстурленген тігін жіптерді ЫЖӨ тұрақтылығын жоғарлату үшін қолданылады. Текстурленген капронды жіптерді 15,6 текс х 2, 29,1 текс х 1 және текстурленген лавсанды жіптерді 13,8 текс х 2 шығарады. Текстурленген жіптерді әйел іш киімдерін блуздарды, көйлектерді, трикотажды бұйымдарды тіккенде қолданылады. Жіптер көп рет жуғанға, ылғалдылыққа, тез кебуге икемді.

Жасанды және синтетикалық талшықты тігін жіптері беттік түктілігімен ерекшеленеді, сондықтан иненің тесігінен өткенде оның түктері тесікке жиналып қалады, нәтижесінде жіп аз мөлшерде қызады және оның үзілу қасиеті төмендейді.

Өндірісте тігін жіптерінің ең жақсысы полиэфирлі және полиамидты талшықты жіптер.

Армирленген тігін жіптері синтетикалық орталықтан (70...90% жіптің көлемін), мақталы мата жамылғыдан тұрады. Армирленген тігін жіптерін 20...60 тексті сызықтық тығыздықта өндіреді. Әр түрлі бұйымдарды дайындауда кең аумақты алады. Оларды екі иірімді мақта маталы жіптермен ауыстыруға болады.

Тігін жібінің, иненің және тігістің өлшемі

Кесте -2

Тігін жібінің аталуы Жіптің сауда номері Сызықтық тығыздығы, текс Ине нөмері 1 см тігістің саны
«Экстра» мақта маталы жіп 60,6/3 16,5 x 3
Таза жібек жіп 9a 111,1
Полиэфирлі (лавсанды) жіп 33Л 11 x 3
Текстурленген жіп 70KT 15,6 x 2 x2
Амирленген жіп 25ЛЛ отандық 25,6
Таза (мөлдір) жіп Отандық 5 x 4

Уақ-түйек таңдау

Менің бұйымымда уақ-түйек ретінде жұқа (3см)резинке таспа қолданылған.Ұзындығы 40см.

Техникалық жоба

Бүгінгі күні тігін бұйымдарын құрастыру үшін көптеген әдістерді қолданады: СЭВ (ЕМКО СЭВ) одақ-елдердің киімді құрастырудың бірыңғай әдістемесі, жеке Орталық тәжірибелі-техникалық тігін лабороториясының (ЕМКО ЦОТШЛ) мамандарымен дайындалған тапсырыстар бойынша киім құрастырудың бірыңғай әдістемесі, Мәскеу технология және дизайн университетінің (МГУДТ) әдістемесі, «Мюллер и сын» әдістемесі, ЦНИИШП әдістемесі және т.б.

Әр түрлі әдістемелердегі артқы және алдыңғы бойдың БОК сызбаның базалық торының тұрғызылу есебі мен тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болады.

Фигураның сырты туралы бастапқы ақпарат есебінде аталған құрастыру әдістемелері өлшем белгілерінің әр түрлі сандары қолданылады.

Конструкция параметрлерін анықтау үшін әдістемелердегі өлшемдік белгілерден басқа негізгі учаске арасында әр түрлі бөлу арқылы кеуде еніне Пг (артқы бой еніне Пшс, қолтық ойындысының еніне Пшпр, алдыңғы бой еніне Пшп), қолтық ойындысының тереңдігіне Пспр, иық айналымына Поп конструкторлық қосымшалар қолданылады.

Еуропалық мектептің тігін ісінің негізі, шет елде бастапқы орынды сақтап тұрған «М.Мюллер и сын» әдістемесі. «М.Мюллер и сын» әдістемесінде шартты-прапорционалдықтан ауытқулары бар фигураларға жеке тапсырыс бойынша үлгілеу және құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

ЕМКО СЭВ жүйесі типтік фигураларға массалы өндіріске есептелеген. Ол киім конструкциясының барлық түрлерінде қайталанып отыратын конструкторлық кесіктерден тұрады. Басқалардан айырмашылығы ЕМКО СЭВ и «М. Мюллер и сын» әдістемесінде толық айналым мен ендердің мағынасын қолданады.

Адамның сырт пішінін пластикалық, әемдік анатомия зерттейді. Адам денесінің нышаны киім адам денесіне жақын .

Дене құрылысы үш түрлі болады. Бір қалыпты семіздік, арық, орташа семіздік. Әр қалыптағы семіздік – төменгі тұлғада немесе аяқ-қолының семіздігі.

Тік тұлғадағы кейіпі. Ол үш түрде:

- Еңкіш, алдыңғы бойға қарағанда. артқы бой ұзын.

- Шалқақ адамның кеудесі ұзын болады.

- Түзу, үлгілі тұлға болып саналады.

Наши рекомендации