Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 15.10.2014ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Сәнді үй
Мақсаты: сәнді үй ертегісін айта отырып ертегі кейіпкерлеріне әдемі үй жасауға үйрету.Үй құрлысы жайлы түсінік беру, шаршы қағазды бірнеше бүктеу арқылы бүктеу тәсілін меңгерту. Қол қимылдарын жетілдіру, шеберлікке баулу.
Қостілділік құрам :
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. Қайырлы таң балалар ! | Балалар шеңберге жиналып бір- біріне өлең жолдарын айтып көңіл- күйлерін көтереді. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Сәнді үй» ертегі Д/О: «Кім қайда тұрады» Д/О: "Ойлан тап!" Жанұялар тұрағы, Көп адамдар тұрады. Д/О: «Үй құрастыр» "Біз шеберміз" Үйдің жасалу жолдарын түсіндіру. Сергіту сәт: : «Би билегі келеді, Бірақ қалай білмеймін Бір оңға , бір солға Биеле, биле тағы да...» «Шеберханада» Көрме: «Әдемі үйлер» | Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Ертегі кейіпкерлерін пішіндеріне байланысты үйлеріне орналастырады. Үй Балалар пішіндерден үй құрастырады. Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды. Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді. Өз беттерімен жұмыс жасайды. Әдемі үйлерді көрмеге қойып өз жұмыстарыа баға береді. |
Рефлек сивті –түзету | Жақсы жобаны мадақтау. Жұлдызшалар беріп мадақтайды. | Жұлдызшалара алып риза болады |
Күтілетін нәтиже :Үйжасай білу
Білу керек:сәнді үй ертегісін айта отырып ертегі кейіпкерлеріне әдемі үй жасауға үйрету
Қандай түсініктерді игереді :квадрат қағазды бірнеше бүктеу арқылы бүктеу тәсілін меңгерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын меңгерту..
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші: Имангалиева Р 08.10.2014ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Саңырауқұлақ
Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсіктерін толықтыру, саңырауқұлақтың түрлерімен таныстыру .шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, саңырауқұлақ жасауды үйрету. Қол қимылдарын жетілдіру.
Остілділік құрам : Саңырауқұлақ-Грибы
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Психожаттығу: | Балалар шеңберге жиналып жануарларды бейнелеп көрсетеді көңіл- күйлерін көтереді. |
Ұйымдас тыру – іздену | Д/О: "Саңырауқұлақтар" Д/О: "Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жина" "Біз шеберміз" Қазды бүктеу әдістерін түсіндіру. Сергіту сәт: Сергіту сәті: Ал, санайық санамақ, Мынау- мынау қарап -ақ, Барлығы содан басталмақ. Бас бармағым- біреу, балаң үйрек-екеу Ортаң терек- үшеу, Шылдыр шүмек- төртеу. Кішкене бөбек- бесеу. Оң қолымда саусақ нешеу? «Шеберханада» Көрме: Саңырауқұлақтар | Саңырауқұлақтар түрлерімен танысып, жеуге болатын, болмайтын улы саңырауқұлақтарды еске сақтайды, ажыратады. Суреттен жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажыратып себетке жинайды. Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды. Өлең жолдарын айта отырып саусақ жаттығуларын жасайды. Өз беттерімен жұмыс жасайды. Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды. |
Рефлек сивті –түзету | Ж/О: "Тығылған саңырауқұлақтарды жина" | Бөлменің ішіне тығылған саңырауқұлақтарды тауып жинайды. кім көп жинайды сол жеңіске жетеді. . |
Күтілетін нәтиже : саңырауқұлақжасай білу
Білу керек: Өсімдіктер жайлы білімдерін толықтыру.
Қандай түсініктерді игереді :шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеуді меңгерту, саңырауқұлақ жасау түсініктерін игерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Қол қимылдарын жетілдіру.
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші: Имангалиева Р 22.10.2014ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Алма
Мақсаты: Жемістер туралы балалардың түсініктерін толықтыру, шаршы қағазды түрлі бағытта бүктеу арқылы алма және оның жапырағын жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.