Сынып оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Тіл және әдебиет» білім саласы
Сауат ашу (оқу, жазу)
Оқулық «Атамұра»
Сынып
Барлығы – 231 сағат, аптасына 7 сағаттан
сынып оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тілдің (ауызша және жазбаша сөйлеудің) негізгі бірліктері туралы қарапайым ұғымдарды:сөйлеу – сөйлем – сөз – буын – дыбыс – әріп туралы қарапайым түсінікті;
2) қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстар мен әріптерді;
3) орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстар мен әріптерді;
4) дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан дауысты, жіңішке дауысты) ажыратуды;
5) әріптерді (баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті) ажыратуды;
6) бас әріптен басталып жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар);
7) тасымалды және тасымалдауға болмайтын жағдайларды;
8) сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатынын;
9) сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді;
10) сөйлемнің, сөздің, буынның, дауысты, дауыссыз дыбыстардың графикалық белгіленуін;
11) а және ә; о және ө; ұ және ү; ы және і дыбыстары мен әріптерін және олардың емлесін; қосарлы дауыстылар (и, ё, я, ю)кездесетін сөздерді дұрыс жазуды.
15. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша. Тыңдалым және айтылым бойынша меңгеруі қажет:
1) сөзді, сөйлемді, мәтінді тыңдауды, сөздің мағынасын, сөйлем мен мәтіннің мазмұнын түсінуді;
2) сөздегі дыбысты дұрыс есту және айыруды, оларды дұрыс айтуды;
3) сұрақты мән беріп тыңдауды және оған тиісті жауап қайтаруды;
4) естігенін немесе оқығанын түсінуді және оны мазмұндап айтып беруді;
5) қарым-қатынас барысында сыпайы сөздерді (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) қолдануды;
6) мәтін бойынша сұрақ қоюды және оларға жауап беруді;
7) оқылған мәтіннің мазмұнына талдау жүргізуді;
8) әңгімелесуге, диалогқа, дидактикалық ойындарға қатысуды;
9) 1-2 шумақ (4 жолдан тұратын) шағын өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жатқа айтуды.
16. Оқылым бойынша:
1) дауыстап және іштей оқуды;
2) сөздерді буындап оқуды, жыл соңына қарай тұтас сөзбен оқуды;
3) сөздерді бір қалыпты және ұғына отырып оқуды (оқу жылының аяғында минутына 30-40 сөзден тұратын мәтінді);
4) жазуды дауыс кідірісін және оқу қарқынын сақтай отырып сөйлемдерді (мәтінді) мәнерлеп оқуды;
5) оқу жылдамдығын жыл соңына қарай арттырып, шапшаң әрі түсініп оқуды;
6) мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап табуды, мазмұнын айтуды; тақырып бойынша үш-бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастыруды.
17. Жазылым бойынша:
1) дыбыстарды әріптермен дұрыс белгілеуді;
2) қазақ әліпбиінің барлық әріптерін (баспа және жазба, бас әріптер мен кіші әріптер) каллиграфия нормасына сәйкес жазуды, оларды сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстыруды;
3) жазба және баспа түрде берілген мәтіндерді (10-15 белгіден артық емес), сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), сөздерді (10 сөзден артық емес) дұрыс көшіріп;
4) жазу барысында сөйлемді дұрыс рәсімдеуді (сөйлемді бас әріппен жазу және соңында сәйкес тыныс белгісін қою);
5) сөздерді (5-6 сөз) және сөйлемдерді (2-3 сөйлем) есту арқылы жазуды;
6) жазу барысында кейбір орфография ережесін (сөздерді тасымалдау; адамның аты, фамилиясы, қала, ауыл, өзен, көл, көше аттары, жан-жануарларға қойылатын атауларды бас әріппен жазу) қолдануды.
18. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (елтаңба, ту, гимн) құрметтеуінен, мемлекеттік гимнді білуінен;
2) туған елге деген сүйіспеншілігінен, туған жердің табиғатын сақтауға және қорғауға деген ұмтылысынан;
3) өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуінен;
4) салауатты өмір салтын ұстануынан;
5) еңбек пен оқуға деген жауапкершілікті сезінуінен;
6) қарым-қатынас барысында мәдениет сақтауынан, үлкен адамдарды құрметтеп, кішілерге қамқорлық танытуынанкөрінеді.
19. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
1) дыбыстық және әріптік жүйе, дыбыстың түрлері (дауысты: жуан, жіңішке, дауыссыз); буын, сөз, сөйлем; буыннан сөз, сөзден сөйлем құралатыны; сөздердің белгілі бір мағынасы болатыны және белгілі бір қызмет атқаратыны (заттың атын, іс-қимылын, түр-түсін, дәмін, иісін т.б. сипаттарын білдіретіні); сөйлемнің бас әріптен басталып, соңына тыныс белгісі (? ! .) қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер; тасымал, т.б. жайында алған қарапайым түсініктерін оқу және жазу барысында дұрыс пайдалана білуінен және сөздерге қарапайым дыбыстық-буындық талдау жасауынан, сөйлеуден тілдік бірліктерді айырып көрсете алуынан;
2) оқу үдерісінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауынан және дұрыс түсінуінен, қажетті жағдайда есіне түсіріп, орынды қолдана алуынан;
3) шапшаң, түсініп және мәнерлеп оқу дағдысынан;
4) дұрыс, қатесіз, сауатты әрі көркем жаза алуынан;
5) ауызша және жазбаша тілінің дамуынан, ойын нақты, түсінікті, толық, жүйелі жеткізе алуынан;
6) шығармашылық жұмыстарға қызығушылығынан, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау әдістерін қолдана білуінен көрініс табуы қажет.
№ | Тақырыбы | Мазмұны | Сағат саны | мерзімі | ||||
Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат ) | ||||||||
Мектеп. | Мектеп. | |||||||
2-3 | Сынып, оқу құралдары. Сөйлем | Партада отыру ережесі. Әліппе оқулығы. Оқу құралдары. Оларды пайдалану ережелері | ||||||
Мектептің спорт алаңы. Сөйлем | Мектептің спорт алаңымен таныстыру. Спорттық құрал –жабдықтар. Спорттық ойын түрлері | |||||||
Музыка, бейнелеу өнері, еңбек. Сөз | Сүйікті ісі | |||||||
Күн режимі: менің бос уақытым | Оқушының денсаулығы, гигиенасы. Күн режимінің ережелері. Дұрыс демалу, тамақтану, денсаулықты сақтау ережелері | |||||||
Көшеде жүру ережесі, көліктер. Буын | Көшеде жүру тәртібі. Бағдаршам. Белгілерді тану. Көліктердің түрлері. | |||||||
Жабайы жануарлар: аңдар. Буын | Жабайы жануарлар, аңдар. Олардың түрлері, адамға пайдасы. Жабайы жануарлар мен аңдарға қамқорлық | |||||||
9-10 | Құстар,үй құстары. Дыбыс | Құстар,үй құстары. Олардың түрлері, пайдасы. Оларға қамқорлық | ||||||
Төрт түлік. Дауысты дыбыс | Үй жануарлары, түрлері. Төлдері. Олардың пайдасы. Қамқорлық | |||||||
Көкөністер, жеміс жидектер. Дауыссыз дыбыс | Көкөністер. Жеміс-жидектер. Олардың атаулары, пайдасы | |||||||
Отбасы,отбасы мүшелері | Отбасы мүшелері. «Ата көрген оқ жонар», «Ана көрген тон пішер» | |||||||
Отбасы. Дыбыс,буын,сөз, сөйлем | Отбасы мүшелері. | |||||||
Әліппе кезеңі (98 сағат ) | ||||||||
1-2 | А дыбысы мен әрпі | Алма ағашы. Бау–бақша. Аты Адыбысынан басталатын жемістер, бақша дақылдары | ||||||
3-4 | Т дыбысы мен әрпі | Тау-тас. Ата. Ат. Аты Т дыбысынан басталатын ыдыстар мен құралдар | ||||||
5-6 | П дыбысы мен әрпі | Піл. Апа. Парта. Пенал. Дәптер | ||||||
7-8 | Н дыбысы мен әрпі | Нан. Нан дүкені. Ана | ||||||
9-10 | Ғ дыбысы мен әрпі | Ғарыш. Аға. Атауында Ғ дыбысы бар құралдар | ||||||
11-12 | Р дыбысы мен әрпі | Ара. Ара | ||||||
13-14 | Л дыбысы мен әрпі | Ала. Ал | ||||||
15-16 | У дыбысы мен әрпі | Уық. Ту. Тау | ||||||
А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У дыбыстары мен әріптерін пысықтау | А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У дыбыстары мен әріптерін қайталау. | |||||||
18-19 | Ш дыбысы мен әрпі | Шана. Аты Ш дыбысынан басталатын жан-жануарлар | ||||||
Й дыбысы мен әрпі | Ай. Айна | |||||||
21-22 | О дыбысы мен әрпі | Орақ. Шопан. Отан. Ору | ||||||
23-24 | Қ дыбысы мен әрпі | Қала. Ақ –қара. Қарақат. Қанша? | ||||||
25-26 | Д дыбысы мен әрпі | Дала. Қайда? Қандай? | ||||||
27-28 | М дыбысы мен әрпі | Мата.Тамақ. Қар | ||||||
29-30 | Б дыбысы мен әрпі | Бақа. Балық. Бақша. Орман | ||||||
31-32 | С дыбысы мен әрпі | Сағат. Сабақ. Саймандар | ||||||
Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С дыбыстары мен әріптерін пысықтау | Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С дыбыстары мен әріптерін қайталау. | |||||||
34-35 | Ы дыбысы мен әрпі. | Ыдыс. Қақпашы | ||||||
36-37 | Ж дыбысы мен әрпі. | Жусан. Жарыс. Жақсы-жаман. | ||||||
38-39 | Ұ дыбысы мен әрпі | Ұя. Құстар. Ұшқыш болу-арман. Жұмбақтар | ||||||
Ң дыбысы мен әрпі | Жаңғақ. Аңдар | |||||||
Ы, Ж,Ұ, Ң дыбыстары мен әріптерін пысықтау | Ы, Ж,Ұ, Ң дыбыстары мен әріптерің қайталау | |||||||
42-43 | Е дыбысы мен әрпі | Ыдыс. Қақпашы | ||||||
44-45 | К дыбысы мен әрпі | |||||||
46-47 | І дыбысы мен әрпі | Ірімшік. Тіл. Кім? Ін. Қандай? | ||||||
48-49 | Ә дыбысы мен әрпі | Әже. Әліппе | ||||||
50-51 | И дыбысы мен әрпі | Ит. Итмұрын. Жұмбақ | ||||||
52-53 | З дыбысы мен әрпі | Зығыр. Мұз айдыны | ||||||
54-55 | Ө дыбысы мен әрпі | Өзен. Өркеш. Даналық сөз | ||||||
56-57 | Ү дыбысы мен әрпі | Үкі. Кім кінәлі? | ||||||
58-59 | Г дыбысы мен әрпі | Ақ көгершін. Құлагер | ||||||
Ә, И, З, Ө, Ү, Г дыбыстары мен әріптерін пысықтау | Ә, И, З, Ө, Ү, Г дыбыстары мен әріптерін қайталау | |||||||
61-62 | Я дыбысы мен әрпі | Ұя. Сұр қоян. Кісі аттары. Жер-су аттары | ||||||
63-64 | Ю дыбысы мен әрпі | Ою. Жақсы көрем. Жарыс | ||||||
Я, Ю дыбыстары мен әріптерін пысықтау | Я, Ю дыбыстары мен әріптерін қайталау. | |||||||
Х дыбысы мен әрпі | Хат. Кітапхана | |||||||
Һ дыбысы мен әрпі | Қаһарман | |||||||
68-69 | В дыбысы мен әрпі | Вокзал | ||||||
70-71 | Ф дыбысы мен әрпі | Фонтан. Футбол | ||||||
Ё дыбысы мен әрпі | Шахтер | |||||||
Э дыбысы мен әрпі | Экскаватор. Электр | |||||||
Щ дыбысы мен әрпі | Щетка. Жұмбақ | |||||||
Ц дыбысы мен әрпі | Цирк. Клоунның сыры | |||||||
Ч дыбысы мен әрпі | Болашақ чемпиондар | |||||||
Ь дыбысы мен әрпі | Лагерь жыры | |||||||
Ъ дыбысы мен әрпі | Біздің үй | |||||||
79-80 | Х, Һ, В, Ф, Ё, Э, Щ, Ц, Ч дыбыстары мен әріптерін және Ь,Ъ белгілерін | Х, Һ, В, Ф, Ё, Э, Щ, Ц, Ч дыбыстары мен әріптерін және Ь,Ъ белгілерін қайталау. | ||||||
81-82 | Салыстыру | К-Г, К-Ғ, П-Б, А-Ә, О-Ө, Ы-І, Ұ-Ү. | ||||||
Алфавит | Алфавит (баспа, жазба) | |||||||
84-85 | 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні. Отан. Астанам. Алфавит (баспа, жазба) | |||||||
86-87 | Әліппе. Алфавит сыры. Жарқын жүзді ұстазым. | |||||||
Әсемпаз болма әрнеге. Сегіз аяқ. Бір уыс мақта | ||||||||
Оқуға шақыру. Сал-сал, Білек, сал Білек. | ||||||||
Құстың ұясы. Бір қазан сүт | ||||||||
Күншіл үйрек. Бақа | ||||||||
Қожаның аты | ||||||||
Кім неден күшті? | ||||||||
Бақа мен балық | ||||||||
95-96 | Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. | |||||||
97-98 | Мақал –мәтелдер. Ата, бата | |||||||
Әліппеден кейінгі кезең (119сағат) | ||||||||
Негізгі тараулар | Оқу материалдары | Грамматика материалдары | ||||||
Тіл және сөйлеу | Ана тілі. | Тіл және сөйлесу | ||||||
Қыс Сөйлем. Сөз. Дыбыс.Әріп. | Қыс. | Сөйлем, сөз | ||||||
Аққала | Сөйлем, сөз | |||||||
Қысқа дайындық | Сөйлем, сөз | |||||||
Айнала күміс қар | Дыбыс,әріп | |||||||
Қыс | Дыбыс,әріп | |||||||
Қыс | Дыбыс,әріп | |||||||
Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен оларды әріптері | Тоқылдақ | Дауысты дыбыс әріптері | ||||||
Еңбек | Дауысты дыбыстар | |||||||
Шопан еңбегі. | Дауысты дыбыстар | |||||||
Қоян | Дауысты дыбыстар | |||||||
Төрт түлік Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. | Мал атасы | Дауыссыз дыбыстар | ||||||
Түйе. Бота | Дауыссыз дыбыстар | |||||||
14-15 | Жылқы | Алфавит | ||||||
Боз бие. Құлыншақ | Алфавит | |||||||
Ақ бұзау | Жуан дауыстылар | |||||||
Сиыр | Жуан дыбыстар | |||||||
Қозы. Қошақандар | Жуан дауыстылар | |||||||
Төлдер | Жіңішке дауыстылар | |||||||
«Әнші» төлдер | Жіңішке дауыстылар | |||||||
Малдың төлін сүюі | Жуан және жіңішке айтылатын сөздер | |||||||
Малды құрметтеу | Жуан және жіңішке айтылатын сөздер | |||||||
Шаңырақ шуағы | Құттықтаймын мама, туған күніңмен | Жуан және жіңішке айтылатын сөздер | ||||||
Әжесі мен немересі | Жуан және жіңішке айтылатын сөздер | |||||||
Не тәтті? | Жуан және жіңішке айтылатын дыбыстар мен әріптер. | |||||||
Әдептілік әліппесі | Жуан және жіңішке айтылатын сөздер | |||||||
Ақсақалдың ақ батасы | Жұп дауыстылар | |||||||
Әке мен бала | а-ә дауысты дыбыстар ы мен әріптерінің емлесі | |||||||
Көкемнің ақылы | о-ө дыбыстары мен әріптерінің емлесі | |||||||
О, қорқайын мен неге? | ы-і дыбыстары мен әріптерінің емлесі | |||||||
Мазмұндама | ||||||||
Көрші атам. Не деу керек? | Ұ-ү дыбыстары мен әріптерінің емлесі Буын | |||||||
Тымақ. | Буын | |||||||
Төзім. | Буын. | |||||||
Оқымысты бала | Буын (й, ң, у) | |||||||
Тасымал Отан Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы | Сен бақытты ұлансың | Тасымал | ||||||
Отан | Тасымал | |||||||
Қазақстан – Республикам менің | Тасымал | |||||||
Қазақстан картасы | Тасымал | |||||||
41-42 | Менің Отаным. Біздің ту | Тасымалдауға болмайтын жағдайлар | ||||||
Елтаңба | Тасымалдауға болмайтын жағдайлар | |||||||
Қазақстан Республикасының Гимні | Дауыссыз дыбыстарды жуан және жіңішке айтылуы | |||||||
Қазақстан Республикасының Әнұраны | ||||||||
Заттың атын білдіретін сөздер Көктем | Жазғытұрым | Заттың атын білдіретін сөздер | ||||||
Құстарым, келіңдер | Заттың атын білдіретін сөздер | |||||||
Сауысқан мен көкек | Заттың атын білдіретін сөздер | |||||||
Бәйшешек. Жауқазын | Заттың атын білдіретін сөздер | |||||||
8 Наурыз – Аналар мерекесі Бас әріппен басталып жазылатын сөздер | Анаға сыйлаймыз | Заттың атын білдіретін сөздер | ||||||
Жақсы көрем | Заттың атын білдіретін сөздер | |||||||
Көмірдің кереметтері. | Сөйлемнің жазылу тәртібі | |||||||
53-54 | Екі соқа. Менің атым Қожа | Адамның аты- жөнінің жазылу емлесі . Жер,су аттарының жазылу еvлесі | ||||||
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш | Кісі аттары, жер-су аттарының жазылу еслесі | |||||||
Ақын тілегі | Жан-жануарларға арнайы қойылған аттардың жазылі емлесі | |||||||
Мен не үйрендім? | Кісі аттары, жер-су аттарының жазылу еслесі | |||||||
Заттың қимылын білдіретін сөздер Наурыз – жыл басы | Наурыз – жыл басы | Заттың қимылын білдіретін сөздер | ||||||
Ұлыстың ұлы күнінде | Заттың қимылын білдіретін сөздер | |||||||
Диктант | ||||||||
Наурыз көже. Наурыз тойы | Заттың қимылын білдіретін сөздер Заттың қимылын білдіретін сөздер | |||||||
Бұл қай кезде болады? | Заттың қимылын білдіретін сөздер | |||||||
Жаз келді. | Заттың қимылын білдіретін сөздер | |||||||
Атаның ақ батасы | Заттың қимылын білдіретін сөздер | |||||||
Заттың сынын білдіретін сөз Адам болам десеңіз | Кел, балалар оқылық | Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер | ||||||
Шоқан | Заттың сынын білдіретін сөздер | |||||||
Адам болам десеңіз | Заттың сынын білдіретін сөздер | |||||||
Тарту | Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер | |||||||
Өнерлі жігіт | Заттың сынын білдіретін сөздер | |||||||
Заттың санын білдіретін сөздер | Домалақ ана | Қанша?неше?нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер | ||||||
Үш би | Неше? сұрағына жауап беретін сөздер | |||||||
Санамақ. | Неше?нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер | |||||||
Махамбеттің тапқырлығы | Заттың санын білдіретін сөздер | |||||||
Абылай хан | Заттың санын, сынын білдіретін сөздер | |||||||
Қазақ батырлары | Неше?нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер | |||||||
Көктем | Заттың санын, сынын білдіретін сөздер | |||||||
Сөйлем | Жырау . Балаларға | Сөйлемнің құрылымы. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер | ||||||
Мазмұндама | ||||||||
Ән сабағы | Лепті сөйлем | |||||||
Сурет сабағы | Сұраулы сөйлем | |||||||
Геолог | Сөйлем түрлерін пысықтау. | |||||||
Сөйлемдегі сөздердің байланысы | Мамыр | Сөйлемдегі сөздердің байланысы | ||||||
Қаздарым | Сөйлемдегі сөздердің байланысы | |||||||
84-85 | Диктант. | Білім бақылау сабағы | ||||||
Мәтін | Жалбыз. | Мәтіннің негізгі ойы | ||||||
Тауық. | Мәтінге ат қою | |||||||
Бұғы | Мәтін | |||||||
Сілеусін. | Мәтін | |||||||
Жыл бойы өткенді қайталау | Жеңіс күні | Дыбыс, әріп. | ||||||
Астанаға барғанда | Дыбыс, әріп. | |||||||
92-93 | Құлын мінген бала | Дауысты, дауыссыз дыбыстар | ||||||
94-95 | Жыл бойы өткенді қайталау Жаз | Гүл. Алтын жұлдыз. Елік | Буын. Тасымал түрлері | |||||
96-97 | Бозторғай. Әскердегі ағама | Мағынасы қарама-қарсы сөздер | ||||||
Күн көзін бұлт баспасын! | Заттың сынын білдіретін сөздер. | |||||||
Гүлдерден аумаймыз | Заттың қимылын білдіретін сөздер. | |||||||
100-101 | Жаз келді. Балалар | Сөйлемнің құрылымы | ||||||
Бұл қай кезде болады? | Сөйлемнің құрылымы | |||||||
Жазғы шілде | Алфавит | |||||||
104-105 | Жайлау. Жау, жау, жаңбыр | Сөйлемдегі сөздердің байланысы | ||||||
Халық ауыз әдебиеті үлгілері | Түлкі мен қырғауыл | Мәтіннің негізгі ойы | ||||||
Түлкі мен қоян | Мәтінге ат қою | |||||||
Менің атым - Бөлтірік | Мәтін | |||||||
Досболдың тапқырлығы | Мәтін | |||||||
Қожанасырдың тойға баруы | Мәтіннің негізгі ойы | |||||||
Алдар Көсе мен бай баласы | Мәтін | |||||||
Арыстан мен түлкі | Мәтінді бөліктерге бөлу | |||||||
Күшік пен мысық | Мәтіннің негізгі ойы | |||||||
Сыншы бала | Мәтін | |||||||
Ақымақ қасқыр | Мәтіннің негізгі ойы | |||||||
Зеректік | Мәтіннің тақырыбы | |||||||
Диктант | ||||||||
Мақалдар | Негізгі ойын ашу | |||||||
Жұмбақтар | Жұмбақ құрастырып көрейік | |||||||