Алматы қаласының көшелеріндегі жаяужолдардың жағдайына талдау жасау, мәселесін анықтау.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Қорғауға жіберілді» «Мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі,э.ғ.к., доцент _____________ М.М.Рысқұлова № __ хаттама, ________2017ж. |
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Алматы қаласының жаяужолдарының қазіргі жағдайы және оның әлеуметтік маңызы»
В090500 – Әлеуметтік жұмыс»мамандығы
Орындағандар: ІV курс (4 ж.о.) студенттері | _______________ | А.Ж.Таужанова |
_______________ _______________ | Ә.М.Кадирова Қ.Б.Құрманбаева | |
Ғылыми жетекшілер: PhD докторы, доцент | _______________ | К.А.Абенова |
аға оқытушы | _______________ | Р.О.Кенжетаева |
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3
1. Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
туралы түсінік....................................................................................4
1.1 Алматы қаласының орталығындағы көшелердің
жаяужолдарының жағдайына талдау .............................................5
2. Қала тұрғындарына жаяужол бойынша социологиялық
зерттеу әдістемесі.............................................................................9
2.1 Әуезов ауданындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайы,
тиімділігі, мәселелері (суретке түсіру, жаяу жүргіншілермен
сауалнама жүргізу)...........................................................................10
2.2 Бостандық ауданындағы жаяужолдардың қазіргі жағдайы........11
2.3 Алатау ауданындағы жаяужолдардың жағдайы және
мәселелері..........................................................................................12
3. Қала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік
маңыздылығын анықтау және оны жетілдіру бойынша
ұсыныстар беру...................................................................................13
Қорытынды...................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................20
Кіріспе
Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша Алматы қаласының тұрғындары – 1 703 500 адам құрайды. Алматы қаласының аумағы – 682 шаршы километр.
Қалалық пейзаж – бұл қалалық жаяужүргіншілердің ағын жүйесі. Адамдардың қозғалыс диаграммалары күн мен апта бойы қалалық өмірдің мінезін айта алады. Біз Алматы қаласының таңдалған көшелеріндегі жаяужүргіндердің санын есептедік.
Көшелердің сыртқы қызмет түрлері.
Әрбір адам уақытын қоғамдық арақашықтықта өткізсе, сонша қалалық өмірге үйренеді. Біз таңдалған скверлерге, саябақтарға,көшелерге барып адамдардың немен айналысатынын көрдік. Картада көрсетілген қызмет түрлері сол уақыттағы суреттің деңгейін және қызметтің түрлерін көрсетеді.
Адамдар барлық сезім мүшелері арқылы қаланың жағдайын сезіне алады.
Есту. Белсенді және тыныш дыбысты орта – өзін жақсы сезіну мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты элементі.
Сезу. Жағымды иіске толы орта біздің оң эмоциямызға әсер етеді.
Жаяу жүру. Біз шамамен сағатына 5 км жаяу жүреміз, осы қашықтықта біраз әсер аламыз.
Жайлы қалалық өмір – адамдардың қызығушылықтарын оятады. Қаладағы жайлы жерлер – қаланың орталығы болып саналады.Себебі, адамдарға және тұрмыстық затқа қажетті мекемелер дәл орталықтарда орналасқан.
Ала тұрғындары үшін жаяужолдардың әлеуметтік маңызы
Туралы түсінік.
Тротуар– жаяужол, ағылшын тілінде бір жол жағының бойымен жүру жолы деген мағынаны білдіреді. Кей жерлерде бұл термин – парк арқылы жол, жаяу жүргін жолы және белгі деп те қолданылады.
Технология.
АҚШ-да жаяужол термині жол жанындағы жаяу жүргіншілер үшін пайдаланылады. Жаяужол, жаяужүргіншілер мен велосипед қолданушылар үшін тиімді болып табылады. Сонымен қатар, жаяужолдар да орналасқан баспалдақтар аллеясы, өту жолдары, пандустар термині кеңірек таралған.
Тарихы.
Тротуарлар ежелден бері салынған деген мәліметтер бар. Грекиялық Коринф қаласы IV ғасырда қаланған және де римдіктер тротуар құрылысшылары болды деген деректер бар. Оларды ежелде «Semitas» деп атаған. Алайда, ортағасырда тар жолдар бір мезгілде екі санатты кез-келген жаяу жүргіншілер мен вагондар пайдаланатын жолға айналды. Жаяу жүру жолы немесе тротуар қызметтерін ерте қолдану әдетте, тиімді болған жоқ.
1666 жылғы Лондондағы үлкен өрттен кейін, қаланы қайта өндеу баяу жүріп жатты. 1671 жылы тротуарға және көшелерді тазалау мәселелеріне байланысты тәртіптер еңгізілген болатын. Олар тротуарды салу үшін «Purbeck» тасын қолданып, жаяу жүргіншілерді орта жолдардан қорғау үшін Столбиктер орнатқан екен.
Көп жылдардан бері жаңа қалаларды жоспарлау, адамдардың орталық көшелердің жасыл аймағына көлік құралдарын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, жүзеге асырылды. Бұл жағдай адамдардың орталық көшелерден кетуіне және көліктердің қоғамдық орындарында көбеюіне әкеліп соқтырды. Көліктер кептелісті және шаңды құрап, қалалық өмірді, ортаны жағымсыз етіп көрсетті. Бұл көрсетілген элементтердің барлығы Алматы қаласында кездеседі.
Тротуарлар транспорттық мәселеде маңызды рөл ойнайды,себебі олар адамдар қауіпсіздігін қорғайды. Ауылдық жерлерде жаяужолдардың болуы өте аз. Ал қалалық райондарда және қалаға жақын жерлерде тротуарларды әр көшесінде кездестіріп жатамыз. Жаяужолдың болуы тұрғындардың жүрек-қан тамырларына семіздікті алдын алуға,басқада денсаулық сақтау мәселелеріне көмегін тигізеді.Сондай-ақ мектепке баратын балалардың концентрациясының жақсы болуынада көмегін тигізеді.
Халықтың әр санатындағы тұрғындары үшін жаяужолдың маңыздылығы мен ерекшелігіне назар аударамыз.
- Қарт кісілер үшін
- Балалы әйелдер үшін
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін
- Жастар үшін
Алматы қаласының көшелеріндегі жаяужолдардың жағдайына талдау жасау, мәселесін анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сәйкес Алматы қаласының көшелеріне, басқа мемлекеттердің басты қалаларының көшелерімен салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, ресми деректер бойынша Алматы қаласының барлық аумағын қосқанда 1,7 млн тұрғын бар. Зерттеу аймағы - 17,8 км2. 1 га жерге – 140 тұрғыннан келеді. Мәскеу қаласы – барлық аймақты қосқанда 15 млн халық. Орталығы 19,7 км2. 1 гак жерге – 113,2 адамнан келеді.
Алматы қаласына тән қозғалыс мүмкіндіктері:
Мәселе
Көше бойындағы автокөліктердің басым болуы. Орталық көшелерде автокөліктерге көп орындар мен жолақтар берілген,бұл қозғалыстың қиындауына әкеліп соғады.Қиылыстарда жаяужолдар өте аз.Жаяужолдар көшедегі жылдамдығы жоғары қозғалыстар бойында орналасқан.
Мәселе
Келу пунктінің қиындығы. Қоғамдық көліктерді күту орындары және аялдамалар төмен сапада салынған. Қоғамдық көліктер туралы ақпараттың аздығы.
Мәселе
Қоғамдық орындардағы жаяужолдардың төмен сапада жасалынған. Жаяужолдардағы кедергілер: өсіп кеткен ағаш бұталары, баспалдақтар,жаяужолдың сынған бөліктері және т.б. Жаяужол аймағындағы жарықтар сапасының төмендігі, адамның діттеген жеріне бағытын көруге кедергі болады. Тағы айтып кететін мәселе, көшелерде жаяужолдарға арналған демалыс орындары қарастырылмаған.
Осылардың барлығы Алматы қаласы үшін жаяужолдардың қазіргі жағдайы арнайы зерттеуді қажет ететіндігіүлкен мәселе болып табылады. Ол мәселелерді былайша анықтадық:
- Көптеген көшелердің жаяужолдары қала тұрғындары үшін қауіпті
- Жаяужүргіншілерге арналған жерасты өтпелдері тиімді болып саналады
- Кейбір жаяужүргіншілерге арналған жолдар, төмен сапада жасалынған
- Көптеген жаяужолдарда баспалдақтар орналасқан. Алайда, қарт адамдар мен
мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспалдақтар мен табалдырықтардан көтерілуі
қиындық туындатады
- Қыс мезгілінде кеш уақыттарда, жаяужолдардағы шұңқырлар мен кедергілер
адам өміріне қауіпті
Мысал ретінде, Алматы қаласында орналасқан жаяужолдарды , шет елдердегі жаяужолдармен салыстырма жүргіздік:
1. Райымбек даңғылындағы жаяужолдардың төменгі басымдылығы. Бұл жобаны жасағанда көше кең болғандықтан сәтті орындалған жоқ. Яғни, ғимараттар мен жаяужолдар арасындағы арақашықтық қалалық өмірге кедергілерін тудыруда. Зерттей келе, тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 221 жаяужүргіншілер өтті.
Копенгаген, Дания. Бұл Копенгаген қаласындағы көлік қозғалысы көп көшелердің бірі болып саналады. Жолақтар мен жаяужол маңы жоспарланып салынған. Тәулігіне жаяужолдан 50 000 жаяужүргіншілер өтеді.
2. Абай даңғылы – ғимараттармен өзара байланысты емес. Көзқарас бойынша Абай даңғылы Райымбек даңғылымен сәйкес келеді.Бір ғана ерекшелігі Абай даңғылында велосипедке арналған жолақтар бар. Тротуар арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 8 785 жаяужүргіншілер өтті.
Елисейлік алаң, Париж, Франция
Елисейлік алаң – бұл Париждегі ең тартымды аймақ. Кең аумақты жаяужолдар ғимараттарды тартымды әрі көрікті етіп көрсетеді. Күніне 9 683 жаяужүргіншілер жаяужол арқылы жүреді.
3. Абылай хан даңғылы – орталық көшеде транспорт қозғалыстары және
тұрақтағы көліктері орналасқан. Жоласты өтпелдері адамдар үшін ыңғайсыз.Тротуар арқылы күніне сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 10 000 жаяужүргіншілер өтеді.
Австралия, Мельбурн, Сванстон көшесі
Мельбурн қаласының орталық көшелерінде автокөлік қозғалыстары жоқ. (тек қана қызмет автокөліктері) Ғимараттар жанындағы кең жайлы жолдар және де оңай жаяужүргіншілер жолы қала тұрғындарына ыңғайлы етіліп жасалынған. Тәулігіне жаяужол арқылы 66 800 жаяужүргіншілер жүреді.
4. Пушкин көшесі – бұл жасылдандырылған аймақтың енжарлы орны. Бұл
бульварлық топтағы кең көше. Орталықтағы жасыл саябақта тұрақтағы және қозғалыстағы көліктердің саны өте көп. Орталық аймақ көп қолданылмайды. Күніне тротуардан 28 689 жаяужүргіншілер жүреді.
Барселона, Рамбла көшесі.
Ла Рамбл көшесінің орталық аймақтарындағы жаяужолдар қазіргі заман талабына сай етіліп жасалынған. Зерттеу бойынша бір күнде жаяужолдан 56 000 жаяужүргіншілер жүреді.
5. Панфилов көшесі - көлік қозғалысына арналған жасыл дәліз.Панфилов көшесі Алматы қаласының ең жасылданған орталығы болып келеді. Көптеген метро бекеті мен орталық аймақтармен байланысқан. Бірақ та бұл көше адамдардың жүруіне ыңғайсыз. Себебі транспорттың көптігінен жаяужүргіншілер серуендеп жүре алмайды. Тіпті көліктер аз уақыт болған кезінде де орталық аймақтарды көліктер басып жатыр. Сол себептен бұл жерді ыңғайсыз етіп көрсетеді. Жаяужүргіншілер саны – 3 647 адам.
Лион, Жан Мермос даңғылы
Жан Мермос даңғылындағы жаяужолдарға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілген. Кең аумақ, кең көше, велосипедшілерге және жаяужүргіншілерге арналған ыңғайлы кең жолдар салынды. Жаяужүргіншілер саны – 18 453 адам.
6. Жібек жолы - енжарлы қоғамдық орын. Жібек жолыны жаяужолдарының
енінің ұзындығы көптеген Алматы қаласының көшелері сияқты. Үлкен ғимараттар мен кең көшелер қоғамға әсерін тигізіп отыр. 14 000 жаяужүргіншілер, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейінгі зерттеу бойынша.
Копенгаген, Стрёгет
Копенгаген көшелеріндегі жаяужүргіншілерге арналған жолдар қаладағы басты жаяужолдардың бірі болып табылады. Мысал ретінде жаз мезгілін алатын болсақ, бір күннің ішінде жаяужолдан 85 000 жаяужүргіншілер өтеді. Себебі жаяужолдарда жайлы орындар, ғимараттар, мекемелер және демалыс орындары орналасқан.