Семинар (практикалыҚ) жӘне/немесе зертханалыҚ сабаҚтарды Өткізу жоспары

Тақырып Талқыланатын сұрақтар Мақсат Сабақтың нысаны
І. Мемлекет және құқықтың пайда болуы Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы. Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету. Сабақ дисскусиялық әдісі ретінде жүргізіледі. Онда студенттерге аудиторияда қосымша сұрақтар қойылады. Әр бір студент өзінің тақырыбы бойынша ой пікірін айта алады.
ІІ. Құқықтық норма және құқық қатынасының түсінігі және құрылысы. Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері. Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері. Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау. Студент доклад түрінде жазбаша реферат жазып оны семинар сабақ кезінде өзінің әріптестеріне бұл тақырыпты толық ашып көрсету керек. Студенттер яғни докладты айтып беріп жатқан студентке қосымша сұрақтар қойып отыруы керек.
ІІІ.Конституция- лық құқық негіздері. Конституциялық құқықтың маңызы. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау. Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау. Студенттерден сабақ сұрап болғаннан кейін олардан жазбаша бақылау алынуы керек. Студент тек қана ауызша емес сонымен қатар жазбаша да жауап беруі тиіс.
ІV. Әкімшілік құқық негіздері. Әкімшілік құқықтың пәні. Мемлекеттік басқару органдары. Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады. Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау. Студенттер семинар сабағында жауап беріп жатқан кезде тек қана біздің мемлекеттің әкімшілік құқық негіздерін ғана емес, сонымен қатар басқа елдер мен салыстырып оған жалпы сараптама жасап кетуі керек.
V. Еңбек құқығының негіздері. Еңбек құқығының маңызы. Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері. Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері. Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері. Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау. Сабақтың жүргізу әдісін практикалық тұрғыда өткізу. Студенттер сабақтың мәнін және маңыздылығын тек теориялық жүйеде емес сонымен қатар практикалық жүйеде де білуі керек.
VІ. Азаматтық құқық негіздері. Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау. Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы. Мәміленің түрлерін анықтау. Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі. Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау. Семинар сабағында тек қана студенттен сабақ сұрап қана қоймай, оның сабақтың қаншалықты түсінгенің анықтау үшін тестік тұрғыда жазбаша бақылау жүргізу керек.
VІІ. Қылмыстық құқық негіздері. Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі. Қылмыс құрамы мен элементтері. Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы. Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп, Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек. Семинар сабақ кезінде студенттен жазбаша немесе ауызша бақылау алынып олардың білімінің дәрежесін анықтап бағалануы керек.
VІІІ. Отбасы құқығының негіздері. Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары. Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау. Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау. Студент семинар сабағында сабақты тек қана теориялық тұрғыда ғана айтып қоймай оларға мысал келтіріп немесе өзінің қосатын ой пікірлері бар болатын болса оны аудиторияда айтып көрсету
ІХ. Қазақстан Республикасы-ның бюджет құқығы. Бюджет құқығының жүйесі. Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы. Бюджеттің құқықтық реттелуі. Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету. Студенттер семинар сабаққа белсенді қатысып отыру үшін олар сабақ жауап беріп жатқан студентке міндетті түрде сұрақтар қойып отыру керек.
Х. Қазақстан Республикасы-ның салық құқығы. 1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері. 2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 3) Салық қызметінің органдары. Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу. Студент семинар сабағында сабақтың мазмұнын тек қана берілген сұрақтар бойынша ғана шектеліп қоймай олардың жүйесінің маңыздылығын ашып білу керек
ХІ. Қаржы құқығының түсінігі. Қаржы құқығының маңызы. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер. Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі. Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу. Студент қосымша тапсырма ретінде бұл тақырып бойынша реферат жазып оны семинар сабағында айтып және студенттердің берген сұрақтарына жауап беруі керек.
ХІІ. Мемлекеттің нысаны. Мемлекет нысанының мазмұны. Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы. Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері. Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны. Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау. Сабақты жүргізу барысында тек қана біздің мемлекеттің нысанын айтып қана қоймай, сонымен қатар басқа елдерінің нысандарын көрсетіп салыстыру. Студентке қосымша сұрақтар қою арқылы оның жауабына баға беру.
ХІІІ. Жер құқығы. Жер құқығының пәні. Жер құқығының қағидалары. Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету. Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Сабақ тек қана ауызша түрде ғана емес сонымен қатар студенттен жазбаша бақылау алу арқылы жүргізіледі.
ХІV. Банк құқығының негіздері. Банк құқығының түсінігі. Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары. Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы. Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу. Сабақтың жүргізу барысында студент бұл тақырыпқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар өзінің қосатың ой пікірін айта алуы керек.
ХV. Сақтандыру құқығының негіздері. Сақтандыру құқығына түсінік беру. Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету. Сақтандыру құқығының субъектілері. Сақтандыру шарты. Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету. Бұл тақырып бойынша студенттерден тек қана теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғысындағы маңыздылығын ашып сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.

Наши рекомендации