Социологиялық өлшеудің негізгі белгілерін тізіп жазыңыз және сипаттаңыз.
Социологиялық білім құрылымында эмпирикалық зерттеудің ролі мен орнын анықтаңыз.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалыболып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады. Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады. Әлеуметтанудың эмпирикалық зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.
Социологиялық өлшеудің негізгі белгілерін тізіп жазыңыз және сипаттаңыз.
Әлеуметтік зерттеудің бақылаудың ең танымал үш өлшемі – сенімділік, қайтара зерттеу, заңдылық.
Сенімділік –зеттеу нәтижелерінің қайталамалы болып немесе болмауын қадағалайтын мәселемен байланысты. Термин көбіне әлеуметтік ғылымдардың ұғымдарына (мысалы, жоқшылық, нәсілдік ырымшылық, біліктілігін жоғалту, ортодокстық діншіл) өлшемдердің тиісті түрде қолданып немесе қолданылмағанын тексеретін мәселелерде қолданылады. Сенімділік әсіресе сандық зерттеулермен көп байланысты. Сандық зерттеуді жүргізуші қолданылған өлшем тұрақты ма, емес пе деген мәселені де тексереді.
Сенімділік ұғымөлшемінің жүйелігін білдіреді. Төменде өлшемнің сенімділігін тексеруге қатысты үш көрнекті фактор берілген:
Тұрақтылық.Бұл түсінік біршама уақыт бойы өлшемнің тұрақты болып тұратынын тексереді, осылайша, қатысушылар іріктемесіне қатысты өлшемнің нәтижесі ауытқымайтынына көз жеткізеді. Демек, белгілі бір топқа өлшем қолданып, әрі қарай қайталап тағы қолданса арадағы уақытты ескере отырып нәтижелерде азғантай айырмашылықтар болады.
Ішкі сенімділік. Осы арада қарастырылатын маңызды мәселе – шәкілді немесе индексті көрсететін индикаторлардың тұрақты немесе тұрақсыз екенін, басқаша айтқанда, қатысушылардың кез-келген көрсеткішіне берілген ұпайы олардың басқа көрсеткіштеріне берілген ұпрайларымен байланысатыны немесе байланыспайтынын анықтау.
Бақылаушы аралық жүйелік. Бақылау жұмысына жазба жүргізу немесе деректі категориялар түрлеріне келтіру тәрізді істерде бірқатар субъективті пайымдаулардың болуы және осындай істерге бірден көп «бақылаушы» қатысқанда, көбінесе, олардың шешімдерінде жүйеліліктің болмауы орын алып жатады. Мұндай нәтижені көптеген мәтіндерден кездестіруге болады, мысалы: мазмұндық талдауда үнтаспа жазбасындағы деректерді категорияларға бөлу шешім қабылдау; қажет деп табылған жағдайда ашық сұрақтардың жауабын категорияларға бөлу немесе стандартталған бақылауда бақылаушылардың субъектілердің әрекеттердің топтастырылуы жайлы шешім қабылдау.
Қайтара зерттеу. Сенімділік пікірі зерттеудің тағы бір өлшеміне жақын – қайтара зерттеу. Кей жағдайларда зерттеуші басқалардың жұмыс нәтижелерін қайталауды таңдап жатады. Бұлай етулеріне белгілі себептер де бар, мысалы, түпнұсқа нәтижелері қарастырып отырған сұрақтың басқа аспектілеріне сай емес деген пікірдің туындауы. Қайтара зерттеу жүргізу үшін зерттеу жұмысы қайталауға бейім болуы керек, басқаша айтқанда зерттеу жұмысын қайталап жүргізуге мүмкіндіктер қарастыруы керек. Осы арада туындайтын өте айқын ой: егер зерттеуші өз ойын ерекше ашып көрсетпеген болса, қайталау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар тұжырымдаманың сенімділігін бағалау үшін осы бағалау басқа біреулер тарапынан берілеуі тиіс. Қайталама Әқолданылады.
Заңдылық. Заңдылық – белгілі бір ұғымды түсіндіруде қолданылған көрсеткіш (немесе көрсеткіштер тобы) дәл сол ұғымды өлшеуге, түсіндіруге арналғаның тексереді. Заңдылықтың бірнеше жолдары бар: дербес заңдылық; бәсекелік заңдылығы; болжамды заңдылық; құрылымдық заңдылық;
конвергентті заңдылық. Заңдылықтың түрлері:
Өлшем заңдылығы. Өлшем заңдылығы ең алдымен сандық зерттеуде және әлеуметтік ғылыми ұғымдарды бағалауға арналған зерттеулерде қолданылады.Өлшем заңдылығы көбіне сындарлы өлшемдер деп аталады. Шын мәнінде, ұғымды қалыптастырған өлшем іс жүзінде сол мағынада сәйкес келеді ме, тура сол мағынаның түсінігін береді ме деген сұрақ туындайды.
Ішкі заңдылық. Ішкі заңдылық негізінде себептік байланысқа қатысты мәселелерді қарастырады. Ішкі заңдылық бір немесе бірнеше айнымалылар арасында себептік байланыс қорытындысының қисынды болуы немесе болмауына қатысты сұрақтарды талқылайды.
Сыртқы заңдылық. Сыртқы заңдылық зерттеу нәтижелерінің айқын зерттеу мен мәнмәтінен тыс пайда болып немесе болмауымен қатысты сұрақтарды қарастырады.
Экологиялық заңдылық. Экологиялық заңдылық әлеуметтік ғылыми нәтижелер адамдардың күнделікті өмірінде, табиғи әлеуметтік бағдарларында қолданылып немесе қолданылмайтыныны жайлы сұрақтарды қарастырады.