Сызбалар, есептер, ситуациялар. 1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз?

1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз?

2.Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып табылады?

3.Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай?

4.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы?

5. Адам мәселесінің зерттелу деңгейлері туралы кестені толтырыңыз:

Ежелгі Қытай Ежелгі Индия Ежелгі Греция Орта ғасыр Қайта өрлеу дәуірі Ағарту кезеңі Қазіргі кезең
               

6.«Алғашында адам табиғатқа тәуелді болды. Ал, кейін техникалық машиналық ортаға деген тәуелділік пайда болды. Осы кезде адамзат үлкен ауыр проблемамен кездесті. Себебі, адамның психо физикалық организмі табиғи ортаға бейімделгендіктен, оған техникалық машиналық орта үлкен қауіп төндіруде. Машиналық техникалық өркениет бәрінен бұрын адам жаны үшін өте қауіпті. Техникалық өркениет адамның белсенді болуын талап еткенімен, адамның тұлға болуын қаламайды»,- деген Н.Бердяевтың пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қосымша тапсырмаларда талдаңыз (осы айтылған ойларды өз бетіңше жалғастырып, өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз):

«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына ос төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңыштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін, мықты, берік денелі болса, түзу ойлайьын, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақылды болса, сұлу сө, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанды адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы...»

Мағжан Жұмабаев Шығ. Жин., Алматы, 2003.3-т., 15б.

«Қоғам – индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен тұратын, ерекше қасиетке ие жүйе. Әрине, ұжымдық өмір дараланған сананың қалыптасуын көрсетеді, бірақ бұл қазіргі жағдайда жеткіліксіз. Бұл сана ерекше түрде дамуға, үйлесімділікке қол жеткізуі тиіс. Осы үйлесімділіктен келіп әлеуметтік өмір туындайды»(Э. Дюргкгейм)

«Біздің қазақ ғұрпында қай заттан болса да ел ішіне келген адам нәсіліне қарамай бәрі бірдей құрметте болады, бәрі бірдей қонақ болып көрінеді... Қазақтың қарияларының айтып кеткен сөзіне қарағанда, тіршіліктің қызығы адамзатқа жақслылық қылуменен болып көрінеді.

Ел билеген жақсылардың ойлағаны ел қамы болмаса, әрқайсысы өзінің пайдасын ойлап мұқатқаны ағайыны, жұрты болса, билерде әділет болмаса, енді жақсылықты жұрт қайдан күтпек».

М. Дулатұылы Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер.-Алматы, 1997.-2-т.-85б.

«Индивидтен ойллаудың қайнар көзін іздейміз. Осыдан келіп қателік туындайды.

Біріншіден, адам ойының негізі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадан, әлеуметтік топтан туындайды. Адам өзін қоршаған әлеуметтік ортаның ісерімен ойланады».

Л. Гумплович Основания социологий. М., 1991.-1991-С-261

«Адамдағы жеке тұлға дегеніміз күрестің нәтижесі... Адамда, күмәнсіз екі «мен» бар, ақиқатты, шындыққа сай қалыптасқан «мен» және төменге тартатын, құмарлықтан туындайтын «мен»...

Адамзат рухы адамнан жоғарыға ұмтылуы тиіс... Сонда ғана адам өзін жоғалтпайды, өзін-өзі құрметтей алады.

АДАМ ТІРІ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ».

Н. Бердяев Мир философий. М., 1991. 2б.

«Адамдар табиғи ортасын жасанды, таьиғи емес – мәдениет саласымен ауыстырды. Біз өткенге көз жүгірткен сайын даналықты жиі байқаймыз. ...»

Б.Ф.Поршнев. Социологяия. Хрестоматия. М.,1991. 80 б.

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
Адам биологиялық, психологиялық және әлеуметтік жан.
Әлеуметтік статус индивидтің қоғамда алатын орны.
Жеке тұлға өмір сүру барысында әлеуметтік құндылықтар мен мәдени нормаларды меңгерген адам.
Әлеуметтік рөл белгілі– бір адамның статусына сәйкес иемденетін әрекеті.
Әлеуметтік норма адамды әлеуметтік ортада реттеп отыратын ережелер.
Әлеуметтендіру индивидтің әлеуметтік ортаға бейімделуін реттейтін процесс немесе әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеруі.
Девиация қоғамның нормадан ауытқушылығын көрсетеді.
Аномия ортақ мәндегі тәртіптің болмауы, қоғамдағы ортақ құндылықтар мен нормалардың әлсіреуі.
Интернализация сыртқы тәртіптің ішкі нормаға айналу процесі.

8) Мәнжазбалар тақырыптары

1. Тұлға туралы теориялар.

2. Ролдік тұжырымдамалар.

3. З.Фрейдтің ілімдері.

4. Әлеуметтендірілу процесі.

5. Жеке тұлғаның құрылымы.

6. Айнадағы мен тұжырымы.

7. Қазақ ағартушыларының адам, тұлға, индивид туралы көзқарастары.

8. Т.Парсонстің әлеуметтік тұжырымдамалары.

Дебиеттер

Негізгі:

1. Әлеуметтану. 2 – кітап/ Жалпы ред. М.М. Тажин. – Алматы, 2005. – 268 б.

2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: учебник для студентов гуманитарных вузов. – Алматы: Lem, 2010. – 380 с.

3. Болатова А. Н., Исмагамбетова З. Н., Мырзабекова А.Ш. Социология - Караганда, 2011.

4. Giddens A. Sociology.6 edition.- Cambridge Polity Press, 2009.-1183р.

5. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004. – 640 б.

6. Прикладная социология: методология и методы: интерактивное учебное пособие – М.: Институт социологии РАН. 2011.

7. пузиков М.Ф. Социология как учебная дисциплина. Учебно – методический комплекс для студентов вузов. – Алматы, 2008. 632с.

8. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер – Алматы: «Эверо», 2011. 284 бет.

9. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, обьеснение, понимание социальной реальности - 3 –е изд., испр. – Москва: Омега – Л, 2007.- 567 с.

Қосымша:

1.Абдикерова Г.О. Әлеуметтану. – Алматы, Қазақ университеті, 2011. – 192 б.

2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2 – басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 224 б.

3. Биекенов К.У., Садырова М.С.Әлеуметтану. Ұғымдар мен балалар. – Алматы, 2011. – 400 бет.

4. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А.Т. Білім социологиясы. Оқулық. Алматы: «Эверо», 2011.-400 бет.

5. Долгоруков А.М. практикум по общей социологии: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 2006. – 296 с.

6. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 240 б.

7. Казымбетова Д.К. Введение в социологию: Учебное пособие. – Алматы, 2008. -121 с.

1) №9 Сабақ

Тақырып Әлеуметтік құрылым жүйесі және стратификация

2) Сабақ мақсатыСтуденттерге теңсіздіктің шығуының негізгі теорияларын, түрлі стратификациялық жүйелерге талдау жасау арқылы түсіндіру, алынған білімдер бойынша біліктері мен дағдыларын бекіту. Қазіргі қоғамның жүйесі мен құрылымын сипаттауға, қазіргі қоғамдағы бөлінудің стратификациялық ерекшеліктерін анықтау. Қоғамдағы тапқа бөлінудің тарихи маңызын айқындау.

3) Семинар жоспары:

1.Әлеуметтiк құрылым және оның негізгі элементтері;

2.Әлеуметтiк теңсiздiктiң түрлері мен өлшемдерi ;

3.Әлеуметтік стратификация факторлары;

4.Әлеуметтiк таптардың класификациясы;

Блиц-тест

1.Әлеуметтік стратификацияның бір сатысында көшу?

А) интергенерациялық

В) төмен түсу мобилділігі

С) өрлеу мобилділік

D) вертикалды

Е) горизонталды мобилділік

2.Біліктілігін көтеру мобилділіктің қай түрі?

А) өрлеу

В) төмен түсу

С) горизонталды

D) генерация аралық

Е) топтық

3.Табыс стратификацияның қандай белгісі

А) кәсіптік

В) саяси

С) экономикалық

D) мәдени – символдық

Е) касталық

4.Әлеуметтік құрылым – бұл...

А) Қоғам элементтері арасындағы тұрақты, реттелген қатынастар

В) өзара байланысты элементтер кешені

С) әлеуметтік топтардың бірлігі

D) индивидтердің бірлігі

Е) әлеуметтік ұйымдардың бірлігі

5.Көрсетілген әлеуметтанушылардың қайсысы қоғамды тірі (биологиялық) организммен теңестірді?

А) Спенсер

В) Конт

С) Зиммель

D) Мертон

Е) Козер

6.Кім қоғам таптық күрестің арқасында дамиды деп есептеді?

А) Маркс

В) Тоффлер

С) Вебер

D) Дюркгейм

Е) Конт

7.Құрылымданған әлеуметтік теңсіздікті белгілеуге қандай термин қолданылады?

А) әлеуметтік мобильділік

В) әлеуметтік стратификация

С) әлеуметтік информация

D) әлеуметтік жарылыс

Е) әлеуметтік бөлінгендік

8.Әлеуметтік стратификация – бұл...

А) Қоғамның әлеуметтік теңсіздік құрылымының иерархиялық ұйымдасуы

В) қоғамның ұйымдаспаған үлкен бөлігі

С) бай адамдар

D) кедейлер

Е) маргиналдар

9.Білім қай стратификацияның негізгі белгісі?

А) кәсіптік

В) экономикалық

С) саяси

D) таптық

Е) нормативті – мәдени

10.«Модернизация» сөзі дегеніміз?

А) жетілдірілген, қазіргі талаптарға сай

В) жетілдірудің жоқтығы

С) жетілдіруге тыйым салынған

D) бұл философиялық бағыттың аты

Е) бұл әлеуметтанудың тәсілі

5) Бақылау сұрақтары

1. Қоғамның құрылымы қандай элементтерден тұрады?

2. Әлеуметтік стратификацияның қандай теорияларын білесіз?

3. Әлеуметтік стратификация қандай критерийлермен анықталады?

4. Қазіргі қоғамдағы таптардың рөліне сипаттама беріңіз.

5. Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі орта таптың рөлі қандай?

6. Қазақстанда орта тап қандай деңгейде қалыптасты ?

7. Сіздің орта тапқа деген көзқарасыңыз қандай ?

Наши рекомендации