Леуметтік зерттеудің басты кезеңдерін сипаттаңыз. Нақты бірізділіктің сақталуы міндетті ме көрсетіңіз.
Негізгі кезеңдері:
Жалпы зерттеу бағдарламасын құрастыру (мақсат- міндетін жазасыңдар);
Мәселесін анықтау – эмпирикалық бақылау жүргізу. Басты мақсаты – зерттелетін объект туралы ақпарат жинау;
Қорытынды – нәтижелерді өңдеу талдау және жинақтап, ұсыныс жасау және қолданылған әдістердің тиімділігін бағалау.
Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастырутарауларынан тұрады.
- әдіснамалық тараудапроблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;
- әдістемелік таруындазерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;
- зерттеуді ұйымдастырутарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады.
Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар, схемалар, кестелер, т.б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгілеріне, проблемаларына, сұрақтарына, т.б. қарап жинақтау орындалады. Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады.
Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді.
Нақты бірізділіктің сақталуы, яки сақталмауын өз ойларыңмен жазыңдар!
Леуметтік зерттеудің әдіснамалары мен бағдарламаларына анықтама беріңіз және эмпирикалық зерттеу процесіндегі мағынасын анықтаңыз.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалыболып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады. Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.
Әлеуметтанулық зерттеудің мәні, кезеңдері және бағдарламасы.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, процестерді жете түсіну, жан-жақты түсіну нақты фактілерді жинаумен, талдаумен байланысты. Бұл әлеуметтанулық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асады. Нақты әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, олардың даму заңдылықтарын, нақты көрініс беруін тереңірек зерттеу болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды, зерттеуді толықтыра түседі. Бұл қоғамдағы әлеуметтік шындықты түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады.
Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуідеп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір жатады.Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпарат алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпараталамыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз және т.б. осындай сауалдарға жауап әзірлеуіміз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістерідайындалады. Ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру алдын-ала мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі?) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, соның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жӛнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастырутарауларынан тұрады.
- әдіснамалық тараудапроблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;
- әдістемелік таруындазерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;
- зерттеуді ұйымдастырутарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады.
Бағдарламаны әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблемадеп атайды.
Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгісіне қарай топтастырылады: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне қарай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты.
Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар, схемалар, кестелер, т.б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгілеріне, проблемаларына, сұрақтарына, т.б. қарап жинақтау орындалады. Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады.
Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді. Алайда, зерттеуші бұл құжатты дайындау кезінде индукцияға бой алдырады. Есептің тарауларының саны әдетте зерттеу бағдарламасында көрсетілген көземелдің санына дәл келеді, жауап ең алдымен басты көземелдіге беріледі. Әдетте есеп берудің бірінші тарауында зерттелетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі, зерттеу параметрлерінің (сұрыптау, ақпарат жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны, жұмысты жүргізу мерзімі және т.б.) сипаттамасы қысқаша баяндалады. Екінші тарауда зерттеу объектісіне әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша (жынысы, жасы, білімі, т.б.) сипаттама береді. Бұдан кейінгі тараулар бағдарламада ұсынылған көземелдерге жауаптар іздестіруді қамтиды. Есеп беру тараулары қажет болған жағдайда параграфтарға бөлінуі мүмкін. Әрбір тарау немесе тіптен әрбір параграфты түйінмен (қорытындымен) аяқтау өте орынды саналады. Жалпы қорытындыларға негізделген есептің қорытындысын практикалық ұсыныстар түрінде жазған дұрыс. Есеп беру 30-40 немесе 200-300 бетке жазылуы мүмкін. Ол материялдың көлеміне, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Есеп берудің қосымшасы зерттеудің бүкіл методологиялық және әдістемелік құжаттарынан тұрады: бағдарлама, жоспар, құралдар, нұсқаулар және т.б. Сонымен қатар, қосымшаға көбіне-көп таблицалар, графиктер, жеке өз пікірлері, есепке кірмеген ашық сұрақтарға қайтарылған жауаптар енгізіледі. Себебі бұл құжаттың мәліметтері, жауаптары жаңа зерттеу бағдарламасын дайындауда пайдалануы мүмкін.
Содан кейін әлеуметтану зерттеуінің қорытындысын практикаға енгізу процесі басталады. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізудің әр түрлі формалары мен әдістері бар, оларға: практикалық ұсыныстар жасау, зерттеудің қорытындысын жариялау, ғалымдардың радио меғн теледидардан сөйлеуі, зерттеушілердің басшылық органдары үшін құжаттар мен материалдардың жобаларын дайындауға қатысуы, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізу жатады.