Бөлім 1. Ғылыми әдістің жалпы логикасы мен парадигмалары

Тақырып: Ғылыми әдістер.

Тексерген: Сагидолда Н

Орындаған: Құрманбаева Қ

Тобы: ӘЖ 241

Алматы, 2015

Жоспар

Кіріспе...........................................................................................................3

Бөлім 1. Ғылыми әдістің жалпы логикасы мен парадигмалары .............4

1.1 . Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және

оларға сипаттама.................................................................................6

1.2. Ғылыми танымың эмпириялық және теориялық деңгейлері.......7

1.3.Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері.....................................9

1.4.Танымның жалпы логикалық әдістері...............................................9

1.5. Аналогия және модельдеу әдістері..................................................10

Бөлім 2. Ғылыми танымның әдістері.......................................................12

Қорытынды...................................................................................................13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................14

Кіріспе

Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады. Ғылыми әдістің негізгі мақсаттары — объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдістің негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Мысалы, әрбір элементтің өзіндік спектрі барлығын физика ғылымы ашқаны мәлім. Мұның өзі физикада бұдан бұрын қалыптасқан, спектрольдық анализ әдісі негізінде ғана мүмкін болды. Демек, әдістің ақиқаттылығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқатына байланысты. Зерттелетін пәннің ішкі құрылымы өзіне сәйкес келетін әдіс болуын талап етеді. Алайда олардың арасында толық сәйкестік, абсолюттік тепе-теңдік бола бермейді. Әдіс пән ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп шексіз жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.Әдіс - дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.Теория - объективтік шындықтың идеалдық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіс өте тығыз байланыста. Дұрыс құрылған теория — жаңа құбылыстарды танудің әдісі. Әрбір ғылымның өзіндік пәндері, соған сәйкес өзіне тән әдісі болады. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болады. Әр түрлі теориялық жүйелерді топтастыру негізінде әдісті екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі.

Бөлім 1. Ғылыми әдістің жалпы логикасы мен парадигмалары

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

-Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

-Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше

нысаналы әдістердің жиынтығы.

-Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

-Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.

-Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді. Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен.

Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

1. қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;

2. экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті. Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді. Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен.

Наши рекомендации