Саясат ұғымы оның ғылыми-теориялық түсініктері
Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақталып «саясат» ұғымынан көрініс табады.Саясаттың ортақ мәселесітаптар, өзгеде әлеуметтік топтармен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады. Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез келген әлеуметтік субъектілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп - айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады. Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның, басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете алады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б. мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды. Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен , көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Ол адам-ң мүддесін түйістіретін ж/е қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмір-ң реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, себебі саясат адам-ң тіршілік әрекетінің негізгі сферал-ғы қоғ-ң барлық құрылымдық әрекет-ң белсенділігін бақылауға ж/е бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеу-к мазмұны б/ша өте кең мағынаға ие. Саясаттану-ң пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біз-ң ел-ң ғалым-ң арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. БҰҰ-ң Білім беру, ғылым ж/е мәдениет мәселе-і жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948ж Парижде өткен саясаттанушы-ң Х/а коллоквиумында саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1)саяси теория-р (ол-ң пайда болуы, дамуы ж/е қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институт-р (конституция-р, айм-қ ж/е жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институт-ды салыстырып зерттеу); 3) партия-р мен қоғ-қ ұйым-р; 4)қоғ-қ пікір; 5) х/а саясат (х/а ұйымдар, х/а құқық). Саясаттану пәні қоғ-ң саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.