О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз. 2 страница
15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі.Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918).Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты.Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Социология тарих сияқты ғылым бола тұрса да жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және қалай дегенмен де көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады. Зиммель социологиясының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің жемістілігін жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.
16. Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз.Отбасының функциялары.Отбасының репродуктивті фунуциясы.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілері.Отбасы әлеуметтануының басқа әлеуметтік институттармен байланысы.Отбасы – әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың сипаттарын қамтиды. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлар, ата-аналар, балалар және т.б. туыстар қарым-қатынастарын реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды. Отбасы - қоғамды құрайтын негізгі элемент. Қоғам отбасылар жиынтығынан құрылады; мұнда отбасылық тіршілік ету сатысы саяси тіршілік ету сатысына ауысады. Отбасы, ру, ұлт, мемлекет - мұның бәрі дәйекті түрде адамзатқа ұмтылудағы қауымдастық кезеңдері болып табылады. Бірақ отбасы - қауымдастық емес, ол сезімдік, эмоционалдық байланыстылыққа негізделген “одақ” болып табылады. Отбасы – ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасы социологиясы-отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы бағыттардың бірі. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата аналардың, балаалр мен басқа туыстардың өзара қарым қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез құлық үлгілері жиынтығымен сипатталады. Отбасы некеге немесе қандық туыстыққа негізделген шағын топ. Оның мүшелері тұрмыстың ортақтылығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасының әлеуметтік функциялары, оның әлеум-к институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктер мен өмір сүру сипатын көрсетеді.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).
Отбасының құрылымдық типтері – ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата –аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымының оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рольдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда ең кең тараған түрі-нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасының тағы да бір түрі-кеңейген немесе туыстық жағынан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата –аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасындағы билікті бөлу, билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған: 1)Дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, лидерлікті жасы үлкен ер адам өзінің қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынадай сипаттар тән: 1) ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы боп саналады, оның қожайындығы басым; 2) әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі; 3)отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі; Отбасындағы билікті және т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі–эгалитарлық немесе демократиялық отбасы.Бұл отбасына: 1)үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең,әділ бөлінуі;2)ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселе бойынша бірлесіп шешім қабылдануы;3)демалыстарды бірге өткізуі,бала тәрбиесіне бірдей қатысу тән. Отбасы топтарын патри немесе матрилокалдандыру принциптері негізінде фамилияны,мүлік-дүниені,әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық немесе матрилиниялық отбасылар боп бөлінеді.
17. Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз.Экономикалық әлеуметтану.Экономикалық әлеуметтанудың спецификациясы.Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары.Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды Экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды, процестерді зерттеуде басты назарды адам факторына аударды. Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелрінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш дейгейін зерттеу болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды.Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады. Қазіргі күнде экономикалық әлеуметтану ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, аймақтық әлеуметтануы, басқару әлеуметтануы, ұйымдастыру әлеуметтануы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді.
18.Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін, қарастыратын мәселелерін айқындаңыз.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы - ауытқымалы мінез-құлық. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттер ауысып отырады. Әлеуметтанудағы девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині фр. тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы дегенді білдіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мыс. Шу, геомагниттік өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Девиация бірнеше типтен тұрады. Олар: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құқық. Сонымен қатар, девиантты мінез-құлық деп - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтамыз. Кейбір деректерде бұл типті «антидисциплина» деп атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне мыналар жатады: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез құлықтар, суицид т.б жатады. Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады. Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдердегі сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар. Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды. Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлардеп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
19. Тұлға әлеуметтануы.Тұлға әлеуметтенуі түсінігі.Тұлға әлеуметтенуі мен кезеңдері.Тұлға әлеуметтенуінің агенттері.Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтенудің негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у – ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта – ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Тұлға әлеуметтенуінің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады.Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері.4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі; 5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар: