Азақ жастарының отбасын құрудағы әлеуметтік мәселелері.
Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.Страталардың бірінен екіншісіне өту яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және бір деңгейді. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәліметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен. Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу
Қазақ отбасындағы буындар жалғасы мәселелері. (56,57) Отбасы қоғамдағы фундаменталды төрт институттардың бірі.Ол қоғамның тұрақтылығын және халық санын келесі буын арқылы толықтырып отарады. Соныменен қатар отбасы ең ынтымақты және тұрақты кіші әлеуметтік топ. Адам өз өмірсүру циклінде көптеген әлеуметтік топтың мүшесі болады, бірақта тек қана отбасын ол ешқашан да тастамайды. Ал достарын, құрбаларын, кластастарын және т.б. кезек келгенде қалдырып отырады. Отбасы некеге және қандық туысқандыққа негізділген кіші топ. Оның мүшелері тұрмыс тіршілігінің бірлігіменен, біріне бірі көмекшілдігіменен, моральдік және құқықтық жауапкершілігіменен сипатталады. Социологтар отбасын туыстық тұрғысынан қарастырады. Соныменен қатар отбасы арқылы буындардың сабақтастығы жалғасып отырады. Әр буында отбасының сабақтастығын жалғастыруы отбасының маңызды сипаттарының бірі. Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленүі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді;4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны
Қазақ отбасындағы дәстүрлер мәселесі.Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен. Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.Егемендіктің алғашқы жылдарында қазақ тілінің, діні мен ділдің жағдайы сын көтермейтін болатын. Еліміздегі қазақ мектептері жаппай жабылған еді. Бұл құбылыс қазақ тілінің, қазақтілді ұрпақтың тамырына шабылған балта болды. Орыс отаршылдары ұлттық тіл, ұлттық діл, ұлттық дін дегенді жойып, бір ғана ұлт жасауды алдарына басты мақсат етіп алды. Осылайша бір ғана «кеңестік ұлт», бір ғана «құдіретті орыс тілі» болатыны белгілі болды. Қазақтарды орысша оқыту 19-ғасырда-ақ белең алған. Сол кезден бастап қазақтілді ұрпақтың санасына «орыс тілін үйренсең ғана адам боласың» деген қағида сіңірілді. Егемендікке қол жеткенше бүкіл мектептердегі балалардың 22 пайызы ғана қазақ тілінде білім алды. Ол мектептің көпшілігі де 100-150 бала оқитын ауыл мектептері еді. 1400-1500 оқушысы бар қала мектептерінің дені орыстілді болды. Бірақ «жыланды үш кессең де кесірткедей әлі бар» демекші, қазақ тілі өзінің қайнар бастауынан айырылмады. Қазақ тілі 1980 жылдардың аяғында өзінің мәртебесіне қол жеткізе бастады. 1991 жылы ел тәуелсіздігін жариялаған соң қазақтың тілін көтеру басты бағыт болды.
Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады. Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек.
Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады. Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын. Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді.Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді.Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе.Байлық қазіргі кезде ақшаменен өлшенеді. Байлар табының негізгі байлықтары ол олардың жиған мүліктері, өндірістері және т.б. Ал орта тап өкілдерінің негізгі байлықтары ол олардың ақшамен түсетін кірістері (айлықтарды, зейнетақылары және т.б.). Негізінен байлық атадан балаға мұра ретінде келеді, ал айлық болса тек жұмыс істегендерде болады. Байлық пен кірістің тең бөлінбеуі экономикалық теңсіздікті тудырады. Ақшалары, байлығы көп адамдардың тұрмыс қалпы да, тіршілікктері де басқа топ өкілдеріне қарағанда ерекше болады. Экономикалық теңсіздік түрлі топ өкілдерінің өмір сүру мүмкіндіктеріне қатты әсер етеді. Ақшалары көп адамдар жақсы, түрлі тамақтанады, өте комфортты үйлерде тұрады, жақсы демалады. Олардың өмір сүруілері кедейлерге қарағанда ұзақ және сапалы. Білім оқыған жылдың санаменен өлшенеді. Мысалы, профессор 20 жылдан астам формалды білім алады, ал сантехник болса ортажылдық білімі болмауы мүмкін. Биліктің өлшемі қанша адамға шығарған үкім арқылы белгіленеді. Соныменен стратификация шкаласының үшеуінің объективті өлшемдері бар: долларлар, жылдар, адамдар. Ал, мәртебе болса субъективтік өлшемменен есептеледі. Мысалы, белгілі бір мамандық әр қоғамда әр түрлі бағаланады. Мамандықтар сол қоғамның пікірімен өлшеніп олардың мәртебелік иерархияда өзіне тиісті орнына ие болады.
Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.Бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Қазақстан Халықтары Ассамблеясының республикамыздың қоғамдық өмірінде атқаратын рөлін “кішігірім БҰҰ” деп атауы тегін емес. Ендеше, туған Отанымызда қоян-қолтық араласып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан 130-ға жуық ұлт пен этностың мүдделерін білдіру Қазақстан Халықтары Ассамблеясына сеніп тапсырылған тарихи жауапкершілік. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат өзінің толық мағынасында көп ұлтты және көп дінді мемлекет екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тәжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бәрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мәніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті. Президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мәжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен, болашаққа жасалып отырған жаңа әрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады.
Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияның сипаты.Посткеңестік қоғамда соның ішінде Рессейде, Қазақстанда стратификация әлеуметтік поляризация және «бразилификация» түрінде өтүде. Бірінші ұғым байлар мен кедейлердің арасының алшақтауын көрсетсе, екіншісі-орта таптың азаюын, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың өсүі, көлеңкелі экономиканың, жемқорлықтың дамуын көрсетеді. Қазіргі посткеңестік елдердегі (Рессей мен Қазақстан) жоғарғы ортаңғы, төменгі тапқа социологиялық талдау.Олардың мәселелері. Қоғамның «әлеуметтік түбі» және маргиналдар. Миргиналдар деп екі әлеуметтік таптың шекарасында тұрғандарды айтады. Олар екі тапқа да жатпайды және оларға тән сипаттарды игермегендер. Сондықтан бұлар «не анда, не мұнда жоқ» адамдар.
Қазақстандағы байлар, орта топ және кедейлер тобының сипаттамалары.Байлық қазіргі кезде ақшаменен өлшенеді. Байлар табының негізгі байлықтары ол олардың жиған мүліктері, өндірістері және т.б. Ал орта тап өкілдерінің негізгі байлықтары ол олардың ақшамен түсетін кірістері (айлықтарды, зейнетақылары және т.б.).
Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.Қазақстандағы этносаралық мәселері қәзіргі кезде мемлекеттің турақтылығына, оның дамыған, демократиялық қуқықты елдер қатарына қосылуына зор ықпалы бар. Этникалық мәдениетті, дәстүрлерді унитарлық мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне қызмет етуі үшін олардың жетістіктерін, ерекшеліктерін жалпы мемлекеттің, елдің игілігіне жумылдыру қажет. Мысалы, қәзіргі нарықтың экономикаға көшу әр этностың өзіне тән дәстүрінің, ділінің, еңбекету тәжірибесінің, рухының қаншалықты дайын екендігін нақты көрсетті. Сондықтан саудаға, нарыққа жақын этностардың тәжірибесін үйрену әр этнос өкілінің қажетті ісі деп танылуы дұрыс болар. Кеңестік заманда сауда сатыққа ыңғайлы адамдарды, ұлттарды жек көрінішті етіп көрсету үйреншікті жағдай болатын, соған орай адамдардың ойлауы, ділі қалыптасқан еді. Қәзіргі кезде де осы келеңсіз жағдай іс жүзінде әлде болса жойыла қойған жоқ.
Қазақтардың мобилділігінің каналдары.Әлеуметтік мобильділік – қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.
Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.Қазiр қазақтың қалаға көшу процесi стихиялы түрде жүрiп жатыр. Бiрақ урбанизация дәстүрi қазiргi деңгейде қандай да бiр қарсылықтарсыз жүзеге аса алмайтынын уақыттың өзi көрсетуде. Шағын елдi-мекендердiң «болашағы жоқ» деген себеппен, ауылдарды қолдан жою, сөйтiп iрiлендiру саясатының болжамсыз жүргiзiлуi iрi қалаларға өз салқынын қатты тигiздi. Үкiмет бұл тұрғыда қажеттi заң тетiктерiн қабылдамаса да, бұл «процестi қоғамның өзi сұрап отыр» деген пiкiрдi қалыптастыруы әлеуметтi әбден шатастырып жiбердi. Екiншiден, қазiр iшкi көшi-қон мен сыртқы көшi-қонның көзге көрiнбейтiн iшкi араласу процесi стихиялы түрде өрiс алды.
Қазіргі әлеуметтік стратификация концепциялары.Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.
Қазіргі қазақ отбасының әлеуметтік мәселелері.Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Неке құрудың әлеуметтік мәселелері.Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Отбасының өмір циклі.Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленүі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді; 4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны.
Отбасының тарихи эволюциясы.Отбасы қоғамдағы фундаменталды төрт институттардың бірі. Ол қоғамның тұрақтылығын және халық санын келесі буын арқылы толықтырып отарады. Соныменен қатар отбасы ең ынтымақты және тұрақты кіші әлеуметтік топ. Адам өз өмірсүру циклінде көптеген әлеуметтік топтың мүшесі болады, бірақта тек қана отбасын ол ешқашан да тастамайды. Ал достарын, құрбаларын, кластастарын және т.б. кезек келгенде қалдырып отырады. Отбасы некеге және қандық туысқандыққа негізділген кіші топ. Оның мүшелері тұрмыс тіршілігінің бірлігіменен, біріне бірі көмекшілдігіменен, моральдік және құқықтық жауапкершілігіменен сипатталады. Социологтар отбасын туыстық тұрғысынан қарастырады. Соныменен қатар отбасы арқылы буындардың сабақтастығы жалғасып отырады. Әр буында отбасының сабақтастығын жалғастыруы отбасының маңызды сипаттарының бірі.
Толық емес отбасының әлеуметтік мәселелері.Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Мұндай жанұяларда бала тәрбиелеу мәселесі қиындыққа соқтыруы мүмкін, себебі қыз балаға анасының ал ұл балаға әкесінің тәрбиесі қажет. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.
этникалық диаспоралардың өмірге келүі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы.
Этникалық социология.Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр.Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеүлер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады. Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен, елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері; этникалық диаспоралардың өмірге келүі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы.Этносоциология өз мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде басқа да гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеген материалдардың мәліметтерін қолданады.
Этнос, ұлт, диаспора.ДИАСПОРА ― өзінің тарихи елінен басқа елдерде тұратын ұлттың бөлігі. Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеүлер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады. Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен, елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері;
Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары. Этносоциология өз мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде басқа да гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеген материалдардың мәліметтерін қолданады. Соныменен қатар этносоциология өзінің негізгі устаннымдары деңгейінде жалпысоциологиялық теориялық методологиялық парадигмаларменен тығыз байлыныста болады. Мысалы, этносоциологияның қәзіргі кездегі қарайтын мәселелері жалпы модернизация теориямен байланысты. Көпке дейін модернизация теориясы модернизациялық процестерөді альтернативсіз жағымды процесс деп дәлелдеуге тырысты да және осы жолда айтарлықтай жетістіктергетде қол жеткізді.Бірақ та, оның жағымдылығы этникалық салт-дәстүрді, өзімдік мәдениетті қолданатын этностардың қарсылығын туғызды.Оны әлеуметтік тәжірибе де дәлелдеді. Этностың этномәдениетінен алшақтауы, жейіркенуі, дәстүрлі әлеуметтік институттарды жою және қалыптасқан өмірінің салт-дәстүрінен бас тарту прогрестің орнына хаос және қоғамның ыдрап, жоқ болуына әкеп соқты. Қәзіргі социологиялық теория бойынша дәстүр менен модернизацияны бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын дәлелдеді. Соңдықтан қәзіргі кезде этносоциологияның әлеуметтік болмыстың дәстүрлі этникалық формаларын зерттеу, оларды қәзіргі жүріп жатқан модернизация процесімен салыстыру мәселелері актуалды бағыт болып саналады.