Сызбалар, есептер, ситуациялар
Ж.
Орындаушы(лар)
Орындағандар:
Г. ғ. магистрі, оқытушы _________ Г.С. Симұқанова
(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.
Кафедра меңгерушісі
Ф.ғ.к.________________ _______ Ү.Қ. Сәрсембин
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Алғы сөз
Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігі тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның бір тұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез - келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидалары тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.
Әлеуметтану пәнінен семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау студенттердің өзін қоршаған әлеуметтік әлемді ғылыми тануға, әлеуметтану ғылымның әдістемелері мен әдістерін меңгеруге және қоғамдағы түрлі өзгерістерді болжауға, оларды талдауға бейімділікке, шығармашылық пен сыни тұрғыда ойлауға үйретуге бағытталған. Осы семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауда әр сабақтың тақырыптары және мақсаты, блиц-тест, түрлі кестелер мен жағдаяттарды, тапсырмалар, студенттердің тақырып аясындағы білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтар, әлеуметтену ғылымындағы негізгі ұғымдар, мәнжазба тақырыптары берілген. Ол пәнді оқып-үйрену барысында студенттің белгілі бір біліктілікке, дағдыға, құзыреттілікке ие болуына септігін тигізеді.
1) №1 Сабақ:
Тақырып Әлеуметтанулық перспектива
2) Сабақ мақсаты Студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, мақсаттарымен, оның пәнаралық байланыстары мен таныстырып, алынған білім мен дағдыларын бекіту. Сонымен қатар, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін таныту және оны қоғам туралы ғылым тұрғысынан ұғындыру.
3) Семинар жоспары:
1.Әлеуметтанудың пәні және обьектісі;
2.Әлеуметтанудың басқада қоғамдық ғылымдармен байланысы;
3.Әлеуметтік білімнің құрылымы;
4.Макро және микро әлеуметтану.
4) Блиц- тест:
1. «Societas» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) адам
B) дүние
C) қоғам
D) жүйе
E) жеке адам
2. Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық:
А) әлеуметтік
B) саяси
C) тарихи
D) субъективтік
E) виртуальдық
3. Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді:
А) саясаттану
B) философия
C) мәдениеттану
D) тарих
E) химия
4. Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді?
А) Конт
B) Спенсер
C) Вебер
D) Маркс
E) Дюркгейм
5. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы әлеуметтік институттарға қатысты емес?
А) мемлекет
B) құқық
C) ғылым
D) отбасы
E) интернет
6. Әлеуметтанудың қай түрі әлеуметтік мәселелерді практикалық іс жүзінде шешуге бағытталады?
А) теориялық
B) абстрактылық
C) қолданбалы
D) діндік
E) иллюзиялық бейне
7. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?
А) Дж.Мид
В) О.Конт
С) Г.Спенсер
D) Платон, Аристотель
Е) Т.Парсонс
8. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім?
А) Г.Спенсер
В) О.Конт
С) К.Маркс
D) В.Паерето
Е) Г.Зиммель
9. Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші кім?
А) Э.Фромм
В) В.Парето
С) О.Конт
D) Р.Мертон
Е) Т.Парсонс
10.Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы?
А) О.Конт
В) Р.Мертон
С) Дж.Мид
D) М.Вебер
Е) Э.Дюркгейм
5) Бақылау сұрақтары
1.Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауымдастықтардың әсерлесу механизмдері, әрекет ету заңдылықтары мен дамуы туралы ғылым ретінде ролі қандай?
2. Әлеуметтік білімнің құрылымын анықтаңыз.
3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары атаңыз.
4. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары, олардың ерекшеліктері мен жіктелуі.
5. Әлеуметтанудың қызметтерін атаңыз.
6. «Парадигма »ұғымын қалай түсіндіресіз?
Сызбалар, есептер, ситуациялар
1.Неліктен қоғам тек қана әлеуметтану ғылымының объектісі болып табылмайды?
2.Г.Зиммельдің «Әлеуметтану жеке әлеуметтік ғылымдардың таным теориясы», - деген ойын қалай түсіндіресіз?
3.Бір индивидтің дүкеннен белгілі бір затты сатып алуын әлеуметтанушының, экономистің, психологтың көзқарасымен қарастырып талқылап көріңіз?
4.Сіздің ойыңызша сорциологиялық көзқарастың негізі неде?
Кестені талдаңыз .
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын қарастырыңыз.
Кестені толтыру керек.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысы.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
Кестені толтырыңыз:
Философия мен социология ғылымдарының ерекшелігі мен ұқсастығын
7) Глоссарий
п\п | Әлеуметтанулық ұғымдар | Анықтамасы |
Әлеуметтану | қоғамдық процесстерді және тұлғалар арасындағы түрлі деңгейдегі әлеуметтік байланыстарды зерттеу. | |
Макроәлеуметтану | тұтас қоғамның әлеуметтік құрылымы менжүйелерін саралау деңгейі. | |
Микроәлеуметтану | адамдардың күнделікті өмірдегі жеке қарым-қатынас негізіндегі социологиялық талдаудың деңгейлері. | |
Орта деңгейдегі теория | теориялық және эмпирикалық социологияның аралығын біріктіреді. | |
Әлеуметтік теория | әлеуметтік қатынастарға қатысты жалпытеориялық зерттеулер. | |
Парадигма | белгілі-бір концепцияның және теоретикалық көзқарастардың ғылыми үлгісі (моделі). | |
Әлеуметтік шындық | адам мен қоғам арасындағы өте күрделі, көп сатылы әлеуметтік қарым- қатынас. |
8) Мәнжазба тақырыптары
1. Азаматтық қоғам.
2. Әлеуметтанудың қызметтері.
3. Әлеуметтанудың философиямен ара қатынасы.
4. Әлеуметтану, қоғам туралы ғылым.
5. Әлеуметтік білімнің құрылымы.
6. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.
7. Орта деңгейлер теориясы.
Дебиеттер
Негізгі:
1. Әлеуметтану. 2 – кітап/ Жалпы ред. М.М. Тажин. – Алматы, 2005. – 268 б.
2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: учебник для студентов гуманитарных вузов. – Алматы: Lem, 2010. – 380 с.
3. Болатова А. Н., Исмагамбетова З. Н., Мырзабекова А.Ш. Социология - Караганда, 2011.
4. Giddens A. Sociology.6 edition.- Cambridge Polity Press, 2009.-1183р.
5. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004. – 640 б.
6. Прикладная социология: методология и методы: интерактивное учебное пособие – М.: Институт социологии РАН. 2011.
7. пузиков М.Ф. Социология как учебная дисциплина. Учебно – методический комплекс для студентов вузов. – Алматы, 2008. 632с.
8. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер – Алматы: «Эверо», 2011. 284 бет.
9. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, обьеснение, понимание социальной реальности - 3 –е изд., испр. – Москва: Омега – Л, 2007.- 567 с.
Қосымша:
1.Абдикерова Г.О. Әлеуметтану. – Алматы, Қазақ университеті, 2011. – 192 б.
2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2 – басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 224 б.
3. Биекенов К.У., Садырова М.С.Әлеуметтану. Ұғымдар мен балалар. – Алматы, 2011. – 400 бет.
4. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А.Т. Білім социологиясы. Оқулық. Алматы: «Эверо», 2011.-400 бет.
5. Долгоруков А.М. практикум по общей социологии: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 2006. – 296 с.
6. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 240 б.
7. Казымбетова Д.К. Введение в социологию: Учебное пособие. – Алматы, 2008. -121 с.
8. Кравченко А.И., Анурин В.Ф. Социология: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2005.- 432 с.
9.Нартов Н.А., Бельский В.Ю. Социология: Учебник для студентов вузов. – М.: ЮНИТИ –ДАНА, 2005. – 511 с.
10.Общая социология: Учебное пособие/ Под общ. Ред. А.Г.Эфендиева. – М.: ИНФРА – М, 2007. – 654 с.
1) №2 Сабақ
Тақырып Әлеуметтанулық ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері
2) Сабақ мақсатыӘлеуметтанудың тарихымен, даму кезеңдерімен және негізгі теорияларымен таныстыру арқылы осы ғылымның тарихи бағыттарын ажырата білуге, талдауға, әлеуметтік білімнің жалпы ғылым дамуына қосқан үлесін бағалауға үйрету.Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының дамуына шолу жасау.
3) Семинар жоспары:1.Әлеуметтанудың қалыптасуының алғышарттары;
2. Ежелгі, ортағасыр және жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары;
3.О.Конт пен Г.Спенсердің әлеуметтік көзқарастары;
4. Э.Дюркгеймнің «социологизмі». Құрылымдық– функционализм;
4. М. Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануы;
5. К.Маркстің әлеуметтанулық идеялары.
Блиц-тест
1.Әлеуметтануда позитивистік бағыттың негізін қалаушы?
А) О.Конт
В) Р.Мертон
С) Дж.Мид
D) М.Вебер
Е) Э.Дюркгейм
2.«Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл?
А) М.Вебер
В) А.Шюц
С) Э.Дюркгейм
D) Л.Козер
Е) О.Конт
3.Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады?
А) Э.Дюркгейм
В) М.Вебер
С) О.Конт
D) А.Шюц
Е) Мэйо
4.Адам қоғамының дамуы қандай сатылардан өтеді?
А) мифологиялық, діни, философиялық
В) индустриалдыққа дейін, индустриалды, постиндустриалды
С) күнделікті, ғылыми
D) дінсіз, дінді, атеистік
Е) дәстүрлік, модернистік
5.Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім?
А) З.Фрейд
В) Э.Дюркгейм
С)О. Конт
D) Г.Спенсер
Е) Р.Мертон
6.Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші кім?
А) Э.Фромм
В) В.Парето
С) О.Конт
D) Р.Мертон
Е) Т.Парсонс
7.Қауым мен қоғамды бөліп көрсеткен кім?
А) Дж.Морено
В) А.Шюц
С) Ф.Теннис
D) Э.Мэйо
Е) Дж.Мид
8.У.Томас пен Ф.Знанецкий қай бағыттың өкілдері ?
А) өндірістік әлеуметтану
В) органикалық мектеп
С) позитивизм
D) Эмпирикалық әлеуметтану
Е) Әлеуметтік айырбас
9.Адамның интелектуалды дамуының үш кезеңін көрсеткен ғалым ?
А) М.Вебер
В) Н.Смелзер
С) Г.Гарфинкель
D) О.Конт
Е) З.Фрейд
10.Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері?
А) Құрылымдық функционализм
В) Символдық интеракционизм
С) Әлеуметтік дау жанжал
D) Биологиялық бағыт
Е) Этнометодолгия
5) Бақылау сұрақтары
1. Әлеуметтанудың негізін салушы кім?
2. Х1Х академиялық әлеуметтануының өкілдерін атаңыз.
3. ХХ ғасырдың әлеуметтік теорияларын атаңыз.
4. Қазіргі заманғы ресейлік және қазақстандық әлеуметтанушы-ғалымдарды атаңыз.
5. Қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілеріндегі әлеуметтік-саяси ойларды көрсетіңіз.
6. Ақын-жыраулар шығармашылықтарында қандай ой-пікірлер көрініс табады?
7. Қазақ зиялылыраның әлеуметтік ойларына шолу жасаңыз.
8. Қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтану ғылымының дамуы туралы не білесіз?