Ежелгі дүниенің саяси ой-пікірлері.

1. Ежелгі Шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер

2. Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері

3. Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері

4. Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері

Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің қайнар көздерің, қалыптасу ерекшеліктерін анықтау. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орның белгілеу.

Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің тарихы, қайнар көздері. Көне Шығыс елдері: Мысырдан, Вавилоннан, Үндіден, Қытайдын, Парсыдан және Батыс елдері: Грекия мен Римнен бастау алуы. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орны. Көне жазба ескерткіштері: мысырлық «Ипусердің сөзі», вавилондық Хаммурапи патшаның заңдары, парсылық «Авеста», үнділік «Веды», «Артхашастра» оқулары, қытайлық Конфуцийдің ілімі, гректік «Илиада», «Одиессия» поэмалары – ежелгі саяси идеялар мен ой-пікірлердің деректің негіздері.

Грекиядағы мемлекет-полистердің қала-мемлекеттердің шығуы. Саяси ой-пікірлердің дәуірлерге бөлінуі: Гомер, Гесиод және «Жеті данышпан», Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Арситотель мен эллинизм дәуірінің шығармалары. Эпикур этикасы. Стоицизм ағымының қалыптасуындағы Зенонның рөлі. Полибийдің «40 томдық тарихындағы» мемлекеттің патшалық, тирандық, аристократиялық, олигархиялық, демократиялық, охлократиялық түрлерге ажыратылуы.

Ежелгі Рим: патшалық, респібликалық және императорлық кезеңдердің саяси ой-пікірлері. Луций Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий Антонин ілімдеріндегі мемлкет, заң, билік, адамгершілік идеялары.

Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.

Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.

Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:

1.Әкімдер.

2.Қорғаушылар.

3.Өндірушілер.

Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.

Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.

Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:

1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.

2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.

4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.

5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:

1.Патшалық билік.

2.Аристократия.

3.Демократия.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Наши рекомендации