Мәтіннің коммуникативтік тұтастығы

О. И. Москальскаяның көзқарасынша, мәтіннің коммуникативтік тұтастығы оның құрамдарының сабақтастығында айтылады. Бұл құбылыстың мәні күрделі фразалық тұтастықта әр сөйлем коммуникативтік тұрғыда алдыңғы сөйлемге сүйеніп, айтылымды белгіліден белгісізге алға қарай жылжытады, соның салдарынан түпкілікті сипаты бар, күрделі фразалық тұтастық шекарасын анықтайтын тақырып-ремалық тізбек түзіледі.

Күрделі фразалық тұтастық құрайтын тақырып-ремалық тізбектің кең тараған моделі алдыңғы сөйлемнің ремасын адымдай тақырыптандыруға енетін қарапайым желілік тақырыптық прогрессия деп атайды

(Т1 – Р1) → [Т2 (=Р1) – Р2] → [Т3 (=Р2) – Р 3]

Өзекті тақырып (сквозной темой) тақырып-ремалық тізбек моделі жоғарыда айтылған модельге кері

(Т1 – Р1) → ( Т1 – Р2) → ( Т1 – Р 3)

Тақырып-ремалық тізбек ортақ тақырыптан шығатын туынды тақырып (гипертақырып) аталатындардың негізінде тағы бірі туады

(Т1- Р1) ← Т → (Т2 – Р2)

↓(Т3 – Р3)

Мұндай тақырып – ремалық тізбектің сегменттері параллельді байланыстан туындайды.

Әрине, коммуникативтік прогрессияның көрсетілген модельдерінің таза күйінде ғана емес, бір-бірімен түрлі комбинацияларда да кездеседі.

Кейде күрделі фразалық тұтастық құраушылардың арасындағы тақырып-ремалық тізбек күрделі иерархиялық құрылым құрайды. Тақырып пен реманы ажыратқанда күрделі фразалық тұтастық мазмұнын кеңейтетін, алайда баяндауды жалғастыру үшін міндетті бола қоймайтын әлдебір қалдықтың табылуы мүмкін. Олар мәтінде басы артық дүние емес, оны байытып, сипаттау детальдарын қосады, уақиғалар мен кейіпкерлерді сипаттайды, субъективті-модальдық мәнін жеткізеді, бір сөзбен айтқанда баяндаудың толық болуын қамтамасыз етіп, тыңдарманға (оқушыға) әсер етеді, мәтіннің стилистикалық байлығын көрсетеді.

Егер күрделі фразалық тұтастықты объективті лингвистикалық құбылыс деп есептесек, онда субъективті-авторлық ескертпеден ауытқып, онда тақырып пен ремадан тұратын «объективті негізді» («объективный костяк») бөлуге болады, мәтінде барлық субъективті сәттер (эмоциялық-экспрессивті) тыс қалып, мәтін мазмұнының негізгі желісі ғана сақталады.

Мәтіндегі субъективті – экспрессивті сәттер ретінде айырықшаланып жазылған сөйлемдер әңгіменің негізгі желісін (мысықтың әрекеті) бұзбай шет қалады, бірақ сипатталған көріністі жақсырақ елестетуге көмектеседі.

Коммуникативтік мүшелеудің негізінде сөздердің субъективті және объективті орын тәртібі жатады, өйткені ол идеяларды қандай адамның жеткізуіне байланысты – сабырлы немесе тым эмоционалды.

Г. А. Золотова баяндаудағы сөйлемдерді біріктірудің параллельді және сабақтасты тәсілдеріне назар аударады. Фразааралық байланыстарды параллельді дамытуда алдыңғы сөйлемнің тақырыбы кейінгісінің тақырыбымен есімдікпен алмастыру, синонимдік, тек-түрлік, посессивтік, партативтік (бөлшек пен бүтін) қатынаста болады, сабақтасты тәсілде осы қатынастар алдыңғы сөйлемнің ремасы мен соңғы сөйлемнің тақырыбы арасында байқалады [2, 385 б.].

Мәтіннің суреттеу фрагменті не атаулы предикатты, не лексикалық жағынан осалданған етістікті сөйлемдерден құрылады (гипертақырыпты және гиперремалы тақырып – рема тізбегі). Бұл мәтін фрагменттерінде: 1) кеңістік-мекен қатынастарын суреттеу; 2) заттардың сапасының сипаттамасы; 3) іс-әрекет туралы хабарлар болады.

Мәтін аз көлемдегі ақпарат принципі бойынша құрылуы, яғни мейлінше тұжырымды болуы мүмкін, сондай-ақ өзгеше баяндауға оқырманда мазмұнның тереңдігі мен көп қырлылығы, мәтіннің стилистикалық байлығы мен мәнерлілігі әсерін қалдыратындай көптеген егжей-тегжейлі ақпарларды қосумен құрылуы мүмкін. Алайда тақырып-рема суреті бірінші мәтінде де, екіншісінде де ұқсас болып шығады.

Тек тақырыбы немесе тек ремасы бар сөйлемдерден басқа күрделі фразалық тұтастық құрамына кіретін барлық сөйлемдердің әрқайсысының өз тақырыбы мен ремасы бар. Алайда сөйлемдердің бәрі бірдей, яғни күрделі фразалық тұтастық сөйлемдерінің тақырыбы мен ремалардың бәрі бірдей оның тақырыбы мен ремасына кірмейді, тек баяндаудың негізгі желісін жеткізуші сөйлемдердің тақырыбы мен ремасы енеді.

Мәтінді құрайтын айтылымдары ремаларының сабақтастығын жасайтын «ремалық өзек»-тің (Т. В. Шмелеваның термині) мәтінді коммуникативтік ұйымдастыруда маңызы ерекше. «Ремалар» бойынша оқу әрбір мәдениетті адамға аян, мәтіннің не жайлы екені алдын-ала оған белгілі болғандықтан, хабардың маңыздысын алу үшін солай істейді. Мұндай оқудың құпиясы – жазбаша сөзде ремалар көбінесе сөйлемдердің соңында орналасады.

Наши рекомендации