Азақ тілі пәні бойынша 5-деңгейге арналған тест сұрақтары
$$$ Тасымалдауға болатын сөздерді көрсетіңіз:
$$ сағат, дәстүр
$ ҚазҰТУ, ҚазҰПУ
$ түн, сүт
$ 24см, 80км, 35 тг
$$$ Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Көмекей
$ Көзүлдірік
$ Көйлөк
$ Орұнбасар
$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Арман Досановты өз орныма қол қоюға ... етемін»
$$ өкілетті
$ куәлікті
$ мұрагерлік
$ еріктілік
$$$ «Алдап кету» сөзінің мағынасын беретін сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ тақырға отырғызу
$ жым-жылас болу
$ төбесі көкке жету
$ тоқ етерін айту
$$$ Номенклатуралық атаудың қайсысы дұрыс жазылғанын белгілеңіз.
$$ Білім және ғылым министрлігі
$ Білім және ғылымның министрлігі
$ Министрлік білім және ғылым
$ Білім, ғылым министрлік
$$$ Сөзге күшейтпелі мағына бере алатын сөздер қатарын белгілеңіз.
$$ тым, өте, ең
$ кейін, ілгері, алға
$ жорта, әбден, босқа
$ амалсыз, бұрын, әдейі
$$$ Бөлек жазылатын сөзді табыңыз:
$$ әр/кісі
$ әр/қашан
$ әр/бір
$ әр/кім
$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға ... білдіремін.»
$$ сенім
$ сенімхат
$ куәлік
$ рұқсат
$$$ «Жаңбыр жауып кетті ... оқушылар ойынды жалғастыра берді» деген салалас сөйлемнің арасына қай тыныс белгісі қойылады?
$$ үтір, сызықша
$ нүкте, үтір
$ қос нүкте
$ ешқандай тыныс белгісі қойылмайды
$$$ Айтылуы жағынан дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Жасырың ғат
$ Жасырын қат
$ Жасырын хат
$ Жасырын Һат
$$$ «Екеуіміз саудаласып тұрып алдық» сөйлеміндегі сауда сөзі қандай мағынаны білдіретінін көрсетіңіз.
$$ келісе алмау, шешімге келе алмау
$ келісу
$ шешімге келу
$ сауда жасайтын орын
$$$ Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.“Дүниенің кілті қолыңда, талабыңнан танба”.
$$ кілті
$ талабыңнан
$ дүниенің
$ танба
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз:
$$ ХХІ ғасыр
$ ХХІ-ғасыр
$ ХХІ-ші ғасыр
$ ХХІінші ғасыр
$$$ Қай қатардағы сөздер бір түбірден жасалғанын белгілеңіз.
$$ тұрақ, тұрғын, тұрғылықты
$ тағайындау, түстеу, туындау
$ заң, ереже, жарлық
$ айту, баяндау, сөйлеу
$$$ Сөйлемде белгілі сұраққа жауап бере алмайтын сөздер қатарын белгілеңіз.
$$ және, дейін, егер
$ қызыл, үлкен, орташа
$ жоғары, төмен, кейін
$ табу, іздеу, жүргізу
$$$ “Еті тірі” деген сөз тіркесінің мағынасын көрсетіңіз:
$$ пысық, епті
$ ұзын, арық
$ сөзшең, қуақы
$ момын, жуас
$$$ Бас әріппен жазылмайтын орынды көрсетіңіз:
$$ Қазақ, Орыс, Румын
$ Қазақстан Республикасы.
$ Бөрібасар, Тайбурыл
$ Тоғжан, Ахмет
$$$ Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз:
$$ Студенттердің қайда баратынын айтты
$ Сенің компьютерің қайда тұр
$ Қандай тағамды жақсы көресің
$ Мен қазір кітап оқимын, сіз ше
$$$ Қосымша қате жалғанған сөздер қатарын табыңыз
$$ жазушыныкі, құрылыстыкі
$ жазушының, құрылыстың
$ жазушыларымыз, құрылысымыз
$ жазушылық, құрылыстық
$$$ Тұрақты тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз:
$$ Бір шикі өкпе болса деген Ажардың арманы еді.
$ Темір жолдың жанымен жүріп келе жатырмыз.
$ Ғылым мен мәдениетке көңіл бөлінуде.
$ Тіл - халықтың байлығы.
$$$ Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін жазыңыз.
$$ Көркем әдебиет
$ Іс-қағаздар стилі
$ Ғылыми
$Публицистикалық
$$$ Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Күш-жігер
$ Күш-шігер
$ Күж жігер
$ Күшжігер
$$$ Ресми құжат – анықтама не үшін берілетінін белгілеңіз.
$$ Сіздің жұмыс орныңызды нақтылау үшін.
$ Жасыңызды көрсету үшін.
$ Тапсырманы орындау мақсатында
$ Демалысқа шығу үшін.
$$$ Адам мінезіне қатысты тұрақты тіркестер:
$$ Жылқы мінезді, қой аузынан шөп алмас
$ Әдемі табиғат, сулы жер
$ Көзді ашып-жұмғанша
$ Көзі ашық, әп-әдемі
$$$ Публицистикалық стильдің жанрлары:
$$ Очерк, сұхбат
$ Келісім-шарт
$ Әңгіме, роман
$ Анықтама, құжат
$$$ Белгілі себеппен ойдың аяқталмай қалуына байланысты қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
$$ Көп нүкте
$ Сызықша
$ Қос нүкте
$ Дефис
$$$ Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз:
$$ Көжжазбау.
$ Көз жазбау.
$ Көс жазбау.
$ Көзі жазбау.
$$$ Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз:
$$ Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
$ Тыңда, дала, Жамбылды
$ Дариға, домбырамды берші маған
$ Қазақ тілі - өте бай тіл.
$$$ Анықтама қандай стильде жазылады?
$$ Іс қағаздар
$ Ауызекі сөйлеу
$ Публицистикалық стиль
$ Ғылыми
$$$ Фразеологиялық антонимдерді көрсетіңіз:
$$ қоян жүрек - ер жүрек
$ ат ізін салмады - шөлі қанды
$ ақ ниет – ақ жүрек
$ мойны босады – тоң мойын
$$$ Публицистикалық стиль ыңғайында берілген сөйлем:
$$ Белгіленген тәртіппен және кезек бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
$ Адалдық үшін алысып, Жігітке ақы төлетті (А. Қ.)
$ Қарт Каспий ауыр теңселіп, толқыны теңіз жағасын ұрып жатты.
$ Сен маған дүниеге жаңа ғана шыр етіп келген сәбисің.
$$$ Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильге тән, белгілеңіз.
$$ Ғылыми
$ Іс-қағаздар
$ Публицистика
$ Көркем әдебиет
$$$ Еркін тіркесті табыңыз:
$$ Түйе екі өркешті
$ Түймедейді түйедей ету
$ Ақ түйенің қарны жарылған күн
$ Түйенің танитыны – жапырақ
$$$ Сөздің дұрыс жазылуын көрсетіңіз:
$$ Әлдекім
$ Әлде кім
$ Әлдегім
$ Әлде-кім
$$$ Тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.
$$ Парасат журналы
$ Алматы кондитер фабрикасы
$ Әл-Фараби атындағы университет
$ Мемлекеттік банкінің бөлімшесі
$$$ Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз:
$$ қара жер
$ асыл жер
$ туған жер
$ жер ана
$$$ Қате жазылған тасымалды көрсетіңіз.
$$ Б.Р. – Нұрмақов
$ Бар-ша
$ Бола-шақ
$ Ба-қыт
$$$ Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз?
$$ Ақылгөй
$ Ақылкөй
$ Ақылқой
$ Ақылғой
$$$ “Тез” сөзінің мағынасын көрсететін тұрақты тіркесін табыңыз:
$$ қаc пен көздің арасында
$ екі көзі төрт болады
$ арасынан қыл өтпеді
$ салы суға кетті
$$$ Мәжбүр болу мағынасын көрсетіңіз:
$$ Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеуге тура келді
$ Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеді
$ Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеген екен
$ Мамандарды біліктілігіне қарай іріктесе керек
$$$ Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз:
$$ Шешендік сөздердің түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
$ Қазақ шешендік сөздерінің бастауы, мақал мен мәтелдер.
$ Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді.
$ Тілді қадірлеу, дұрыс сөйлеуден басталады.
$$$ “Құлақ салу” фразеологизмінің антонимін табыңыз:
$$ құлақ аспау
$ екі езуі екі құлағында
$ құлағыңа алтын сырға
$ аузының суы құру
$$$ «Мен шын жүректен алғыс айтамын», – ... Сара. Түсірілген көмекші сөзді қойыңыз:
$$ деді
$ деп
$ еді
$ кейін
$$$ Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
$$ Сіздер айтқансыздар ма
$ Сен көрме
$ Ол ешқайда кеткен жоқ
$ Кітапта қашан құрылғаны көрсетілген
$$$ Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз:
$$ жер ана
$ жер қазу
$ жерді қопсыту
$ жерді өңдеу
$$$ “Биылғы жыл” тіркесінің синонимін көрсетіңіз.
$$ ағымдағы жыл
$ өткен жыл
$ алдыңғы жыл
$ жуырдағы жыл
$$$ Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:
$$ Өмір көп, өлім жоқ, – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$ Өмір көп өлім жоқ! деп тілек тілеп, бата жасайды.
$ Өмір көп, өлім жоқ! – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$ Өмір, көп өлім жоқ!, – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$$$ Аяқталмаған сөйлемді табыңыз:
$$ Сәулет туындылары тіршілік ортасын
$ Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері
$ Бұл салада қала ішін білу керек
$ Ауыл мен қаланың тыныс-тіршілігі әр қилы
$$$ “Әлемдік деңгейдегі биік тұлға” тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
$$ танымал белгілі қайраткер
$ сүйсініс білдіреді
$ айтылып жүреді
$ мақтаныш етеді
$$$ «Мансапқор» сөзінің синонимін табыңыз:
$$ шенқұмар
$ көрсе қызар
$ сотқар
$ ұлтшыл
$$$ Міндеттеу мағынасындағы сөйлемді көрсетіңіз:
$$ Мен қажетті мамандықты таңдауға тиіспін.
$ Оның бүгін ауылға баруы мүмкін.
$ Сіздің еңбек тәжірибеңіз көп.
$ Жылда шет елге барған болар едім.
$$$ Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:
$$ Қыран бүркіт – биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$ Қыран бүркіт биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$ Қыран бүркіт – биліктің көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$ Қыран бүркіт биліктің көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$$$ Көп нүктенің орнына көмекші сөз қойыңыз: ”Рецензия – біреудің жазған мақаласына ... шығармасына беріледі”.
$$ немесе
$ жөнінде
$ туралы
$ жанында
$$$ Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз. «Туу ит-ай ... сонша ұмытпай жүр бәрін.»
$$ ауызекі сөйлеу
$ публицисткалық
$ ғылыми
$ ресми
$$$ Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
$$ әжеп тәуір
$ ала ат
$ қызыл ала
$ көк орамал
$$$ Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз:
$$ Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді
$ Сөз аңдыған кісі оңбас
$ Темір газеттен өзінің суретін көрді
$ Күн екіндіге жақындап қалды
$$$ Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз:
$$ силық
$ ілгіш
$ диктор
$ саяжай
$$$ Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз. “Мекенжайым өзгерген жағдайда үш күн … хабарлауға кепілдік беремін”
$$ ішінде
$ сыртында
$ жанында
$ қасында
$$$ Номенклатуралық атаулардың дұрыс жазылуын көрсетіңіз:
$$ Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы
$ Ішкі Істер Министрінің Бірінші Орынбасары
$ Қазақстан республикасы «қазақтелеком» департаменті
$ Қазақстан Республикасының парламенті
$$$ Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз: “Әліпті таяқ деп білмеу”.
$$ сауатсыз
$ даңғой
$ әдепсіз
$ тәрбиесіз
$$$ Тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ адамның көзі
$ бұлақтың көзі
$ иненің көзі
$ матаның көзі
$$$ Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
$$ Өз тілінің сұлулығын сезбей өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.
$ Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз.
$ Тіл – халықтың байлығы.
$ Тәрбие басы – тіл.
$$$ Тиісті сөзді көрсетіңіз"Жүзден жүйрік, мыңнан ..."
$$ тұлпар
$ біреу
$ жүйрік
$ жылқы
$$$ Барлық жерде бас әріппен жазылатын сөзді көрсетіңіз:
$$ маслихат
$ кеңес
$ сессия
$ мәжіліс
$$$ Қате жазылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларын көрсетіңіз:
$$ Алтын жұлдыз - “халық қаһарманы”
$ “Ерлігі үшін”
$ “Ерен еңбегі үшін”
$ “Қазақстан Республикасының Құрмет Граммотасы
$$$ ҚазБСҚА, БҰҰ, ҚазМУ, ЭВМ, КРМС сөздерінің бас әріппен жазылу себебі не?
$$ Қысқарған сөз
$ Мемлекетке қатысты сөздер
$ Жалқы есімдер
$ Ең жоғарғы мемлекеттік ұйымдар
$$$ “Қырық” сөзіне тіркес жасаңыз:
$$ қадам жер
$ қабат жер астында
$ мүшем сау болсын
$ түнде адасу
$$$ Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді атаңыз.
$$ Іске жауапкершілікпен қарау
$ Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі
$ Тақырыбын жетік білмеу
$ Жігерсіздік, ұялшақтық
$$$ Бөлек жазылатын сөзді табыңыз:
$$ алажаздай
$ баспасөз
$ халықаралық
$ темірқазық
$$$ "Аяғына тұсау түсті" сөзінің мағынасын көрсетіңіз:
$$ үйленді
$ қуанды
$ ренжіді
$ жолы болды
$$$ Қай сөз тіркесінде қате жіберілгенін анықтаңыз:
$$ өндүрүстік-шаруашылық қызмет
$ қала құрылысының сәулеті
$ ескі аудандарды жаңарту
$ сыртқы бейнесі
$$$ Мағыналас сөздердің қатарын көрсетіңіз:
$$ Көрнекті, атақты, әйгілі, даңқты, белгілі
$ Құштар болу, әйгілі, атақты, еркін меңгеру
$ Сәулет, тұрғын, өнер
$ Ескерткіш, халық, көне
$$$ Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ ары таза
$ таза бөлме
$ таза қағаз
$ таза жер
$$$ Сөйлемнің дұрыс құрастырылған нұсқасын табыңыз:
$$ Біз уақытында жеткізуге міндеттенеміз.
$ Жеткізуге уақытында міндеттенеміз біз.
$ Міндеттенеміз уақытында біз жеткізуге.
$ Уақытында жеткізуге міндеттенеміз біз.
$$$ Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз. “Қорқыт ата бір күні ұйықтап кетеді де,... .”
$$ түсінде қобыздың үнін естиді
$ кең тараған аңыз бойынша
$ желмаясын сойып, терісінен қобыз жасайды.
$ “Қайда барсаң қорқыттың көрі”
$$$ Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемді белгілеңіз.
$$ Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.
$ Сен оған айтқан соң, мен үндемедім
$ Тез жүрсе де, пойызға үлгере алмады.
$ Ертең оларды көрсек, жағдайды айтуға тура келеді.
$$$ Тұрақты сөз тіркесі қатыстырылған сөйлемді табыңыз:
$$ Бос белбеу жігіт екенсің.
$ Көпшілік қауымға арналады.
$ Баяғы заман жоқ.
$ Бұл жігіт таныс сияқты.
$$$ Тура мағынада тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ суық су
$ суық хабар
$ суық сөз
$ суық қару
$$$ Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
$$ «Білмеске сөзің қор боп кетер», - деген М.Дулатұлы
$ Туған жер – алтын бесік.
$ Бұл – ойланатын нәрсе
$ Бала жігіт орындайтынын айтты.
$$$ «Жауластыру» сөзінің антонимін табыңыз:
$$ елдестіру
$ салыстыру
$ беттестіру
$ жүздестіру
$$$ Мына сөйлем қай құжатта кездеседі: «Ә.Ж. Айдаровтың кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі, өз ісінің шебері, ұжымда беделі зор»
$$ Мінездеме
$ Өтініш
$ Өмірбаян
$ Бұйрық
$$$ Мына сөздердің қайсысы жіктелмейді:
$$ боран
$ дәрігер
$ келді
$ ұнатты
$$$ Стиль түрін ажыратыңыз. «Тіл – тіліп түсер наркескен, Сөз - өткір жебе тау тескен.»
$$ Көркем әдеби стиль
$ Публицистикалық стиль
$ Ауызекі
$ Ресми
$$$ Сен менің оң „қолымсың” сөйлеміндегі „қол” сөзі қай мағынада қолданылып тұр?
$$ көмекші, қолғанат
$ адам, жұрт
$ халық, ел
$ ұл, қыз
$$$ ”Сөздің аяғын күту” тіркесіндегі „аяғы” сөзі қандай мағынада қолданып тұр?
$$ ақыры, соңы
$ басы, басталуы
$ ортасы, орта
$ іші, сырты
$$$ «Құдайы қонақ» деп қандай қонақты атаймыз?
$$ жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ.
$ әдейі шақырылған қонақ.
$ алыстағы ағайынын, туған-туыстарын іздеп келген қонақ.
$ қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүретін қонақ.
$$$ Етістіктің қалау рай түрінде тұрған сөзді табыңыз:
$$ қыдырғым келеді
$ ойнап еді
$ сабақ оқыды
$ айтқалы келді
$$$ Омоним болатын сөзді көрсетіңіз:
$$ қақ
$ әділ
$ билік
$ еңбек
$$$ Қос нүкте қойылмайтын орынды көрсетіңіз:
$$ Асқар ... ертең кітапханаға барасың ба?
$ Серік ... « Біздің Қазақстан бойынша сапарымыз сегіз күнге есептелген», – деді.
$ Қазақстанның көне қалалары ... Отырар, Сайрам, Созақ.
$ Олар ... Серік, Анар, Ақыл.
$$$ Синонимдік сөз қатарын табыңыз:
$$ балдырған, бүлдіршін, сәби
$ алыс, шалғай, жақын
$ қадірлі, сыйлы, көрікті
$ терең, саяз, қырлы
$$$ Жеті жұттың біріне жататын сөздерді табыңыз:
$$ құрғақшылық, зілзала
$ жел, самал
$ ай тұтылу, күн жауу
$ жаңбыр, найзағай
$$$ Фразеологиялық синонимдерді көрсетіңіз:
$$ көз ілмеді, таңды көзімен атырды
$ жолы болмады, айы оңынан туды
$ бауыр басты, жат бауыр болды
$ аты шықты, аты өшті
$$$ Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. “Оның өз көзқарасына деген ... қалыптастыр”
$$ сенімін
$ сенімсіздігін
$ нәзіктігін
$ жауапсыздығын
$$$ Күрделі сөйлемді табыңыз.
$$ Көптен бері қалада болмаған соң, Алматыны аралап көргім келді.
$ Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
$ Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатыр.
$ Саяхатшылар көп келді.
$$$ “Төрт құбыласы сай” фразеологизмінің мағынасы:
$$ жағдайы жақсы адам
$ төрт құлақты кесене
$ төрт қабырғалы қоршау
$ төрт құлақты қазан
$$$ Дефис қойылатын орынды белгілеңіз:
$$ 15-үй
$ 8-наурыз
$ 1987-жыл
$ ХХ-ғасыр
$$$ Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз.
$$ Балалар пойызы осы ғой, ә
$ Мен қазір кітап оқимын , сіз ше
$ Бұл кім өзі
$ Балтабектің үйін білесің бе
$$$ Ғылыми стильде жазылған сөйлемді белгілеңіз.
$$ Тілдер аглюнативті және флективті болып бөлінеді.
$ Келісімшарт талаптарына қол қойылады.
$ Таң рауандап атып келеді.
$ Түу, соны да әңгіме деп отырсың ба?
$$$ Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$ қисық сөз
$ қисық жол
$ қисық сызық
$ қисық ағаш
$$$ Стиль түрін ажыратыңыз: «Барлық сілтілердің ортақ химиялық қасиеттері болады.»
$$ Ғылыми стиль
$ Көркем әдебиет
$ Іс-қағаздар
$ Публицистикалық
$$$ Еркін сөз тіркесін белгілеңіз.
$$ Асар тау
$ Қолы ұзын
$ Асау жүрек
$ Алтын қол
$$$ Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз.
$$ интервью
$ роман
$ повесть
$ поэма
$$$ Синоним сөздерді көрсетіңіз:
$$ жүрек жұтқан, ер жүрек
$ көздің жасы, адамның жасы
$ мықты, әлсіз
$ үлкені, кенжесі
$$$ Қойылмаған тыныс белгісін табыңыз. «Алынған заттар орындық, тақта, стол.»
$$ Қос нүкте
$ Үтір
$ Нүкте
$ Көп нүкте
$$$ Тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз:
$$ Ана тілі газеті
$ Ғылым академиясы
$ Мамыр мейрамы
$ Республика сарайы
$$$ «Алдап кету» сөзінің мағынасын беретін сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ тақырға отырғызу
$ жым-жылас болу
$ төбесі көкке жету
$ тоқ етерін айту
$$$ Ырықсыздық мағына беретін етістіктерді белгілеңіз.
$$ айтылды, жазылды
$ айтса, жазса
$ айтсын, жазсын
$ айтқым келді, жазғым келді
$$$ Ілік септігінің дұрыс қолданылуын табыңыз:
$$ оның
$ оқуың
$ бердің
$ ауылың
$$$ Күрделі ойды білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
$$ Тоғыз жасқа келгенде, әкесі оны оқуға берді.
$ Ол ақылды, парасатты болып өсті.
$ Абай – қазақ халқының ұлы ақыны.
$ Орыс мектебінде орысша, қазақша оқып үйренді.
$$$ Жай сөйлемді белгілеңіз.
$$ Шоқан – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты.
$ Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, дүнген тілдерін үйренді.
$ “Манас” жырын оқып, хатқа түсірді.
$ Орыс география қоғамына мүше болды, үлкен ғалым атанды.
$$$ "Бармағын тістеу" сөзінің мағынасын көрсетіңіз:
$$ өкіну
$ қуану
$ ашулану
$ өкпелеу
$$$ Көңіл - күйді білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
$$ Әттеген-ай, уақытында неге ойламадым?
$ Шынымен солай ойлайсыз ба?
$ Біз жүріп кеткелі отырмыз.
$ Бүгіннен қалдырмай өткіз.
$$$ Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз:
$$ кітап оқыды
$ атты адам
$ кеше келді
$ ертең барам
$$$ Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ Сен менің оң қолымсың
$ Оң қолымда сағатым бар
$ Сол қолыңды көтер
$ Көзге көрінбей жүр
$$$ Дыбыстық мағынаны білдіретін сөздерді көрсетіңіз:
$$ сарт-сұрт, арс-арс
$ желп-желп, тегіс
$ кім? не? қайда?
$ барды, оқыды
$$$ Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
$$ “Ол - Динаның домбырасы”, - деді таныстырушы
$ “Ол - Динаның домбырасы”, деді таныстырушы
$ “Ол - Динаның домбырасы” - деді таныстырушы
$ “Ол - Динаның домбырасы” деді таныстырушы
$$$ Шартты тұлғасы бар сөйлемді белгілеңіз.
$$ Ертең оларды көрсек, айтайық.
$ Күн жарқырап тұрғанмен, күн қатты аяз.
$ Марат келмей, жұмыс бітті.
$ Сабан біткен соң, біз үйге қайттық.
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
$$ Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
$ Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
$ Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.
$ Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
$$$ Орфографияға сай жазылған сөзді табыңыз.
$$ Бейуақыт
$ Айаққап
$ Қойулану
$ Тайақша
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
$$ «Балам, әр жастың өз белесі бар ғой»,-деді Жетпіс би Төлеге.
$ Балам, әр жастың өз белесі бар ғой деді Жетпіс би Төлеге.
$ Балам, әр жастың өз белесі бар ғой», деді Жетпіс би Төлеге.
$ Балам, әр жастың өз белесі бар ғой» -деді Жетпіс би Төлеге.