Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жүсіпбек Аймауытұлының шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданысы
Жоспары:
І. Кіріспе
1. Ж. Аймауытұлының шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ерекшеліктері
II Негізгі бөлім
2.Ж. Аймауытұлының шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің стильдік ерекшеліктері
3.Ж.Аймауытұлының шығармаларындағы авторлық фразеологизмдердің қолданысы.
III Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі.
КІРІСПЕ
Халық қазынасы болған фразеологизмдердің талай заманды басынан көшіріп, өңделе, ажарлана отырып, әбден шыңдалған сарасы ғана халық санасында сақталады. Олардың ескісін ескіртпей, жаңасын құлпыртатын қасиеті - түр-тұлғасының көркемділігі мен мағынасының тереңдігінде. Бұлардың көпшілігінің сыртқы құрылысы өзіне арнаулы түр талап етсе, ішкі мазмұны айтылатын ойға сай болуын талап етеді де, сол екеуінің бірлігінен мәнерленіп құралады.
Мен осы жұмысты жазу барысында салт-дәстүрге байланысты қолданылатын фразеологизмдердің берілу жолдарына, олардың сөз табына қатыстылығы мәселелеріне тоқталамын. Сонымен қатар, салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі ауқымдыларына, яғни қыз ұзатуға байланысты қолданылатын салт-дәстүрлеріміздің тұрақты тіркестермен берілуіне, қаза ғұрыптарының тұрақты тіркестермен берілуіне және де балаға байланысты қолданылатын салт-дәстүрлеріміздің тұрақты тіркестермен берілу жолдарына, олардың көркем шығармада қолданылуына тоқталып, нақты мысалдармен дәлелдеп өтпекпіз.
Ж. Аймауытұлының шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің ерекшелігіне келсек, Ж.Аймауытұлы прозасындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер кейiпкердiң жан-дүниесiн, күйзелiсiн, өкiнiшiн, күйiнiш-сүйiнiшiн, бiр cәттік жай-күйiн ашып жеткiзуде орасан зор орын алады. Жазушы шығармаларындағы фразеологизмдердi бiрнеше топқа топтастыруға болады.
Алдымен, адамның iшкi күйiн бiлдiретiн фразеологизмдердi алсақ оларға прозада кездесетiн «салы суға кету», «қабырғамыз қайысады», бүйiрiмiз сөгiледi», «бас тepici аузына түcin кeminmi» т .б. фразеологизмдердi жатқызуға болады.
Жазушы негiз етiп алған қазақтың байырғы ауыз әдебиетi, әрбiр оқырман көңiлiнен шығып, шығарма оқиғасын өзектi де езгеше ете бiлген. Жазушы фразеологизмдердi қолданғанда өзiнiң ойын, соның iшiнде көңiл-күйiн анық байқатып отырған. Фразеологизмдер арқылы кейiпкердiң жан күйзелісін ашу-ызасын, қорқыныш сезімдерін, қуанышын суреттеген. Толығырақ мысалдармен дәлелдейiк.
Қара мұрт пен жирен орыстың арасындағы керіс келiспеушiлiктi баяндай келе: «Жирен орыс манағыдай емес, Ақбiлекке өлiп-өшкенiн қойып, бетiнен түгi шығып, әкесі өлгендей, бас mepici аузына mүcin кeminmi» (Ж.А.,161).
«Ұрқия келсе, бас mepici аузына mүcin, кірпідей жuырылады» (Ж.А.,295).
«Бетiнен түгi шығу», «әкеci өлгендей, бас mepici аузына түсу» сияқты тұрақты тіркестер түйдектеле қолданылып, кейiпкердiң iшкi жан дүниесiн жайып салады.
Ұйытқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келедi. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғыршақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдiр жұлдыз тарыларын бiр-бiрiмен қырқып жатыр. Жұлдыздармен бiрге үмim сәулелерi де бiр-бiрлеп батып бара жатқандай. Ақбiлектiң сұм жүрегi әлдененi сезгендей болды. Eкі көзi жалт-жұлт emiп, қара мұрттың бетiне қарай бердi. Қара мұрттың бетi сұрланған, көзi қанталап, танаулары желбiреп қозғалған icпemmeндi. Аяқ басуы қатаң, Ақбiлекке ұнамайды, жүрегi қысылып, өкпeci аузына тығылып барады (Ж.А.,177).
Жазушы қаламына тән ерекшелiк мәтіннің басында табиғатты суреттеу арқылы қорқыныш, үрей сезiмдерiн тудыра отырып, Ақбiлектiң қорқыныш сезiмiн, үрейiн «жүрегi қысылып, өкпесi аузына тығылып» тұрақты тіркестер арқылы бередi. Табиғат көрiнici мен Ақбiлек сезiмi бiр-бiрiмен астасып жатқандай.
«Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қaumin дәтiң шыдайды? Kім сағынбас өз қағын? Kім сүймесiн өз жерiн? Сүймесе сүймес зердесiз, шерсiз жүрек, тiлеуi бөлек жетесiз ...Туғалы ұзаn шықпаған, бауырмал әжесiнiң бауырында еркелеn өскен, үлбiреген балаnан жүректi Қартқожа қайтіп сүймесiн? Қартқожа туған жерiн жанындай cүйеді. Туған жер еске түскенде iшi-бауыры елжiреn, өртенгендей күйедi. Елiне жетуге ұшарға қанаты болмайды.
Туған жер деген тарау риторикалық сұраулы сөйлемдермен басталып, туған жердiң қадiрiн, туған жердiң ыстықтығын, қымбаттығын айта келiп, Қартқожаның туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн «iшi-бауыры елжiреу, өртену», «ұшарға қанаты болмау» фразеологизмдерi арқылы тереңдете түседi. Бұл жерде тағы айта кетерлiк жайт: «Кім сүймесiн өз жерiн? Сүймесе сүймес зердесiз, шерсiз жүрек, тiлеуi бөлек жетесiз ...» деген жолдарды авторлық, афоризмдер деп айтуымызға болады.
Фразеологизмдерді жазушы кейіпкерін мінездеу мақсатында да қолданған, кейіпкердің сыртқы портретін суреттей отырып, ішкі дүниесін аңғарту мақсатында, іс-әрекетінің, қылығының жағымды-жағымсыз жағын білдіруде фразеологиялық тіркестерге стильдiк жүк артады. Нақты мысалдар келтiрейiк.
- Қабағы қайрақтай боп, танауы делдuiп тұр екен, дәу де болса көкайыл, долы шығар, - дептi (Ж.А., 288).
Елдi қан-қақсатқан Нuколайға да болып едi (Ж.А., 104).
Өрiктiң сыртқы портретi арқылы мiнез ерекшелiгiн «танауы делдuю» тұрақты тіркесі ашады. «Қан қақсатқан» фразеологизмi Николай патшаның шектен тыс қаталдағын нақты көрсетеді.
Кейiпкердiң портретiн беру мақсатында фразеологизмдер жұмсалған: дөңес маңдай, қырыс маңдай, бауырсақ мұрын, кipпi шаш т.б.
Басқа кейiпкер арқылы екiншi кейiпкердiң айтқан пiкiр-ойын жеткiзуде қолданылған фразеологиялық тіркестер тiлiнiң жаманы-ай, аузынан жалыны шығу, отау ueci, құлағы керең болды, жанынан қосып жiбердi, жiбi түзу.
Туған халқының тағдыры, ел мұңы жазушыны қатты толғандырған. Жазушы халықтың тұрмысын, хал-жағдайын, өмір шындығын суреттеген.
Қазақ жерiнде орыстардың қоныстануы, олардың тұрмысы мен қазақ тұрмысын салыстыра суреттеуі әлеуметтік теңсiздiктi фразеологизм арқылы астарлап жеткiзген.
Ж.Аймауытұлы сөздердiң астарлы мағыналарын көп пайдаланады.
Казак-орыс пен қазақ әшейiн де «бәленшеке», «түгеншеке» десiп жүрсе де, жерiне, суына, балығына, ағашына қазақтың тұмсық сұққанын көрсе, «еке-меке» далада қалады. Қазақтың шаңырағына қобыз тартылады (Ж.А., 106).
Қобыз тартылады - күн көрсетпеу. Тұмсық сұғу, шаңырағына қобыз тартылу- фразеологизмдерi қазақ тұрмысын астарлап, әсерлеп көрсетедi.
Негiзiнен, фразеологизмдердiң шығарма тілінде қолданылуы жиі кездескенімен оны қолдану тәсілінің де өзiндiк ерекшелiгi бар және бiрнеше негiздерi бар.
1. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 560 б.
бiр мағынаны бiлдiретiн сөз тіркеci болса, екiншiден, халықтың ауызша тiлiнде талай уақыттан қалыптасып, тас-түйiнге айналған сөз мәйегi екендiгiн ескеремiз. Бұл жөнiнде ғалым Р.Сыздықованың пiкiрiн келтiрсек, «Жеке суреткер тiлiндегi образды фразеологизмдердiң типтерiнiң, олардың азды-көптiгiн, eскi-аздылығын түгендеу үстiнде ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы байырғы қазынаны қаншалықты игерiп, кәдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанынан көруге болады. Ал бұл шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегендi танытады, тіпті кеңірек қарасақ суреткер тiлiндегi фразеологизмдер әлемi оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді1. Демек, ғалым пікіріне сүйенсек, фразеологизмдерді қолдануынан, оның шешендігін көреміз.
Ж.Аймауытұлы фразеологизмдердi ұтымды қолдана отырып, олардан жаңа мағына тудыра бiлген. Автор тұрақты тiркестердiң сөйлеу тiлiндегi қалпын сақтап қолданған, кейде сөйлеу тiлiндегi тұрақты тiркестердi өзiнше туындата отырып, өзгертiп қолдану арқылы осы құбылыстың өpiciн кеңейткен. Демек, бұл арада жазушы шеберлiгiмен қабат оның даралығын, өзiндiк өзгешелiгiн аңғаруымызға болады. Жазушы бояуы қалың, жаттанды сөздерге әуес емес, ол көпшiлiктiң жүрегiне жақын қарапайым түрде фразеологизмдердi қолданысқа түсіре бiлген.
Фразеологизмдер тұрақты тіркестер болып келгенмен, жазушы сөз қолданысында әңгiме өрiсiне лайықтап тiркестердi өзгертiп қолдануы әбден мүмкін. Тұрақты тiркестердiң халық тiлiндегi вариантын өзгеше жаңа мағыналық мәнде жұмсап, жазушылардың түрлендіріп стильдiк мақсатта қолдануы туралы академик Р.Сыздықова: «Фразеологизмдердi өзгерту мотивтерi де қилы, бiрi стиль қажетiнен, фразеологизмге қосымша мағыналық реңк үстеп, оларды ұтымдырақ ұсыну мақсатымен пайда болатын өзгерiс»,- дейдi.
Fалым пiкiрiне сүйене отырып, автор шығармаларына назар аударайық. Ж.Аймауытұлы прозасында фразеологизмдердiң өзгертiлiп қолданылуының жалпы тiл ғылымына ортақ eкi түpi кездеседi. Бiрi – трансформацияланған фразеологизмдер (өзгертiлген), екiншici – контаминацияланған фразеологизмдер (алмастырылған). Осыған қосарлық тағы бiр жағдай, ол – Ж. Аймауытұлының өзi жасаған фразеологиялық тіркестер. Әрқайсысына нақтылы түсініктеме беру үшiн алдымен жазушы шығармаларындағы трансформацияланған фразеологизмдерге тоқталайық.
Сайлау көpemiн жiгiт кешiгiп қалган сазайына бiр танаудан «тоқымаш жеп», ат қораға барып көзiн уқалады (Ж.А.,108).
Қара шолақ азаматтары «Қара тақтай» осы деп, азарда-безер боп тұрған соң, «асылдың жұрнағын» бұрынғы дәрежесiне қайта мінгізді (Ж.А.,144).
1. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. -Алматы, 2005. 71 б.
2. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 560 б.
Берiлген мысалдағы «тоқымаш жеу», «асылдың жұрнағы» фразеологизмдерiн алсақ мұнда бiрiншiсi, халықтық тiлде «таяқ жеу», яғни «жәбiр көру» деген мағынада белгiлi болса, «асылдың жұрнағы» тіркесі (кекесiндi мағынада), «асылдың тұяғы»мағынасында таныс.
Жазушы шығармаларындағы фразеологизмдердiң өзгертiлiп қолданылу әдiсi, жазушыға дейiнгi уақытта болған құбылыс. Мәселен, ұлы ақын Абайдың өлеңдерiнiң тiлiн зерттеушi ғалым Р.Сыздықова төмендегiдей пiкiр бiлдiредi:
«Фразеологизмдер дүниесiнде Абайдың қолданған және бiр әдісі – жалпы халықтық тілдегі тұрақты тіркестердің идеясын алып, мағынасын қуалап, соның ізімен жаңа тіркес жасау болды».
«Ақбілек» романында кездесетін фразеологизмдер:
«Ақбiлектiң жүрегі зырқ ете mүcmi. Зырқ етпей қайтсiн, тықыр шықты. Жүрегiнiң дүрсiлi болғай eдi деп, қолын кeyдeciнe басып eдi. Тас, тас емес-ау, meмip емес - ажал шықыр еткендей, құйқа тамыры шымыр emmi»1- (150-бет) - шошып кетті, қорқып кетті – деген мағынаны білдіреді.
«Апан көр сияқmанды. Өйткенi ажалдай түсі суық саудырған үш адам келiп қалды. Бала қашаған лаққа ұсап, апанды айнала жүгiрiп, өкпесін соққан торғадай торға iлiндi» - (151- бет) - қатты қорқып қалды – деген мағынада қолданған.
«Алыс-жұлыс, ауыр күйік, аттың соққысымен Ақбілектің сілесі қатып, аттан түсіргенде өлген адамша сыл ете түскен»2 - (158 – бет) – әбден шаршап, болдырып, қажыды, дәрмен-қуаты бітті – деген мазмұнда қолданылған.
«Ақбілек өзінен бетер сол екеуінің жетімдігіне қабырғасы қайыспады» - (161-бет) – жанына батты, қатты қиналды, ойысты – дегенді білдіреді.
«Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа жарыған емес» - (165-бет) – қолы еш нәрсеге жетпеді, жарымады, кедей болды деген мағынада.
«Мен келгенде қызыл көзді пәле келе жатқандай атын, дүниесін тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығарды» - (168-бет) – барып тұрған пәлеқор, жалақор – дегенді білдіреді.
«Бір күні қас қарайған кезде, орыстар бір жаққа баратындай қару-жарақтарын қамдап, мылтықтарын сытырлатып, оқжап, ер-тұрмандарын салдырлатып, былдырлап сөйлеп аттарын ерттеп әбігерлене бастады» - (173-бет) – кешкі қараңғы түскен уақытта – дегенді білдіреді.
«Әуелгі кезде Ақбілек қолға түскен құралайдай, екі көзі мөлдіреп, көп ит анталаған күшіктей құнысып, маңайындағы жанның бәрін жаналғыштай
----------------------------------------------------------------------------------
1. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 150- б.
2. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 158- б.
көріп, үркіп, елегізіп жүрсе де, анасын, ауылын ойлап, аузына дәм салмай, аштан қатып, бүк түсіп көрсе де, әрі-беріден соң шыбын жаны шыдатпады, мезгілсіз өле алмады»1 (179-бет) – ұсталған, тұтқындалған – деген мағынада қолданылған.
«Ит жалап кеткен ыдыстай, өзiнiң денесін де, дeмiн де арам деп бiлдi» - ( 201- бет) - жек көру, жеркену – деген мағынаны білдіреді.
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен алыстап бара жатты» - (205-бет) – астаң-кестеңін шығарды, опыр-топыр қылды – деген мазмұнда берілген.
«Ақбілек табылыпты» деген хабарды естігенде: «Е» депті де қойыпты. Ал Жанболат ағаң болса, ол енді ауызы жеңіл кісі ғой: «Е, біздің Бекболат енді ол қызды алмайды, орыстың сарқытын неғылсын?»- деп, үйіне келген- кеткен кісіге соғып отыратын болса керек деді (Ж.А., 245-бет) -аузына келгенін айтып отыратын – деген мазмұнда қолданылған.
«Бала десе Ұрқия ішкен асын жерге қояды» - (310-бет) – көңілі алаңдайды, бәйек болады – деген мағынада қолданған.
«Әлде көптен күтіп жүрген арманына қолы жеткендей, әлде алдынан бір қызық дәурен күткендей, өзін бір нәрсеге арнағандай, ол арнағанына жан-тәнімен сенгендей, әйтеуір мәлімсіз бір күш бойын билеп, қанын кернеп, еркін алып, «мейлің» дегізгендей бір күйге түсіріп еді»2 - (391-бет) -көздегені, айтқаны орындалды – деген мазмұнда қолданылған.
«Бір күні қас қарайған кезде, орыстар бір жаққа баратындай қару-жарақтарын қамдап, мылтықтарын сытырлатып, оқжап, ер-тұрмандарын салдырлатып, былдырлап сөйлеп аттарын ерттеп әбігерлене бастады» - (393-бет) – кешқұрым қараңғы түсу мезеті – деген мағынаны білдіреді.
«Шақшадай басы шарадай болды»- ( 202-бет ) – миы ашыды; не істерін білмей, дел-сал, миқата болды – деген мағынада қолданған.
Мақал-мәтел – халықтың нақыл сөздері. Мақал-мәтелдерге ой жинақталып, ұғымды, өткір етіп беріледі. Мақал-мәтел сөз өнерінің анасы. Қаламгер туындыларындағы халықтық мақал-мәтелдерде маңызды қызмет атқарған.
Мақал-мәтелдер - қысқа әрі ырғаққа құрылған, бейнелі әрі ойды жинақтап айтқан түйінді пікір. Ұлы ақын Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі нақыл сөздердің көбі бүгінде мақал-мәтелдік сипатқа ие болып кеткен. Ақынның сөздерінің көбі нақыл сөзге айналған. Сол сияқты, Ж.Аймауытұлы шығармаларынан да өткір, ұшқыр пікірлерді кездестіруге болады.
Халық тілінің байлығы, шырайы болып табылатын мақал-мәтелдер Қаламгер прозасында көбінесе кейіпкер тілінде кездеседі.
--------------------------------
1 Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 179- б.
2. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 391- б.
Авторлық баяндауда кездесетін мақал-мәтелдерді автор айтайын деген ойды қысқа да бейнелі, әрі түсінікті етіп жеткізу мақсатында қолданады.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романында кездесетін мақал-мәтелдер:
«Басқа түссе баспақшы»1 (102-бет) – Көрер ауырлыққа, бейнеьтке көну, көндігу мағынасында айтылған.
«Жақсы лепес – жаным ырыс » (105-бетте) – Жағымды сөз жанға демеу дегенді білдіреді.
«Қорыққанға қос көрінер» (107-бетте) - Үрейленген жанға неше түрлі бәлекеттер елестер дегенді білдіреді.
«Өлмегенге – өлі киік» (108- бетте) – Себептен себеп болды; «жарылқайын» десе қиыннан қисынан келтіреді екен деген мағынады.
«Жаман иттің атын бөрібасар қояды» (123-бет) – аты өзінен зор дегенді білдіреді.
«Құлақ естігенді көз көреді» (130-бет) – бұрын естіген нәрсені өздері көздерімен көрді деген мағынада айтылады.
«Зәрдің басын зәр алады» (130-бет) - улы нәрсеге дәл сондай улы зат ем болады
«Есептескен дос болмайды» (172-бет) – бергені мен алғанын, жасағанын есептеп отырған жан дос бола алмайды, дос болу үшін есептестеу керек – деген мағынады.
«Құда мың жылдық» (172-бет) – құда болғандар өмір бойы сыйласып өтеді – деген мағынада берілген.
«Құдай бергенде, құлай береді» (217-бет) – Жасаған ие жарылқаған, тәңір берген – деген мағынады.
«Ит ашуын тырнадан алады» (227-бет) - ашуланған адамына шамасы келмегеннен кейін ашуын басқадан алды деген мағынада берілген.
«Қонақ аз отырып, көп сынайды» (227-бет) - келген адам аз отырса да, көп сынап кетеді – деген мағынаны білдіреді.
«Сабыр түбі – сары алтын» (229-бет) – Шыдам-тағат арты жақсылық, шыдамның аяғы игілік – дегенді білдіреді.
«Жығылғанға жұдырық»2 (230-бет) - Сорға сор қосылып, бұрынғынының үстіне жаңа бәле жабысты деген мағынада айтылған.
---------------------------------------
1. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 102- б.
2. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 230- б.
«Жүйкесін жұқарту»1 - (164-бет) –мысын құртты, әбден шаршатты –деген мағынаны білдіреді.
«Асқанға тосқан» - (165-бет) – бұл жерде байлығымен, билігімен көкірегін көтергендерге де зауал келді – дегенді білдіреді.
«Екінің бірі – егіздің сыңары» - (165-бет) – кез келген адам, жұрттың бәрі деген мағынада берілген.
«Ел құлағы – елу» - (173-бет) – ел тосын хабарға құлақ түрді; елең ете қалды – дегенді білдіреді.
«Ажалы жеткен қарға қаршығамен ойнайды» - (205-бет) - ажалы жеткен күні өзінен зормен де ойнайды – деген мағынада берілген.
Жұмысты қорытындылай келе мынандай мәселелер анықталды:
1) Ақын-жазушыларымыз жалпы халықтық қолданыстағы бейнелі тұрақты тіркестер тұлғасын еш өзгертпей, сол қалпында молынан пайдаланған. Ақын халық тіліндегі фразеологиялық синонимдерді өз мақсатына орай құбылтып қолданған;
2) Ақын-жазушыларымыз ойын мәнерлілікпен жеткізуде «мәтін ішіндегі мәтін» жасап, фразеологиялық варианттарды, фразеологиялық синонимдерді, плеоназмдарды шебер пайдаланған;
3) Айтылатын ойды мейлінше ашық-айқын, мәнерлі, көркем түрде жеткізіп, әр ойды еселей түсу үшін, шығарма тілінің көркемдігін танытда, оқиға немесе жағдайды тайға таңба басқандай етіп көрсетуде антонимдерді, сонымен қатар контекстік антонимдерді өз шығармасына арқау еткен;
4) Ұлттың даралығын сипаттайтын, ұлттық болмысты танытатын, ұлттың дүниетанымын ерекшелігін жеткізуде қызмет ететін «мәдени кодтарды» шығармашылықпен қолданған;
Ақын-жазушыларымыз өз ойын нақты бейнелеу үшін, жаңа ұғымды суреттеу үшін, заттың толық мән-мағынасын аща алмайтын сөздерге синоним тудыру үшін, өз сезімін ерекше көрсетіп, эмоционолды-экспрессивтіреңті сөздерді ұтымды пайдаланған;
5) Когнитивтік тұрғыда, концептілк сөздер де молынан ұшырасады.
6) Фразеологизмдердің түрлі сөз табынан екендігі, сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы анықталды.
7) Жазушы халық тіліндегі ойға жан бітірер бейнелі тұрақты тіркестерді қолдануда шеберлік танытты.
8) Етістікті, есімді фразеологизмдер дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де ақын шығармасында молынан кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр», Анықтамалық. - Алматы, «Ана тілі» баспасы ЖШС , 2004 ж., 15-бет.
2. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: Арыс, 2007. 798 б.
3. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2000ж., 624 бет.
4. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы: Мектеп, 1972. 112 б.
5. Жуков А.К. Русская фразеология. М.: Высшая школа, 1974. - 310 с.
6. Кеңесбаев І. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері. Алматы: Мектеп, 1954. 304 б.
7. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1989. 560 б.
8. Кәріпжанова Г. Т. Ж.Аймауытұлы прозасының тілі: Павлодар: Кереку, 2009. - 154 б.
9. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. – 196 б.
10. Аймауытов Ж. Шығармалары: Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар (Құраст. М. Атымов, Қ. Керейқұлов). – Алматы: Жазушы, 1989. – 560 б., портр.,суретті.
11. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Көмекші оқу құралы. – Алматы, Санат, 1997. – 128 б.
12. Кеңесбев І. Қазақ тілінің сөз таптары. ДД. – Алматы, 1944. – 196 б.
13. Қайдаров Ә., Жайсақова Р. Принципы классификации фразеологизмов. Известия АН ҚазССР. Серия филологическая, 1979. – №3.
14. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологясы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 218 б.
15. Бельгер Г. Аймауытов айшықтары. // Қазақ әдебиеті, 1990, 30 наурыз, 6-7 б.
16. Қирабаев С. Ж.Аймауытов // Ж.Аймауытов шығармалары. Алматы, 1989.-559 б.
17. Кәрімов Х. Көркем тексті өнер туындысы ретінде зерттеудің өзекті мәселелері.// Көркем шығармалар тексін талдаудың мәселелері(ғылыми-теориялық конференция материалдары), -Алматы, 1993.-17-18-б.
18. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997. -256 б.
19. Балақаев М., Томанов М., Манасбаев Б., Жанпейісов Е. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 2005.- 254 б.
20. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. -Алматы, 1979.- 254 б.
21. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. -Алматы, 2005. -271 б.
22. Серғалиев М. Сөз сарасы. -Алматы, 1989.- 198 б.
23. Шалабай Б. Көркем проза тілі. -Алматы, 1994.- 128 б.
24. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. 1968, -Алматы.-264 б.