З бетімен жүрген бейкүнә адамдарды.
Исламда жиһад екі түрлі болады:
- Рухани жиһад
- Мадди (материялдық) жиһад
Рухани жиһад дегеніміз – мұсылманның өз нәпсісімен күресуі. Жиһадтың бұл түрін Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) үлкен жиһад деп баға берген. Оның негізгі мақсаты шайтанның азғыруына және нәпсінің етегіне ермей, күнә істерге жол бермеу. Бұл жиһад жайлы хадисте былай баяндалады. Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) бірде соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», - деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»- деп, таңғала сауал қойды. Пайғамбарымыз: «Ол - өз нәпсіңмен күрес»,- деп жауап қайырды (Байхақи риуаяты).
Ал, мадди жиһад дегеніміз – мұсылманның әлсізге қорған және дұшпанның зұлымдығын тоқтату мақсатында жан-тәнімен, мал-дүниесімен Алланың дінін, отанын, отбасын дұшпандардан қорғап қарсы соғысу. Бұл жиһадтың үкімі парыз. Оны жұмһур ғалымдары (Ханафи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали т.б.) екі түрге бөліп қарастырады:
1. Парыз айн. Егер дұшпан отанға бас салып, қаптап кіріп жатса және мемлекет басшысы азаматтарын отанды қорғауға шақырса, бұл жағдайда әрбір адамға дінін, отанын, жанын, еркіндігін қорғауы тиіс. Ол жайында Алла тағала Құран Кәрімде:
انْفِرُوا خِفَافًا وَثِقَالا وَجَاهِدُوا بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنْفُسِكُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ (٤١)
«(Әй, мүміндер!) Жеңіл жағдайда да, ауыр жағдайда да, мал-жандарыңды аямай, Алла жолында күресіңдер. (Жас бол, кәрі бол, жаяу немесе көлікті бол, жағдайларың қолайлы, қолайсыз болсын, ерікті-еріксіз болыңдар, бәрібір күресіңдер)Осыларың сендер үшін хайырлы, егер білген болсаңдар» (Тәубә сүресі, 41-аят) деп баяндайды.
2. Парыз кифая. Мағынасы кейбірі оны орындаса басқасының мойнынан түседі. Егер олар да оны орындамаса барлығы күнәкәр болады. Яғни дұшпанға қарсы мемлекет басшысы әскерін әзірлеген болса ғана парыз болады. Оған дәлел ретінде Алла тағала Құранда былай баяндайды:
وَمَا كَانَ الْمُؤْمِنُونَ لِيَنْفِرُوا كَافَّةً فَلَوْلا نَفَرَ مِنْ كُلِّ فِرْقَةٍ مِنْهُمْ طَائِفَةٌ لِيَتَفَقَّهُوا فِي الدِّينِ وَلِيُنْذِرُوا قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُوا إِلَيْهِمْ لَعَلَّهُمْ يَحْذَرُونَ (١٢٢)
«Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?» (Тәубе сүресі 122-аят). Бұл аяттан кез келген уақытта жиһаттың парыз айн емес екенін түсінеміз. Әйтпесе бір топты жиһадқа аттандырып, қалғанын дінді үйренуге қалдырмас еді.
55)
Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген сенім[1]. Бұл тұжырымның мән-жайы Эдуард Тайлор еңбектерінде біршама қисынды түрде талданады. «Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық. Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы – жын шайтандар, түрлі рухтар және рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы – рухтың тәннен шығып серуендеуі және тәнге қайта оралуы болса, өлім – керісінше, серуендеуге шыққан рухтың тәнге оралмауы болып табылады. Өлген адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да, жамандары да бар. Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым жасайды. ә) Натуризм – французша табиғат деген ұғымды білдіретін «la nature» сөзінен шыққан. Макс Мюллердің (1823-1900 ж.) тұжырымы бойынша, алғашқы дін – «натуризм». Натуризм «діні» табиғатқа табыну, яғни қоршаған ортадағы заттарды құдайға айналдырып, соған табынудан тұрады. Бұл тұжырым бойынша, адам табиғатпен салыстырғандағы өзінің әлсіздігін сезініп, апаттардан, жаманшылықтардан құтылу үшін күн, ай, от, тау, тас секілді түрлі заттарға сиынған. б) Тотемизм – ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлері арасындағы туыстыққа сену. Тотемизм ру мүшелерінің кейбір жануарларға киелі деп табынуы немесе әр алуан киелі нәрселерге тәуелді болуы. Тотемизм көбінесе егіншілік және аңшылықпен айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді. Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм (1858-1917 ж.) 1912 жылы жазған «Діни өмірдің қарапайым пішіндері» атты еңбегінде «Тотемизмді» алғашқы дін деп есептейді. Ол австралиялық тұрғындар арасындағы тотемдік сенімнің кең тарағанын дәлел ретінде алға тарта отырып, осындай тұжырым жасайды[3]. Шынтуайтында, Дюркгейм Австралияға арнайы зерттеушілік саяхат жасамаған, тек сонда барып келген саяхатшылардан сұрастыру арқылы аталмыш тұжырымды алға тартады. в) Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес наным-сенімдердің ортақ белгісі болып табылады. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы (тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді түрлері болады[4]. Ағылшын этнологы, алғашқы діндерді зерттеуші ғалым Джеймс Джорд Фрэзер (1854-1941 ж.) 1890 жылы жазған «Золотая ветвь» (Алтын бұтақ) атты ауқымды еңбегінде «магиялық өнерді» дін пайда болғанға дейінгі шынайылық қарым-қатынастың әмбебап формасы болған дейді. Фрезер пікіріне құлақ түрсек, магия белгілі бір дәрежеде діннің дамуына үлес қосқан болып шығады
56)Tәуелсіздік алған алғашқы жылдары мұсылмандық, Ислам діні төңірегіндегі әңгімелер қоғамдағы тәрізді депутаттар арасында да танымдық сипаттағы құбылыс ретінде қабылданатын. Кейін келе Исламға қатысты жөнді-жөнсіз әңгімелер айтылып, мұсылмандыққа жат басқаша көзқарастар пайда бола бастады. Өзгеше ағымдар көрініс берген соң, заң қабылдаудың қажеттігі туды. Өйткені, бұл қауіптенуге тиіс жағдайға айналды. Негізі, Ислам діні бөлінуге әсте жол бере қоймайды. Бірлік, бүтіндік Құранда айтылған. Діни тұрғыда жіктелу, бөліну халықтың бөлінуіне алып келер еді. Оның түбі жанжалға соғады. Тәуелсіздік алған соң бес-он жыл шамасында осындай келеңсіздік байқала бастады. Шетелге барып, сол жақтағылардың қаржысымен діни білім, тәрбие алып келген жастардың арасында түсініксіз ағымның жетегінде кеткендер болды. Олар елге оралған соң кері идеяларын басқаларға таңғысы келді. Қаржыларына оқытып, жастарға басқаша діни білім мен жат тәрбие бергендер оларды өз мүддесіне пайдалануды мақсат тұтып, санасын бүлдірді. Бөліну осылай басталды. Алайда, біздің демократиялы, зайырлы мемлекетімізде оған жол жоқ. Бұл – заң бұзушылыққа жатады. Шетелден дін оқып келді, рухани кеңістігімізге қызмет етеді деген бір шоғыр жас осылай теріс бет алды. Әке-шешенің тәрбиесін көрген балалар ғой, ондай мінезін түзеп алар деп ойлап едім, олар, керісінше, әке-шешесіне қарсы шығып, олардың өзіне орынсыз талап қоя бастады. Тіпті, істеген тамағын «харам» деп жемей, олардан безінуге барды… Баланың туған әке-шешесіне бұлай шабуылға көшуі қай дінге салсаң да, адамгершілік тұрғысынан қарасаң да ешбір жөнге келмейді. Жарық дүниеге әкеліп, бағып-қағып, адам қатарына қосқан ата-анаға жақсылық жасаудың орнына, оған қарсы келуді қалай айтсаң да ақтап ала алмасаң керек. Бұдан шығатын қорытынды – оларға оқыған жері теріс тәрбие берді деген сөз. Қазақ халқы дініне берік болғандықтан, ешбір жаңа ағым, бөтен көзқарас біздің арамызға кіре алған емес. Бүгінгі халифат құрамыз деп ұрандаған аттөбеліндей топтың алдауына еріп, алыс-жақын елдердегі жекелеген топтардың мүдделерінен туындаған ойынның құрбаны болып, бейбіт жатқан басқа елдерде орын алып отырған қарулы қақтығыстарға қатысу ниетімен елден кеткен кей жастарымыз біз үшін жоғалған ұрпақ. Оларды қайта жөнге салу қиын…
Мүмкін, кейбірі тұрмыстық, әлеуметтік сипаттағы ауыр жағдайдан қиналып, ақша керек болған соң, теріс ағымдардың алдап құрған торына түскен де шығар. Бірақ, қалай болғанда да, бұл «Әр қазақ менің жалғызым» дейтін халқымыз үшін орны толмас өкініш екендігі анық. Жалпы, өзге елде қолына қару алып, соғысқа қатысушылар қандай күнә арқалап жүргендерін біле ме?! Отанын қорғаса шейіт болар еді. Алайда, олар не үшін, кім үшін соғысып жатқандарын өздері де білмейді. Өзгенің жерінде, бөтен елде жүр. Біреудің халифат болу дейтін пендешілік ойыны мен мақсатты ойынының құрбаны болып, ақша үшін соның сойылын соғуда.
Демократиялық елде, зайырлы қоғамда әр азаматтың қандай киімде жүріп-тұруы өз еркінде. Байқап отырсаңыз, хиджабты әйелдер мен қыздарымызға жөнді-жөнсіз тықпалаудың еш жөні жоқ. Дегенмен, бұл мәселенің түрлі көзқарастағы адамдардың тайталасына айналып кетпеуіне баса назар аударып, барлығымыз мектепте оқитын оқушы қыз балаларымыздың ортақ киім формасын киіп, жақсы білім алып шығуына мүдделі болуымыз керек деп ойлаймын.
Теріс ағымдардың жетегінде кеткен қаракөздеріміздің тағы бір адасушылығы – адам қайтқан кезде, дереу апарып көме салатын жағдай пайда болды. Сан мың жылдық тарихы бар халқымызға ондай тәртіп жүрмейді. Соны насихаттап, орындатуға тырысып жүргендердің айтқаны болмауы тиіс. Елді құр әурелемеу керек. Қаншама ғасырдан бері о дүниелік болған адамын өз дәстүрімен аттандырып жүрген елге бір күнде бөтен біреудің оғаш үрдісін әкеліп тықпалауға мың жерден тыйым салынуы тиіс! Адам қайтыс болса, оны бір-екі күн аялдатып, алыс-жақындағы туған-туыс, ет жақындарын күтеді. Қайғысына ортақтасып, қабіріне бір уыс топырақ салу дейтін бақилық адамға жасалатын міндет, борыштарын атқаруға мүмкіндік береді. Теріс ағымды ұстанатындарша, жанталаса апарып көме салуға болмайды.
Қазақта өзіміз ұстанатын ислами дәстүрі бойынша қайтқан адамның жаназасын шығарып, құран оқып, жоқтауын айтып, жетісін, қырқын, жылын береді. Адам туғанда әндетіп қуанып, шуылдап қарсы алса, өлгенде көзіне жас алып, қимай шығарып салады. Мұның бәрі – қалыпты, адамгершілік пен ізгілікке, биік құндылықтарға, берік дәстүрге бекіген ежелгі жолымыз. Одан жаңылуға болмайды. Онда біз азып-тозып, айдың, күннің аманында адасатын боламыз.
57) 2011 жылғы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң