Алтын орда кезіндегі ислам діні 3 страница
Буддизм қытай мәдениетіндегі сонымен қатар тіл, жазу және әдебиеттің кең саласына едәуір әсер етті. Буддизмнің арқасында қытай тіліне көптеген сөздер мен терминдер енгізілді. Ерте ортағасырдағы қытай транскрипциясында бекітілген ежелгі санскриттік дыбыстар мен буындар бүгінде ғалымдарға қытай фонетикасы эволюциясының кейбір заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Буддистік мәтіндер қытай әдебиетінде кейбір жаңа жанрлардың (бяньвэнь) пайда болуында шешуші рөл ойнады. Ақырында дәл буддистік монастырлар қойнауында алғаш рет, мамандар пікірінше, кітап басып шығару өнері, ксилография пайда болды [4]. Буддистік монастырларда ғасырлар бойы еңбекқор монахтардың күшімен аударылып, құрастырылып, көптеп көшірмелер жасалып көбейтіліп отырған ондаған және жүздеген буддистік сутраларды сақтаған кітапханалар болды. Бұл кітапханалар мен сутралар қоймалары қытайлық буддистік монастырлар тұсында зор мәнге ие болды және әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл ойнады. Қазіргі кезде барлық елдердегі буддистермен жоғары құрметтелетін ежелгі мәтіндердің кейбіреулері біздің заманымызға тек қана қытай аудармаларында жеткенін айта кеткен жөн. 972-983 жж. өзінде-ақ 5048 цзюаньнен тұратын буддистік мәтіндердің толық жинағы, Трипитака («Дацанцзин») басып шағарылды [5].
Буддизм қытай ғылымына да белгілі үлес қосты. Үнді-буддистік мамандар қытай күнтізбесін жаңартты, астрономия және математикамен шұғылданды. Метемпсихоздың буддистік идеялары жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде метаморфозаларды зерттеуге түрткі берді. Қытай дәрігерлеріне тыныштық, мейірімділік, кезкелген тірі жанға күңілгері кесіп-пішілмеген көзқараспен қарау деген ғибадаты бар үнді-буддистік медицина ықпал етті. Ақырында буддизм өте көп жаңашылдықты қытай философиясына енгізді. Ойлаудың нақты идеялары мен бағыттарын айтпасақ, буддизммен бірге Қытайға айтарлықтай дамыған формальді де, диалектикалық та қисын туралы ілім келгенін байқауға болады. Буддизм философиясының аса қатты әсерін сундық неоконфуцийшілдік алды.
Бір сөзбен, буддизм қытай өркениетін қатты жаңашаландырды, алайда ең ақырғы есепте дәл буддизмнің өзі ең көп өзгеріске, қытайлануға ұшырады. Қытай жерінде басқаларынан гөрі мықтырақ бекіген бағыттары (амидизм және «Чань») ең көп дәрежеде дәл қытайлық болғаны көрнекті. Тағы бір жайтты ескерген жөн. Өзінің интеллектуалды қуаты, бейімделу күші, ұйымдастырылуының айтарлықтай мінсіз нысандары жағынан буддизм Қытайдағы дербес, тіпті негізгі дін рөліне үміткерлене алған (және бір кездері шынымен де үміткерленген) кездері болды. Алайда буддизмнің бұл талаптары бұрын қалыптасқан конфуцийлік мемлекет пен қоғам құрылымымен қатаң қарама-қайшылыққа түсті. Және де кейбір жағдайда буддизм жеңіске салыстырмалы түрде жеңіл жетсе (ең болғанда Тибет пен Моңғолиядағы ламаизм жетістіктерін еске түсірсек), мұнда өктемсігеннің маңдайы тасқа соғылды. Қытайлық конфуцийлік мемлекет буддизмді институт ретінде мүлдем жоймай, оның талаптарына жол бермеуді, оны өзінің бақылауына алып, және тіпті өзінің мүдделеріне қызмет істетуді жүзеге асыра білді.
Іс жүзінде бұл 845 ж. тас-талқан мен буддизмге қарсы басталған шабуылдан кейін көп ұзамай Қытай үшін «халықтық буддизмнің» ең маңызды буддистік идеялары мен институттары жалпы қытайлық діни-синкретикалық жүйеге ептеп енгізілгенінде көрінісін тапты. Буддизм өзінің бұрынғы «мемлекет ішіндегі мемлекет» мәртебесінен айырылды, оның барлық храмдары мен ғибадаттары, діни уағыздаушылары мен монахтары, догматтары мен сутралары жалпы қытайлық идеология мен мәдениеттің ажырамастай бөлігіне айналды. Өзінің егемендігін жоғалтып, буддизм бірден қытайлық мемлекетке, конфуцийлік билікке қандай да бір қауіп төндіруін тоқтатты. Өмірін жалғастырған секталар қандай да ерекше жағдайға талаптана алмады. Сондықтан да шамамен Суннан бастап және елде діни синкретизмді қалыптастыру мен нығайту үдерісімен бір уақытта буддизм дербес дін ретінде бірте-бірте құлдырай бастайды
ады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.
31)Будда (санскрит बुद्ध) — будда дінінің негізін қалаған әулиеніңлақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.
Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
32) Конфуцийшілдік — діни философиялық ілім. Б.з.б. 6ғ Қытайда пайда болған, Конфуцийшілдік негізін қалаушы — Конфуций (Кун — цзы). Бұл ілімін негізіне сүйенсек, адамдар «бекзат» және «төмен» болып екіге бөлінеді. Конфуцийшілдік ілімі бойынша, ел басы болып, қызметші қызметші болып, әке әке болып, бала бала болып өмір сүруі керек. Кіші үлкенін айтқанын екі етпей тындауы керек, төмен сатыда тұрған өзінен жоғары тұрғанға бағынуы керек. ртедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар. Олар: 1) үнділерден келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған – даосизм, 3) конфуциандық. Бірақ, конфуциандықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Десек те, бұл ілімде философияның нағыз күрделі мәселелеріне жататын космология, онтология, гносеология, метафизика проблемалары қарастырылмайды. Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар. Біріншісі: адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені оның мәні адамға ықыласпен қарау, рахымшылық жасау, былайша айтқанда гуманизм. Екіншісі: «Өзіңе ұнамағанды басқаға жасама», деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға жатады. Бұл ілімнің негізін салған – нақты адам. Ол б.з.д. VI-V ғ.ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479).Кезінде оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған. Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған. Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның қасынан шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі. Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес, шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі – нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған.
Конфуцийдің Сократтан айырмашылығы мынада. Егер Сократ нақты жағдайды байқап, одан абстрактылы ой тұжырымдаған болса, Конфуций нақты жағдайға жалпылық ой тұрғысынан пікір айтқан. Конфуций өте керемет дарын иесі болып, әлі күнге дейін қытайлықтардың қоғамдық санасында кең орын алуда. Себебі неде десек, мәнісі былай. Біздің заманымызға дейінгі, Конфуций өмір сүрген уақытта ол елде тәртіп бұзылып, адамдар біріне бірі әлімжеттік көрсетіп, тонап, соғысып жатқан болатын. Содан адамдарды тәртіпке, адамгершілікке, бірлікке шақыру ауадай қажет болды. Сол қиын-қыстау ауыр жағдай Конфуцийдің ілімін дүниеге алып келді. Оның данышпандығы сол жағдайға әбден сәйкес келген. Мәселен, Конфуцийдің пікірінше елді түсіністікпен басқарудың үш буыны бар. Олар: 1) әділеттік, 2) табиғатты сүю (аялау), 3) әдет-ғұрыпты құрметтеу. Немесе, қоғамда ауыз бірлік болу үшін байланыстың тиімді үш басты түйіні, түрі бар дейді Конфуций. Бірі, басқарушы мен бағынушы, екіншісі, әке мен бала, үшіншісі, ер мен әйелі арасындағы қарым-қатынас. Тыныштық, татулық болу Конфуцийдің пікірінше, біріншілерді екіншілердің мүлтіксіз тыңдауы, айтқандарын бұлжытпай орындауы.
Егер кімде кім рақымшылық сезімді қолдаса, онда атасы мен анасын құрметтеп, мемлекет басшысының айтқаны заң болса, басқаларға сөзімен шыншылдықты көрсетсе, ондай адамды сауатсыз болса да ғалым дер едім, дейді Конфуций. Қазір ата-анаға балаларының қайырымды болуы, оларды тек асырау деп түсінсе, бұл кемістік. Малды да асырайды. Дұрысы оларды қамқорлыққа алу, дейді Конфуций.
Қайырымды адам қатал болмаса, ол басқаларға ықпал жасай алмайды, білім алуда да осал болады, дейді. Әдет-ғұрыптың керегі не, егер адам болып туған соң, адамгершілік жасай алмаса. Сөз сөйлеуде адамдарда кездесетін үш түрлі қателік бар дейді Конфуций. Бірі – пікірді керек кезі болмаса да айтып қалу. Бұл аңғалдық. Екіншісі – пікірді мәселе пісіп жеткен кезінде айтпай қалу. Ол – құпиялық, қулық. Үшіншісі – пікірді тыңдаушының бет-жүзін барламай айтып салу. Бұл – бұл соқырлық дейді. Конфуцийдің жақсы көретін ұстанымы: нақыл сөзді барлық жағдайда емес, тек нақты жағдайға және тыңдаушымен жүргізіліп отырған әңгімеге сай айту.
Конфуций пікірінше ғылым мына салалардан қалыптасады: 1) Тарих, кітапта жазған ойлар. 2) Халықтың нақыл сөздері. 3) Әдет-ғұрып.
Конфуций айтқан екен: кейде ғылым (білім) елді басқаруға керек, ақша соны есептеуге қажет деп. Сөйтеді де ал ғылым (білім) жалпы елге керек, қажет дейді. Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын», – депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан.
33)Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.[1]
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.
«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.
«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтыладыДаосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды.
Даосизмнің негізгі қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань цзы” трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин” кітабындада оған мынадай сипаттама берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының” жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей “жол” деп аударылады. Аталмыш мағынада дао жаратылыс заңы ретінде қолданылады. «Ұлы дэнің (асыл қасиет) мазмұны тек даоға ғана бағынады. Дао денесіз. Дао тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде бейнелер бар. Ол тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде заттар жасырынылған. Ол терең және қараңғы. Бірақ оның тереңділігі мен қараңғылығында нәзік бөлшектер жасырынылған. Бұл нәзік бөлшектер жоғары шындыққа және нақтылыққа ие» Даосизм ілімінде «У-вей» принципі дәріптеледі. Бұл ілім бойынша табиғи күйге араласпаған жөн, табиғилық заңымен үндестікті сақтау құпталады. «Ең жақсы ел билеуші – халық оның бар екенін ғана білетін билеуші. Халықтан өзін сүюді және асқақтатуды талап ететін билеушілер нашарлау. Халық олардан қорқатын билеушілер одан да нашар, ең жаман билеушілер – оларды халық жек көретін билеушілер. Сондықтан да сенімге лайық еместерге адамдар сенбейді. Кім терең ойлы және сөздерінде ұстамды, істерін табысты жүзеге асырады – халық оны табиғилықтың ізімен жүреді дейді». Қорыта айтқанда, даосизм философиясы адамның табиғи негізін айқындап, оның әлемде алатын орнын белгілейді. Ал адамның әлеуметтік қасиеттерін конфуцийшілдік философиясы қарастырады. Даостардың этикалық идеалы – Шэнжень, яғни“аса данышпан”. “Шэнжень” – жоғарғы дэ мен Дао адамы. Даосизм ойшылдары адамды сырқы дүние анықтай алмайтынына сенімді. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен олар бірін-бірі толықтырды да.
34) «Дәстүр»арабшада «дүстур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабшада мағынасы іс – әрекет жасалған ереже, заң дегенді білдіреді. Қазіргі араб тілінде бұл, негізінен, бір елдің конституциясы деген мағынада қолданылады.
Салт – дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне айрықша мән берген елдің іргесі берік , келешегі кемел. Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдам астам уақыт өтті. Содан бері салт – санасы, әдет – ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында Ислам діні халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.
Ислам шариғаты дұрыс ұғымдарды, ізгі мұраттарды бекітіп, бұрыс ұғымдарды тоқтатуүшін келді. Сондықтан мұсылман халықтарындағы дәстүрлерді елеп – екшейтін басты құрал шариғат болып саналады. Халық ұстанған дұрыс әдет – ғұрып Ислам заңнамасындағы құқықтық норма бастауларының бірі болып саналады. Аллаһ Тағала : « Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», — деп бұйырған. Пайғамбарлық түскен кезде арабтардың арасында да алуан түрлі әдет – ғұрыптар, дағдылары бар болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.)олардың Аллаһ Тағаланың әмір – тыйымына кереғар келмейтінін қабылдап, қарсы келетініне тыйым салды. Қазақша «ұрып»сөзі «әл – ьурф» сөзінен шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс – әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді. «Әдет» сөзі арабтың « әльаадад» сөзінен шыққан. Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға айналаған істер дегенді білдіреді. Ендеше, әдет және ғұрыптың мағынасы бір десе де болады. Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбір хақ, діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт – дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылды. Ал әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни дін. Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар әдет – ғұрыптарда ғана көрініс береді. Әдет – ғұрып заман ауысқан сайын өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтанда ғұламалар әр заманға және қалыптасқан әдет – ғұрыпқа сай тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан. Осы себепке байланысты түрлі мәселелерге дін жолындағылардың шариғат ғылымынан, өзі отырған аймақтың әдет – ғұрпы мен мәдениетінен толыққанды хабардар болуы талап етіледі. Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт – дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдармен қатар, жасыратыны жоқ, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы: болашақты болжау, балгерлермен айналасу, өлілерге табынып, олардан жәрдем сұрау, әр нәрсені киелі тұтып сыйыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтар.
Міне, өскелең ұрпақ ненің жөн, ненің бұрыс екендігін бойына сіңіріп өсуі керек деген қағиданы жанымызға берік ұстанып, құлақтандыру мақсатында кездесуге шақырған білім ощақтарында, қоғамдық орталарда сөз алып, жамағатты тура жолдан адаспауға бағыт – бағдар беретін жайымыз бар. Қаланың бірнеше оқу орындарында болғанымызда аңғарғанымыз соңғы кезде жастардың жат қылықтардан бойларын аулақ салып, дінге деген сенімдері артып, ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды сақтауға бой ұсынғандықтарын көріп шүкіршілік етеміз. Түрлі кездесулерде қойылатын сауалдар мен айтылатын пікірлерде қызығушылық қана емес, тұрақтылық пен сенімділікті аңғару қиын емес. Тағы бір түсінгеніміз, дәстүр мен мәдениет діннің тигізер әсері мол. Қазірде біз діни нанымы әлсіз болған халықтардың дәстүрімен бірге тілінің де жойылып, ақырында ұлт ретінде жер бетінен мүлде жоғалып жатқанына куә болып отырмыз. Елбасымыз бір сөзінде « Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деді. Расында да, санада сақталған салт – дәстүрдің орны ерекше.
Қорыта келгенде айтпағымыз, дін – дәстүрдің таразысы. Ал діни рәсімдерді әдет – ғұрып деп есептеуге болмайды. Салт – дәстүр адамдардың арасында көп әдеттенгендіктен пайда болған дағдылар. Қанша ғасырлар өтіп, қаншалықты қоғам өзгерсе де, діни құндылықтар сол күйі қалады да, ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады. Тек соны саф алтындай сақтап, мөлдір қалпында жеткізе білсек игі.
35) Еврей халкынын ұлттык діні Иудей аңызы бойынша, Иудаизм дінін жаратушы Тораны (Таурат) сол уакыттағы барлык жетпіс халықка кабылдауға ұсынған. Тек Еврей ұлты ғана кабылдауға келіскен. Сондыктан діни мағынада «Израиль» бір Кұдайды мойындағандар мен заң кітабы — Тора аркылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіреді. Иудаизм термині (Ивритте «Яаадут») Иуда еврей тайпа бірлестігінің атынан шыккан. Иуда ең ірі Израиль тайпасы болатын. Иврит тілінде «Иудаизм» термині XIX ғасырдың соңында кең тарала бастады. Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б. XI ғасырдың соңында болды. Иудаизм дін ретінде және кұкықтык, моральдык-этикалык. философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уакытта еврейлердің өмір салтын айқындап отыр. Танах үш бөлімнен тұрады. Тора Мұса (г.с.) (бес кітабі Нэбним (Пайғамбарлар), Кэтувішм (Жазба), Танах б.з.б. X гаеырдаи б.з.б. II ғасыр аралығында калыптасты. Тадмуд екі бөлімшеден тұ-рады. Бірінші бөлім — Мишна (Қайталау). Бұл — Тораға гүсіндір-ме. Екінші бөлімі — Гемара (толык гүсіндіру). Бұл — Мишнаның түсіндірмссі. Талмудта. кылмыстык жоне азаматтык сипаттағы зандар, адамғершілік заңдар отбасылык жоне жске адам өміріне катысты кенестер бар. Талмудта 365 тыйым жэнс 248 бұйрык эмір жннакталған иудей эдет-ғұрыптар жүиесі бар. Иудей діни ілімінін негізі дүниені жаратушы бір кұдіретті Яхве Құдайына деген сенім. Иудаизмде кұткарушының келуіне деген сснім бар, яғни ол мессия (мәсіх) деп аталады. Иудаизм бойынша Мессия жер бетінде әділетті тәртіп орнатады деп есептелінеді. Акыр заман және өлілердің кайта тірілуіне сенім — еврей ұлтының жаратушының таңдаулы халкы екендігіне сенім. Бұл түсінік бойынша Жаратушы Моисей (Мұса) аркылы Израиль халқына Зан (Тора) беріп одақ кұрған. Изранльде Иудаизмнің дінн институттары мемлекеттік бюд-жеттен каржыландырылады. Жоғаргы раввинат діни ұйымдар мен бірлестіктсрді кадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддссін корғайтын басты діни-саяси партия Мафдал болып табылады.
Таяу Шығыс, Солтүстік Афрнка Балкан елінсн келгендер -Сефард кауымын кұрады. Еуропа. Америка, Австралия, ОАР-дан келушілер ашкеназиялык кауымды кұрады. 1921 жылы Сефард жэне Ашкеназийлік бас раввиндер баска-ратын жогары раввинат кенесі сайланды. Израиль мемлекетіиін калалары мен елді мекендерінде 200 діни кеңес (моацот датиот), Израиль елінде 24 раввинат сот жұмыс жасайды. Діни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орындарының 17%-ын кұрайды. Израильдің барлык мектеп-тсрінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін мамандары діни институттарда дайындалады. Иудаизмнің негізгі кағидаттары XII ғасырда өмір сүрген атақты философ — талмудшы, рабби Моисей бен Маймон (1135-1204) іліміне сүйсиген төмендегідей 13 ережеден тұрады: 1. Кұдай бар. 2. Кұдай бір. 3. Құдай денелік пішіндс болмайды. 4. Құдан мәні бір. 5. Иудейлер тек бір Құдайға табынуы тиіс. 6. Құдаймен карым-катынас тек пайғамбар аркылы болады. 7. Моисей (Мұса) — ең ұлы пайғамбар. 8. Тораның шығуы касиетті. 9. Тора өзінің мән-мағынасын еш жоғалтпайды. 10. Құдай адамдардың барлык іс-әрекетін біледі. 11. Құдай зұлымдыкты жазалап, кайырымлылыкты мадактайды. 12. Құдай өзінің мессиясын жібереді. 13. Құдай өлілерді қайта тірілтеді. Сенім қағидаттары «Иигдаль» (иврит-«ұлылык») әнұранында баяндалған. «Өмір беруші Құдай ұлылығы мен даңқы шексіз». бұл әнұранды Иудаизмді ұстанушылар Синагогада орындайды. Иудейлерде Құдай аты — Яхве (Яху, Яго, Иегова немесе Адонай). Яхве бастапкыдан Иудей-израильдік пантеонда айрықша орын алады. Кұдай атын атауға болмайды. Ежелгі түсінік бойынша Күдай атын атау — бұл ажалға алып келеді. Яхвенің орнына Адонаи («менін әміршім») «Менің Қүдайым — Яхве» сөзі колданылады. Алғашкыда ежелгі еврей құдайлар пантеонында Яхве жерді түзеуші. жай аткыш, жаңбыр беруші ретінде көрінеді. Аман-есендік игілік Яхвемен байланыстырылды. Тек кейінірек Яхве басты Кұдай атанды. Яхве культін орталықтандыру процесі және Яхвені барлык еврейлердің жалғыз кұдайы ретінде мойындату үшін күрес ұзакка созылды. Кез келген иудей үшін Құдай. Тора және еврей халкы ең маңызды мағынаға ие. Бұл — әлемнің барлык еврейлерін біріктіруші діни және ұлттык идея. Сондан-ақ кыска да, нұска турде иудей теологы Льюис еврейлердің кұдайдың таңдаулы халкы екендігі идеясы догматикалық сипат алды. Яхве еврейлермен айрықша одақ кұрып, тек еврейлерді өз халкы деп есептейді. Бұл идея сионизмнің діни негізін кұранды. Зайырлы және діни Иудаизмнің ерекшеліктсрі бар. «Зайырлы Иудаизм ұғымы белгілі бір Иудей кұндылыктарын, тіпті кейде діни мағына берілмейтін діни негіздегі евреилердің философиясын сипаттайды.