Махатма Гандидің саяси қызметі

Үндістан – ежелден өзінің ертегіге тән байлықтарымен талай жаулаушыларды қызықтырған мемлекет.Бірақ,олардың ішінде дәл ағылшындар секілді отарлаудың жойқын күшін ешкім жасай қоймады.Британия империясы Үндістанды тонап қана қоймай Үндістан жеріндегі барлық байлықты соратын жүйе құрды.Пайдалы қазбалар, миллиондаған үнділердің тегін жұмыс күші ағылшындардың судай аққан алтынына айналып шыға келді.Жоғарғы деңгейдегі салықтар мен ағылшындардың арзан тауарларының судай ағуы жергілікті қолөнерді жойды.Отаршылар «Үндістанды игере отырып біз оларды жаңа заманғы мәдениетке жеткіздік» деп ойлады.Шын мәнінде, олар үнділіктерді қайыршылыққа ешқандай тындырымды тірліктер атқарған жоқ.

Индия әрқашанда елде орнаған ауыр күйзеліспен қиыншылықтардан шығудың жолдарын қарастырумен болды.1885 жылы үнді интеллегенциясы мен ұлттық буржуазиясының өкілдері тәуелсіздікке жету мақсатын алдарына қойған Үнді Ұлттық Конгресін құрді.Конгрестіктер азаттық алудың екі-ақ жолы бар екенін жақсы аңғарды.Бірі, бүкіл халықты қарулы күреске шығарып, (1857-1859ж.ж) ұлы сипайлар көтерілісімен қоғамын құруды жақтаса, екінші біреулері үндістан европалық өркениетпен араласа отырып, реформалар, петициялар, келіссөздер арқылы азаттығын жеңіп алады деген тұжырымдарды жақтады. Іс жүзінде екі позиция да утопиялы сипатта болатын:Біріншіден, отаршылармен қарулы күреске шығатын бұқара халық әлі дайын емес, екіншіден, колонизаторлармен келіссөзге келу мүмкін емес еді.

«Дәл осы тұста Ганди келіп, тәуелсіздік, бостандық атаулының жылы лебін алып келді, халқымыздың көзін ашып, көкірегін оятты, Ганди жоғарғы шенге қызықпады, ол миллиондаған үнділер арасынан шығып, солардың тілінде сөйледі» деп еске алады айнымас досы, қызу жақтауышсы Джавахарлал Неру.

Ганди мүлдем жаңаша ойлауды әкелді, адамдардың да дәл осыны күткендігі аңғарылып тұрды: «Мәселе Үндістанның саяси тәуелсіздігінде емес, үнді халқының рухани ойлау тәуелсіздігінде.Үнді мәдениетінде жасырынып жатқан үлкен рухани күш бізді тарихымызда өз жолымызды табуға және өзге халықтармен тең әрі тұтас болуға жетелейді.Үндістан халқы алдымен өз жүрегіндегі тәуелсіздігін ұғынсын, сонда ғана сыртқы күштер мен теріс әрекеттер белсенсіз болып қалады.Қарудың күшімен уақытша азаттық алуға болады, бірақ, мылтыққа сеніп өзіңе тәуелсіз бола алмайсың, өзгелерді азат ете алмайсың.Ағылшындар Үндістанды өздерінің күштеріне сенгендіктен тұрған жоқ, біз ұстап тұрғандықтан тұр» деп мәлімдеді.

Ганди «үшінші жолды» ұсынды, яғни ахимса-күшқолданбау.Ахимса – бұл адамның өзгелерді сүйе отырып, өмір құндылықтарын мойындау.

Ганди үнділіктерге отаршылармен ынтымақтаспау бағдарламасын ұсынды.

1915 жылы қаңтарда Ганди 54 жасында Үнді топырағына Оңтүстік Африкадан оралды.Ол өзін құпия полицияның агенттері аңдып жүргеніне қарамастан, бүкіл елді аралап көріп алды.

Екі жылдан соң Ганди Үндістанда алғашқы сатьяграхасын өткізді.Бір жылдан соң, Англия тарапында соғысып қаза тапқан, мыңдаған үнді жауынгерлері көз жұмған Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.Әскери шығындар Үндістан халқының ашу-ызасын туғызды.Соғыс жылдарында аштықпен эпидемиядан – 13 млн. жуық адам көз жұмды.Үнділіктердің ағылшындарға соғыста көрсеткен орасан зор көмегінің өтемақысы ретінде «азаттық береді» деген сенімдері жоққа шыға бастады.Сонымен, еліне оралған Махатма Үндістан Ұлттық Конгресінің ең озық жетекшісіне айналды.

1919-1947 жылдар аралығында М.Ганди басқыншылығындағы Үнді Ұлттық Конгресі бүкіл халықтың қолдауына ие болған зор күшке айналды.Ұлт-азаттық қозғалыстың басында жүрген Мохандас Карамчанд Ганди бұқара-халық тарапынан «Махатма» (Ұлы рух иесі) деген атақ алуы да тегін емес еді.

1922 жылы ақпанда Чаури-Чаура қыстағындағы үнді халықтарының наразылық шеруіне қатысқандарды ағылшын үкіметінің оқ жаудырып қырып тастауы, Гандидің де Үнді Ұлттық Конгресі аясында күшқолданбай күресу тактикасының уақытша тоқтатылуына алып келді.1923-1928 жылдары Ганди өзінің саяси бағытын қолөнер мен тоқыма өндірісін дамытуды насихаттау барысында пайдаланды.Антиағылшындық қозғалыстың жаңа кезеңінде (1929-1933ж.ж.) Ганди тұз монополиясы үкіметіне («Тұз жорығы») қарсы бағытталған азаматтық бағынбау қозғалысына басшылық жасады.1931 жылы М.Ганди вице-король Ирвинмен ымыраға келіп, келіссөз жасауға барды, ол бойынша Ганди Ұлттық Конгресті «Дөңгелек үстел» конференциясында ұсынуға келісті.Өз кезегінде вице-король абақтыға жабылған конгресс мүшелерін босатып, үнді ұлттық буржуазиясының бірнеше талаптарын орындауға міндеттеме алды.1934 жылы Ганди Ұлттық Конгрестің қатарынан шығатындығын мәлімдеді.Алайда, іс жүзінде М.Ганди Үнді Ұлттық Конгресінің жетекшісі болып өмірінің соңғы уақытына дейін қала берді.

1919-20 жылдары Үндістанды басқару туралы жаңа заңдар да өз кезегінде үнділіктердің азаматтық құқықтарын ескермеді.1919 жылы Роулет заңы өз күшіне енді, ол заң бойынша билік барлық үкіметке қарсы қайраткерлерді тұтқындап, оларды ұзақ ұстап, жабық есік аясында сот процестерін жүргізуге ерік берді.Саяси тұтқындаудың мерзімі тым ұзартылды.Ганди Үндістанның вице-короліне бұл заң жобасын қабылдауға келісім бермеуге өтініш жасайды.Вице-король тарапынан берілген бас тарту Гандиді «Сатьяграхтар одағын» құруға алғышарт жасады.Сатьяграхтар Роулет заңына бағынбауға ант беріседі.Ганди үлкен көлемдегі компанияны әзірлеп, 1919 жылы 6 сәуірде заң күшіне енген күннен бастап жалпы үнділік қаралы күн – харталды жариялайды.Осы күні естілген Гандидің үндеуіне бүкіл күштерін сезініп, таң қылысты.Елде ірі көлемдегі демонстрациялар лебі сезіле бастады.

Үкімет басындағылар қорқыныш пен үрейге беріліп, демонстранттарға қарсы қару қолдануға бұйрық берді, адамдарды аттармен таптап өтті, найзамен түйреді, тіпті өлгенше соққыға жықты.Ең қайғылы оқиға – Амритсар қаласында орын алды.Қақтығыс барысында бірнеше солдаттар мен демонстанттар қаза болды.Қалаға көтерілісті тұншықтыру үшін генерал Дайер басшылығындағы мұздай қаруланған әскер кірді.Аздаған күн өткеннен кейін 20 мың адам қаланың орталық алаңына бейбіт түрдегі Митинг ұйымдастыру үшін жиналды.Лозунгтарындағы ең негізгі тақырып – Үндістанды азат ету идеясы болатын.Күтпеген жерден орталық алаң бақайшағына дейін қаруланған ағылшын әскерлерімен қоршалып,қарусыз, бейбіт халыққа оқ жаудырылды.Алаңда мыңдаған өліктер мен жаралылар жан ұшырып жатты.Оқ-дәрісі таусылған шаш ал десе, бас алатын жазалаушы әскерилер жаралыларды мылтық найзасымен түйреп өлтіре бастады.Ағылшын солдаттары оқу-жаттығу немесе әскери сынақта жргендей, үнді халқын еш аяусыз қынадай қырып, қатігездіктің ең сорақы үлгісін көрсетті.Дайердің жаналғыштық әрекеттерінен кейін жергілікті тұрғындарға үйінен бір қадам аттап басуға тиым салынды.Адамдар алаңдағы бауырлары мен туыстарының жаралы үндерін естісе де оларға көмектесе алмады.Жазалау операциялары мұнымен шектеліп қоймай, тағы он күнге созылды, әр жерлерде жария түрде демонстрациядан аман қалғандар ұсталып,халық алдында дарға асылды, атылды.

Ганди болған іске өте қатты күйзелді.Билік басындағылардың қатігездігі оны таң қалдырмады.Ол үнділіктерге «бағынбаудың әр сатысында іштей өлімге дайын болу керек» деді.Ганди өзі ұйымдастырған кең көлемдегі бағынбау компаниясы уақытынан бұрын болғанын сезіп, оған халықтың әзір еместігін ұғынды.ганди жария түрде «Гималай сияқты кешірілмес қателік жібергенін мойындады.Ганди вице-корольге бұрын ағылшын-бур соғысы тұсында санитарлық қызметтер атқарып, ағылшындардың жаралы жауынгерлерін өлім аузынан аман алып қалғанда, ағылшын үкіметінен алған наградаларын қайтарып берді.Егер ол бірнеше жыл бұрын британдық билік системасы әлі жетілмеген деп есептесе, бұл оқиғадан кейін ол билік жүйесін «шыдамды тауысқан билік» деп тұжырымдады.

1920 жылы қыркүйекте Ганди Үндістан Ұлттық Конгресін отаршыл әкімшілікпен ынтымақтаспау және мүлде қарым-қатынас жасамай бойкот жариялау туралы бағдарламаны қабылдауға көндірді.Конгресс үнділіктерді бүкіл ағылшын тауарларына бойкот жариялауға, ағылшын соттарына қатысу мен сайлауға бармауға, армияға жазылмауға, барлық мемлекеттік қызметтерден бас тартуға шақырды.

Мұның бәрі жаңа бүкіл үнділік сатьяграхаға бастама болды, 1922 жылы кішігірім қалашықта қанды оқиға орын алды.Полиция демонстрацияға қатысушыларға оқ жаудырып, алайда, шерушілердің қарсылығына тап болып, казармаға бекінді.Казармаға ашу-ызаға ерік берген демонстанттар өрт қойып, полицейлер тірідей өртеніп кетті.

Бұл үлкен апат болды.Ганди азаматтық бағынбау науқанын тоқтатып, оқиғаға өзін кіналап, барлық кінаны өз мойнына алады.Өкінгендігінің белгісі ретінде бірнеше күндік аштық жариялайды.Осылайша Ганди бірнеше жылға абақтыға жабылады.

1930 жылы көктемде Ганди түрмеден босап шыққаннан кейін тағы да азаматтық бағынбау тактикасын жоспарлады.1932 жылы Ганди үнді халқының арасындағы қасаң дәстүр – «өзгеге жақындай алмау» салтын біржола жойып, үнділіктерге теңдік әпере отырып, тәуелсіздік жолындағы күресте бас біріктіруді мақсат етті.

1932 жылы Махатма Ганди сайлау заңының үнділіктердің арасына жік салып, «өзгеге жақындай алмау» туралы дәстүрді қайта қоздыруына наразылық білдіреді.Ол өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғандығына қарамастан, көп уақытқа дейінгі аштық жариялады.Адам сенбестей тарихи оқиға орын алып, Үндістандағы үш мың жыл бойы сақталып келген «өзгеге жақындай алмау» салты біржола жоғалды.Ендігі жерде үнділер «өзгеге жақындай алмайтындардың» үйлеріне барып, қолдарынан астық пен тағам алды. «Өзгеге жақындай алмайтындарды» құшақтау-тазарудың символы, рухтың азат етілуі ретінде түсіндіріле бастады.

Барлық елдерден келген хаттар мен телеграммалардың қолдауына арқа сүйеген М.Ганди сайлау заңының өзгеруін күтті.Ақыры,Лондон алған бетінен қайтып, Гандидің талаптары орындалды.Елдің қуанышына орай, ол аштық жариялауын тоқтатты.

1922 жылы наурызда алғашқы жалпы үнділік сатьяграха нәтижесіндегі қанды оқиғалардан кейін ағылшын үкіметі Гандидің үстінен «көрсеткішті сот» ұйымдастыруды астыртын жасады.Олар сол кездердегі мыңдаған үнділердің қаны мен өлімі үшін Гандиді кінәлі деп дәлелдегілері келді.Ағылшындар Үндістанды азат ету үшін күрескен азаматтық бағынбау тактикасының жеңуі мүмкін еместігін, Гандидің ісі мен идеясының әу бастан-ақ, жүйесіз екенін бүкіл Үндістанға көрсеткісі келді.

Бірақ, Гандидің мінез-құлқының сырын олар аша алмады.(Ол кейбір политикандар (саясаткерсымақтар үшін сырын алдармас қамал тәрізді болатын) арампиғылды ойлар оның толық тазалығы мен өзіне деген сенімділігінің алдында тізе бүкті.

Сот алдында М.Ганди өзін қорғаудан үзілді-кесілді түрде бас тартып, мыңдаған адамның өліміне себепші болған демонстрацияны өзі ұйымдастырғанын мәлімдеп, өзінен басқа ешкімнің қатысы жоқ екенін баяндайды.Ол өзінің үндеу алдында мұның арты не боларын ойластырып алмағанына күйзелетінін айтты.Бірақ, Гандиде тек бір ғана жол тұрды емес пе: шыдамды тауысқан билікке бағыну, әлде тәуекелге бару.

Сот барысындағы Гандидің айтқан сөздерінен көптеген сот мүшелерінің өзі жүректеріне бір сәт болса да, шынайы түрде құлақ түруіне тура келді.Ганди айтты:«Мен өз отанымыздың ең ардақты ұлдары осы статьямен сотталғандарын білемін.Сондықтан да, осы статьямен айыпталуды мен өзіме мақтаныш санаймын.Бұл жаза маған заң ережелері бойынша қасақана қылмыс ұйымдастырды деген айдармен тағылмақ.Судья және қатысушылар сіздерге қылған жалғыз жол мыналар: жамандықтың бұйрығын орындамай, өз еріктеріңізбен абыройлы түрде отставкаға кету, әлде, менің мойныма ең қатал жазаны таңу, сіздер қызмет етіп отырған билік біле білсеңіздер, осы елдің халқы үшін зұлмат ұйымдастырып отыр» М.Гандидің турашылдығы мен алған беттен қайтпайтын позициясы сот процесін ағылшындықтар ойлағандай нәтижемен қорытындыламады.

Сондай-ақ, Ганди индус-мұсылмандық діни сенімдерге де ерекше назар аударып, әр дінге үлкен құрметпен, ізгілікпен қарады.Ол барлық діндер ақиқатты, ал олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шығуы олардың шыққан ортасы мен мезгіліне байланысты екендігін айтады.

Үнді-мұсылман мәселесі Махатма Гандидің назарын Оңтүстік Африкадан Үндістанға оралған кезінде аударды.Ол сол кездің өзінде-ақ, келешек «мұсылман ұлттарының әкесі» болған М.А.Джинмен алғашқы келіссөздерін жүргізді.

Алғаш рет Ганди Джинмен 1914 жылы Лондонда жүздескен болатын.1915 жылы ол тағы да осындай Үнді Ұлттық Конгресінің мүшелерімен, мәселен Анни Безантпен, Сароджани Найдумен мұсылмандардың жетекшісі М.А.Джиннің бастамасымен ұйымдастырылған Мұсылман Лигасы мен Үнді Ұлттық Конгресінің арақатынасын нығайту, 1916 жылы Лакнаудағы пакт бойынша сварадж үшін үнді-мұсылман бірлігін жақындастыру аясындағы келіссөздеріне қатысты.

Ганди үнді мұсылмандарының халифаттық қозғалысына белсенді түрде қатысты.Ол ешқашан мұсылман халифатистері ұйымдастырған митингілерде сөз сөйлемеді, бірақ 1918 жылы Делиде Мұсылман Лигасының сол қанатының жетекшісі Мұхаммед Алимен, мұсылман конгресшілерінің басшысы Абул Калам Азадпен бірлесіп, ағылшын отарлау саясатына қарсы бірнеше мәрте үндеу тастады.

Гандидің ұсынысымен мұсылман конгресшілері жалпы азаматтық ынтымақтаспау тактикасын қабылдады.

1922 жылы бірінші азаматтық мойынұсынбау компаниясы тоқтатылғаннан кейін Гандиден Халифатшылар мен радикалды мұсылман жетекшісі – Мұхаммед Али бастаған топтар кетіп қалды.Ендігі жерде Гандидің сатьяграхтарына тек мұсылман конгресшілерінің бір бөлігі қатысты, олар 30 жылдары Үндістан мұсылмандарының едәуір бөлігін құрады.

Ганди үнді-мұсылман бірлігі үшін күресін тоқтатпады.Бұл мақсат оның конструктивті программасының негізгі бөлімі болып қала берді.Ол талай рет осы бірліктің өмір сүруі үшін аштық жариялап, денсаулығының нашар деңгейдегі ахуалына қарамады.Ол әрқашанда өзінің исламға деген құрметін мәлімдеп, мұсылмандар өміріне де ерекше көзқараспен қарады.Бірақ, Ганди бір нәрсені түсіне алмады және ең бастысын қабылдай алмады: мұсылмандарға оның ойлары мен философиясын түсіну қиын болды,олар тығырықтан шығу мен дамудың өзіндік жолдарын іздестірді.Осылайша екі қарама-қайшылық бағыт орнап оның соңы- Пакистан мемлекетінің құрылуымен аяқталды.

Ганди өзінің соңғы өміріне дейін Пакистан мемлекетін құру қателік деп ал Джинді жалпы үнділік свараджға қатысуға бас тартқаннан кейін – қанішер деп есептеді.Сондай-ақ, ол сол кезде Пакистанды құру идеясының астарында қандай мүдделер жасырынып жатқанын түсінуге тырысты.Ол 1944 жылғы Джинмен хат жазысқан мәлімдемесінде Үндістан мемлекетінің құрамындағы Пакистанның «үй ішінен тігуін» заңсыз деп мәлім етті.Ганди 40 жылдары мұсылмандардың үлкен бөлігі Джиннің соңынан еріп кеткенін де мойындамасына амалы қалмады.Бірақ, М.Ганди олардың даму циклынан кенже қалғандары мен саяси мәдениеттерінің төмендегі себепті Джиннің соңынан ілесіп кетті деп есептеді.Гандидің конструктивті бағдарламасы оның қызметінің органикалық бөлімі болды.Ал оның барлық қызметі Үндістанның азаттығы меен бостандығына бағытталды.Ахимса идеясы (тірі жандарға зиян келтірмеу) оның өмірінің алғашқы кезеңінде, яғни Махатма атанғаннан басталған болатын, ендігі жерде ахимса, Гандидің негізгі саяси және әлеуметтік ұранына айналып, оның Үндістан халқының көсемі болуына алғышарт жасады.

«Ахимса мен үшін жай ғана теория емес.Бұл үлкен тәжірибеге негізделген шындық пен ақиқат» деп мәлімдеді М.Ганди.

1930 жылы «сварадж үшін» сатьяграхасын бастар тұста Ганди былай деп жазды: «Британ империясы аморалды кейіпке ене түсті, ол үнді ресурстарын эксплуатациялауды күшейту үшін ғана келді.

1931 жылы М.Ганди Лондонға сапар шегіп, «дөңгелек үстел» конференциясына қатысып,Үндістанның саяси тағдыры туралы жиынның құрметті қонағы болды.Мұнда ол көптеген достарымен, соның ішінде ағылшын публицисті – К.Ф.Эндрюспен, француз жазушысы- Р.Ролланмен т.с.с. қайраткерлермен жүздесті.1932 жылы Ганди түрмеге түсіп,1933 жылы 21 күн аштық жариялаған тұста оның саяси қызметін уақытша әйелі – Кастурбай жалғастырды.Ол да екі жыл ішінде алты мәрте тұтқындалды.Ганди 1936 жылы өзінің ашрамын Орталық Үндістандағы Севаграм қаласына көшіріп, сол жерде апталық газетті басып шығарып отырды.

1942 жылы Үндістан Ұлттық Конгресінің партиясы «Үндістаннан кетіңдер» деген резолюция қабылдап, Ганди соңғы жалпыүнділік сатьяграха Компаниясының жетекшісі болып қала берді.

Ганди әйелімен бірге тағы да тұтқындалып, Пун қаласындағы абақтыға жабылды.1943 жылы ақпанда 21 күндік аштықты тағы қайталады, келесі жылы оның әйелі түрмеде қайтыс болды.Гандидің де денсаулығы сыр беріп, күрт нашарлап кетті.1944 жылы мамыр айында Ганди абақтыдан босатылды.

1946 жылы Джавахарлал Неру ағылшын үкіметінен үкімет жасақтау ұсынысын алған тұста, Мұсылман Лигасының жетекшісі – М.А.Джинмен де дәл осындай әрекетке барды.Бұл өз кезегінде үнділер мен мұсылмандар арасында үлкен қақтығыстарды туғызды.Қараша айында Ганди Шығыс Бенгалия мен Бихарды жаяу кезіп өтіп, жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды.Бірақ, Үндістанның бөлінуіне үзілді-кесілді түрде қарсылық білдірді.

1947 жылы 15 тамызда Индиядан ресми түрде Пакистан бөлініп, екі мемлекет те өз тәуелсіздіктерін жариялаған тұста, Ганди үнділер, мұсылмандар және сикхтар арасындағы қақтығыстарды тоқтату мақсатында талай мәрте аштық жариялады. 1948 жылы 12 қаңтарда 78 жасқа келген Ганди өзінің бес күнге созылған аштық науқанын бастады.Күн сайын Ганди Нью-Дели қаласындағы Бирла Хаус дуалының жанындағы бақшада ұжымдармен бірге құлшылық ету рәсіміне қатысатын.1948 жылы 30 қаңтарда құлшылық етіп отырған Ганди үнді фанатигінің қолынан мерт болды.

Наши рекомендации