А) АфинаВ) Рим С) Иерусалим Д) Канстантинополь Е) Болонья 4 страница
Фетишизм(фр. тіл. «идол», «талисман») – сенушілердің түсінігінде ғажайып қасиеттері бар жансыз заттардың – фетиштердің культі. Алғашқы қауымдық халықтарының барлығында кездескен. Фетишизм көріністері қазіргі діндерде де сақталған. Фетишизмді жансыз заттардың культі, тұмар, бойтұмарлардың тылсым күштеріне сену, заттар мен құбылыстарды құдай бейнесімен сипаттау ерекшелейді.
Фиқһ (араб тіл. «түсіну», «білу») – мұсылмандық құқықтық ғылым, заң ғылымдарының жиынтығы.
Хадис (араб тіл. «әңгіме») – Мұхаммед пайғамбардың істеген немесе ұйғарған мәлімдемелерін көзі көрген кісілердің сөзімен жеткізу. Хадистер жиынтығы – Сүннет.
Халал(араб тіл. «рұқсат етілген») – исламда Құран аяттары мен пайғамбар хадистерімен тыйым салынбаған нәрселер.
Халиф (араб тіл. «мұрагер», «басшы») – ертедегі исламдағы Мұхаммед пайғамбар қалдырған өсиеттер мен қағидаларын орындауды қадағалау үшін сайланатын мемлекеттің жоғарғы билеушісі және діндарлар қауымының жетекшісі.
Харам(араб тіл. «тыйым салынған») – шариғатта жасалуы мен пайдалануы қатаң тыйым салынған нәрселер.
Харизматикалық культ (харизматикалық топ) – бұл сектаның немесе дәстүрлі емес діндердің бір түрі. Ізбасарлары мен жақтаушылары біріге отырып, өзін таңғажайып күштерге ие екендігін алға қойған көшбасшының бастауымен құрылған топтар.
Хижра(араб тіл. «көшу», «қоныс аудару») – Мұхаммед пайғамбардың 622 ж. Меккеден Мединаға (Ясрибке) қоныс аударған кезеңі және мұсылман жыл санауының бастауы болып қалыптасты.
Хинаяна (санскр. «шағын екі аяқты арба» ) – б.э. басында пайда болған буддизмнің негізгі бағыттарының бірі, 18 түрлі мектебі бар. Монахтық өмірді таңдау, қоғамнан алшақтау арқылы нирванаға кетуди мақсат қояды.
Христиандық – б.э. І ғасырында Палестинада пайда болған әлемдік үш діннің бірі. Христиандық Иисус Христосты Құдайдың ұлы деп сенеді. Христиандықтың құрамына әр түрлі шіркеулер мен конфессиялар кіреді.
Целибат–католиктік дін қызметкерлерінің үйленбеске міндетті түрде ант беруі.
Шаббат(иврит тіл. «демалу», «тиылу») – иудаизмде Құдай осы дүниені жаратып болғанын білдіретін аптаның жетінші күні. Бұл күн Құдайға арналып, үлкен мейрам болып саналады. Шаббатта жұмыс істеуге тыйым салынған.
Шаман– табиғаттан тыс тылсым күштермен байланысатын жоғарғы күшке ие болған адам. Шаманизмде культті орындаушы. Аруахтармен таңдалып, одан кейін қайта жаратылудан өтеді. Қайта жаратылудан өткен шаман адамдарды емдеу мүмкіндігіне ие болады. Емдеумен қатар, шаман қызметіне руластарын қауіп-қатерлер мен аурулардан сақтау, тайпалардың шаруашылық өмірін қолдау, марқұмның жанын о дүниеге шығарып салу рәсімдерін атқару кіреді. Шаман ер адам да, әйел адам да бола алады.
Шариғат (араб тіл. «түзу дұрыс жол») – Алла тағаланың құлдарына намаз, ораза, қажылық секілді т.б бұйырған міндетті амалдары. Сонымен қатар мемлекеттік, мұралық, қылмыстық және неке-отбасылық құқықтық нормалардан тұратын, Құран мен Сүннет негізінде құрастырылған исламдық құқықтық және теологиялық нормалар мен заңдар жинағы.
Шәйіт(араб тіл. «шаһиид») – дін жолындағы соғыста немесе отбасын, отанын Алла үшін қорғап, дұшпан қолынан қаза болған мұсылман. «Шахид болу» деген сөзді арабшадан мағынасын бұзбай аударғанда «сыртқы күш тарапынан өлтірілу» дегенді білдіреді. Ал өзін-өзі жарып, өлімге бару шахидтікке жатпайды.
Шәһәдә(араб тіл. – «қатысу», «білу», «хабарлау», «көру», «куәгер болу») –
1 – діни терминологияда ол «Кәлима шәһадат», исламның бес шартының бірі, ислам дінін қабылдауды білдіретін сөз. «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә Әшһәду әннә Мұхаммадан абдуһу уә расулуһ» яғни «Алладан басқа тәңір жоқ Мұхамед оның құлы әрі елшісі екендігін куәлік етемін».
2 – бір адам біреудің құқығының тапталғандығын айту үшін, қазының және екі тараптың алдына шығып, куәлік етуі.
3 – біреу бір қылмыс істегенде оның қылмыс жасағандығына куәлік ету.
4 – екі жас отау құрғанда екі ер кісі немесе бір ер екі әйел кісі оларға куәгерлік етуі.
Шейх(араб тіл. «ақсақал», «басшы») – діни қайраткерлерге, діни пәндер білімпаздарына, сопылық бауырластық басшыларына, тәлімгерлер мен ұстаздарға, өздерінің ізгі істерімен танымал болған адамдарға қатысты айтылатын құрметті атақ.
Шиизм (араб тіл. «жолын қуушы», «партия») – ислам бағыттарының бірі. Бастапқыда Пайғамбардың мұрагері ретінде оның күйеу баласы Әлидің қабылдаған саяси партиясы. Шииттер Сүннетті мойындамайды және өздерінің шарттары бар.
Ширк– исламда Алладан өзгеге табыну және Алладан өзгеден сұрау. Аллаға серік қосу.
Шоқындыру(грек тіл. «суға батыру»)–Шіркеу құпияшылдықтарының бірі – рухани туылу. Адам шіркеу мүшесіне айналып, Шіркеу құпияшылдықтарына қатыса алады.Шоқындыру рәсімі судың себелеп шашылуы немесе суға – Әке, Бала және Қасиетті Рух құрметіне деп үш рет батыру арқылы атқарылады. Шоқындыру барлық христиан конфессияларымен мойындалады.
Шіркеу – 1) діни ілім дамуы нәтижесінде қалыптасқан діндарлар ұйымы; 2) христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат.
Інжіл – христиан дінінің Қасиетті жазбасын құрайтын кітаптардың жиынтығы. Оған Көне өсиет пен Жаңа өсиет кіреді.
Экзархат(грек тіл. «басшы», «жетекші») – патриархаты бар елдің сыртында орналасқан ірі шіркеулік аумақ. Экзархаттың құрамына экзархқа бағынышты бірнеше епархиялар, епископтар және архиепископтар кіреді.
Экстремизм (лат. тіл. «шеткі») – адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстаунуы.
Экуменизм(грек тіл. «елді әлем») – әлем христиандарының бірігуі үшін қозғалысы. Тар мағынасы, христиан конфессияларының ынтымақтастығы мен өзара түсіністігі үшін қозғалыс. Кең мағынасы, барлық діндердің жаңа бір дін астына бірігу мүмкіндігі туралы ілім.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра Әлеуметтік-саяси пәндер
Барлық мамандықтар үшін
шифр, мамандық
1-2 курс студенттеріне арналған
күндізгі оқыту бағыты бойынша
«Дінтану» пәні бойынша семинар сабақтарына
әдістемелік нұсқаулық
Ж
Орындаушы(лар)
Ф.ғ.к., аға оқытушы ___________ Ү.Қ. Сәрсембин
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« 13 » қаңтар 2016ж.
Г.ғ.магистрі, аға оқытушы __________ Б.А. Нұралина
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« 13 » қаңтар 2016ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № 5 “13” қаңтар 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі
Ф.ғ.к., аға оқытушы __________ Ү.Қ. Сәрсембин
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« 13 » қаңтар 2016ж.
Алғы сөз
«Дінтану» жоғары мектепте оқытылатын жалпы білім беру пәндерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Дінтанулық білімнің ерекше рөлі алынған білімдерді дінге қатысты мәселелерді талдау барысында нақтылай түсуге негіз болады және шындықтың басқа пәндерге арнайы қарастырылмайтын жағын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қоғамдық дамудың бір үдерісі социомәдени кеңістікте діни фактордың рөлінің өсуі болып табылады. Дін адамзат тарихы даму кезеңдерінің ажырамас бөлігі ретінде танылады. Бұл адам мен қоғамның практикалық және рухани өмірін реттеуші қызмет атқаратын ежелгі әлеуметтік институттардың бірі, әрі әлеуметтік мінез-құлықтың нақты стандартын жасайды. Қазіргі секулярлы қоғам зайырлы дәстүрге бағытталғанымен көне рухани дәстүрмен байланысын үзген емес.
Қысқа ғана мерзімде посткеңестік кеңістікте болған түбегейлі өзгерістер қоғамдағы қатынастарды, мемлекет пен дін арақатынасын трансформациялады, дін мен діни мәдениетке қатысты ұстанымды өзгертуге ықпал етіп, адамның қалыптасуы мен рухани дамуындағы діни құндылықтардың рөліне мән бере басталды.
Тақырып 1. Діннің қоғамда пайда болуы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Пән және курс мақсаттары. Діннің қоғамда пайда болуы.
1. Діннің анықтамасы
2. Діннің элементтері және құрылымы
3. Діннің қоғамдағы рөлі, орны және функциясы.
4. Діннің типологиясы.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: діннің анықтамасы. Діннің элементтері және құрылымы. Діннің қоғамдағы рөлі, орны және функциясы. Діннің типологиясы.
Әдебиеттер:
Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,
Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.
Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.
Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.
Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963
Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.
Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2
Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.
Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.
Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.
Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.
Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.
Фрэзер Д. Золотая ветвь. Исследование магии и религии. М.,1983.
Шпажников Г.А. Религии стран Африки. Справочник М.,1981.
Штаерман Е.М. Социальные основы религии Древнего Рима. М.,1987.
Тақырып 2. Діннің пайда болуы және оның ерте кездегі формасы. Тақырыпты игерудің методикасы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Діннің пайда болуы және оның ерте кездегі формасы. Алғашқы наным- сенімдердің түрлері. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Алғашқы наным –сенімнің түрлері.
2. Таптық қоғамға өту кезеңіндегі діннің эволюциясы.
3. Ежелгі әлемнің ұлттық діндері.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Алғашқы наным –сенімнің түрлері. Таптық қоғамға өту кезеңіндегі діннің эволюциясы. Ежелгі әлемнің ұлттық діндері.
Әдебиеттер:
Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,
Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.
Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.
Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.
Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963
Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.
Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2
Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.
Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.
Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.
Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.
Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.
Тақырып 3. Христиандық дін. Тақырыпты игерудің методикасы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Христиандық дін. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Христиандықтың пайда болуы.
2. Христостың жеке басы.
3. Христиандық сенімге үйрету және ғибадат.
4. Христиандықтың бөлінуі.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Христиандықтың пайда болуы. Христостың жеке басы. Христиандық сенімге үйрету және ғибадат. Христиандықтың бөлінуі.
Әдебиеттер:
Крывелев И.А. Библия: Историко-критический анализ. М., 1985.
Миркина 3.,Померанц Г. Великие религии мира. М.,1995.
Ранович А.Б. Первоисточники по истории раннего христианства. Античные критики христианства. М.,1990.
Ренан Э. Жизнь Иисуса.М. 1991.
Свенцицкая И.С. Раннее христианство: страницы истории. М.,1987.
Тақырып 4. Православие. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Православие. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Православияның тарихы және оның қазіргі жағдайы.
2. Орыс православиясы.
Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Православияның тарихы және оның қазіргі жағдайы. Орыс православиясы.
Әдебиеттер:
Бессонов Б. Н. Православие в наши дни. М., 1990.
Булгаков С.Н. Православие: Очерки учения православной церкви, М., 1991.
Голубинский Е.Е. История Русской церкви, М.. 19011902, т. 1-2.
Иоанн Домаскин. Точное изложение православной веры. Ростов-на-Дону, 1992.
История Русской православной церкви в документах религиозных архивов России. Аннотированный справочникуказатель, М.,1993.
Карташев А.В. Очерки по истории Русской церкви, М.,1993, т.1-2.
Лосский О.Н. Очерк мистического богословия Восточной церкви. Догматическое богословие, М.,1991.
Поспеловский Д.В. Русская православная церковь в XX веке. М.,1995.
Тақырып 5. Католицизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Католицизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Дін ерекшеліктері.
2. Ватикан. Шікеу жүйесі.
3. Ресейдегі католицизм.
3. Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.
Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Ватикан. Шіркеулердің құрылымы. Ресейдегі католицизм. Әлемдегі католициз дамуының әлеуметтік мәселелері.
Әдебиеттер:
Арну А. История инквизиции. СПб,1995.
Боргош Ю. Фома Аквинский. М.,1975.
Гергей Е. История папства. М.,1996.
Григулевич И.Р. Папство: век XX.М., 1978.
Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке.М., 1980.
Тақырып 6. Протестанизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Протестанизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Дін ерекшеліктері.
2. Шікеу жүйесі.
3. Ресейдегі протестанттар.
3. Протестанттық шіркеудің қоғамдағы мәселелері.
Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Протестанизмнің негізгі бағыттары. Негізгі протестанттық шіркеулер мен деноминация. Қазіргі протестанизмдегі тенденциялары.
Әдебиеттер:
Белов А.В. Секты. сектантство. Сектанты. М.,1978 Вебер М. Протестантские секты и дух капитализма М., 1990.
Гараджа В.И. Протестантизм. М.,1971.
Граждан В.Д. Вероучение и мораль пятидесятников. М.,1989.
Тақырып 7. Ислам. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Ислам. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Исламның пайда болуы.
2. Ислам дінінің ерекшеліктері.
3. З. Ислам дінінің негізгі бағыттары.
4. Қазіргі кездегі ислам діні.
Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Исламның пайда болуы. Исламның негізгі бағыттары. Қазіргі кездегі ислам.
Әдебиеттер:
Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.
Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.
Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.
Ислам. Историографические очерки. /Под общ. ред. С.М.Прозорова, М.,1991.
Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.
Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.
Тақырып 8. Буддизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты. Келесі сұрақтарды ашу: Буддизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм: діни құндылықтардың сабақтас мәселелері.
2. Гаутама Будда. Будданың оқу ерекшеліктері мен будда культі. Трипитака- буддилік канон.
3. Буддизмнің діни идеалы. Хинаяна және Махаяна. Буддизмнің таралуы. Буддизмнің аймақтық ерекшеліктері. Дзэн- буддизм және ламаизм. Буддизм әлемдік дін ретінде.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм: діни құндылықтардың сабақтас мәселелері.
Әдебиеттер:
Буддизм: Словарь /Под общ. ред. Н.Л. Жуковской. М.,1992.
Жуковская Н.Л. Ламаизм и ранние формы религии. М.,1977.
Игнатович А.Н. Буддизм в Японии. Очерк ранней истории. М.,1987.
Корнев В.И. Буддизм и его роль в общественной жизни стран Азии. М.,1983.
Тақырып 9. Иудаизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Иудаизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
1. Иудаизм. Яхве культінің пайда болуы.
2. Библия. Талмуд. Иудейлік тарих концепсиясы.
3. Аңыздар: египеттік құлдық, Моисей, Давид, Соломон.
Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Иудаизм. Яхве культінің пайда болуы. Библия. Талмуд. Иудейлік тарих концепсиясы. Аңыздар: египеттік құлдық, Моисей, Давид, Соломон.
Әдебиеттер:
Агада: сказания, притчи, изречения Талмуда и мидражей. М., 1993.
Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.
Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.
Гече Г. Библейские истории. 2-е изд. М., 1990.
Даймонт М. Евреи, Бог и история. Иерусалим, 1989.
Рижский М.И. Библейские пророки и библейские пророчества. М., 1987.
Телушкин Д. Еврейский мир. М., 1992 .
Шифман И.Ш. Ветхий Завет и его мир. М., 1987.
Янг Л. Сущность иудаизма. М., 1993.
Тақырып 10. Индуизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
1. Ежелгі Үндінің діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм.
2. Негізгі діни принциптер және индуизмнің пантеоны.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Ежелгі Үндінің діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм. Негізгі діни принциптер және индуизмнің пантеоны.
Әдебиеттер:
Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.
Бонгард-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. Философия, наука, религия. 2-е изд. М., 1993.
Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.
Гусева Н.В. Индуизм. История формирования. Культовая практика,. М., 1977.
Тақырып 11. Конфуцишілдік және даосизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Конфуцишілдік және даосизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Даосизм, конфуцишілдік, буддизм –үштік ілім (сань цзяо)
2. Ежелгі Қытайдағы тәңірліктер, ата –бабалар және рәсімдер.
Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару: Даосизм, конфуцишілдік, буддизм –үштік ілім (сань цзяо). Ежелгі Қытайдағы тәңірліктер, ата –бабалар және рәсімдер.
Әдебиеттер:
Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.
Васильев Л.С. Культы, религии и традиции в Китае. М., 1970.
Дао и даосизм в Китае. М., 1989.
Древнекитайская философия. Собрание текстов. В 2-х т. Переводы. М., 1972-1973.
Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики /Под ред. Л.П. Делюсина М., 1982 .
Тақырып 12. Синтоизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Синтоизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасудың культі.
2. Синтоның храмдары және ғибадатханалары. Дұрыс тәртіптің 5 принциптеры.
3. Синтоизмнің дамуына буддизмнің әсер етуі.
4. Дзэн - буддизм жауынгер діні.
Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасудың культі. Синтоның храмдары және ғибадатханалары. Дұрыс тәртіптің 5 принциптеры. Синтоизмнің дамуына буддизмнің әсер етуі. Дзэн - буддизм жауынгер діні.
Әдебиеттер:
Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.
Религии мира. М., 1982.
Тақырып 13. Қазақстандағы дәстүрлі конфессияларжәне діни бағыттар.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақстандағы дәстүрлі конфессияларжәне діни бағыттар.
1. Исламның Қазақстанда таралуы
2. Қазақстандағы христиандық
3. Қазақстандағы православиялық шіркеу.
Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Исламның Қазақстанда таралуы. Қазақстандағы христиандық. Қазақстандағы православиялық шіркеу.
Әдебиеттер:
Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.
Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.
Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.
Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990
Пиотровский М.Б. Коранические сказания. М.,1991
Суфизм в контексте мусульманской культуры. М., 1989
Тақырып 14. Қазақ жеріндегі атақты діни ойшылдар. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақ жеріндегі атақты діни ойшылдар. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Қазақ мұсылман ойшылдары.
2. Яссауидің хикметтерін оқыту.
3. 19-20 ғғ. Діни ойшылдар
4. Абай мен Шәкәрімнің мұралары
Әдістемелік ұсыныстар: Келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Қазақ мұсылман ойшылдары. Яссауидің хикметтерін оқыту. 19-20 ғғ. діни ойшылдар. Абай мен Шәкәрімнің мұралары.