Буддизмнің таралу тарихы. Құлшылық орындары мен қасиетті мекендер
Буддизм өте күшті қолдауды Ашок патша тарапынан анық сезінді. Солтүстік – шығыс, Солтүстік және Орта Үндістанды біріктірген Ашок буддалық миссияларды көршілес мемлекеттерге, соның ішінде Шри – Ланкаға да жіберді. Дәл осы уақытқа буддизмнің көне культтік сәулет ескерткіштері де жатады. Бұл ең алдымен Будда Шакьямунидың денесінің қалдықтарының үстіне салынған ступалар – қорғандар.
Буддизмнің ықпалы батысқа да тарала бастады. Мұның барлығы сауданың дамуы мен Ұлы Жібек жолының өркендеуінің нәтижесі.Бұған дәлел ретінде қазіргі Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстан аумағындағы буддалық ескерткіштердің қирандыларын айтуға болады. Буддизмнің Оңт- Шығыс Азияда таралуының бастауын сингалдық монахтар салды. Ілім Бирмаға V – VI ғасырларда, Таиландқа – XI – XIII ғасырларда, Камбоджаға – XIII – XIV ғасырларда, XIV ғасырда –Лаосқа келді. Ява мен Суматра аралдарына VII ғасырда келді. Махаяна, ваджраяна шиваизмнің күшті ықпалына ұшырап, Ява аралына Шайлендер династиясы тұсында(VIII – IX)таралды. Оңтүстік жарты шардың ең үлкен ступасы – Борободур осы кезеңде салынды. ХІ ғасырда Индонезия монастырларына оқу үшін өзге елден адамдар келді. XIV ғасырдың аяғында қазіргі Индонезия территориясында пайда болған мұсылмандар бірте – бірте буддистер мен индуистерді ығыстырды. Соңғылары Бали аралында ғана бар.
Б.з. І ғасырында буддизм солтүстікке, Кушан империясына тарала бастады. ІІ ғасырда Жібек жолының басты екі сүрлеу жолымен қазіргі Шыңжаңның аумағындағы қала – мемлекеттер мен қытай астанасы Лоянға буддистер жетті. VI – IX ғасырларда Қытайда буддизм гүлдену кезеңін бастан өткерді. IV ғасырдың екінші жартысында Қытайдан Корей жартыаралына, ал ол жақтан VI ғасырдың ортасында Жапонияға келді. Буддизм Тибетке Үндістаннан келді,VIII ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік дінге айналды. Таңғұт хандығында ықпалды күшке ие болды. XVI ғасырдың екінші жартысында Моңғол хандары буддизмді мемлекеттік дін деп жариялады. Сол уақытта буддизмді ойраттар (батыс моңғолдар – кейіннен Жоңғар хандығын құрды) да қабылдады.Буддизмді Каспий маңы ойпатына қоныс аударған қалмақтар да ұстанады. Бұл аумақ XVII ғасырдың бірінші жартысында Мәскеу патшалығының құрамына кірді. Ресей құрамына енген буряттар да тибеттік – моңғолдық буддизмді ұстанды. 1741 жылы император Е.Петровна буддизмді, оның ғимараттары мен монастырларын заңдастырды. 1991 жылы Ресейде буддизмнің 250 жылдығы атап өтілді. Бірақ VIII ғасырдан бастап Үндістанның батысы мен оңтүстігінде буддизмнің құлдырауы басталды. Монастырлар жойылды. Мұсылмандар тарапы қазіргі Ауғанстан, Пәкістан, Орта Азия мемлекеттерінен буддизмді ығыстырды. XVIII – XX ғасырларда Шри – Ланка, Мьянма, Вьетнам, Лаос, Камбоджа буддизмді кемсіткен еуропалықтардың қол астында болды. XX ғасырда буддизм КСРО, КХДР, Қытай, Моңғолия, Камбоджа мемлекеттерінің коммунистік билігі тарапынан қатты зардап шекті.
Бүгінгі таңда махаяна Моңғолияда(халха - моңғолдар), Жапонияда(синтоизммен қатар), Қытайда(даосизм және конфуцианшылдықпен қатар), Вьетнамда(өзге де діндермен қатар)(вьеттар), Кореяда(христиандықпен қатар) басымдылыққа ие.Камбоджаның вьетнамдық этносы негізінен махаяналық. Буддизм махаянасы Непалда, Ресейдің үш республикасындағы титулды ұлт осы дінді ұстанады: Бурятия(буряттар), Тува(тувалықтар), Қалмақия(қалмақтар).
Шри Ланканың орталығы мен оңтүстігінде, Таиландта, Мьянмада, Лаоста, Камбоджада басымдыққа ие. Вьетнамда тхеравада сенушілері де бар. Олар көбінше кхмерлер.
Буддалық құлшылық тарихы Будданың өз өмірінен бастау алады. Трипитака канонына сәйкес, Будда өз ізбасарларына киелі орындарға барып тұруды міндеттеген. Атап айтқанда оның туылған жері(Лумбини), Нұрлауға қол жеткен сәт(Бодхая), алғашқы құлшылығын оқыған орын (Сарнатх) және бұл әлемнен кеткен орын (Кушинагара) т.б.Осы орындар және Будда ғажайып жасаған орындар (Вайшали, Шравасти, Санасья, Раджгир) сегіз ұлы орындар ретінде танымал. Дхаммаятра (пали) немесе Дхармаятра (санскр.) – император Ашок аталған сегіз орынға барып тұруға шақырған.
Буддизмнің қамқоршысы Ашок б.з.д. 249 жылы аталған орындарға қажылыққа аттанды. Ступалар мен жазбалары бар колоналарды орната білді. Ашоканың көптеген колоналары оның буддизмге берілгенін көрсетеді.Шыңдағы аңдар скульптурасы біздің күнге дейін жетті және Үндістандағы буддалық қасетті орындарды анықтауға жәрдемдесті. Бұл орындар ХІІ – ХІІІ ғасырларда тасталған еді. Бүгінгі күнгі ізбасарлар Лумбинидағы Ашок колоннасын, Капилаваста мен Вайшалиды, атақты арыстандық капительді (бұл сурет Үндістанның елтаңбасына айналған) Сарнатха музейінде және Санкасьедегі пілдік капительді көре алады.
V – VIII ғасырларда қытайлық – буддалық монахтар Үндістанға құлшылық сапарға жолға шыққаны белгілі. Олар Такла – Макан арқылы жүруге мәжбүр болды. Жер шарындағы ең қатыгез орындардың бірі: тауы да жоқ, тамақ пен су атауымен жоқ. Кейбірі жол бойында өлді.
Фа Сянь алғашқы болды. 339 – 414 жылдары бірнеше өзге монахтармен бірге Үндістанға, Шри Ланкаға және Ява аралдарында болды. Құлшылықта бола отырып, Фа Сянь буддизмнің көптеген орындарын аралады. Тиісінше бұл адам Нагахарада және Нага Гопал үңгірінде де болды. Будданың көлеңкесіне құрмет көрсетуді өзіне мақсат тұтты.
Қытайлық діндарлар арасында таралған аңыз бұл үңгірде Нага Гопала айдаһар өмір сүргенін айтады. Ол бұл өңірдегі барлық елді мекендерді жойып жібермек болды. Өйткені өткен өміріндегі шопан болған сәтінде оны қорлаған еді. Тұрғындардың қайғысына ортақтасып, айдаһарды тыныштандырып, өз көлеңкесін үңгір қабырғасына қалдырды. Айдаһардың санасы зұлым ойларды ойлай бастаған сәтте, Будда өз көлеңкесіне қарауға кеңес берді. Махаббат пен игілік күші үңгірдің иесін тоқтатады. Кейіннен көлеңкені көру мүмкін болмады.
Гридхаркута шыңына гүлдерді қойғаннан кейін Фа Сянь түні бойы өзін бағыттау ісіне арнады және сутраларды оқыды. Үндістаннан кейін Шри Ланкаға келді және Қытайдан келген жібектік сыйларды көріп, Фа Сянь ностальгияны сезінді. Оның төрт серігінің бірі ертеректе Қытайға оралды, екеуі құлшылықта ажал құшты, және біреуі Үндістанда өмір сүруге қалды. Теңізбен жолға шыққан Фа Сяньды дауыл Яваға тоқтауға мәжбүр етті. Мұнда бес ай өмір сүрді. Явадан Қытайға бағыт ала отырып, танымал құлшылық етуші тағы бір дауылды бастан кешірді. Бірақ Фа Сянь мен ол әкеле жатқан мәтіндер еш зақымданбастан аман жетті.
518 – 521 жылдары Солтүстік Вэй династиясынан шыққан Қытай императоры Лояннан екі монахты: Сунь Юнь мен Хуэй Шэнді буддалық кітаптарды әкелулері үшін Үндістанға жіберді.
Дегенмен анағұрлым танымал қытай мінәжатшысы Сюань Цзан еді. Ол мінажатта 17 жасында болды. Фа Сянь Үндістанға монахтық өмір ережелерімен танысу үшін барса, Сюань – Цзан – буддалық доктриналарды оқу үшін аттанды.
Елден тысқарыға кету туралы өтініші қанағаттандырылмаған соң, Сюань Цзан 629 жылы Сианьнан кетті.Ұлы Жібек жолымен бойлай отырып, Шу алқабы (Қырғызстан) , одан әрі Самарқан, Термез, Құндыз, қазіргі Үндістан мен Пәкістан территориясындағы – Гиндукуштан өтті. 2001 жылы тәлібтер қиратқан Ауғанстандағы Будда мүсіндерін көрді. Пенджабта тоналып, ауылда түнеді.
Сюань Цзан сол дәуірдегі Кіші шеңбер мен Ұлы шеңбердің барлық ескерткіштерін аралады. Олардың біреулері гүлденді, енді бірі әлсіреді немесе қараусыз қалды. Болмаса бұл жерлерде Гупта династиясы тұсында необрахманизм күшіне енді. Ұлы саяхатшы Шравастиде, Бодхгайда, Раджагрихеде және де өзге орындарда болды. 635 жылы Наланду монастырь университетіне келді.Наландуға келгендерге дарбазашы көптеген қиын сұрақтар қоятын. Университетке кіру үшін сол сауалдарға жауап берілуі тиіс еді. Әдетте он кандидаттың жеті – сегізі сүрінетін. Бірақ Сюань Цзан қанағаттанарлық жауаптар берді. Сюань Цзан Наландада йогачара, индуизм, санскрит философиясын үйренді.638 жылы оқуын үзіп, субконтиненттің оңтүстігіне аттанды және Шри Ланкаға жету үшін Канчипурамаға дейін барды(Үндістанның оңтүстігіндегі қала. 100 монастыры және махаяна мектебін ұстанатын 10 мың монахы болған). Шри Ланкада патша өлгеннен кейін қалыптасқан тұрақсыздық пен ашаршылық жайлы естігеннен соң, ол Наландаға кері қайтты. Сөйтіп махаянаны үйренуді және философиялық пікірталастарға қатысудыодан әрі қарата жалғастырды.
Каджингхара патшалығының билеушісі Харша Вардхана 643 жылы Ганга жағалауында діни – философиялық диспут ұйымдастырып, оған Сюань Цзан да қатысты. Осыдан кейін Праягада Ганг пен Джамна өзендерінің қосылар тұсында, қытай монахының қатысуымен «бесжылдық фестиваль» ұйымдастырды. Ашок патшаның үлгісімен соңғы бес жылда жинаған байлығының барлығынан бас тартты.
Бұдан кейін Сюань Цзан кері қайтты және 645 жылы Сианьға қайтып оралды. Мұнда монахтар мен ресми тұлғалар Сюаньды ерекше құрметпен қарсы алды. Сюань Цзан өмірінің қалған бөлігінде аудармашылар тобымен бірге Үндістаннан әкелген жазбаларды санскриттен қытай тіліне аударуға арнады. «Си юй цзи» («Батысқа сапар туралы жазбалар»)атты кітапты артына мұра етіп қалдырды. Белгілі данышпан 664 жылы 62 жасында өмірден өтті. Өміріндегі басты мақсаты – Үндістан ойшылдарынан білім алып, сол ілімді Қытайға жеткізу еді. Ол өз міндетін орындады. Мұсылман жаулаушылары ХІ – ХІІІ ғасырларда Үндістандағы буддалық монастырьлар мен храмдардың көзін жойды. Дәл осы құлшылықтан кейін қалған мәтіндер арқылы ХІХ ғасырда көптеген буддалық орындар қайта танылды. ХХ ғасырда бүкіл әлем буддистерінің құлшылық орындары ретінде қайтып оралды.
Қасиетті орындарға жасалатын қажылық қалмақтарда, буряттарда, моңғолдарда кең таралды. Бурят ламаларының арасында Тибетке алғаш қажылық жасаған Хаамбо – лама Дамба Заржа Заяев болып табылады. Ол Тибетте жеті жыл болған. Кейіннен ол өз саяхаты туралы жазған жазбаларын император ІІ Екатеринаға ұсынды. XVIII ғасырда қалмақтар да қажылық жасады. Бұл сөзіме жасаған бағалы сыйлықтары үшін қалмақтарға Далай ламаның 1756 жылы берген грамотасы айғақ бола алады. 1891 жылы қалмақ ламасы База – бакши алыстағы Лхасқа қажылық жасады. Өзінен кейін «Тибетке сапар жөніндегі әңгімелер» еңбегін қалдырды.
Тибеттік монастырлардың арасында құрметтелетіндерінің алғашқысы Гумбум еді.(Жүз мың сурет)(Қытай Цинхай провинциясы). Бұл храм Цзонгава ламаның туған жеріне салынды және географиялық тұрғыдан тиімді аймақта орналасқан. Мыңдаған келушілер өздерінің садақаларын қала – монастырдың гүлденуіне арнады. ХХ ғасырдың басында мұнда 2 мың. Монах болған. Гумбумнан алыс емес жерде, суы қасиетті саналатын Кукунор өзені орналасқан. Көптегенкелушілер судың суық болғанына және қар жауғанына қарамастан жуыну рәсімін өткізе беретін. Құлшылық етушілер Гумбум маңында шөлдер мен таулар арқылы өтетін, ұзақтығы 2 мың шақырымға созылатын жолға шығатын. Бағыттары Лхас қаласы. Керек жарақтардың барлығын сайлап алу қажет: май, майда ұн, ұн, мініс атының жейтін заттары т.б. Қысқасы Лхасқа дейінгі 3 айлық сапарға жететін азық – түлік.Пысық діндарлар өздерімен бірге шай, орыс фабриктерінің тауарларын алып жүретін. Мұның бәрі Тибетте ерекше сұраныста еді. Лхасқа сапар қауіпті әрі қатерлі еді. Айтпақшы, құлшылыққа шығушылар ешқашанда лама – көріпкелдің болжамдары мен сыйынулар жасамастан бұрын сапарға аттанбайтын. Көпшілігі өміріне төнген қауіпті көріп, көздеген жеріне дейін бармай, кері қайтаты. Ыстық пен суық, құм, Куньлунның таулы асулары, жолдағы қарақшылар және басқа да қауіптер көп еді. Әдетте міндетті түрде қаруланған және құрамында 100 адамы бар керуенмен жолға шығатын. Тибеттің жергілікті билігі алдында құлшылық етушілер әлсіз еді. Ұрыларды айтып арыздану - нәтижесіз іс. Куньлунь асуынан соң керуенді тибеттік шекарашылар қарсы алатын. Олар мемлекетке солтүстіктен шетелдіктер кіріп кетпеуін қадағалайтын. Керуендер өзеннен «тибетше» өтетін. Адамдар ұсақ тақтайлардан жасалған «көпір» арқылы өтулері тиіс еді. Суға бату қаупі болғандықтан көпірден бір ғана адам өте алатын. Күн ашықта Гола асуларының ұшар басынан Лхас храмының алтындалған шатырын көруге болады. Аңызға қарағанда, осы жерден храмға дейін жаяулатып бару міндетті. Кейбір діндарлар асқан құштарлықпен, етпеттеп жолдың шаңын бойына сіңіріп өтетін. Алыс аймақтан келген адам Лхас дәстүрі бойынша тамақ жеместен, отырмастан бұрын, дереу құлшылыққа кіріседі. Құлшылық етушілер Лхас маңдарында үш негізгі монастырды: «Цзонгава ілімінің 3 қағидасы» – Галдан, Брайбун және Сэраны аралайтын. Галданда Цзонхаваның табыты, ұлы императордың алтын тәжі, Брайбунда – алғашқы Далай - ламалардың табыты орналасқан. Брайбунда көріпкелдікпен астасқан 10 мың монах саналған. Шигзадзадағы Панчен – ламалардың резиденциясы – Таши лунгпо монастыры өте қатты құрметтелетін. Буряттық діндарлар, Гелуг мектебінің ұстанушылары өздерінің қасиетті жерлерін аралады. Өзгелері Карма – кагью мектебінің басшысының резиденциясы – Цюрпуға барды. Және де барлығы бірдей құлшылық етуіне арналған орындар да болды. Мәселен, Потала сарайы және Лхастағы Джокханг храмы.
Лхаста уақытының бір бөлігін өткізген соң, сыйынушылар кері қайтатын. Қайтар жолды қиын демесең, оңай деуге әсте келмейтін.
Буддизмдегі құлшылықтың ерекшеліктері.Будда нирванаға кеткеннен соң оның денесіне креамация жасалынды. Содан соң қалдықтары 8 бөлікке бөлінді. Буддизмдегі қажылық Будданың қалдықтарына сыйынудан басталды. Осылайша буддизмдегі құлшылық мыңдаған жылдардан бері жалғасып келеді. Біз алғашқы құлшылық етушілердің бірі Магадха патшасы Ашок екенін жоғарыда атап өттік. Қажылық махаяна мен тхеравада дәстүрінде де бар. Бастапқыда буддизмдегі құлшылық үнділердің құлшылығын еске түсіретін. Кейіннен индивидуалды қасиеттерге ие болды.Санскрит пен палиде құлшылық етуші праваджья немесе пабаджья деген атаумен дараланды. Дхаммападада былай делінген: құлшылық етуші – әлемнен бас тартқан адам. Буддалық әдебиеттерде, дүниеден бас тарту адамның дәрежеге жетуіне және буддалық сангханың мүшесі болуына қажет. Бірақ сапар мақсатсыз емес – ті. Ол қасиетті орындарды аралауды мақсат тұтатын. Буддалық монахтардың аскеттік практикалары және диуаналық өмір салты буддизмді таратуға айрықша еңбек сіңірді. Монахтар жаңбырлы күні ғана бір орында қозғалмай отыра алатын. Ал өзге уақыттарда ел – жұртты кезіп кететін. Осылайша саяхаттау канонның ажырмас бөлігіне және буддалық монахтардың ажырамас міндетіне айналды. Махаяна мен тхеравадалық буддизмнің кейінгі кезеңдегі әдебиеттерінде де қажылық туралы айтылады. Будда Чарита құлшылықты аспанға апаратын баспалдақ деп санайды. Буддизмде қасиетті өзендер мен тиртхалар құрметтеледі.
Буддизмдегі қажылық - рухани нәтижеге жету, сыйыну және жоғарғы күштерге құрмет көрсету үшін киелі орындарды тәуәп етуді көздейді. Махаянада буддист қажылық арқылы игі істерін арттырып, тіршілік иелеріне пайда келтіруді парыз санайды. Және де бұл негативті кармаларды жуып шаю және келесі өмірінде жақсы бейнеде туылу немесе жоғары күштердің қамқорлығын иеленуді де білдіреді. Қажылық жасау кезеңінде адам монахтық обеттерді қабылдады.
Қажылық рәсімі келесі кезеңдерден тұратын:
- киелі орындарға көп бару, - дұға оқу; - сыйыну объектісінің алдында үш мәрте сыйыну,
монастырға кірер алдында, әрдайым ашылған алақанмен ерін мен жүрекке,маңдайға – ойдың, тілдің және дененің символдарына тигізу. Сыйлық – алғыс пен сыйластықты білдіру; сумен тазалану. Тибетте бірнеше тамшыны тигізсең ғана болды сол жеткілікті. Ал Үндістанда адам толығымен Ганганың суына шомылатын.
Қадірлі ламаның батасы.
Бұл рәсімдердің орындаудың реттілігі қатаң регламенттелмеген.(мұсылмандардың Меккеге қажылығымен салыстырғанда).
Буддизм де өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Дүние жүзінде бұл діннің тармақтары өте көп. Хинаяна немесе Тхеравада (оңтүстік буддизм) және Махаяна (солтүстік буддизм) негізгі бағыттары болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап,жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады.