Ытайдың ұлттық діндері:даосизм және конфуцианшылық.
Қытайлар да баска халыктарға үқсап, күдайлар мен рухтардың қүрметіне күрбандықтар шалды. Уақыт өткен сайын политеистік діни жүйелер генотеистік (бас қүдайлық) діни көзкарасқа ауысты. Рулық көп қүдайлардың ішінен ¥лы Қүдай Шанди аты аңызға айналды. Қытайлық үлы Қүдай Шанди өз халқының мүңын жоктайтын, жағдайын ойлайтын, камқорлық жасайтын және арғы ата-бабаларының, ата тектерінің негізін қалаушы ретінде қабылданады.
Даосизмб.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бүл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те бола-ды. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсы жағдайына көшеді. Дао болса, алғашқы бастама, алғашқы түп негізі және барлық қүбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы және аспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығады да, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао жалпы дүниетанымдық ұғым.
Б.д.д. II ғ. даосизм діникөзқарасқа айналды. Лао-цзы б.д.д. 666 ж. үлы діни императорға айналып, оның қүрметіне көптеген храмдар салынады. Бара-бара даосизм көптеген секталарға айналады.
Конфуций діні.Қазіргі Қытай халқының ең беделді үлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун - үстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы және Сюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.
40-44) Христиан дінінің мыңдаған ғибадат етушілері бүгін Вифлеем қаласына жиналып, дәстүрлі мерекелері Иса пайғамбардың туған жерінде Рождество мерекесін тойламақшы.
Израиль 300-дей палестиналық еврейдің Газа қаласынан келуіне 24- сағатқа рұқсат берді. Барлығы 15 мың ғибадат етуші Вифлеемде Рождество мерекесін атап өтеді.
Мереке түн ортасында Иса пайғамбар дүниеге келген шіркеуде басталады.
Палестинаның туризм министрі Хулуд Дуайбестің айтуынша, 2009 жылы Вифлеемге 1,6 миллионнан аса адам жиналды.)
Па́сха (гр. πάσχα; ивр. песах — мағынасы «өтіп кету»), ), мәсіхшілік діні бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орыс. Светлое Христово Воскресение) — христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген Христиан діні діни мейрамдарға үлкен көңіл бөледі. Осы көптеген мейрамдарды төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған, Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарға арналған. Осылардың ішінде «тойдың тойы, мейрамның мейрамы» дейтін мейрамдардың ең үлкені – Пасха. Христостың құтқарушысы ретінде құрбан болуына, оның өліп, қайтадан тіріліп, аспанға шығуына және жерге қайтадан келуіне сену. Пасха барлық күнәні кешіру мейрамы деп саналады. Бұл мейрам 325 ж. Никея соборында бекітілді. Көктем түскенде күн мен түн тең болған «21-наурыз» күнінде тойланады. Пасхадан басқа шіркеу 12 негізгі мейрамдарды тойлайды, оның атын «двунадесятыми» деп, санына сәйкес атайды. Оның 8-мейрамы Иисус Христосқа арналған: Христостың дүниеге келгені (рождество), жаңа жылдың бастамасы. Христосты адамдарды қорғау, сақтау үшін Құдай жіберді деп есептейді. Котолик ағымы бұл тойды 25 желтоқсанда, ал провославиялықтар 7 қаңтарда мейрамдайды. Троица (үш мүсінді құдай) немесе «пяипятидесятница» деп аталатын мейрамды Пасхадан 50 күннен кейін атап өтеді. Христостың апостолдарына «қасиетті рухтың келуі» — дейтінді еске алу ретінде өткізіледі. Сретение господне – мейрамы, «кездесу тойы» деп аталады. Христос туғаннан соң 40 күннен кейін әкесі Иосиф және анасы Мария баланы шіркеуге апарады. Оны Симон әулиесі алдарынан шығып, шіркеуге кіргізеді. Крещение – Иисус Христостың Иоран өзенінің суына батыру арқылы шоқындыру тойы туралы. Преобреженье – (түсі жаңару), — Иисус Христостың шәкірттерінің алдына бір кезде солардың көз алдына өңі жаңарып өзгергендігі туралы той. Вербное воскресенье – Иисус Христостың дарға асылар алдында Ирусалим шіркеуіне баруы туралы той. Вознесенье— Иисус Христостың өлгеннен соң тірілуі мен оның ауаға, аспанға ұшып кету тойы. Вознесенье —Император Константинның анасы Елена, Иисус Христостың дар ағашы кресті тауып алуы туралы той. Қалған 4 мейрамы Иисус Христостың анасына немесе Марияға арналған: «рождество богородицы» — Марияның туған күні, Давид патшасының руынан, Иоаким әкесі де анасы Аннадан туылған тойы, Блоговещенье – Архангель пері Гавриал Мария қызына Құдай атынан бала туатынын хабарлап айту тойы. Введение во храм богородицы– үш жасындағы Марияның храмға бірінші рет бару тойы. Успенье – Марияның (Құдайды туған) өлімі туралы «хабарлы» тойы. Христиан мейрамынан соң әр түрлі салт жоралар, салттары бар, оларға (ораза), перілерді қуу ырымы, жерлеу ғұраптары және басқа да салттары көп. Қысқаша айтқанда, Шіркеу христиандарға жылына 200 рет шіркеуге келуін талап етеді.лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы.
41) Проваславия ілімінің католик ілімінен айырмашылығы Рим Папасының күнәсіздігі туралы догматтың жоқтығы. Сондай-ақ,Қасиетті Рух және Мария Қыз туралы ілімдерде, шіркеулік қызмет
ісінде және календарьда, постылар санында айырмалар бар. Христиан адамның өмірі храммен тығыз байланысты. Провославия храмы 3 бөліктен: 1) алтарь; 2) ортағы бөлік; 3) притвордан тұрады. Алтарьхрамның негізгі орны, аспан патшылығының символы Құдайдың өзінің тұрғын жайы. Храмның орталығында қасиетті тақ тұрады.ол ағаштан, мрамордан кейде күміс немесе алтыннан жасалуы мүмкін. Алтарьға кіруші Қасиетті Таққа қарай үш рет жерге бас иеді. Провославиядағы қызметші атақтар 3 дәрежеге бөлінеді: диакон,пресвитер (священник, иерей), епископ (архииерей). Осы 3 шендісатыдан тұратын дәрежелердің биіктеу мынадай түрлері бар: архидиакон, протоиерей, архиепископ, митрополит, патриарх т.б.Лютерандық дін оның негізін салушы Мартин Лютердің атымен байланысты. Бұл ағым ХV-ХІV ғасырларды католик ширкеуінің
қысымына қарсы пайда болды. Католик шіркеуі ерекше сот инквизицияны шығарды. Бұл сот еретиктермен және католик шіркеуіне қарсы айтылған барлық ойлармен күресті. Рим Папасы ИннокентийІІІ 1198-1216 жылдары Францияның оңтүстігіндегі өзіне қарсы хри-
стиандарды қатты қудалады. Папа Григорий ІХ 1227-1241 жылдары еретиктерді ұстау, қинау, соттау, өлтіру, мүлкін шіркеу есебіне тәркілеу туралы булла (арнайы жарлық) шығарды. Инквизиция600 жылдай өмір сүрді. Осы жылдары 500 мыңдай адам қиналды,
өлтірілді. Тек бір Испанияда 1481-1808 жылдары арасында 288 мың 214 адам қудаланып, олардың34 638 тірідей өртелді. 1484 жылы Папа Иннокентий VІІІ мыстандарды (ведьма) қудалау туралы булашығарды. 100 мыңдай әйелдер мыстан ретінде инквизиция сотының
қабырғаларында өлтірілді.Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.
Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.
42) Протестанттық Пастор (шіркеу қызметшісі) жазбаны көбірек
білетін бедел иесі. Шіркеу қызметкерлерінің қатардағы сенушілерден айырмасы жоқ. Кейбір протестанттық ағымдарда әйелдер де шіркеу қызметшісі бола алады. Протестанттар монахтық өмірді жоққа шығарады. Шіркеу құпиялары протестанттарда тек символдық
сипатта болды. Протестанттық табыну салтанаттылықты қажет етпейді. Про-
тестанттар шіркеулік иерархияны жоққа шығарды. Протестанттар
барлық адамдар өз бетімен Құдайға жол таба алады деп санады.. Крест символ ретінде пайдаланылады. Оның болуы қажет те емес.
Діни мейрамдар аз. Олар сенушілердің заманауи өміріне үлкен мән
береді. Батыстың көптеген елдерінде протестанттық еңбек этикасы
– адал тырысып еңбек етуі қажеттілігі негізделген. Протестанттық
ағым қазіргі әлемнің кәсіпкерлік дамуына сәйкес келеді.Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.
Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады.Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.
Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.
Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.
43)Католик дінінің шығуы.Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шықты. IV ғ. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясының христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.
Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып тұрды. Бірақ 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшы-
сы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді
Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы –Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының ұзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы,
поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі, т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы – Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жұмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жұмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан
дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады.Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады.Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек
Италяндықтар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бұл атақты Поляк
кардиналы король Войтыл алды.
45 Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен кейін Насрани діні біртіндепəлемге тарай бастады. Алғашқыда бұл жаңа дін пұтқа табынушы римдіктер менгректер тарапынан өте қаталдықпен күтіп алынды. Исаға сенетіндер ұстап, өлтірілді. Ареналарда жыртқыштарға жем қылынды. Алайда, хақ дін халық арасында өзіне деген сүйіспеншілікпен құрметті арттырып, таныла берді. Өкінішке орай, уақыт өте келе ақиқат Інжіл жойылды. Мұнафық болған Павлостың “Исаның креске керілуі – құдайдың бір даналығы, əділеттілігі жəне адамзаттың құтылуы. Өйткені, Аллаһ адамдардың күнəларын кешіру үшін өзінің ұлын құрбан еткен” деп алға сүрген мəнсіз көзқарасы қазіргі христиан дінінің сенім негізін қалыптастырған. Иса алейһиссалам еш уақытта адамдардың күнəһар болып туылатынын айтпаған, бірақ қазіргі христиан діні былай айтуда:
1. Адамдар дүниеге күнəһар болып келеді. Өйткені, алғашқы адам - Адампайғамбар Аллаһқа мойынсұнбаған, сол үшін жұмақтан шығарылған.
2. Адам алейһиссаламнан кейін келген барлық адамдар осы күнəменкеледі.
3. Иса алейһиссалам - адамдарды осы күнəдан құтқару үшін дүниегекелген Аллаһтың ұлы.
4. Аллаһу Та’ала адамзат мойнындағы осы үлкен күнəні кешіру үшін өзұлын креске кергізген.
5. Дүние - қиыншылықтың мекені. Дүниеде көңіл көтеруге болмайды.Адамдар қайғы шегу жəне ғибадат жасау үшін жаратылған.
6. Адамдар тікелей Аллаһу Та’алаға ғибадат жасай алмайды. Аллаһу Та’аладан еш нəрсе сұрай алмайды. Тек дінбасылар, пірəдарлар адамдардың орнына Аллаһқа жалбарына алады жəне олардың күнəларын кешіре алады.
7. Христиандарды папа басқарады. Ол күнəсіз. Оның барлық ісі дұрыс.
8. Адамдардың рухы мен тəні екі бөлек. Адамның рухын тек пірəдарларғана тазалай алады, тəн болса əрдайым күнəһар болып қала беретін төменгінəрсе болып табылады.
Інжіл
Аллаһ тарапынан адамзатқа түсірілген қасиетті кітаптың бірі - Інжіл. «Інжіл» сөзі - «сүйінші», «ізгі хабар» деген ұғымды білдіреді126. Құранда Інжілдің Хазіреті Иса пайғамбарға түсірілгендігі жайында былай делінген:
«Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Таурат- ты растаушы етіп, Мариямұлы Исаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Таурат- ты растаушы етіп, сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік» (5.Майда-46).
Христиандықтың алғашқы кезеңдерінде бір-біріне ұқсамайтын көптеген Інжіл кітаптары болды. Осыдан келіп, әрбір қауым тек өзінің Інжілін ғана дұрыс деп, өзгенікін мүлдем теріс деп санады. Мұның соңы әр қандай ұрыс- керіске жетеледі. Сенім қақтығыстарындағы «отқа май құйғандай» әсер ететін мұндай қарама-қайшылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі: «Хазіреті Иса құдайдың елшісі ме, әлде Құдай мен адамдар арасындағы делдал ма?», «Құдайдың елшісі ме, әлде әкесіз туылғандықтан Құдайдың ұлы ма?» деген секілді сұрақтар.
Император Константин Рим империясын нығайту үшін барлық халықтарды өз билігінің астында топтағысы келді. Сондықтан христиан дініне теңдік пен бостандық беріп, сол дінді қабылдатуды ұйғарады. Сол мақсатпен христиандық сенімнің негіздерімен жақынырақ таны- са келе, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды көріп,
325 жылы қазіргі Түркия еліндегі көне Изник шахарында «Никей саборын» өткізді. Бұл саборға бас аяғы 2048 епис- коптар мен патриархтар келді. Әлбетте, олардың Хазіреті Исаға деген көзқарастары да әр түрлі еді.
Император түрлі ағым өкілдерінің ойын тыңдап, олардың әр түрлі, тіпті кейбір мәселелерде бір-біріне мүлде кереғар келіп жататын түсінік-пайымдарына қайран қалады. Соңынан ол Полстың (Павел) ағымын қолдап (Исаны құдайландыруды қолдайтындар), арнайы мәжіліс ұйымдастырып, 318 епископтың ұйғарымымен 4 Інжілден өзгелерін құрту туралы шешім қабылдайды. Осы шешім- ге сай патшаның көмегімен өзге ағымдар қудаланып, кі- таптары жағылып қуғын-сүргінге ұшырады. 325 жылдан
1869 жылға дейін христиан әлемі осы мәселе төңірегінде 20 рет әлемдік деңгейде бас қосу (сабор) өткізген екен.
Міне, осы Никей бас қосуынан соң христиан әлеміне Інжілдің төрт нұсқасы белгілі болды. Олар «Жаңа Өсиет» деп аталады. «Жаңа Өсиетте» әлемге танымал 4 Інжіл кі- табы мен әр түрлі тақырыпта жазылған 21 хат пен «Аян» тақырыбы қамтылған128. Христиандардың түсінігі бойын- ша, «Жаңа Өсиетке» топталған бұл кітаптар мен хаттарды хауарилер жеткізген және олардың сенімділігінде ешбір күмән жоқ. Алайда, оларды Інжілдің Хазіреті Исаға түскен түпнұсқасы емес, кейінірек тіршілік қажеттіліктеріне орай жазылған деуші пікірдегі христиандар да бар.