Алтын орда кезіндегі ислам діні 4 страница

36)

Сикхалар - XV-XVI ғғ. Үндістандағы мұсылмандар мен үнділіктерді біріктіруге шақырған жаңа ілім негіздерін уағыздаған Нанак есімімен байланысты ілім, ол сикхалар ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі. Нанак ислам дінінен құдай - бұл жақсылық пен махаббат, жетекші гурудің басшылығымен құдаймен бірігуге ұмтылу қажет идеясын алды. Сикха - оқушылар, яғни гуру Нанак ізбасарлары дегенді білдіреді. Сикхалар барлық адамдардың құдай алдында теңдігін, осыдан келіп касталық жікке бөлушіліктен толығымен азаттықты уағыздады.

Сикхалар касталық пен брахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыздады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақ асхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалар мешіт сияқты гурдваларда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне, көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты.

Гуру Нанак пен оның ізбасарларының уағыздары Пенджаб түрғындарының арасында кеңінен тарады. Барлығы Сикхалар бір-бірін ауыстырған 10 ұстаз-гуруды мойындайды. Кейін Сикхалар - діни сектасы қалыптасып, ал оларды моңғол императорларының қолдауына байланысты беделі мен ықпалы да күшейеді. Сикхалар сектасы өздерінің ерекше ережелері бар көптеген адамдардың қауымдастығына айналады.

Сикхалар күшеюі, діни-саяси қауымдастыққа айналуы моңғол императорларының оларға деген қатынасын өзгертеді. Сикхалар қауымдары мен олардың жетекшілер қудаланып, қатаң жазалана бастайды. XVII ғ. 9 гуру өлтірілген. Сикхалар - әлі күнге дейін Үндістандағы белсенді этноконфессионалдық қауым

37) Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде — Брахманға, Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осылардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.

Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп- қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.

Шива — қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында — бас сүйектер. Шива — өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан басты айырмашылығы — олардың Жер бетіндегі тіршіліктің қайнаған ортасында болуы және оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып жою мен өлім құдайы.

Үнді-будда дініндегі бүл дүниеге көзқарастар қарама-қайшылықтарға толы болып келеді. Будда дінінде ғана емес, тіпті сансаралардың өзінде де өмірдің қайғы-қасіретке, жамандық пен жауыздыққа және тағы да басқа келеңсіз көріністерге толы екендігі жан-жақты сипатталады. Үнді-будда дініндегі адамдар төрт этикалық нормаларды негізге алуы қажет. Олар: дхарма, артха, кама және мокша.

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

38)Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларыныңаңыздық бастауы болған.

Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.

39)Ұлттық халықтыңдіндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты үлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол үлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска улттарға тарамайды. Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі үлттардың арасында тараған улттық діндерге жататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм және т.с.с.

Наши рекомендации