Алтын орда кезіндегі ислам діні 2 страница
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен мұсылмандарды – мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мәдиналықтарды – ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ, Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар болды. Мәдина маңайын бұрыннан мекен етіп келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа, Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсылмандармен тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы келісімдерді орындамай бұзып отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады.
630 жылы Меккені азат етті. Кезінде өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді.
Аллаһ елшісі(с.ғ.с.) 632 жылы қажылық кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі Ислам тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды.
Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, ол жерге арулап жерленді.
24) Исламдағы бес парыз.
Ислам діні бес парызға негізделген. Сол үшін адам баласы оның барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола алмайды.
1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру. Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып табылады: "Лә иләһа иллаллаһ" аудармасы "Аллаһтан басқа тәңір жоқ" ал, мағынасы "Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ". Яғни, Аллаһ Тағала шынайы Құдай, ал Одан өзге құлшылық қылынатын "құдайлардың" барлығыда бекер немесе жалған деп білу. "Иләһ"-деп араб тілінде құлшылық қылынатынды айтады. "Мұхаммадар-расулул-лаһ" - куәлігінің аудармасы "Мұхаммед Аллаһтың елшісі" ал, мағынасы "оның хабарлағаны рас деп білу, бұйырған нәрселеріне бағынып, қайтарғандарынан аулақ болу және оның көрсеткені бойынша Алаһқа құлшылық-ғибадат ету".
2 - парыз: Намаз оқу. Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы үшін және мұсылманмен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті. Сонымен қатар намаз - арсыздықпен жамандықты тыюшы. Аллаһ Тағала намаз оқыған адамға дінінің көркемдігімен иманының ізгілігін және сауабын реттейді. Мұсылман адам бес уақыт намаз арқылы бұл дүниеде де, ақыретте де оны бақытты қылатын рухани және дене рахатына ие болады.
3 - парыз: Зекет беру. Зекет дегеніміз - байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті мұсылманнан кедей, кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны айтады. Ал, малы, байлығы зекет берілетін мөлшерге жетпеген пақыр-кембағалдарға зекет беру міндетті емес. Зекет садақасы діндерімен мұсылмандығы толық болуы үшін, халдерімен ахлақтарының дамуы үшін, сол сияқты өздері мен малдарын түрлі апаттардан сақталуымен және күнәларынан тазаланулары үшін беріледі. Сондай-ақ зекет садақасы мұқтаж адамдарға және пақыр, кедейлерге қарайласуларымен олардың жалпы пайдалары үшін демеу ретінде болады. Негізінде зекет садақасы бай, дәулетті адамдарға ғана уәжіп болады.Соған қарамастан Аллаһтың оларға берген малы және рызығымен салыстырар болсақ,бұл дегеніміз дүниелерінің азғантай бөлігі болып табылады.
4 - парыз: Ораза тұту. Барлық мұсылмандар һижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза тұтады(1). Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы сияқты өздерінің табиғи құмарлықтарымен шәһауаттарынан таң атқаннан күн батқанша тиылады. Оның есесіне Аллаһ Тағала Өз пенделерінің дінін толық әрі мықты етіп, оларды Өз рахымына алады және оларға Өзінің құрметімен көптеген сауаптар жазады. Сондай-ақ олардың иман байлықтарын арттырып, күнәларын жарылқайды да, дәрежелерін көтеріп қояды. Және де ораза тұтқандары үшін дүниемен ақыреттің көптеген жақсылықтарынан береді.
5 - парыз: Қажылық қылу. Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп - белгіленген уақытта ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллаһтың үйі - қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды. Аллаһ Тағала қажылықты жағдайы келген әрбір мұсылманға өмірінде бір рет орындауын парыз етті. Қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің әр түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ, жалғыз Раббылары - Аллаһқа құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан, қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында ешбір айырмашылық болмайды. Олардың барлығы Арафат тауында тұру, мұсылмандардың қыбласы Қағбаны тауаф(2) ету, Сафа мен Маруа арасында жүру тәрізді қажылық амалдарын орындайды. Мұсылмандар үшін, қажылықта екі дүниесінде де пайдалы, санауға ешкімнің есебі жетпейтін көптеген сауаптар жатыр.
25)Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ. Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.
Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б. Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.
сламның негізін салған Мұхаммад пайғамбар, дәлме-дәл – Айтулы, Даңқты(570-632) – шынайы тарихи тұлға. Исламның Қасиетті жазуы – Құранды Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен уағыздаушы қызметі туралы мәліметтердің жалғыз сенімді дереккөзі ретінде есептейді. Өмірбаяндық сипаттағы алғашқы жазба шығармалар тек VIII ғ. ортасында пайда болды.
Генеологияға сәйкес, исламның негізін салушы Мұхамед пайғамбар Арабия түбегінің ең үлкен саудалық және діни орталығы болып есептелінетін Меккеде билік еткен курайш сияқты семит тайпасының Хашим деген атақты бай, бірақ одан кейін кедейленген рудан пайда болды делінген. Мұхаммед өте ерте ата-анасынан айрылды: әкесі (Абдұлла) оның дүниеге келуіне дейін қайтыс болды, ал шешесі (Амина) Мұхамедке 6 жас болғанда дүниеден қайтты. Ол Аравияның көшпенді және отырықшы тайпалардың 360 құдайлары сақталынған Кааба ғибадатхананың сақтаушысы болған өзінің атасында 8 жасқа дейін тәрбиеленді, атасы қайтыс болған соң оны туған ағасы Әбу-Талиб өзіне алады, ол Мұхамедті түйекеш және керуенші өнеріне үйретеді. Біраз уақыттан кейін оған немере қарындас болған және керуен саудамен айналысқан Хадиджа бай жесір әйелге қызметке барады. Біраздан кейін Мұхамед оның іс басқарушысы болып тағайындалады, ал одан кейін 595 ж. оған 25 жас, ал Хадиджаға 40 жас болғанда олар үйленеді. Оларда 6 немесе 7 бала туыпты, бірақ олардың ішінен тек 4 тірі қалған. Алайда жоғарыда айталғанның барлығы Мұхамед пайғамбар өмірінің күрделі рухани ізденістермен қосталынған тек сыртқы арқауы болып табылады.
26) Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддизм ламаизмтүрінде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шіркеу қызметкерлері құдайдың сүйікті құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) діндар адамдарға ұстаздық етумен айналысады.
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.Ламаизм буддадінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджараментеңестіріле отырып, мәңгілік символы - түрақтылық және бүзылмайтындығы.
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарас-тырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIIIғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттары енді.
XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» - Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде түрады.
ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.
Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..
Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.
27)Махаяна (Ұлы күйме, Ұлы жол) — хинаянаның өте ертедегі буддизмінен біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінген бағыт. Оның негізінде басты міндеті тіршілік иелерін жаппай қайғы қасіреттен құтқару болып саналатын көмекші-бодхиссаттвалар рөлі туралы мағлуматтар жатады. Махаянистік буддизмнің Орталық және , Шығыс Азияға тарауы, онда әр түрлі діндер мен сенімдердің тоқайласуы немесе өзара жарыса өмір сүруі нәтижесінде Будда ілімінің алғашқы мистикалық жағына, буддизмде әуелгі кезінде болмаған құдайлар мен тәңіриялардың пайда болуына айрықша бой ұру орын алды .Хинаяна (Кіші күйме, Кіші жол)— буддалық қауымдар (сангхалар) біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінгеннен кейін тараған ертедегі буддизмнің бұл ілімді махаянадан («үлкен шеңбер») айыру үшін алған атауы. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады
28) «Әбу Ханифа медресесі»орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын діни оқу орны.
Ол ҚР Әділет министрлігінің №114536-1910-М-е нөмірімен тіркеліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен №0142685 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын алған. Медресенің оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
Оқу түрі күндізгі. Медресе қабырғасында еліміздің түрлі аймақтарынан келген 60 шәкірт білім алуда. Оның ішінде 29-ы І - курста, 18-і ІІ - курста және 13-і ІІІ - курста білім алуда. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарға қатысып, өзіндік жұмыстармен айналысады.
Оқу жылының соңында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.Аталмыш оқу орнында діни біліммен қатар қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген пәндерден де білім беріледі. Медресенің оқу ғимараты мен жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқу ордасына қажетті барлық жиһаз, соңғы техникалық құралдармен, компьютерлік сыныптарымен қамтамасыз етілген, кітап қоры бай кітапханасы да бар.
Болашақта медреседе маман дайындау деңгейіне, білім бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, білім беру үрдісіндегі кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегі талаптар күшейе бермек. Өйткені, алдағы уақытта үлгерімі жоғары түлектерге өз білімдерін Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінде тегін жалғастыруына мүмкіндік бе
29)Матуриди Әбу, Мұхаммед ибн Махмұд Әбу Мансұр әл-Матуриди ас-Самарқанди (870 — 944, Самарқандмаңындағы Матурид қ.) — кәлам мектебінің негізін қалаушы. “Матуридийа” имандылық (ақида) мектебін қалыптастырған. Таша Кубро Заданың айтуынша, “имандылықтың жоғары дәрежесіндегі” М. Ә. фикһты, яғни ислам теориясын ханафиттік құқықтанушылардан үйренді, кейін өзі де фикһ пен кәламнан дәріс берді. Оның “Та ауиләтул әһлис-сүннә” немесе “Та ауиләтул-Құран” аталатын кітабы матуридийаныұстанушылардың негізгі оқу құралы саналды. Екінші туындысы “Китаб- ут-таухид” түрлі діни ағымдардың айырмашылығын көрсететін алғашқы еңбек. Мұнан басқа шариат негізінде жазыл-ған “Ма ахузуш-шараиғ”, “Әл-Жәдл” секілді еңбектері бар. М. Ә. ілімі, негізінен, Мауреннахрдағы ханафиттер арасында мәлім болды, оның жолын қуушылар бірқатар мәселелерді ашариттік түсінік тұрғысынан шешті. Бұл түсінік бойынша, Құдайдың бары хақ, Құран — мәңгілік. Күнәсіз жандардың о дүниеде Құдаймен жүздесуге мүмкіндігі бар. Адамның бүкіл іс-әрекеті Құдайдың құдіретімен жасалады. М. Ә. жолын ұстанушылар адамда таңдау еркіндігі (ихтийар, ықтияр) бар екенін мойындайды
30)Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанБуддизм Қытайда 2 мың жылдай өмір сүрді және бүгінгі күні де қалдық құбылыстар ретінде сақталып келеді [1]. Буддизм қытайлықтарға бірден «ең жоғарғы ақиқатты» және моральді өмірдің мызғымас негізін ұсынды. Бұған қоса буддистік идеал қытай даналығының ұқсасы ғана емес, тіпті альтернативасы ретінде де болды [2]. Екі мың жыл ішінде бұл шетелдік ілімнің сипаты түбегейлі өзгеріп, қытайланды, бірқатар мүлде жаңа сипаттар мен ерекшеліктерге ие болды. Буддизмге дәстүрлі қытай мәдениеті зор ықпал етсе, буддизмнің өзі де сол мәдениетті Қытайда бұрын-соңды болмаған және дамымаған жаңашылдықтармен таныстырды. Буддизмнің бұл әсері әртүрлі салаларда байқалды.
Сірә, буддизмнің ең көрнекі және қомақты үлесі өнер мен архитектура салаларында болды. Көптеген храмдар мен монастырлардың, айбынды храмдық кешендер мен үңгірдегі сарайлардың, сансыз пагодалардың құрылысы қытай сәулет өнерін көп жағынан әрлендірді. Әсіресе бұл қазіргі күні де Қытайдың ежелгі архитектурасының анағұрлым белгілі және көз тартатын ескерткіштері болып табылатын пагодалар мысалында байқалады. Ежелгі үнділерден тараған бұл пагодалар әдетте төртбұрыш, дөңгелек немесе көпбұрышты құрылымдағы көпқабатты ғимараттар болып келді. Әр қабат буддистік космогониядағы аспандардың біреуін бейнелеуге тиіс болатын. Мұндай пагода шынымен де керемет өзіндік бір өнер туындысы болып табылады.
Бұдан да көп дәрежеде буддизм қытай өнерінің кейпін әрлендірді. Буддизммен бірге Қытайда елде монументті мүсін өнері дамуының негізін қалаған бұған дейін тіпті болмаған мүсіндік иконография кең етек жайды. Осы уақытқа шейін Қытайдың мүсіндік мұрасының басым бөлігі қалай болғанда да буддизммен, оның идеялары, қабырлары, аңыздарымен байланысқан ғимараттар үлесіне тиді. Қытай өнерінің бұл саласында үнді-буддистік ықпал әсіресе анық аңғарылды (құдайлардың келбеті, олардың тұрыстары мен қол қимылдары, тіпті жануарлардың басым түрі – буддизмдегі ең сүйікті және Қытайда тіпті беймәлім арыстан), алайда мұнда да дәстүрдің көпғасырлық эволюциясы оның өзгеруіне, қытайлануына септігін тигізді. Бұл қытайланудың нәтижесінде қытай буддистік иконографияда мүсін өнерінің көптеген мәдени ықпалдар мен дәстүрлердің күрделі құрама қоспасы болып табылатын, алайда онымен бір уақытта сөзсіз қытайлық, елдің ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігін құрайтын өзіндік, ең жоғарғы деңгейдегі соны синтетикалық стилі қалыптасты.
Егер Қытайдағы ұлттық мүсін өнерінің пайда болуы мен өрлеуіне буддистік иконография шешуші әсер етсе, бүкіл әлемге әйгілі Сун дәуірінің шеберлері және бұдан кейінгі кезеңдердегі қытайлық пейзаж кескіндеменің гүлденуінде «Чань» сектасы ең маңызды рөл ойнады. Будда әр жерде және барлық затта – таулардың үндемеуінде, құстардың сайрауында, желден қозғалған жапырақтардың сыбырында, табиғаттағы басты нәрсе – бұл ұлы шексіз бос кеңістік деген сектаның ілімі кескіндеме шеберлеріне үлкен әсер етті. Бұлар үшін болашақтың заңдары болмады, өйткені қағазда молынан жайылған таулар олар үшін ешқандай нақты мазмұнға ие болмады, тек қана табиғаттың ұлы қуыстығын бейнеледі. Тіпті сурет салу үдерісінің өзі мистика мен сиқырға толы болды: суретші сырт қабықтың жамылғысымен жасырылған заттардың ішкі мәнін, рухани эссенциясын қағып алуға, түсінуге тырысып, ұзақ уақытты селқостықта, көңілсіздікте, үнсіз медитацияда өткізгендей болатын. Қалағанына қол жеткізіп, интуициялық түрткі, нұрға бөленген шабыт алған соң, ол бірден бір минутын да жоғалтпай жұмысына кірісетін. Оның қаламы еркін, шабытпен, автоматты түрде дерлік ұшқақтайтын, өйткені шабыт сәттері сирек келеді, ал дәл сол кездерде суретшінің өнері мен шеберлігі тасиды [3].