Лекция 1Мәдениет және дін. Ұлттық діндер және мәдениет

Ф-ӘД-001/026

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы, т.ғ.к., доцент

Е.Төлегенов _______

«» 2016 ж.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДІНпәнінің

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Мамандықтың аты, шифры: Барлық мамандықтар үшін

Оқу формасы: күндізгі

Курс: ІІ

ТҮРКІСТАН-2016

Лекция тезистері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің 02.09.2014 жылғы №1 хаттамаcымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.

Лекция тезистері кафедраның «___» ____09______ 20 16__ ж. (хаттама №1 __) мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі ____________И.Шенгүл

Лекция тезистері факультеттің «_02__» _____09____ 20_16_ ж. (хаттама № 1__) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы ______________ Б.Керімбаева

КІРІСПЕ

Лекция 1Мәдениет және дін. Ұлттық діндер және мәдениет

Жоспар:

1.Пәнге кіріспе.

2.Алғашқы діни-нанымдар және алғашқы қауымдық өнері.

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүнитанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.

Жоғарыда айтылғандар – дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын айтамыз, деген тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі көзқарастар қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарстыру бізді діннің шын табиғатына бір қадам жуықтата түседі.

Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді. Ол құрылымдық жағынан діни сана, діни харекет, діни ұйым болып тарайды.

Діни сана құрылымы – діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни сана күнделіті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді. Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.

Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс) сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) дап аталады.

Екіншісі – діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады; діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді; қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ, діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.

Үшіншісі – діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады. Бұл үрдіс секуляризация үрдісі (латынша secularis - зайырлы) деп аталады.

ілімдік және ғұрыптық болады. Діни қызмет дегеніміз – діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру жіне тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.

дінді уағыздау, діни оқу орындарында білім беру де – осы қызмет саласының міндеттері. Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б. діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады.

Діни бірлестіктің мынадай түрлері бар: діни мекеме (мешіт, шіркеу, діни оқу орны т.б.), діни секта және деноминация. Бұлардың ішінде шіркеу, мешіт т.б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады. Олардың орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар.

Секта(латынның “ойлау тәсілі, ілім, бағыт” деген мағынадағы сөзінен шыққан) әдете орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектоларға тән нәрсе - өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

Деноминация(латынның denomen – “атын өзгерту” сөзінен) не басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер мыналар: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне сенім, кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім, оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің хұқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.

Дін – рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі – діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным-сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы қауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәденит салалары бөлініп, жеке жетіле бастады: көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты тұжырымға келеді.

Мифология дегеніміз – адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізу. Бірақ, бұл бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты болса, ол миф деп аталады. Ал мифология – адамдардың жалпы дүниетанымынан хабардар ететін немесе соны тегістей дерлік қамтитын осы мифтердің қатар түзеген жүйесі. Ғалымдар мифологияны ұжымдық сана деп есептейді. Яғни, мифологиядағы бейнелер арқылы ұжымдық түсініктер қалыптасады. Адамдардың әр тобының өздері мекен қылған жердің ерекшеліктеріне қарай түйсік-түсініктері әртүрлі болуынан бір таным объектісі немесе бір қатардағы адамшылық нормалары туралы әңгімелейтін мифологиялық материалдарының саналуан болуы ықтимал. Олардың байқағандары, көргендері және түйгендері санасында екшеліп, көкемөнер үлгілері түріндегі (сурет, ән, би т.б.) көрініс береді. Осыдан біртіндеп әлемдік мәдениет нұсқалары жинақтала бастайды.

Мифологиялық сананың ерекшелігі – онда адам мен қоршаған орта бөлек нәрселер деген түсінік жоқ, жеке бір адамның санасы ру немесе тайпа санасы ауқымынан асып шықпайды, санадағы бар нәрсе объективті бар немесе болған деп саналады. Ажыратылмаған ұжымдық сана сол күйінде табиғатқа, қауымға көшіріледі, табиғатты “жандандырып” оған адам бейнесі беріледі. Мифтерге әсерлеу (метафора), бейнелер арқылы жеткізу (символизм) тағы басқалары тән.

Мифтерөзінің мазмұнына қарай космогониялық (әлемнің жаратылысы туралы), теогониялық (құдайлардың пайда болуы туралы), астрогониялық (планеталар мен жұлдыздардың пайда болуы туралы), антропогендік (адамның пайда болуы туралы), этногендік (рулар мен тайпалардың пайда болуы туралы), эсхатологиялық (ақырзаман, топан суы туралы), қаһармандық, т.с.с. болып бірнешеге тарайды. Осылай сананың пайда болып, жетілуінің ең ерте кезінде мифология әлемді танудың, қабылдаудың және әлемдегі барды түсінудің бір тәсілі, сол кездегі адамдардың білімінің жиынтық көрінісі болды.

Адамның кемелдену барысында біртіндеп табиғатпен ара қатынасын, өзінің болмыс ерекшелігін түсінуіне қарай мифология дүниетаным нысаны ретінде кері ығысып, қоғамдық сананың өзге түрлеріне – дін мен мәдениетке орын бере бастады. Әлемдік тарихта бұл біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта тұсына сәйкес келеді. Осы кездері буддизм, даосизм, конфуцийлік тәрізді жаңа діндер дүниеге келді. Дәуірлер тоғысындағы өтпелі кезеңде, құдай барлық әлемнің жаратушысы әрі иесі деген түсінік дүниетанымдық негізге айналады, құдай адамдардың өмір сүрген ортасынан бөлініп алынып, әлемнен тыс құдірет деп танылады. Ендігі жерде мифология көркемөнер, дін, мораль, философия, ғылымдар болып таралып, жеке өмір сүре бастады.

Наши рекомендации