Мұсылманды кәпір қылатын сенімдер мен амалдардың мысалдары

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Кітап: «әл-Кифаяту ли зауил иная» Автор: Муфти АбдулБасыт әл-Фахури Дәрісжүргісуші: Махди Шамсуддин

Мұсылманды кәпір қылатын сенімдер мен амалдардың мысалдары

(жалғасы)

Адам кез-келген бір табақ тағам шариғи ілім алғаннан жақсы деп айтты. Мысалы, адамды фиқһ бойынша дәріске шақырды, ал ол: «Сен одан да маған бір табақ бұршақ ұсынсаң жақсы болар еді», — деді, бұндай адам күпірлікке түседі.

Адам осы өмірдің өткінші бір игілігі үшін күпірлікке түсуді, кейін қайта мұсылман болуды тілейді. Мысалы, егер адамға Исламнан бас тартуды, ал оның орнына осы дүниенің қандай да бір игілігін ұсынса және ол іштей бұны істеуге бел буған болса. Бұндай адам кейін қайта Исламды қабылдауға ниеті болса да, күпірлікке түседі.

Адам зинаның (немесе басқа бір күнәнің, мысалы «риба» – өсімқорлық) Исламда рұқсат болғанын қалайды.

Адам Алла Тағаланың тыйымдарының бірін әділетсіз деп есептейді. Мысалы, егер кәпірлер шошқаны өте дәмді және еті жұмсақ деп айтса, және мұсылман Алла Тағала Исламда шошқаны әділетсіз түрде харам етті десе, ол күпірлікке түседі.

Адам басқа дін өкілдерінің қандай да бір киім үлгісін не киімін киді. Бұл жағдайда адам бұны сол дінге ұмтылуының белгісі ретінде істеді деген шарт қойылады.

«Яһудилер (немесе кез-келген басқа дін өкілдері) мұсылмандардан жақсырақ» деген сөздерді айту.

Ислам дініне қатысты балағаттау немесе менсінбеушілік бар сөздерді айту.

Адам түшкіргенде оған: «ЙархамукаЛлах» (Алла саған рақым етсін), – деп айтқанда, Алла Тағаланың оған рақым етуіне мұқтаж емес екендігін және өзінің қоғамдағы дәрежесінің арқасында оған бұндай сөздер айтылуынан жоғары екенін тұспалдай отыра: «маған мұндай сөздер айтпаңдар», – деп жауап берді.

Адамнан Исламдағы иман не деп сұралғанда, ол жауабын біле тұра, тәкаппарланып жауап беруден бас тартса. Ол бұнымен дінге менсінбеушілік білдірді деген ұғым түсініледі.

Күйеуі әйеліне (немесе керісінше) мынадай сөздер айтуы: «Мен сені Алладан және Оның Елшісінен көбірек жақсы көремін».

Әбу Бакр әс-Сыддық, оған Алла разы болсын, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабасы болғанын теріске шығару. Бұл сөздер Құран аятын мойындамауды білдіргендіктен күпірлік болады 1.

Айшаны, оған Алла разы болсын, зинада айыптау. Айша анамыздың бұл күнәға қатыссыздығы Құранда «ән-Нұр» сүресімен бекітілген, сондықтан, бұл жағадайда, зинада кінәләу – Құранның ақиқаттығын терістеумен теңеледі.

«Мен – Алламын» деген сөз айту. Адам бұл сөзді әзілдеп, оған өзі тәууил жасап, шындағында өзін Алла деп есептемей айтса да күпірлікке түседі.

Исламның міндетті болған қандай да бір құлшылық түрлерінмойындамау. Мысалы, намазды, оразаны, қажылықты немесе жихадты мойындамау.

Егер адам рухани өсу жолының белгілі бір дәрежесінде Шариғат міндеттері оның мойнынан түседі деп есептесе, оның күпірлігінде күмән жоқ. Бұндай сенімдер өздерін сопыларға жатқызатын кейбір адамдарда болған (әрине, шындығында олар сопылардан болмаған еді).

Адам: «Исламда қандай да бір құлшылық түрлері бар ма, жоқ па білмеймін...» деп айтса. Бұл жерде адам міндетті болған рәсімдерді жоққа шығаруы тұспалданған.

«Мен намаздан (зікр етуден және т.б.) шаршадым, жетер. Жалықтым» мағынасындағы сөздер айту. Адам бұл жағдайда Исламның бұйрықтарына кемсітулік қатынас білдіргендіктен күпірлікке түседі.

Тозақтың азаптарына немесе Қиямет Күні адамдар жиналатын жерге қатысты менсінбеушілік пікір айтса. Және бұл мынадай пікір білдірген адамға да қатысты: адам қандай да бір себептерге байланысты Тозақтан қорықпайтындығы жайлы айтса, мысалы ол онда өзінің туыстарымен бірге болатындығы себепті немесе Тозақтың азаптары уақыт өте келе адамға жағымды болатындығы жайлы пікірлер себепті десе. Сондай-ақ, Алла Тағала ол үшін Тозақты қорқынышты қыла алмайды деп есептесе.

Адам қандай да бір күнә істеп, жаман ештеңе істемегені жайлы айтса. Мысалы, адам зина жасап, мынадай мағынадағы сөздерді айтса: «Бұнда тұрған ештеңе жоқ».

Адамды шариғат ілімдерін үйренетін жиынға шақырды, ал ол Шариғатты үйренуден маңыздырақ істер бар дегенді тұспалдап: «Мен онда не істеймін?», – деп жауап берді.

Адам барлық шейхтар мен ғалымдарға лағнет айтты.

Адам менсінбей немесе тәкаппарлықпен ғалымның пәтуасы жазылған парақты жерге тастады.

«Ой, сол Шариғат та... Одан ешқандай пайда жоқ» мағынасындағы сөздер айту (адам бұнымен ол үшін пайдалырақ болатын дүниелік істер бар, ал Шариғат мұсылман өмірінде маңызды орын алмайды деп есептесе).

Ислам ғұламаларына қатысты кемсіту/менсінбеушілік білдіру. Мысалы, егер адам «Ой, сол ғалым да... Оның ілімінде мен үшін ешқандай пайда жоқ» деген сияқты сөздер айтса.

Рух Алламен қатар басталусыз мәңгілік деп сену.

«Егер Алла Тағаланы Жаратушы деп таныса («рубубия»), ғибадаттың қажеттілігі болмайды» деген мағынадағы сенім. Бұл сенім алдында баяндалған белгілі бір рухани өсу дәрежесіне жеткен адамның Шариғатты ұстанбауына болады деген сенімге ұқсас. Бұл сенім – сөзсіз күпірлік болып табылады.

Адам (немесе басқа бір жаратылыс) Алламен бір тұтас болып қосылуы мүмкін деген сенім күпірлікке жатады.

Өзінің жеке қасиеттерін Алла Тағаланың сипатары тәрізді болды деген сияқты пікір.

Осы дүниеде, ояу болған халде, өз көзімен Алла Тағаланы көрдім деген пайымдаулар.

Адам пайғамбар болмаған күйде, Алла Тағала ешқандай арашасыз турасынан, тікелей мағынада, онымен сөйлесті деп айтса.

Алла Тағала қандай да бір материалды кейіпке – жаратылыстың кейпіне – ене алады деген сенім.

Адам Алла Тағала оның мойнынан Шариғат үкімдерін алып тастады деп айтса (намаз, ораза, зекет және т.б).

Адам басқа біреуді «сыртқы» ғибадаттарды (мысалы, намаз, ораза сияқты амалдарды) тастап, «ішкі» ғибадаттардың соңынан еруге шақырды (яғни, «`ильмуль-батын» – құпия ілімнің соңынан). Бұған кейбір дінбұзарлардың «Шариғаттың қабығын» тастап, ішкі, құпия ілімнің соңынан еру туралы үндеулері жатады. Исламда ілімді сыртқы және ішкіге бөліп қарастыру тыйым салынған, бұндай сенімдер – күпірлік болып табылады.

Адам тыйым салынған өлеңдерді орындау – діннің бір бөлігі деп есептесе. Және бұл – өлеңдерді тыңдау немесе орындау (тіпті, егер оның мағынасы рұқсат етілген болса да), адамның жүрегіне Құранды тыңдағаннан немесе оқығаннан жақсырақ әсер етеді деп есептейтін адамға да қатысты. Бұл жағдай адам жаратылған сөзді Құраннан – Алланың Кәләмінен – артық қойғаны себепті күпірлікке түседі.

Адам Шариғат талаптарын (намаз, ораза, т.б.) орындамай-ақ Алла Тағаланы тани алады деп сену. Шариғатты ұстанбай Аллаға жақындауға тырысатын монахтар мен сондай басқа да адамдарға сүйсініп және құрметпен қарау – мұсылмандар үшін тыйым салынған.

Адам қандай да бір жұлдыздың дербес ықпалы себепті жаңбыр жауды деп есептесе (яғни, Алла Тағаланың қалауымен емес).

Наши рекомендации