ОБСӨЖ –дің оқу-тақырыптық жоспары

Мазмұны (тақырыбы және сұрақтары) сағ. Оқу және әдістемелік әдебиеттерге сілтемелер басқа көздер (сайттар, электр. оқулықтар)
1тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны. Жалпы психология және әлеуметтану ғылымдарындағы ә. п. пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы. Ә.п. пәні туралы түсініктердің эволюциясы. Ә.П. гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны мен өзге де психологиялық пәндермен байланысы. Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен ролі. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7 Сластенин В.А. и др. Педагогика. М. 2002
2-3 2тақырып. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Ә.П. дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғышарттары. Алғашқы ә.п. теориялар («Халықтар психологиясы» М.Лацарус, МГ.Штейнталь, В.Вундт, «Көпшілік психологиясы» Г.Тард; В.Макдугаллдың «Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкт» теориясы). Ә.п. тарихының кезеңдері (Г.М.Андреева және Е.С.Кузьмин бойынша). Қазіргі американдық, европалық ә.п. жалпы сипаттамасы. Кеңестік Ә.п. даму тарихы. ҚР ә.п. идеялардың дамуы мен ә.п. аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
4-5 3 тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары Қазіргі ә.п. жаңа бихевиоризм. Ә.П. зерттеулер контексіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары. Ә.п. феномендердің психоаналитикалық талдауы. Ә.п. қазіргі психоаналитикалық тұжырымдалар мен З.Фрейд позициясы. Ә.п. иетеракционизм. Дж.Мидтің тұжырымдамасы. Интеракционистік бағдардың теориялық негіздері. Рольдік теориялар. Шиеленістердің ішкі рөлдік және аралық рөлдік мәселелері. Референтті топ теориясы (Г.Хаймани, М.Шериф, Р.Мертон, т.б.) Когнитивизм – қазіргі әлеуметтік психологияның басым бағдары ретінде. Зерттеудің бастапқы принциптері мен мәселелері. Когнитивтік сәйкестік теориясының жалпы сипаттамасы. Когнитивті диссонанс, коммуникативті акт, құрылымдық баланс теориясы. Ә.п. құбылыстардың табиғатын жүйелі іс-әрекеттік түсіндіру. А.Н.Лентьевтің іс-әрекет теориясы және оны ә.п. пайдалану мүмкіндігі. Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және А.С.Макаренко, А.В.Петровский, Л.И.Уманский, А.И.Донцовтың ұжым теориялары. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
6-7 4тақырып. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы Ғылыми зерттеу әдіснамасы түсінігі. Ә.П. зерттеудің ториясы мен эмпирикасы. Мәліметтердің сенімділігі мен негізділігі мәселесі. Репрезентативтілік мәселесі. Таңдау түрлері. Ә.П. зерттеу бағдарламасы. Ә.п. зерттеудегі сұрақтама, бақылау, құжаттарды талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы. Ә.п. эксперименттің негізгі типтері мен ерекшеліктері. Ә.п. әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, типтері, мүмкіндіктері мен шектеулері. Ә.п. тренинг және оның түрлері. Топтық пікірталас. Ойын әдісі және оның модификациялары. Ә.п. кеңес берудің спецификасы. Ә.п. диагностика және әсер ету психотехникасы. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
5 тақырып. Тұлға әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде. Тұлға мен қоғамның өзара байланысы әлеуметтік психологияның түйінді мәселелерінің бірі ретінде. Тұлғаны түсінудің ә.п. бағытының ерекшелігі, оның жалпы психология мен әлеуметтанудағы жеке адамды түсінуден айырмашылығы. Ә.п. тұлғаны зерттеудің дәстүрлері мен қазіргі жағдайы. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
9-10 6 тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Әлеуметтену түсінігі. Әлеуметтену механизмдері мен институттарының жалпы сипаттамасы. Тұлғаның әлеуметтену процесіндегі ерекшеліктері. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері. Әлеуметтену заңдылықтарын Э.Берн және К.Стейнердің транзактілі талдауы бойынша түсіну. Тұлғаның даму моделі мен Э.Эриксон тұжырымдамасындағы бірдейлік түсінігі. Адамзаттың әлеуметтену түсінігі. Жасөспірімдік дағдарыс түсінігі. Ересек жастағы әлеуметтану сфералары мен динамикасы. Егде адамдарды зейнеткер атағына ә.п. бейімдеу. Қартаю процесінің ә.п. ерекшеліктері. Әлеуметтенудің түрлі кезеңдеріндегі тұлғаны психодиагностикалау мен түзету әдістерінің жалпы сипаттамасы. Қазақстанның этномәдени ортасы мен әлеуметтік өзгерістері жағдайындағы (саяси, діни, жыныстық, этностық) тұлғаның әлеуметтенуі мәселелері. Тұлғаның әлеуметтену мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерінің Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде өңделуі –психолог, социолог,философ, саясаттанушы, т.б. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
11-12 7 тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері Қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, құндылықтар, ережелер, әлеуметтік бағдарлар және олардың тұлғаның мінез-құлықтың психикалық реттеудегі ролі. Әлеуметтік бағдар түсінігі. Әлеуметтік бағдар зерттеулері үшін Д.Н.Узнадзе мектебіндегі зерттеулердің мәні. Әлеуметтік бағдарларды (аттитюдтерді) зерттеу әдістері. Әлеуметтік бағдар құрылымы. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік бағдардың қызметтері. Әлеуметтік бағдар мен реалды мінез-құлық арақатынасы. (Лапьер феномены). Тұлға диспозициясының иерархиялық құрылымы туралы В.А.Ядов тұжырымдамасы. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттті мотивациялық-мағыналық рерттеу туралы. Әлеуметтік бағдар, қажеттілік, тұлғалық мағынасы түсініктерінің арақатынасы. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
13-14 8тақырып. Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлескен іс-әрекет сипаты мен қарым-қатынастағы серіктеспен қатынас сипатымен байланысы (Г.М.Андреева, Е.С.Кузьмин). Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері. Деструктивті қарым-қатынас түсінігі. Табысты қарым-қатынас факторлары. Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеулердің жаңа бағыты (В.Н.Куницына). Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
15-16 9 тақырып. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: вербалды қарым-қатынас Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің ерекшелігі: ақпараттардың «қозғалысы» кезіндегі серіктестердің белсенділігі; ақпараттардың мағыналық талдануы және коммуникация түрлері. Сөйлесу құрылымы. Тілдік хабарларды түсінудің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Тезаурус түсінігі. Қарым-қатынастық кедергі типтері. Жеке адам мен қоғамның өзіндік санасы мен тілдік сана мәселесі. Мәтін - әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің пәні ретінде: құрастыру заңдылықтары, қабылдау механизмдері, талдау тәсілдері. Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет. Байланыс орнату, қолдау және шығудың тілдік ережелері. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
10 тақырып. Вербальды емес қарым-қатынас. Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының (түрлері) жалпы сипаттамасы. Кинесика және оның компоненттері (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) – қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде. Қарым-қатынастың кеңстікті-уақыттық ұйымдастырылуы. Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс-тұрыстың полиқызметтілігі. Адамның экспрессивті репертуары түсінігі. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестік пен топаралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеикіші ретінде. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
18-19 11 тақырып. Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және өзара түсіністік Әлеуметтік психологиядағы перцептивті процестерді талдау ерекшеліктері. Қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі. Субьекті, қасиеттері, қабылдау обьектісі, сипаты және тұлғааралық өзара байланыстар – перцептивті процесс факторлары ретінде. Қабылдау механизмдері мен эффектілері. Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип түсінігі және оның түрлері мен қызметі. «Себепті жапсыру» құбылысы. Тұлғааралық қабылдаудың дәлдігі мәселесі. Өзге адамды тану мен қарым-қатынас процесіне «алғашқы әсердің» ықпалы. Өзара түсіністіктің құрылымы мен механизмдері. Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы. Тұлғааралық идентификацияны әлеуметтік-психологиялық зерттеу. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
12 тақырып. Қарым-қатынастың интерактивті жағы: тұлғааралық өзара әрекеттестік. Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Диадалық өзара әрекеттестік» теориясы. Тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде. Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде. Бірлескен іс-әрекет құрылымындағы өзара әрекеттестік. Жалпы мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде. Өзара әрекеттестікті зерттеудегі теориялық ойындық үлгілерінің мүмкіндіктері мен шектеулері. Өзара әрекеттестікті зерттеудің аппараттық әдістері. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
13 тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері Тұлғааралық кикілжің түсінігі. Тұлғааралық кикілжіңдердің мотивациялық және когнитивті тұжырымдамаларының жалпы сипаттамасы. Кикілжіңді жүріс-тұрыс және обьективті кикілжіңді ситуация. Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы мен динамикасы. Кикілжіңді өзара әрекеттестіктің шығуы мен стратегиялары. Тұлғааралық кикілжіңнің конструктивті және деструктивті қызметтері. Кикілжіңнің пайда болуы, өтуі, және шешілуіндегі «үшінші адам» ролі. Тұлғааралық кикілжіңдерді шешу мен реттеудің тәсілдері. Келіссөз кикілжіңді шешу тәсілі ретінде. Келіссөздерді жүргізу мен даярлау «техноллгиясы». Келіссөз жүргізудің негізгі әдістері. Келіссөз процесіндегі делдалдық. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
14 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеуметтік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары. ХХ ғ. 30-40 жылдары топтық феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Зерттеудің қазіргі жағдайы мен перспективасы. Шағын топ дефинициясы. Шағын топтардың жіктелуі. Шағын топ психологиясын зерттеудің негізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, интеракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрекет бағыты. Жүйе теориясы). Топтық құбылыстарды зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
23-24 15 тақырып. Тұлға және топ. Тұлға мен қоғам өзара қатынасы шағын топты әлеуметтік психологиялық зерттеудің бастапқы мәселесі ретінде (Н.Триплет, В.Меде, В.М.Бехтерев т.б.) Топтағы ережені қалыптастыру (М.шериф, Т.Ньюком т.б.). Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы (С.Аш, Р.Крачфилд т.б.). топтық азшылықтың әлеуметтік әсерінің механизмдері мен жайларын зерттеу (С.Московичи т.б.). Бірлестік құрылымындағы жеке адам: персонализация тұжырымдамасы (А.В.Петровский, В.А.Петровский). Жеке адамның адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. «Бедел» және «роль» түсініктерінің арақатынасы. Жеке адамның топқа бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі (ӘПА). ӘПА көрсеткіштері мен зерттеу әдістері. Топтағы жеке адамды диагностикалау мен түзету әдістері. Н.ә.1-8. Қ.ә. 1-7  
16 тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Шағын топтың пайда болуының обьективті және субьективті себептері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Әлеуметтік идентификация түсінігі. Топ дамушы жүйе ретінде. Топтың даму үлгілері. (Б.Такмен, Г.Стенфорд, А.В.Петровский, Л.И.Уманский т.б.). Топ өмірлік іс-әрекетінің сыртқы және ішкі қайшылықтары оның даму көзі ретінде. Топтың психологиялық тұтастығы түсінігі (А.И.Донцов). Топтық динамика түсінігі. Топтағы интеграция және дифференциация түсінігі. Топтың «интеграциясы», «тұтастығы», «сиымдылығы», түсініктерінің арақытанысы. Отандық әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселесі.    
17 тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Топ бірлескен іс-әрекет субьектісі ретінде (Г.М.Андреева, А.В.Петровский т.б.). Жетекшілік пен лидерлік топтың өмірлік іс-әрекеті процестерін басқару феномені ретінде. Лидерлік табиғатын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің негізгі теориялық бағыттары. Менеджменттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтардың поляризациясы» құбылысы. Топтық пікірталас, «брейнсторминг» топтық шешім қабылдау тиімділігін арттыру әдісі ретінде. Шағын топ типтері мен олардың тиімділік критерийлері.      
18 тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Топаралық қатынасын психологиясын зерттеудің мотивациялық (З.Фрейд, Д.Доллард, Н.Миллер, Т.Адорно), ситуациялық (М.Шериф және т.б.), когнитивті (А.Тэшфел, Дж.Тернер, В.Дуаз) және іс-әрекеттік (В.С.Агеев) бағыттары. «Топаралық дискриминация», «топішілік фаворитизм» әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде. Топаралық қатынас және әлеуметтік әділеттілік мәселесі. Этносаралық қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары және олардың ұлтаралық қатынастардың дамуындағы ролі. Этностық стереотип түсінігі. Этнопсихологиялық феномендерді талдаудағы салыстырмалы-мәдени бағыт.      
28-29 19 тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдістемелік принциптері, мәселелері. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі. Ұйымдаспаған табиғи (тобыр, демонстрация, және т.б.) және жартылай ұйымдасқан уақытша (публика, митинг, аудитория және т.б.) үлкен топтардың өмірлік іс-әрекетінің психологиялық аспектілері. Ұйымдасқан тұрақты үлкен топтар (әлеуметтік класс, этнос, қабат, кәсіби топтар, саяси партиялар, т.б.) психологиясының құрылымы. Жеке адамның ұлттық сана-сезімінің ерекшелігі мен өмірлік бейнесі. Әлеуметтік жүріс-тұрыстың этномәдени варианттылығы. Этноцентризм мен этносаралық кикілжіңдердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Саяси әлеуметтану мен бұқараның таңдау ситуацияларындағы жүріс-тұрысының психологиялық мәселелері. Діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің психологиялық сипаттамасы. Тобырдың әлеуметтік-психологиялық механизмдері мен динамикасы. Тобырдағы жеке адам жүріс-тұрысы. Үрей түсінігі. Бұқаралық жүріс-тұрыс заңдылықтарын түсіну үшін еліктеу, иландыру, және жұқтыру процестерін зерттеудің маңызы.    
20 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің арақатынасы Қазіргі кездегі ә-п зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы. Әл. Психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі аймақтары: а) бірлестіктегі әлеуметтік психология; ә) бұқаралық коммуникация жүйесінің (БКЖ) ә-п аспектілері; б) құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың ә-п аспектілері; в) жанұя қызметінің ә-п аспектілері; г) жарнаманың әлеуметтік психологиясы; ғ) басқару мен менеджменттің ә-п аспектілері; д) ЖОО мен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызмет; е) шығармашылық пен өнердің ә-п аспектілері; ж) саясаттың және т.б. ә-п аспектілері. Қолданбалы психологиялық зерттеулерді орталықтандыру үшін психологиялық қызметті ұйымдастыру. Пс. Қызмет іс-әрекеттеріндегі ә-п ролі.    
  барлығы    

Наши рекомендации