Тікелей эфирдегі кӘсіби шеберлік
Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ұлттық аудиторияны өзіне ұйытып алатын, журналистикадағы үн-үрдісінің үздік үлгісін таныту эфирді жүргізетін журналистердің кәсіби шеберлігіне келіп тіреледі. Кәсіби шеберлік дегеніміздің өзі не? Оган кәсіп иесіне тән қандай критерийлерді жатқызуға болады? Кәсіп - еңбек қызметінің негізгі бір саласы. Ал шеберлік - белгілі бір кәсіп бойынша өз ісін жетік меңгеру, сол салада терең ізденіп, өзін жан-жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілуі, биік белестен көрінуі болып табылады.
Әлбетте, қазақ радиожурналистикасының алтын діңгегі, қасиетті қара шаңырақ - Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаев сынды майталман мамандардың болғаны белгілі. Ал қазіргі радиожурналистикада эфирдегі дикторлық оқуды журналистік жүргізу алмастырғаны мәлім. 1992 жылы "Отечественное радиовещание: пути и проблемы становления" деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің зерттеуші-ғалымы В.Н.Ружников өз еңбегінің "Современность радиовещания" деп аталатын тарауында радиожурналистикада пайда болған жаңа тенденцияларды төрт топқа бөліп қарастырады:
1. Бағдарламалардың дербестелуі. Дикторлық радионы журналистік радионың алмастыруы, демек бұган дейін журналист дайындап берген мәтінді диктор мәнерлеп оқыған болса, ендігі жерде журналистің көзбен көргенін, көңілге түйгенін өз аузынан айтып, өз атынан баяндайтындығы.
2. Бағдарламалардың ауқымдылығы. Ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың кеңінен қолданылуы. Төрт топқа да тән ерекшелік журналистердің жеке түлға ретіндегі даралануы. Ал мұның өзі - радиожурналистикадағы, жаңаша жүмыс тәсілі, тікелей эфир аясында жүзеге асқан құбылыс. Олай болса, тікелей эфирден берілген хабардың кәсіби сапасын сол эфирді жүргізген журналистің кәсіби деңгейімен өлшеуге тура келеді. Бұл қисын өз кезегінде жүргізушінің жетекші рөлін айқындауға, соған сәйкес оған жүктелетін жауапкершілік мөлшерін аныктауға мүмкіндік береді. Егер журналист еңбегін кәсіби процесс ретінде талдасақ, онда оны идея - жоба - сце-нарийлік нұсқа - эфирдегі құбылыс сызбасы бойынша жүзеге асатын жүмыс тәртібі ретінде қарастыруға болады. Бұл сызба негізінен, журналист өзі даярлап, өзі эфирге алып шығатын авторлық бағдарламаға тән.
Шындығында, жүргізушінің кәсіби шеберлігін шыңдап, талантын ұштап, деңгейін көрсетіп, қолтаңбасын танытатын эфирдегі мүмкіндік аясы да осы. Ал тәуелсіз радиоарналарда қазақ тіліндегі авторлық бағдарламалар жоқтың қасы. Тек қана жаңалықтарды оқып, берілетін әндерге алғы сөз айтумен шектелетін тәуелсіз радиоарналардагы қазақ тілді эфирдің құнын жоғарылатып, қадірін арттыру, әрине, мүмкін емес. Кәсіби деңгей тұрғысынан қазақ тілді әуе толқынының қанатын кең жайып, құлашын алысқа сермей алмай отырған бір себебі сол екені де жасырын емес.
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар: Бірі - тіл, екіншісі - тәртіп. Тіл - тікелей эфирдің лингвистикалық аспектісін айқындаса, тәртіп психологиялық аспектісін қамтиды. Тілді адам санасындағы ой иірімдері мен әр алуан психофизиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын акпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тіл - адамның дыбыс шығарып сөйлеу қызметін атқаратын мүшесі. Тіл - уақытты (секундты, минутты, сағатты) белгілейтін көрсеткіш. "Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жүмсайтын қаруының бірі" деп дәріптейді қазақтың ірі лингвист ғалымы А. Байтұрсынов. Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский "Адам мінезін танудың кілті - оның тілі, сөз саптаудан ойдың бедері білінеді, ол әрбір тұлға мен мінез секілді әрқашан да жеке дара" деп мәлімдеген. Ал халық даналығы "Өнер алды - қызыл тіл" деп, оның барлық өнердің алдын орап өтетін өткірлігін сипаттаса, "Басқа бәле - тілден" деп тәртіптен асып кеткен тұста тәлкекке ұшыратынын тап басып айтқан.
Ал журналистің тіл мен тәртіп аясындагы стратегиясын зерттеген ғалымдар М. Кузнецов пен И. Цыкунов "Кәсіби мақсатты жүзеге асыру үшін журналистердің барлығы дерлік тілді қолданады, ал тәртіпті көпшілігі ұмыт қалдырады. Әрине, ең әуелі тіл қатудың жалпы принциптерін негізге алу керек, келесі ретте аудиторияның қабылдауына бейімделу тәсілдерін игеру қажет" деп есептейді. Бәрі де орынды айтылған оң пікір. Ал іс жүзінде радиожурналистиканың тікелей эфиріндегі кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін тіл мен тәртіпті қалай пайдалануга болады? Тікелей эфирдегі тіл мәдениетін сақтауда лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын білуден артық ешнәрсенің де керегі жоқ. Онда тіл анықтығы да, тіл көрнекілігі де, тіл әуезділігі де, тіл тазалығы да, т.с.с. бәрі де қамтылган.
Тікелей эфирде тіл қызметін дұрыс қолдану үшін уақытқа ілесіп сөйлеу механизмін меңгеру қажет. Секундомерді нысанага алып, санаулы минуттар аясында сөйлеп көріп, дәл солай уақытпен санасып өз ойыңды қағазга түсіріп, ешбір жалықпастан жаттығудың өзі - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің бір түрі болып табылады. Негізінде, шамамен 1 минутта 185-200 сөз айтылады немесе оқылады, ал 1 минутта небәрі 25-30 сөз ғана жазылады. Әлбетте, әр адамның мүмкіндігі әр түрлі. Негізі жаттығу кезінде мынадай екі талап қатаң ескерілуі шарт. Біріншісі - сөз қайталамау, екіншісі -ой қайталамау. "Мұның мәнісі айтар ойыңды санаңмен өндеу арқылы жүйелеп әдеби нормаға сәйкес сөз маржанымен, өрнектеп тізе білу. Жұтаң тіл журналистің жұмырына жұқ бол-майтыны белгілі. Демек, оны әрдайым дамытып, сөздік қормен байытып, жетілдіріп отыру - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің келесі бір тармағы