Ертханалық жұмыс № 27-28
Тақырыбы:WUI-CGI негізіндегі интерфейсті жасаудағы сұрақтың
кешенді түрде шешілуі
Жұмыстың мақсаты:WUI-CGI негізіндегі интерфейсті жасауды
үйрену
Тапсырама: WUI-CGI интерфейстерін жасау игеру және нығайту. Бұл жұмыста алынған жұмыстарды орындаудағы игерген білім мен дағдылар пайдаланылады. Жұмыс нұсқалар бойынша орындалады.
1. HTML – парақтары түрінде, нұсқаға сәйкес объектілердің санымен WUI интерфейсті жасау қажет.
2. Бір объектіде енгізілетін деректерді тексеру қажет.
3. FROM – дағы (нұсқаларымен)барлық объектілерден сервер жауабын алу қажет.
4. Деректердің жеке бөлігін сервер жағындағы (нұсқалармен) бөлек файлға жазу керек.
Ұсыныстар: алдынғы зертханалық жұмыстарда орындалған бағдарламалардың кодтарын пайдалану ұтымды .
Ескерту: WEB – жобаларды дұрыстау үшін «тұзақ» - (loop bask) технологиясы, бір компьютерде орналасқан броузер мен сервер пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиент жағында орындалатын бағдарламаның мағынасы мен ерекшелігі?
2. Пайдаланушы интерфейсін орындауды FROM объектісінің компоненттері қалай анықталады?
3. Сыртқы бағдарламада деректерді жіберу әдістері қалай ескеріледі?
екция №30.
Пайдаланушы интерфейсін құрудың кешенді түрі
Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері. Адам – компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде.
Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған қарай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштер адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі – интерфейс болып табылады. Түр – түс, дыбыс, графиканы пайдалану кездейсоқтық емес, саналы түрде қабылдаған шешімі. Ойындар ішінде бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды: пайдаланушы ойынға үйренуіне қарай, оның дәрежесі жоғарылап, ойынға өзгереді, мысалға жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай – ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын мақұлдауымыз керек.
Адам-компьютер интерфейсінің жасалу стратегиясы.
Адам-компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде.
Жүйедегі деректер құрылымын осы құрылғылардың өңдеу алгоритмінен бөліп алғандай, біз интерфейс адам – компьютерді қолданбалысынан белгілі дәрежеге дейін бөліп алуға болады.
Жүйені өңделетін файлдардың құрылымын бөлек жасаған сияқты, интерфейсті де бөлек жобалау керек. Кіріс және шығу деректерін берудің құрамы мен түрі интерфейсті жасаушылардың мұқиятты талдауында болуы керек.
Аппараттың және бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерінің ескерілуі. Жүйені құрушылар, басқа да мамандар сияқты, жұмысында өздерінің ескі тәсіл дағдыларын пайдаланады. Бұл ішкі консерватизм соңғы кездегі аппараттық және бағдарламалық тәсілдерінің жүйткіп өсуіне байланысты әлсіремей, керісінше күйшейіп келеді. Бірақ, интерфейстің компоненттерін өзі құралатын негізгі элементтерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінбей құру мүмкін емес.
Жасап – шығарудың реті.
Жасап – шығару процесі жаңалықты қажет етеді, және де бұл жаңалық майда шүйденің ішінде жоғалып кетпеуін, қолданылатын әдіс – амалдарын дұрыстығын қадағалау керек. Қазіргі кездегі пайдаланушылардың көпшілігі әртүрлі жүйелерге кіре алады, сондықтан олар жүйелер ауысқан кезде өз жұмыс тәсілдерін ауыстыра қоймайды. Ішінде біркелкі жұмыс істейтін бағдарламалық «жанұяларын» дамытқан дұрыс. Бұған, сондай –ақ әртүрлі жүйедегі бағдарламалық интерфейстерін жасап шығару үшін қолданылатын стандарттық модульдер кітапханасы мүмкіндік береді.
Интерфейс құрудың қабылданған принциптерін пайдалану.
Пайдаланушының жұмыс бекеті мен физикалық байланысының, адам мен машинаның қарым – қатынасымен ортақ жағдайлары көп. Сондықтан жұмыс бекетін жасауға және ұйымдастыруға оңай әкелетін, эргономикадағы жалпылама көптеген ұсыныстары болады. Сонымен қатар, ақпаратты терезеде көрсету түрі әртүрлі компьютерлік жүйелерде бірдей емес: графикалық дизайні ақпаратты терезеде көрсетілуіне, сөйлемдердің сөздік құрамына, негізгі кілттік элементтерді көрсету тәсілдеріне, деректерді ұсынылуына байланысты болады және т.с.с. Интерфейсті жасаушылар осы принциптерді білулері, және басқа саладағы білімдерін өз мәселелерін шешудегі қиындықтарға қолдануға тырысулары қажет.
Міндеттерді және пайдаланушыны түсіну.
Интерфейсті жасаушы міндеттерді орындауға қажетті есептеу процесін түсініп қана емес, пайдаланушының мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған іс – әрекетін бағалай білуі керек. Ол жүйенің потенциалды пайдаланушылардың ерекшеліктерін білуі керек. Соңғы жылдары компьютер мен программист арасындағы интерфейсті бағдарламалау саласындағы қарқынды атап өту керек.
Пайдаланушыларды тарту.
«Пайдаланушыны және оның мақсатын түсіну» нұсқауларын орындаудан, беру оңай. Жүйені жасаушы және талдаушы өз жұмысын қолданудың барлық саласын жақсы біледі деп және потенциалды пайдаланушының психологиялық қажетін терең түсіне алады деп күтуге болмайды. Негізігі типтік принциптерінің бірі, талдаушының болашақ пайдаланушыларға сұрақ жүргізу арқылы дерек алуына болады. Керек сұрақтарды жинаудың пайдалы әдісі – өзін жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушының орнына қою. Бірақ интерфейстің қолайлылығын бағалаудың бірден бір әдісі – ол іс жүзінде, пайдаланушы дұрыс жұмыс жағдайында, жүйемен қалай қарым – қатынас жасайтынын көріп білу. Интерфейсті жобалау процесі, бірнеше кезеңнен тұрады: сараптау, жасап шығару, компоновка, іске асыру сызықтық процесінің өңдеу бағдарламасының дәстүрлі көзқарасына қайшы келеді.
Іске асыруды үйлестіру.
Интерфейстік тәжірибелі үлгілерін өңдеуге әкелетін, олармен пайдаланушылар жұмыс істейтін және де олардың реакциясына қарай керекті өнім пайда болғанша өзгеріп отыратын, интерактивті әдіс – амал керек. Бұл дегеніміз – интерфейстің элементтерін үйлестірудің икемді әдісті қолдану. Бейімделу әдістерін интерфейстің шеңберінде қарау керек. Негізгі принциптер интерфейсті жасау негізін құраса да , олар пайдаланушылардың бәрін қанағаттандыра алмайды. Орташа пайдаланушыға есептелген интерфейстің жасалып шығуы – бұл ең кіші ортақ бөлгішті іздеу сияқты болады. Тура солай, пайдаланушыларды жасап шығаруға тарту, оның абсолютті қолданғыштығына кепілдік бермейді. Мақсаттарының жағдайы өзгермесе де, пайдаланушылардың сұранысы, өздері сияқты өзгеріп отырады.
Дұрыс жобаланған интерфейс, мысалы, компьютер ойынындағыдай, әртүрлі пайдаланушылардың қажеттілігіне және де бір пайдаланушының жұмысының әртүрлі кезеңіне қарай бұрылып отыруы қажет. Адам – компьютер интерфейсінің бейімделу мәселесі – соңғы кездегі ізденістердің негізгі бағыты.
Бағалау.
Жоғарыда қаралған стратегияны ұсынатын шығарушы, қалай керекті нәтижеге жететінін біледі? Интерфейсті бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше критерийлерді болжауға болады. Олардың бәрі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Операциялық жүйені игерудің және есте сақтаудың қарапайымдылығы:
2. Жүйенің көмегімен шешілетін мақсаттардың тез орындалуы;
3. Жүйенің эксплуатациясы кезінде субьективті қанағаттанушылық.
Нақты пайдаланушыға, берілген білім деңгейіне жетудің, бақылау уақытын белгілеуге болады. Критерий, сондай – ақ қажетті нәтижеге жеткізетін жаттығулар түрін көрсете алады. Мұндай критерийге төмендегідей тұжырымдама беруге болады: «Жүйемен бірінші рет екі күн өз бетімен жұмыс жасаған пайдаланушы, иерархиялық байланысты каталогтардағы дискіде сақталған файлдармен жұмыс істеудің барлық командаларын игереді». Біраз уақыт өткеннен кейін барлық жұмыс әдістерін сақтау – бұл жұмыс үзілісінен кейін , іс – әрекетін қайта көтеруге жеткілікті білім деңгейін көрсететін басқа критерий. Тапсырманың тез шешілуін жылдамдықпен дәлдікпен бағалауға болады. Жылдамдықты бағалаған кезде жүйенің тез жұмыс істеуі емес, қойылған мақсатқа жетуге қажетті уақыт ескерілетінін байқайық. Сондықтан да деректер енгізу жүйесіне пернетақтамен жұмыс жылдамдығы емес, мысалы былай көрсетуге болатын: «банк қызметкері бір сағатқа қатесі бір пайыздан аспайтын жиырма есеп қағазын дайындауы керек» тәрізді бақылау саны маңызды. Субьективті қанағаттанушылық критерийі пайдаланушының жүйе және онымен жұмыс істеу ыңғайлылығы жайында көзқарасын көрсетеді. Бұл критерийді саны бойынша бағалау қиын, бірақ оны, мысалы, пайдаланушылар қосымша орнатқыштарға қарайтын жиіліктер көмегі арқылы көрсетуге болады.
Барлық үш критерийді де пайдаланудың кез келген саласына жатқызуға болса да, нақты пайдалану үшін олардың біреуі ғана маңызды. Авиакөлік басқару жүйесі сияқты жүйелер үшін маңызды факторларға дәлдік пен жылдамдық жатады. Жанжақты пайдалануға арналған жүйелерінің негізгі талабына жұмыс алдындағы алдын – ала үйретудің болмауы жатады, өйткені мұндай сабақтарды ұйымдастырудың мүмкіндіктері жоқ. Электрондық пошта сияқты жүйемен жұмыс жүргізгенде, пайдаланушылар өздерін күрделі емес жүйелермен жұмыс істегендей қолайлы сезінуі керек, ондай болмаған жағдайда олар одан мүлдем бас тартады. Әрбір критерийдің мәнін орнату – қиындықтардың тек бір бөлігі ғана интерфейсті жасаушы алға қойылған мақсаттарға сай жүйенің нақты өнімділігінің өлшемін білу керек.
Бұл өлшемдерді жүргізу үшін бірнеше әдістер қолданылады. Жүйелер автоматты түрде нақты диалогты көшірмелерін құрып сақтай алады, тапсырмалардың әртүрлі кезеңдерін орындауға жұмсаған уақытын, қателерінің саны мен түрін жүйелік журналға енгізеді. Жүйенің жұмысына қанағаттанғандықтарын білу үшін пайдаланушыларға біраз сұрақтарға жауап беріп, анкета толтыру ұсынылады. Жүйенің жұмысын визуалды түрде бақылап ары қарай сараптау жасау үшін бейнетаспаға жазып алуға болады. Бұл тәсілдерді қолдану барысында, шынымен дұрыс нәтиже шыққанына және де қандай да болмасын сіз байқаған ауытқушылықтар сыртқы факторлармен анықталмай, жүйеге тән болуына сенімді болу қиын. Жиі қолданылатын статистикалық тәсілдер,сыналған обьектінің және өлшеу жүргізу тәсілдерінің табиғатын түсіндіруде қатал әдіс – амалдарды талап етеді. Дәл және нақты жауап беруге болатын анкета сұрақтарын таңдаудың қиындықтары белгілі. Адамдар өздерін қадағалап немесе «сынақтан өткізіп» жатқанын біліп қойса, мінез – құлықтарын түпкілікті өзгертуі мүмкін.
Адам – компьютер интерфейсі, пайдаланушыға байланысы бар есептеу жүйесінің аспектілерді құрайды. Бұл есептеу жүйесінің табысты жұмысын қамтамасыз ететін маңызды фактор, өйткені интерфейстің эргономикалық (физикалық және психологиялық) сипаттамалары пайдаланушының өнімділігіне белгілі әсерін тигізеді.
Стрестік жағдайларды төмендету үшін, жүйе пайдаланушының физикалық жағдайына, және де мақсаттарын түсінуіне сәйкес болуы керек: бұл талап жүйелерде көптеген пайдаланушылар жұмыс істегендіктен күрделене түседі, және де жеке пайдаланушының талаптары оның жүйемен танысу барысында өзгеріп отырады. Талаптарды кешенді түрде ескеру, пайдаланушыға ыңғайлы жүйелерді құрауға әкелетін, интерфейсті жобалау стратегиясын құруға мүмкіншілік береді.
Пайдаланушы интерфейстерінің талаптары (ПИ).
Пайдаланушы интерфейстердің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен бөлек пайдаланушы интерфейстердің сыртқы пішіні мен іс– әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. Төменде пайдаланушы интерфейстерін жасаушыларды ескеретін сипаттамалары беріледі:
· Пайдаланушы интерфейстерінің стилін жасау;
· Берілген платформада жұмыс жүргізетін, ПҚ – ны қолдаушымен сәйкестігі (мысалы қосымша Х немесе У пакеті);
· Терезенің мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті деректер мен функциялары);
· Терезенің іс – әрекеті (мысалы, экранда көрсетілген кездегі, басқарудың бірінші элементінің кіру фокусы);
· Терезенің сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті);
· Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері (мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын құрудың тәсілдері және т.б.);
· Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция құралдарының іс – әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы;
· Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, пайдаланушының кері байланысы;
· Пайдаланушының әр түрлі функцияларды бақылауы;
· Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай – ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау;
· Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері;
· Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау;
· Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және анықтамалық жүйе;
· Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына келтіру;
· Түр – түсті, индикаторларды, графикті және т.б.стандартты түрде қолдану;
· Физикалық кемшіліктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен қамтамасыз ету.
Жоғары көрсетілген Пайдаланушы интерфейстерінің сұрақтарының көпшілігі, көптеген жағдайда пайдаланушы интерфейстерінің стилінің нұсқауларында, талаптарды суреттеу құжаттарында немесе өнімнің мамандануында нақты көрсетілмеген.
4 – кестеде, GUI – бағытталған ПҚ – ға әсер ететін, интерфейсті жасау кезінде ескеретін, факторлар көрсетілген. Web – бағытталған және HUI - бағытталған пайдаланушы интерфейсіне де осы факторлардың басым бөлігі сәйкес.
4–кесте. GUI – бағытталған қосымша үшін белігілі классификациялаушы факторлары.
Негізгі факторлар | Сипаттамалары |
Функционалды мүмкіндіктер | Обьектілердің, командалардың қолданбалы сипаттамалары және басқа да қасиеттері. |
Пайдаланушы интерфейстерінің мүмкіндіктері | Мәзірдің жолы,шығатын мәзір,мәзірдің пункттері,құралдар панелі, құрал пенелдерінің элементтері, «ауыстыру мен орналастыру» операциялары, алмастыру буферімен жүргізетін операциялар, команданы тез таңдау пернелері,қатынас пернелері және т.б. |
Обьектілер саны | Әртүрлі өлшемдегі және шешімдегі пиктограммалар мен екілену бейнелері, деректер түрі, жұмыс үстелінің іс – әрекеті, жүйелік функциялар, басылымның форматтары. |
Обьекті терезе/парақ саны | Стандартты терезенің жадысы(өлшемі, позициясы, жағдайы). |
Обьектіге көрсетулердің саны | Көрсетулердің сызбасы: пернетақтаның «іс- әркеті, тышқанның іс - әрекеті. |
Обьектіге келтірулер саны | Терезеге және бүкіл пайдалану интерфейсіне есептеліп келтірілген қасиеттер саны. |
Обьектіге командалық терезелер саны | Тіркеме үшін өте ерекше, жалпы жүйелік, «көлеңкеленген» командаларының іс – қимылы. |
Обьект терезесінің басқару элементтерінің саны | Шығарылатын тізімдер, енгізу жолдары, бағыты бар батырмалар және т.б. |
Командалық терезенің басқару элементтерінің саны | Алдындағымен бірдей |
Пайдаланушымен кері байланыс операцияларының саны | «Құмсағат», процесс жүрісінің индикаторлары және т.б. |
Басылымның ерекше форматтарының саны | Алдын ала көрсету және басылым сызбалары. |
Көмек көрсету және үйрету экрандарының саны | Пайдаланушы интерфейстерінің терезелерін ауыстыру реті бойынша пайдалануға көмекті ұйымдастыру. |
Өнімділікті қолдау панелдерінің саны | Әртүрлі қолданатын тәсілдері де бар. |
Обьект терезесіне хабарламалар | Кері байланыс, қателер, хабарламалар. |
Саны | |
Командалық терезеге хабарлама саны | Кері байланыс, қателер, хабарламалар. |
Сыртқы түр – түсі, іс - әрекетінің ерекше түрлерінің саны | ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, сыртқы пішіні мен іс - әрекетінің арнайы сипаттамалары. |
Басқарудың пайдаланушылық элементтерінің саны | ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, пайдаланушы интерфейстерді басқарудың стандартты емес және арнайы элементтері. |
Инсталляция/деинсталляция/ жаңарту мүмкіндіктері | Пайдаланушы жүйесіндегі қосымшаны жаңартуға, жоюға және инсталляциялауға қажетті арнайы ПҚ. |
Пернетақтамен, тышқанмен, басқа құралдармен жүргізетін ерекше операциялар | «Ыстық пернелер», қатынас пернелері, «жестілер» - басылатын пернелердің ретін немесе командаларды көрсететін, пайдаланушы бағдарламаланған графикалық белгілер. |
Пайдалы ереже. Пайдаланушы интерфейстердің әрбір терезе парағына, жұмыстардың жасалуына егжей – тегжейлі декомпозициясын қарастыру қажет. Бұл әдіс бірінші рет интерфейспен айналысқан, оларды құрылымдауда тәжірибесі жоқ, интерфейс жасаушылар немесе бригадалар үшін өте пайдалы.
Бақылау сұрақтары:
1. Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?
2. Оператор қызметінің түрлері қандай?
3. Адам – оператор қызметінің кезеңдері қандай?
4. Адам - оператор жүрісінің түрлері қандай?
5. Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?