Тақырыбы: "Құпия".

Мақсаты:Өзара тіл табысуға,бөлісе білуге үйрету. Барысы:Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жүдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.

Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.

Тақырыбы: "Жіп орамы"жаттығуы.

Мақсаты:Топтағы балалардың бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру. Қажетті құрал:Жіп орамы.

Барысы:Балалар дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя отырып (Мысалы: "Сенің атың кім, сен менімен достасқың келе ме?, сен неден қорқасың?, т.б.") жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін жақынырақ түсінуге көмектеседі. Барлығы бірігіп бір ортақ дене құрағандай сезінеді.

Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.

Зерттеу мақсатымызға орай психокоррекциялық қызмет көрсету барысында едәуір нәтижелер алдық. Жоғарыда келтірілген балалардың қарым-қатынастарын жақсартуға арналған ойындар мен психологиялық түрлі жаттығулар біздің мақсатымызды ғана жүзеге асырып қана қойған жоқ, сонымен қатар, балалардың танымдық процестері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің де дамуына едәуір нәтижелі әсер еткендігі байқалды.

Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өзін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері балаларды әлеуметтік ортада басқалармен тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені дәлелденген. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың оң мінезін тәрбиелеуге ашық-жарқындығын қалыптастыруға, басқаларға ұнамды болу жолдарын үйретуге кеңінен қолданылады.

Орытынды

Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс – әрекеті дамытудағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың қарым- қатынас ерекшеліктерін жақсартып қана қоймай, бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу.Балаларды бір –өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін – еркін демалуға тәрбиеленеді. Мен №45 «Нұрсәт» бөбекжайының «Шуақ» тобында тәрбиеленуші балаларға машық кезінде зерттеу жүргіздім. Зерттеу барысында олардың психологиясының дамуына, айналасындағы адамдармен қарым – қатынасына ойынның қалай әсер ететіндігін, олардың зейінінің, ойлау қабілетінің дамуын зерттедім.

1. Ойын – әртүрлі жастағы балаларды еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2. Ойын – бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білу, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін –өзі тануы және өзін –өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3. Ойын – мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез – құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4. Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5.Ойын – балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы –құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынасы қалыптасады.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -мұғалім іс-әрекетін жандандыра түседі.

Наши рекомендации