Ішкі істер органдарының тергеу аппараты тергеу бөліністерінің жүйіелері. Олардын өкіліктері

Ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеуді және анықтауды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы қолданысқа енгізілген нүсқауна сәйкес: Ішкі істер органдарының тергеу аппараты тергеу бөліністерінің жүйесі болып табылады. Оларға жататын:

1,Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратында Тергеу департаменті :

2.Іішкі істер органдарының аумақтық органдары, онда тергеу басқармалары, бөлімдері, бөлімшелері.

Тергеу аппаратының бастығы құзырет шегінде тергеу бөліністері қылмыстық қудалау және олардың қызметін үйлестіру функцияларын жүзеге асырады

Ішкі істер министрінің Тергеу аппаратының ведомстволық бақылауын атқару:

Орталық аппаратта және аумақтық ішкі істер органдарында – Ішкі істер министрінің тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, ІІМ Тергеу департаментінің бастығы және оның орынбасарлары, ІІМ Тергеу департаменті басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары атқарады, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінде (бұдан әрі – КІІД), қалалық және аудандық басқармаларда (бөлімдерде), жергіліктік ішкі істер органдарының бөлімдерінде (бұдан әрі – қалалық, аудандық, жергілікті органдар) – ІІД, КІІД бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, Тергеу басқармасының бастығы, оның орынбасарлары атқарады;

Қалалық, аудандық, жергілікті органдарда – қалалық, аудандық, жергілікті орган бастығының тергеуге жетекшілік ететін орынбасары, тергеу бөлімдерінің, бөлімшелерінің (топтарының) бастықтары және олардың орынбасарлары жүзеге асырады.

Тергеу бөліністерінің басшылырының жұмысы мынадай міндетер көрсетілген:

- қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

- есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау;

- біріктірілген қылмыстық істерді есепке ала отырып, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 3, 4, 9-12-тармақтарында және 36-бабында көзделген негіздер бойынша қысқартылған қылмыстық істерді біріктіре отырып, сотқа жолданған істердің, заң бойеша қыскарту; {5}

- алдын ала тергеп-тексерудің және адамдарды қамауда ұстаудың процестік мерзімдерін сақтау (мерзімдерді бұза отырып, аяқталған істер санын төмендету);

- сотқа дейінгі тергеудің мерзімін үзу және қылмыстық істі қысқарту туралы күші жойылған қаулылардың санын төмендету;

- прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған қылмыстық істердің саныын (қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылған істердің санын төмендету);

- қылмыс келтірген зиянның орнын толтыру бойынша қабылданған шаралардың уақтылығы мен толықтығы қамтамас ету:

- жеделдетілген сотқа дейінгі өндіріс тәртібінде сотқа жолданған қылмыстық істердің санын өсіру

- қылмыстық істі тергеу барысында азаматтардың келіп түскен өтініштерінің уақтында қарап шешу;

Қажет болған жағдайда жедел жағдайды және штаттық мүмкіндіктерді ескере отырып, тергеушілер белгілі бір учаскелерге (аймақтарға) бекітіледі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеуге маманданады.

Атап көрсету керек, тергеушілерді қылмыстық істерді тергеумен байланысты емес міндеттерді орындауға тартуға тыйым салыну тиәс.

ҚПК-нің 60-бабының 7-тармағына сәйкес тергеуші заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізу кезінде барлық шешімдерді дербес қабылдап және олардың заңды және уақтылы орындау керек. Тергеушінің қызметіне басқа түлғалар заңсыз араласқан кезде, ол қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыруы мұмкін

Тергеуші қылмыстық іс бойынша өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.

Тергеуші өз қаулысымен кез келген сәтте істі өндірісіне қабылдап, анықтау органдарының кейінге қалдырылмайтын тергеу амалдарын орындауын күтпестен, оны тергеуге кірісу қажет (ҚПК-нің 60-бабының 6-тармағы).

ҚПК-нің 60-бабының 9-тармағына сәйкес тергеуші тергеп-тексеретін істер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексеріліп жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысады, оларды белгіленген тәртіпте іске қосып тігу үшін талап етіп алдыртады, анықтау органдарына орындау үшін міндетті, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар береді және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге қуқылы. {6}

Атап кқрсету керек, тергеушілерге олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде азаматтық киім киюге, табельдік қаруды және арнайы құралдарды алып жүруге рұқсат етіледі.

Наши рекомендации