Тақырып. Бастапқы мәтін аудармасының өзгергізтігіне талдау жасау

Мақсаты: Аударылатын мәтін мен аударылатын тілдегі кездесетін ерекшеліктер. Аударма алды мәтін талдаудағы бастапқы мәтіннің аударма тіліндегі мәтін айырмашылығы.

Кілт сөздер: мәтін талдау, аударма жүмыстары, талдау жоспары.

Жоспар:

1. Аударма стратегиясы туралы түсінік

Кәсіпкойлықтың кез келген түрі шабыт пен салқын есептің бірлесуін талап етеді. Аудармашы шығармашылығы сондай. Алайда, біз ұшталып барып автоматизмге шейін жеткен кәсіби машық ретінде салқын есепті оң көреміз. Мұның өзі аударуға әр қадамды белгілеп, уәждеп отыруға, яғни талдауға, мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан келгенде, аударар алдындағы жұмыстың мынадай түрлерін аудармашы қызметінен көруіміз керек.

1. Мәтін жөнінде сыртқы мәліметтер жинау. Ондай мәліметтерге мәтін авторы, мәтіннің жазылған және жарияланған уақытты, қандай жалпы әмбебап (глобалды) мәтіннен алынған. Бұл мәліметтер аудару нені байқау керек, не жібермеу керек деген сиякты жайттарды бағдарлап алуға көмектеседі. Сыртқы мәліметтерге аударуға тапсырма берушінің ниет ескеру де жатады. Айталық, тапсырыс беруші үшін аударма ғана мәтінді өңдеу, терме аурдарма, стильдік регистрді өзгерту, бейімдеу сиякты әрекеттер қажет болады. Басқа жағдайларда, балама ғана қажет болған жағдайларда түпнұсқа мәтіннің сипаты ғана бағдарға алынады.

2. Мәтінді түзеуші мен қабылдаушыны (тұтынушыны) анықтау. Мәтінде кім жазғаны және ол кімге арналғаны анықталмаса, аударуда жұмыс бағдары бұлдыр болады. Мәселен, ресми хаттың соңында белгілі бір адамның қолы тұруы мүмкін, бірақ хат бір мекеменің атынан, сол мекеменің мүддесін көздеп жазған болса, мұның иесі сол мекеме болып шығады. Демек, аудармашы автордың стильін гөрі мекеменің мүддесін бағдар етеді, автор бұл жерге ақпар үшін ғана жауап береді. Келесі бір ескерер жайт – түпнұсқадағы ала-құлалықтарды қайта жасауға тура келеді. Ал жеке ісі болмай, қоғамдық корвенционалдық мәндігі мәтін болса, автор мәтін типін, реципиентті ескере отырып түпнұсқа стильін түзетуге құқылы. Қабылдаушыны анықтау қиын емес. Тіпті болмаса, кәсіпқой аудармашы іс барысында мұны анықтау қиын емес. Бұл туралы мәтін аннотциясында я кіріспесінде айтылады. Тіпті болмаса, кәсіпқой аудармашы іс барысында мұны анықтай алады. Реципиентті білу аударма мәтіндегі тілдік бірліктердің сипатын белгілеу үшін қажет. Мысалы, балаларға арналған болса, қарапайым құрылымдарды басым қолдану, жалпы ересектерге әр алуан құрылымдарды қолдана отырып, арнайы мағынадағы сөздерден аулақ болу сияқты мәселелер;

3. Мәтіннің ақпараттық құрамы мен оның тығыздығын анықтау. Мәтіндегі ақпарат түрлері оның типін, соған орай тілдік пішімделуін белгілейді. Ғалымдар мәтіннен ақпараттың төрт типін көреді: когнитивтік, оперативтік, эмоционалдық, эстетиклық. Когнитивтік ақпарат – сыртқы әлем, болмыс, шындық, ақиқат жөніндегі мәліметтер. Бұл мәліметтер жазбаның авторы, мәтіндегі танымдық заттар мен құбылыстар атаулары, мекеменің атауы, товардың аты мен оның мерзімдік шарттарынан т.с.сс басталады. Бұлар мәтін құрамында ерекшелеріп тұрады. Бұларға терминдік мән, мағына тарлығы, бейтарам ренк, контекстен шарты түрде болса да тәуелсіз болу тән. Демек, бұларды бірмағыналы сөздік баламалары мен жеткізу қажет. Танымдық ақпарат мәтінде, негізінен, жазба әдеби нормамен, нақтырақ айтқанда, оның бейтарап нұсқасы мен беріледі. Аудармада да осыны ұстанамыз.

Оперативік ақпарат мемлекет тарапынан болатын ресми жазбаларда (нұсқау, жарлық, заң т.с.с.) көп болады. Мұндай ақпарат етістіктің арнайы тұрғаларымен, қажеттілік пен мүмкіндіті білдіретін тараптық (модаль) сөздері мен білдіреді. Аудармашының міндеті – осыған барабарлық табу.

Эмоционалдық ақпарат ресми, ғылыми жазбаларда өте сирек кездеседі. Дегенмен, қарсы алу, қошеметтеу, қоштасу т.с.с. сөздерде, кейбір іскери хаттардағы пікір білдіруге, бағалауға арналған сөздерде, жарнамаларды эмоциялық бояу болады. Алайда бұл сөздер іскерлік әдептен аспайтынын аудармашы ескеруі қажет.

Эстетикалық ақпарат көркем әдебиетке, публицистикаға тән. Мұны аударма бөлімі әзірше жеке адамның жұмысы деп қарағаны жөн. Ал аудармалардағы эстетикалық ақпарат аталмыш бөлімнің құзырына қалғаны жөн.

Бұл ақпараттар аудармашыларға таза күйінде жолыға бермейді. Бұлар мәтінде көбінесе астасып отырады. Мұны кәнігі аудармашы стильдік шендестіктен (контраст) байқап отырады.

Аудармашының ақпараттың әр түрлі тілде әртүрлі көріністе берілетінін білуі өте маңызды.

Аудармашының алдын ала талдауда ескеретін бір нәрсесі – ақпарат тығыздығы. Мәтіндегі қысқартулар, ықшам қолданыстар – ақпараттың тығыздығының нышаны. Аудармашы алдында ақпарат салмағын азайтпау, сонымен бірге мұндай түзілістерге алдан жиі шығады.

4. Коммуникативтік тапсырма. Мәтіннің ақпараттық құрамын анықтап алған соң коммуникативтік тапсырма тұжырымдалады. Мысалы, жалпы жұртшылыққа түсіндіру, жаңа мағлұмат беру, мәтін иесін риза ету, белгілі бір ұсынысты қабылдату, қажеттілікті ұғындыру т.с.с. міндеттер. Мұндай айқындамалар аудармашыға аудармада неге басым мән беру қажеттілігін анықтауға көмектеседі.

5. Мәтіннің жанрын анықтау аудармашыдан функционалдық стилистиканы білуді талап етеді. Функционалдық стильдер тіл-тілдерге ортақ универсалиялық жүйелердің бірі.

Балама нұсқаларды іздеп табу туралы. Бұл-аударма мәтінді түзу үдерісі. Аудару үдерісінің мәні ізденісте. Көкейде тұрған көп баламадан осы контекстке лайық, сәйкес нұсқаны таразылап табуда. Ізденіске көмектесетін басты нәрсе – аударар алдында түпнұсқа мәтінді талдау. Мұнда аударма теориясының жетістектері, тіл білімі жетістіктері пайдаланылады.

Аударма нәтижедерін талдау туралы. Аударма стратегиясындағы алдыңғы екі кезең дұрыс орындалса, бұл кезеңдер бағалау жұмысы ғана қалады. Ол үшін ең алдымен мәтіндерді салғастыру қажет. Мәнді бір сөз я үзінді кездейсоқ түсіп қалған жоқпа соны тексерген жөн. Сонан соң түпнұсқамен салғастырмай-ақ аударма мәтінде стильдік тұтастық бар ма – соны анықтап, қажет болс редакторлық түзетуер жасау қажет. Аударма жарияланатын болса, өңдеуден тағы өтеуге тиісті, әйтсе де аударма тілдің әдеби нормасына мәтіннің сәйкестігін аудармашының өзі қарағаны жөн. Ғалымдардың көрсетуінше, стиль тұтастығын – түпнұсқа стилінің негізгі сипатына сәйкес емес бір сөз аудармада кетіп қалған-қалмағанын, аудармашы түзген стильдік фигура мәтін ішінде жасанды болып көрінетін-көрінбейтінін-аудармашы бақылай алады. Жол-жөнекей мәтіндегі ұсақ жансақтықтар (бір сөзді орынсыз жиі қайталай беру, шақтық, жақтық үйлесімдерді сәйкессіздігі т.с.с.) анықталып, түзетіліп отырады.

Демек, аударма стратегиясының шегінде аударманың нақты бір әрекетін орындауда, ақпараттық жеткізу мәселесі маңызды орын алады.

Наши рекомендации