Когнитивтік ұғымдар. 9 страница
-Тіл рухтың көрінісі, тіл-рухтық процесс, тілдің даму заңын рухтан бөлмей, соның әрекеті ретінде қарау керек.
-Тіл шығармашылық туынды дейді, сондықтан К.Фосслер индивидумдардың сөйлеу тіліне ерекше мән берген, рухани шығармашылықтың бәрі де эстетикалық құбылыс дегенді айтады.
3. Тілдің танымдық қызметі.Қазақ тіл білімінің тарихында тілдің танымдық табиғаты туралы зерттеулер Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалымның тіл табиғатының ерекшеліктерін, тіл қызметінің танытуға арналған ғылыми пайымдауларын екі арнаға бөліп көрсетуге болады.
А. Байтұрсынұлы еңбектері бойынша тілдің танымдық қызметін төмендегілер құрайды:
• Тілтаным теориясындағы тіл-ойлау-дүние бейнесі арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;
• Поэтикалық тіл табиғатын “қарапайым” тілден айыра танытуға арналған
С.Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистикалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық факторды адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық-мәдени негіздермен шебер сабақтастыра білді.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Нейролингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері.XX ғасыр ғылымының тарихында асамаңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі – нейролингвистика ғылымы болып табылады. Бұл ғылым сөйлеудің барлық жақтарын зерттейді.
ХХ ғасырдың орташенінен бастап бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Бір жағынан нейролингвистика нейроанатомия, неврология, нейропсихология, философия, психология, психиатрия жәнелогопедия тәрізді ғылымдармен өте тығыз байланыста; басқа жағынан, нейролингвистиканы әртүрлі теория, әдіс-тәсілдермен толықтыратын ғылымдар бар.
Нейролингвистиканың лингвистикалық қайнар көздері ғалым Бодуэн де Куртененің мектептерінен бастауын алады. Ол өз еңбегінде «аспанда небір қалықтап ұшып жүрген тілдер жоқ, тек қана тілдік ойлау қабілеті күшті адамдардың бар екендігін » атап өтті.
Нейролингвистика – нейрология мен лингвистика ілімдерінің тоғысын да пайда болған ғылым. Негізгі зерттеу мәселесі тіл жүйесінің ми құрылысының сөйлеу аппаратына қатысты бөлімімен байланысын қарастыру болып табылады. Сөйлеу негізінен мидың сол жақ бөлігі және ми қыртысы арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйленіске ми қыртысының сол жақ төменгі бөлігі, маңдай иірімі, Брока кеңістігі, ал сөйленісті түсіну ми қыртысының сол жақ бөлігіндегі самай иірімдері, яғни Вернике кеңістігіжауап береді.
Майкл Холл Альфред Кожибскийдің 1933 жылы жалпы семантикамен байланысты невралогиялық семантиканың мәнін арттыру мақсатында «нейролингвистика» және «нейросемантика» деген терминдерді ойлап тапқанын айтады. Ал ол терминнің ойдан құрастырылғанынынан кейін де қаншама ғылыми ізденістер мен жетістіктер болып үлгергені біз үшін әлі беймәлім нәрсе. Яғни каншалықты деңгейде қандайеңбектердің бар екендігі толыққарастырылған жоқ. Солардың біріретінде Е.И. Горошконың ми қызметінің лингвистикалық қызметіне байланысты топтамасын ұсынуға болады. Е.И. Горошко сол жақ жарты шардың қызметіне: «сөздерді топтастыру және тану; абстрактылы лексика мен квази сөздерді қабылдау; дыбысты сөйлесімнің аналитикалық кодталуы мен декодталуы; сөздердің морфологиялық мүшеленуін түсіну; сөздердің валенттілігіне қарай актуалдануы; сөздің өзгеруі; сөздің туылуы; күрделі синтаксистік құрылымдардың мүмкіндігі; грамматикалық құрылымдардың (үстеу, көмекші етістіктер, етістіктің белгілі бір формалары) қалыптасуына қатысатын лексиканың қолданылуы; сөйленімнің құрылымдылығы, қағидалылығы, тиянақтылығын, оңжақ жарты шардың қызметіне: сөйлесімнің дыбыс ырғағын жасау мен қабылдау; нақтылы лексиканы тану; сөйлесімде дайын сөз формаларының біртұтас бөлінбейтін бірліктер ретінде айтылуы, яғни номинацияның біртұтастығын қамтамасыз етеді; нақтылы мазмұнды сөйленімдердің толықтырылуы, сөйленімнің тілден тыс шындық пен жеке тәжірибеге бағыт-бағдарына жауап беретінін» жатқызады.