Бандитизм қылмысының жай-күйі мен динамикасы
Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарына криминологиялық сипаттама бере отырып басты талаптан ауытқымаған жөн - ондағы топтастырылған мәліметтер қылмыстың елеулі нышандары мен сипаттары, ондағы көрініс тапқан құбылыстар туралы деректерді, оларға байланыстылығы бар және де қылмыстың алдын алуда маңыздылығы бар мән-жайларды мүмкіндігінше толық көрсетілуі тиіс.
«Тұрмыста болатын кісі өлтіру саны азайғанмен күннен күнге пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыстардың үлес салмағы артып отыр. Соның ішінде, атап айтқанда, автожолдардағы (378,4) қарақшылық жасап кісі өлтіру».
Бұл талданып отырған қылмыстардың қылмыстылықтың жалпы құрылымындағы үлесі елеулі емес (1995 жылы олар қылмыстардың жалпы санының 6%-ін құрады /44/), дегенмен қазіргі күні ол қоғамды толғандырып, халыққа үрей туғызып отырған факторлардың біріне айналды /45/. Бұлай деуге негіз бар, себебі соңғы кездері осындай қылмыстар үшін сотталғандар саны көбеюде. Мысалы, 1997 жылмен салыстырғанда 1998 жылы пайдақорлықпен қасақана адам өлтіргені үшін сотталғандар саны 34,5%, бандитизм 67,4%, қарақшылық 85,7%, қорқытып алушылық 65%, күш көрсетіп тонау 84,8% артқан /46/. Сонымен қатар, 1998 жылы қарақшылық, рэкет, пайдақорлықпен адам өлтіру үшін сотталғандар саны азайған. /47/
Пайдақорлық қылмыстың күш көрсетумен ұштасуы көбіне үлкен қалаларда болады. /48/ Алматы қаласында осы тектес қылмыс жасап сотталғандар 1999 жылы- 6,8%, 1999 жылы-6,9%, 2001 жылы - 7,1%, 2002 жылы - 7,6% болды /49/. Қарағанды, Шымкент, Павлодар қалаларында жалпы сотталғандардың жеті пайызынан артығы осындай қылмыс үшін сотталғандар болып отыр.
Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан халқы 1996 жылы 17 млн. болған. Қалаларда халықтың 40%-і, ауылды жерде 60%-і тұрады. 1995 жылы Қазақстанда осы талданып отырған қылмыс үшін сотталған кәмелетке толмаған қала тұрғындарының басым көпшілігі (8,9%) облыс орталықтарында тұратын жастар болып шықты.
Осы көрсетілген қылмысты кәмелетке толмағандардың жасауы елімізде 1980-1994 жылдары жасалған жалпы қылмыстардың 0,4 пайызын құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіште көбею үрдісі байқалады. Оны 14 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы 10 мың адамға шаққандағы қылмыстардың жылдық орташа коэффициентін шығарудан байқауға болады.
Осы талданып отырған қылмысты жасап сотталған, қылмыс жасаған кезде ауылды жерде тұрған кәмелетке толмағандардың басым көпшілігі - қалалар мен аудан орталықтарына жақын орналасқан елді мекендердің жастары. Біздің пікірімізше, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының ауылды жерлерде сирек жасалуын, кәмелетке толмағандардың, жалпы жастардың ата-аналарының, туыстарының және таныстарының ұдайы көз алдында болуынан деп түсіну керек. Бұл жерде мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс мықты, бұл -қылмыстың алдын алудың, оны жасалмай жатып тойтарудың бірден-бір факторы. Ауылдық жерлерде бөгде, жат адамдар сирек кездеседі, барлығы бірін-бірі біледі, бұл жағдай жасырынып қалуды немесе ұрлаған затты сатуды қиындатады.
Ауылдық жерлерге қарағанда қалада адам болмысының қалыптасу процесі күрделі. Оған әсер ететін факторлар көп, олар жайында соңғы кездері заң әдебиеттерінде де, педагогикалық әдебиеттерде де жиі айтылып жүр.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің статистикалық мәліметтеріне жасалған талдау бұл қоғамға қауіпті іс-әрекеттің Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе облыстарында, басқа аймақтарға қарағанда, аз жасалатындығын көрсетті. Бұл облыстардың облыстық және аудандық соттары жыл сайын 30-50 қылмыстық іс қарайды екен.
Бөтеннің мүлкін иемдену мақсатындағы қарақшылық күш қолданып мүлік тонау сияқты “көше” қылмысы деген сипат алған: олардың 83%-і қалалар мен елді мекендердің көшелерінде жасалады. Криминологиялық зерттеулерге қарағанда күш қолданып тонау және қарақшылық жасау, көбіне, қоғамдық жерлерде жасалады екен: көшеде - 39,5%, мекеме аумағында - 5%, мемлекеттік, қоғамдық, әртүрлі кәсіпкерлік ұйымдар мен мекемелерде - 19%, автостанцияларда, вокзалдарда, аэропорттарда 3,9%, саябақтарда - 8%, сауда орындарында - 2,5%, үйлерде, пәтерлерде, жастар жатақханаларында - 18%, басқа жерлерде (кафе, мейрамхана, поездарда, гараждарда, дәретханаларда) -4,1%.
Жолдарда автокөлік иелерін, такси айдаушыларды тонау және оларға қарақшылық шабуыл жасау, азаматтардың үйіне басып кіріп шабуыл жасау етек алып келеді.
Пайдақорлық мақсатта тонау, қарақшылық жасау, адам өлтіру, мемлекет мүлкін иемдену көбіне сатылуы қиындық тудырмайтын және адамдардың сұранысы көп мүліктер бар жерде болады.
Күш қолданылып жасалған пайдақорлық қылмыстардың 4,9%-і сол қылмысты жасаған адам тұратын жерде, 5%-і басқа елді мекенде жасалған. Оның 7%-і көршілес мемлекеттерде: Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда, Түркменстанда, Ресейде және т.б. елдерде. Яғни, қылмыскерлер өздерін танымасын деген мақсатпен қылмысты басқа мемлекетте жасаған. Қарақшылықпен шабуыл жасау, тонау бәрінен де қыста көбірек жасалынады - 29%, көктемде - 26% , жазда - 24% және күзде - 21%. Бұл қылмыстардың қыста көп жасалу себебі, бәлкім, қыстың күні, суықта, күзетшілердің пешін жағып қойып өз күркесінен шықпай отыруын ан да болар.
Сонымен қатар, қыстың күні адамдар сыртқа қымбат бағалы киімдер (тондар, ішіктер, қалың пальто, етік, т.б. ) киіп шығады, ол қылмыскерлерді қызықтырады. /50/
Біздің мәліметтеріміз бойынша бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының 13%- 00 ден 09 сағат аралығында, 10%-і 09-дан 15 сағат, 21%-і 15-тен 19 сағат, 30%-і 19дан 22 сағат, 27%-і 22ден 24 сағат аралығындағы уақытта жасалады. Егер бұл мәліметтерді қорытындыласа, қылмыстың басым көпшілігінің (69%) кешкі және түнгі уақыттарда, сағат 18.00ден 24.00 аралығында жасалынатынын көреміз.
Сонымен нақты деректерге сүйенетін болсақ /51/, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының деңгейі төмендегідей.