Ертханалық жұмыс № 21-22

Тақырыбы: “Hand User Interface” пайдаланушы интерфейсі

Жұмыстың мақсаты:“Hand User Interface” пайдаланушы интерфейсімен

танысу

Пайдаланушы интерфейсінің бұл түрі, дисплейі кішкене мөлшердегі қалта компьютеріне пайдаланылады. Мұндай жүйелерде, осы ерекшелікті ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің объектілері қолданылады.

Бұл жұмыс, HTML форматтағы гиперсілтемені қолданатын, пайдаланушы интерфейсін құруға дағдылануға арналады. Гиперсілтемелер, «Hand User Interfase» жобасының талаптарын ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің компоненттері болып табылады.

Тапсырма:Логикалық түрдегі ұйымдастырылған гипермәтінді құжаттар (HTML файлдар) тобын, пайдаланушыға гипермәтіннен ыңғайлы және түсінікті навигация беретін, құжаттар ішіндегі сілтемелер жүйесін жобалау және іске асыру.

Ескерту: Есептемеде, міндетті компоненттерден басқа, гипермәтіндік құжаттама (HTML файлдар) тобы бойынша навигациялық сызба көрсетілуі керек.Жобаны дұрыстау үшін «тұзақ» - (loop bask) технологиясы, бір компьютерде орналасқан броузер мен сервер пайдаланылады. Барлық құрылған файлдар WEB – серверде орналастырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. «Hand User Interfase» түріндегі интерфейсте, пайдаланушы интерфейсінің қандай компоненттері қолданылады?

  1. Гиперсілтемелерді құрудың технологиясы қандай?
  2. Навигациялық сызба түріндегі диалогты өзара қатынас құрылымы қалай жобаланады?

СОӨЖ 14-15

Ақпаратты енгізу құралдары – селекторлар

Тапсырма:

1) Селектор типтес ақпарат енгізу құралдарының қағидаларын білу

2) Селектор типтес әртүрлі құралдардың қолдану ерекшеліктері

СОӨЖ-ны өткізу түрі – тренинг

Әдістемелік ұсыныс. Селекторды физикалық түрде іске асырушы – сәулелік қылқалам болып табылады. Қылқаламның ұшында, сәулені терезеден фотоэлементке фокустейтін линза орналасқан. Сәулелік қылқалам бағытталған және оны жарқырататын электронды шоғырланған терезенің нүктесі арқылы өтсе, фотоэлемент компьютерге түсетін электр импульсін генерациялайды. Импульстің түсу мезетінде, электронды шоғыр экранның қай нүктесінде болғанын білу арқылы, компьютер сәулелік қылқаламның орнын анықтайды. Сәулелік қылқаламның арнайы батырмасы бар. Оны қосу арқылы ЭЕМ-ге командалар жіберіледі. Мысалы, оператор сәулелік қылқалам арқылы кез келген бейнелеу элементін нұсқап, функционалдық пернелерді басу арқылы - өшіру, орнын ауыстыру, алмастыру, конфигурацияны өзгерту, бұрылу командаларын береді. Сәулелік қылқаламды сурет салғанда қолданғанда, экран дисплейінде қандай да бір нүктеде, бақылаушы қиылысу бейнесі енгізіледі. Оны оператор сәулелік қылқаламның көмегімен, экран бетінде соңынан жарқыраған сызық қалдыра отырып, қажетті бағытта қылқаламның орнын ауыстырады.

Сенсорлы экран. Сенсорлы экранмен жұмыс істегенде селектор ретінде бармақ пайдаланылады. Сенсорлы экранда координаталарды анықтау негізі болып, экранның әйнегіне желімделінген сезімтал сым торы немесе экранның екі шетінен түсірілетін және қарама-қарсы жақта қабылданатын жарық немесе инфрақызыл сәулелер табылады. Сәулелер паралельді және экранның бетіне жақын орналасқан. Бармақпен горизонтальды және вертикальды сәулелер көмкерілген жағдайда, байланыс пайда болады.

екция №23-24

Ақпараттық өзара қатынас интерфейсі. Өзара қатынастың табиғи тілінің сараптауы және синтезі

Лингвистикалық транслятордың құрылымдық жүйесі. Морфологиялық сараптау (синтез). Синтаксистік сараптау (синтез). Семантикалық интерпретация (синтез) және мәселелі сараптау.

Табиғи тілдің (ТТ) талдау мақсаты есептеу жүйесінің машиналық тіліне (МТ) өту болып табылады. Бұл процесті келесі сызба арқылы көрсетуге болады (11-сурет).

ертханалық жұмыс № 21-22 - student2.ru

11- сурет. М есептеу жүйесінің тілі

ТТ талдауының тапсырмасы бірігеді:

- ТТ сөйлемдерінің дұрыс құрылғандығын анықтау;

- ТТ мәтінінде қателерді дұрыстау;

- Сөйлемді фрагменттерге тән оның синтаксистік құрылымына декомпозициялау;

- М-тілінің фрагменттеріндегі ТТ фрагментерінің семантикалық интерпритациясы;

- Мәселелі ортаның жағдайын бейнелейтін құрылымда М тілінің фрагменттерінің композициясы.

ТТ синтезінің тапсырмасы байланысады:

- Тұтынушыға хабарлау қажетті ақпараттарды анықтау;

- М тілінің алдағы фазаларға сәйкес келетін фрагменттерге бөлінуі;

- Синтезделіну фразасы үшін лексеманы анықтау;

- Синтаксистік фраза құрылымының құрылуы;

- Сөздердің ретке келуін және сөзформасының морфологиялық талдауының орындалуы.

Морфологиялық талдау (синтез).

Морфологияялық талдаудың мақсаты - әрбір сөз формасының сөйлеміндегі (х,у) тізімі үшін құрылу, х-лексема немесе берілген бірліктің негізі, ал у-берілген сөзформасын анықтайтын ішкі тізімінің грамматикалық белгілерінің мәні.

Сабақтар-зат есім, көпшілік мағынада атау септік. Морфологиялық талдаудың негізгі екі әдісі бар:

-декларативті, ол морфологиялық ақпараттың сәйкес кешенімен жүйелік сөздікте барлық мүмкіндікті сөз формасы сақталғанда.

-процедуралық, жүйеде сөз формасын талдауға және сәйкес ақпарат кешенін жазуға, сөз түрлендіру ережелер жиынтығы бар.

Морфологиялық талдау нақты сөзформаны ТТ сөздік және берілген морфологиялық ақпарат бойынша құруға арналған.

Синтаксисті талдау (синтез).

Синтаксисті талдаудың мақсаты – морфологиялық ақпараттар негізінде сөйлемнің синтаксисті құрылымының құрылуы және сөз, сөз тіркестерінің бірігуінің синтаксисті ережесі. Синтаксисті құрылым сөйлем мен сөз арасындағы байланысты көрсетеді. Синтаксисті құрылымының негізгі екі бейнелеу әдісі бар – құрастырушылар жүйесі және байланысатын бұтағы.

Құрастырушылар жүйесі. W ұзындықты X шынжыры бар дерлік. Шынжырдың әрбір сөзформасы нүкте деп аталады. Х шынжыры кез-келген а және b нүктесі үшін мынадай a‹b деген кескін түсінігі енгізіледі, ол s көптеген нүктелерден тұрады және a ‹ s ‹ b теңсіздігін қанағаттандырады. Х шынжырдың S кескін жиыны осы шынжырды құрайтын жүйе деп аталады, егер:

-х шынжырдың барлық нүктелерінен тұратын S жиынында кескіндер болса немесе шынжырдың барлық бірнүктелі кескіндері болса.

- b жиынындағы кез келген екі кескінді қиылыспайды немесе біреуі екіншісінде болады. S элементтері құрастырушылар деп аталады. Мысалы, «дәріс негізгі корпустың 232 дәрісханасында өтеді» деген сөйлемді келесі жүйе құрастырушылар дерлік:

(Лекция өтеді (232 дәрісханада (негізгі корпуста) ) )

1 2 3 321

Құрастырушы бұтағы. Х-бос емес шынжыр және Х-бардық Х нүкте жиыны. R бинарлы қатынас, Х анықталған, онда (Х, R) графы бұтақ болып табылады, байланыс қатынасы деп аталады. (Х, R) бұтағы (Х) үшін байланыс бұтағы деп аталады. Егер а және b нүктелерінің арасында а› b қатынасы болса, онда а нүктесін басқарушы, ал b нүктесін басқарылатын деп атаймыз.

Синтаксистік талдаудың мақсаты сөйлем құрылымының синтаксистік өзгеруі және олардың сәйкес лексемаларымен толтырылуы болып саналады. Талдаудың қорытынды қадамы болып оның морфологиялық мінездеменің лексемасының жазылуы.

Семантикалық интерпретация (синтез) және оны ақуалды талдау.

Семантикалық интерпретация мақсаты – М тілінде фрагменттердің өзгеруі. Мұндай фрагменттерді алу синтаксистік құрылымда көрсетілген ТТ сөйлемінің ақпараттардың қосылуын болжайды. Мәселелі талдау сатысында қиын жағдайларға фрагменттердің көбі шұғыл ортадағы жағдайларды бейнелеу ережелерінің көмегімен құрылады. Нәтижесінде ТТ мәтінімен берілген жағдайларды бейнелеу құрылымы шығады, кейін ВС-ға кіруге беріледі.

ертханалық жұмыс № 21-22 - student2.ru

12-сурет. Суреттің семантикалық жүйесі.

Бақылау сұрақтары:

Наши рекомендации