Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Психологиялық консультациялаудың педагогикалық моделі келесі тұжырымға негізделеді:

A) мәселені шешудегі барлық жауапкершілікті психолог өз мойнына алу керек;

B) клиент бірқатар сұрақтар бойынша жеткілікті дәрежеде компетентті емес;

C) клиент айналасын өзгертуді қажет етеді;

D) клиент босаңсуды қажет етеді;

E) клиенттің бойындағы қиыншылықтар – жағымсыз жағдайлардың нәтижесі;

2. Клиент туралы информация алудың маңызды тәсілі – бұл:

A) анкеталық берілгендердің анализі;

B) жақын туыстарынан мліметтерді жинау;

C) әңгімелесу;

D) проективті техникалар;

E) өлшем тесттары.

3. клиенттің бағдарының қандай түрі туралы айтылып жатыр: «Клиент консультанттың беретін көмегін асыра бағалап, оған сиқыршы ретінде, өзінің бүкіл мәселелерін шешуші ретінде қарайды»?

A) Ренталық;

B) ойындық;

C) манипулятивті;

D) іскер адекватты;

E) іскер адекватты емес.

4. Алғашқы кездесуден бастап-ақ консультант клиенттің … туралы ойлану керек.

A) өзінің мәселесі бойынша барынша азырақ қайғыруы;

B) көңілінің аулануы;

C) өз мәселелері бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуы;

D) өзінің әлсіздігін соңына дейін сезінуі;

E) оған көрсетілген көмекті бағалай білуі.

5. Консультант алғашқы кездесу барысында қажет.

A) басында да кейінгі кездесулерде де белсенділік көрсету;

B) клиенттің қолына толықтай инициативаны беру;

C) анкеталық берілгендерді барынша толығырақ анықтау;

D) клиентті барлығын айтып беруіне итермелеу;

E) клиенттің мәселесі бойынша барынша көбірек сұрақтар беру.

6. Егер алғашқы кездесу барысында клиенттің жүріс-тұрысы абсолютты нейтралды болып көрінсе де, консультациялау жағдайы тудыратындығын екекндігін түсіну керек. :

A) жауапкершілікті;

B) сенімділікті;

C) қызығушылықты;

D) үрейленуді;

E) ұятты.

7. Клиенттің келесі айтқандары өзіндік диагноздың қандай вариантын көрсетеді: «Мен не айтсам да ол әдейі барлығын керісінше істейді»?

A) психикалық аномалия;

B) индивидуалды өзімшелік;

C) үшінші біреудің ықпалы;

D) органикалық дефект;

E) қастандық.

8. Егер қандай да бір себептерге байланысты клиент консультантпен өзінің мәселесін қарастырудан бас тартатын болса, онда қажет.

A) клиенттің қарсылығын жеңу үшін бүкіл күш жұмсау;

B) клиентті басқа консультантқа жіберу;

C) консультациялауды клиент өз мәселелерін талқылауға дайын болған кезге дейін тоқтату;

D) мұндай мінез-құлқы өзі үшін зиянды екендігін клиентке түсіндіру;

E) өзін әдепсіз ұстап тұрғандығын клиентке білдіру.

9. Әр кез клиент консультанттан … кету керек. :

A) келгендегі қалпына қарағанда, бақыттырақ болып;

B) келгендегі қалпына қарағанда, одан аса жәбірленген қалыпта;

C) физикалық демалып;

D) өзіне өзі сенімі артып, бірақ өзгеру керектігін ауыр түсініп;

E) зөіне-өзі сенімі артып және нақты мәселе шешілген сезіммен.

10. Өзін тыңдап және түсініп жатқандығында клиенттің сенімді болуына, сосын оның өзін-өзі түсінуінің тереңдеуіне көбінесе мына техника септігін тигізеді:

A) қайта әңгімелеу;

B) жалпылау;

C) елемеу;

D) сұрап алу;

E) нақтылау.

11. Консультациялау практикасында негізгі назар сезімдерді бейнелеу техникасына аударылудың себебі неде?

A) сезімдер үнемі үстінде жатады;

B) сезімдер барлығына да тән;

C) сезімдер клиенттің көрсететін қырларында доминантты болып келеді;

D) клиенттің сезімдерінен оның дүниесінің мағыналары мен құндылықтарыашылады.;

E) сезімдер консультативті контактқа қаныққандық сипат береді.

12. «Эмпатия» деп мынаны түсінеміз:

A) конфликтті жағдайларды логикалық түрде шеше білу қабілеті;

B) жанашырлық пен эмоционалды жауап беру қабілеті;

C) сыртқы әлемге сәйкес келу қабілеті;

D) өзгеру мен дамуға деген қабілет;

E) шындықтықты қабылдай алу қабілеті.

13. Консультациялаудың ең негізгі невербальды «кілті» – бұл:

Қолдардың орналасуы;

Клиенттің басының еңкеюі;

клиенттің жесттары;

аяқтардың орналасуы;

жүзінің тұрпаты.

14. Тастап кеткенді орнына қойыңдар:.

« … мәні энергияны әлеуметтік іс әрекеттің немесе шығармашылықтың мақсаттарына аударудан тұрады». ».

A) Проекцияның;

B) мойындамаудың;

C) рационализацияның;

D) сублимацияның;

E) ығыстырудың.

15. Психологиялық қорғаныстардың қайсысы дамудың ертерек деңгейіне «оралуға» әкеледі?

A) Интеллектуализация;

B) регрессия;

C) ығыстыру;

D) рационализация;

E) проекция.

16. Консультант клиенттен автономды бола алу керек, яғни, өзіндігін сақату керек. Бұл тұжырым сенімділік атмоферасын құрудың қандай шартына жатады?

Шартсыз құрметту;

Бағаламай қабыл алу;

ашықтық;

эмпатия;

конгруэнттілік.

17. Егер консультант пен клиенттің тұлғалық өзгешеліктері консультативті контакт түзуге кедергі жасайтындый, соншалықты алшақ болса, консультант … керек.

A) клиенттің тұлғасының диагностикасын тереңдету;

B) консультативті қарым-қатынастың тактикасын өзгерту керек;

C) берілген мәселені әріптесімен талдау;

D) клиентті басқа консультанқа жіберу;

E) клиентке оның неадекватты мінез-құлқын көрсету.

18. Екі немесе одан да көп консультанттар бір клиентпен сұхбаттасу барысында, оған әртүрлі ықпал етеді. Бұл … әкеледі.

A) жұмыс тиімділігінң төмендеуіне;

B) консультанттардың әртүрлі қорытындыға келуіне;

C) клиенттің қиыншылықтарының максималды толық сипатын алуға;

D) клиенттің жұмысының сәтті болуында сенімділіктің жоғарлауына;

E) клиенттің консультанттардан тәуелділігінің күшеюіне.

19. Келесі бағыт-бағдарлардың ішінен консультанттың реалды емес талпыныстарын бейнелейтінін таңдаңдар. :

A) мен реалды мақсаттар қоюым керек;

B) мен басқа адамды, тек өзімнен толықтай дерлік бас тартқан кезде ғана толықтай қабыл ала аламын;

C) әрбір клиентпен сәттілікке жетуге үміттенбеу керектігін мен түсінемін;

D) мен өзімнің білімсіз екендігімді мойындай алу үшін күшті боуым керек;

E) мен тек клиентке өз бетінше шешім қабылдауға ғана көмектесе аламын.

20. Төменде көрсетілген критерийлерден консультациялау нәтижелерін бағалау үшін негіз болмайтынын көрсетіңдер.

A) клиенттің айналасындағыларға ықпал етуге тырысуы;

B) әлеуметтік бейімделу;

C) кәсіби бейімделу;

D) жеке тұлғалық ерекшеліктер сферасындағы өзгерістер;

E) оқу іс әрекетіндегі жетістік.

Дұрыс жауаптардың кілті..

Тапсырма нөмірі Дұрыс жауап Тапсырма нөмірі Дұрыс жауап
B D
C B
E E
C D
A B
D E
E D
B C
D B
A A

Қорытынды бағылау үшін

Наши рекомендации