Бандитизм қылмысының динамикасы
Жылдар | Жылдар бойынша деңгейі | Алдындағы жылмен салыстырғанда (жалғаспалы әдіс) | 1995 ж. көрсеткіш-пен салыстыр-ғанда (%) | Соңғы 10 жылдық (1993-2002) орташа көрсеткіш-пен (29) салыстыр-ғанда (%) |
- | -93 | -96 | ||
- | -93 | -96 | ||
+100 | -87 | -93 | ||
+200 | -62 | -79 | ||
-66 | -87 | -93 | ||
+700 | - | -44 | ||
+44 | +44 | -20 | ||
+130 | +231 | +82 | ||
-47 | +75 | -3,4 | ||
+107 | +262 | +100 | ||
-7 | +237 | +86 | ||
-40,7 | +100 | +10 | ||
-46,8 | +6 | -41 | ||
+6 | -41 |
Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша 59% жағдайда психикалық қысым, яғни күш қолданамын деп қорқыту қолданылған, 38%-те күш қолданылған /52/, ал тек 3% жағдайда ғана қылмыскер ешқандай күш қолданбастан, мас қылатын, ұйықтататын, есінен тандыратын заттарды беріп жәбірленушінің мүлкін алдап иемденген.
Бұл қылмыстардың әр екеуінің біреуінде қылмыскер өзінің сөзбен қорқытуын растау үшін атылатын қару, суық қару немесе қару үшін қолданылатын басқа зат көрсеткен.
Қылмыскер өзінің қылмыстық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін әртүрлі сипатта күш қолданған: аяғымен, қолымен ұрып тепкілеген, балғамен, пышақпен, темір шынжырмен ұрып соққан, атылатын қару, өтек, балта, т.б. қолданған. Көпшілік жағдайларда, ауызша қорқытудан еш нәтиже шықпаған соң ғана күш қолданылған.
Сотталғандардың 59%-і зорлық әрекеттерін бір тәсілмен жасаған (алқымына пышақ тақаған, жәбірленушінің ешқандай мұршасын қалдырмаған, егер ол көнбесе қару қолданған, мойнына тұзақ салған, шүйдесінен ұрған, аяғынан іліп қойған, зынданға, тоңазытқышқа қамаған), 33%-і жәбірленушінің қылығына қарай әрекет жасаған, тек 8%-і ғана “мамандандырылған” қылмысқа барған. Олар сантехник, теле, радио, аудио, бейнекөрініс немесе телефон шеберлері ретінде, тұрғын үй қызметкері болып үйге кірген. Зерттеулерге қарағанда, жүз жағдайдың жетпісінде қылмыскерлер үйге почтальон, дәрігер, сақтандыру агенттігінің өкілі, полиция қызметкері болып, 26%-інде отбасы мүшелерінің туыстары және таныстары болып немесе солардың атынан келіп кірген, ал қалған жағдайларда есік-терезені бұзып күшпен енген /53/.
Екі-үшеуі пәтер иесін бас салып, оған қару кезеніп, тыныш отыруға мәжбүр етеді, жәшікке тығып қояды, денесін арамен бөлшектейді, қарнын үтікпен қариды, кемпірауызбен саусақтарын жаншиды, басын төмен қаратып іліп қояды, тырнақ астына шеге сұғады, денесін кескілейді, зорлап есірткі затын бүркеді, т.б. Қарсылық көрсетсе оның жақындарын қинайды. Бұл бандитизмге, пайдақорлықпен адам өлтіруге, қорқытып алушылыққа және кейде қарақшылыққа тән әрекеттер. Бұлар өте қауіпті қылмыстар қатарына жатады, сондықтан жазалау шаралары тиісінше болуы керек.
Күш қолданып тонағанда, қарақшылық жасағанда және қорқытып алушылықта қылмыскерлер, көбіне, өз қорқытуын іске асырып отырған. Мысалы, әрбір он бір жағдайдың біреуінде жәбірленушіге өмір үшін қауіпті ауыр дене жарақаты салынған, алты жағдайдың біреуінде денсаулықты аз уақытқа бұзатын немесе еңбек қабілетін ептеп тұрақты жоғалтатын орташа ауырлықтағы және жеңіл дене жарақаттары салынған.
Мұндай қылмыстардың 89%-інде күш мүлік иесі болып табылатын жәбірленушіге қарсы қолданылған, 11%-інде мүлік иегері емес адамға қарсы қолданылған, ал психикалық қысым сол жасалған қылмыстардың 29%-інде мүлік иесінің әке-шешесіне, ата-әжесіне, жұбайына, балаларына қолданылған.
Қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің нысаналары, негізінен, шетел валютасы, ақша, бағалы қағаздар, автомашиналар, аудио және бейнекөрініс аппаратуралары, магнитофондар, сонымен қатар кілемдер, тондар, ішіктер, былғары плащтар мен күртешелер, джинсылар, юбкалар, зерделі бұйымдар, кей-кейде ішімдіктер, тағамдар болып келеді. Әрбір екінші қылмыста қылмыскерлер ақша иемденген, он қылмыстың біреуінде валюта, үш қылмыстың біреуінде хрусталь бұйымдарды және киім-кешек иемденген. Күміс, алтын жүзіктер, сырғалар, алқалар, т.б. иемдену ұрлықтардың 31%-ін, ішімдіктер (коньяк, бренди, арақ, шампан, құрғақ шарап) ұрлау тек 9%-ін ғана құрайды.
Осы қылмыстарды жасау нәтижесінде қылмыскерлер иемденетін мүліктердің ақшалай құны, әдетте, жоғары.
Ірі мөлшерде жасалған бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының өзіндік үлесі 51,5% болса, аса ірі мөлшердегі қылмыстар - 15,5% .
Зерттеулерге қарағанда, қылмыскерлердің 74,5%-і қылмысқа алдын ала дайындалмайды, тек 25,5%-інде алдын ала қару, автотранспорт дайындайды, қылмыс нысанасын белгілеп жоспар құрады, өзара міндет бөліседі, т.б.
Сотталғандардың 36%-і өз іс-әрекетін жасырын бастаған, яғни мүлікті ұрлап алмақшы болған, тек кейін, әшкереленгеннен соң, қарақшылық шабуылға немесе күш қолданып тонауға көшкен. Қылмыскерлердің 9%-і қару және есірткі заттарын иемдену мақсатында қылмыс жасаған. Жасалған қылмыстың 79%-інде атылатын қару, 21%-інде суық қару немесе қару ретінде пайдаланылатын зат қолданылған.
Атылатын қарулардан - пулеметтер, автоматтар, пистолеттер, майда калибрлі винтовкалар, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және кесінді мылтық қолданылған.
Суық қарулардан - қанжарлар, ұлттық, қолдан жасалған пышақтар, фин пышақтары, нунчакилар, т.б.
Күш қолданғанда, көбіне, мынадай заттар пайдаланылған: арматура, ұстара, шеге суырғыш, темір кеспелтек, егеу, шынжыр, т.б.
Күш қолданылған пайдақорлық қылмыстар негізінен көпшіліктің көзінше жасалынады. Бірақ, «Сіздің қылмыс жасауыңызға тосқауыл болған адам болды ма?» деген сұраққа сотталғандардың тек 5%-ғана оң, ал 95%-і теріс жауап берген.
1998 жылы жүргізілген зерттеулер 1999 жылы жүзеге асырылған талдаудың нәтижесін растады, яғни тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық сияқты қылмыстарды көпшіліктің көзінше жасағанда қылмыскер өз әрекетіне ешкімнің тосқауыл болмайтынына, «сен тимесең мен тимеймін” деп шет тұратынынасенеді деген тұжырым шындыққа айналды. Көптеген қылмыскерлердің айтуына қарағанда, егер бөгде адамдар араласқанда, олардың көздеген ниеті жүзеге аспай қалуы мүмкін екен. Әлінің жететіндігін біле тұрып азаматтардың қылмысты тойтаруға әрекет жасамауы басқа біреудің тағдырына немқұрайды қараудан, өз басының қамын ойлаудан туындайды.
Сондықтан болар, анкетада қойылған сұраққа бірнеше сотталған адам: «Ешкімнің құдайға жан тапсырғысы келмейді» деп жауап берген.
Жалпы бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының ішінде, соңғы кездері, топтасып жасаған қылмыстың үлесі ылғи көбейіп келеді. Мысалы, -1977. - 206 с. жылы сотталғандардың жалпы санының 60-70%-і қылмысты топқа қатысып жасаған болса, 1994 жылы ол көрсеткіш 80% жеткен. Тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық үшін сотталған кәмелетке толмағандардың 76%-і топта болған /54/.
Қазіргі кезде ішінде жасөспірім мүшесі жоқ бірде-бір банда кездеспейді. Тіптен, соңғы үш жылда республиканың ішкі істер органдары «таза» жастардан тұратын бірнеше ұйымдасқан топты ашқан. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық ниетпен адам өлтіруі сирек болады (5 жағдай).
14-тен 25 жас аралығындағы адамдармен топтасып қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық жасаған адамдар 84,0% құрайды.
Негізінен топтардың 64%-інде екі-үш адам ғана, ал 36%-інде үш және одан көп адам болған; топтардың 34%-інде тиянақтылық сипат болған, яғни, олар үш және одан да көп қылмыс жасаған, оларды сот үкімімен бұрын сотталған адамдар басқарған. Және бір байқалған заңдылық - дер кезінде ашылмаған топтар біртіндеп ұлғая берген, тиянақты құрылымға айналған, олардың өздерінің ішкі тәртібі, әр мүшесінің атқаратын нақты міндеті болған. Бұдан он жыл бұрын орташа қылмыстық топта он адамға дейін болса, қазіргі ашылған топтардың жартысына жуығында елу, одан да көп адамдар бар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, рэкет-криминалдық ортаның қалыптасу процесінің бастапқы сатысы ғана, оның көптеген көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар ол ұйымдасқан қылмыстың бір бағыты болып табылады, және де монополизациялаудың тәсілі ретінде саналады.
Практика көрсеткендей, қорқытып алушылық нақты бір адамдарға қатысты шексіз бола бермейді. Әйтеуір бір кезде екі жақ өзара тиімді келісімге келеді, міндеттер бөліседі. Мұны ішкі істер органдарындағы мәліметтерден көруге болады, онда анықталған жағдайлардың 8%-інде рэкетирлер ұдайы беріліп тұратын ақша мөлшерін белгілеген.
Бұл тұрғыда Т.Шибутанимен келіспеуге болмайды, оның пікірінше, белгілі бір адамдар өз әрекетін ұдайы қайталай берсе, онда тұрақтану үрдісі пайда болады. Қайталау адамдардың әдетін қалыпқа түсіреді.
Адамдар бірімен-бірі қайта-қайта бас қосып бір мәселені ғана шешетін болса, олар біріне-бірі иек артып кетеді. Оларда өзара ортақ сезім пайда болады, өздерін белгілі бір мән-жай байланыстырып тұрғандай сезінеді. Психикалық байланыстың (біргеліктің субъективтік кезі) мазмұны бір адамның басқа адамдардың қызметін түсінуімен және ортақ әрекетпен қылмыстық нәтижеге ұмтылуымен сипатталады. Топқа мүшеліктің шекарасы нақтылана түседі, қалыптан ауытқығандар үшін қатаңырақ тәртіп қолданылады.
Біздің мәліметтеріміз бойынша тонаудың 17%-іне, қарақшылықтың 19%-іне жуығы үйге кіру арқылы жасалған.
Олардың 20% жуығында үйге кіру арқылы жасалмақшы ұрлық күш қолданылған тонауға және қарақшылыққа ұласқан. Басқа жағдайларда қылмыскерлер үйге заңсыз басып кіріп, мүлікті иемдену үшін ондағы адамдарға шабуыл жасаған.
1998 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне қарағанда, біздің елімізде жазасын өтеген адамдардың 24%-і күш қолданып тонау, 26%-і қарақшылық, 26%-і пайдақорлық пиғылмен адам өлтіру, 31%-і бандитизм, 27%-і қорқытып алушылық жасаған.
Ресей Федерациясында 1999 жылы жүргізген зерттеулер тонау мен қарақшылықтың қылмыс қайталап жасаушылардың арасында онша таралмағанын көрсетті. Ю.В. Солопанов пен В.Е. Квашистің мәліметтері бойынша бұл қылмыстар ерлер арасында қайта қылмыс жасаудың 7,6%-ін құраған /56/.
Егер еңбекпен түзеу мекемелерінде 1970-1975 жылдары бас бостандығынан айыру жазасын өтеп шыққандардың арасында қарақшылар мен тонаушылар 10%-тей болса, қазір ол көрсеткіш 12,5% болып отыр.
Қазіргі күш қолданып тонауда, қарақшылықта, қорқытып алушылықта, бандитизмде айқын көрінетін криминологиялық ерекшелік бар.
Талданылып отырған қылмыскерлер санатының көпшілігінде пайдақорлық-басқыншылық сипат бар.
Қылмыс қайталаушының соттылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым ол қылмысты топпен жиі жасайды деген пікір криминологиялық әдебиетте айтылып жүр. Біздің зерттеулеріміз бұл тұжырымды растамайды. Мысалы, екі соттылығы бар қайталаушылардың ішінде топта қылмыс жасаған адамдар бар болғаны төрттің бірі; төрт рет сотталғандардың ішінде жетіден бірі; бес және одан көп сотталғандардың ішінде - оннан бірі.
Сонымен қатар жас ұлғайған сайын топтасқан қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Бұл екі үрдіс, біздің пікірімізше, өзара байланыстағы екі фактордың ықпалын көрсетеді.
Кәмелетке толмағандар тобының тиянақтылығына келетін болсақ, 90-жылдардағы жеткіншектер тобы жасап, кейін ашылған осы санаттағы қылмыстардың жалпы санының 63,4%-і 3 айға дейін, 21,6%-і 6 айға дейін, 11,4%-і 9 айға дейін, 3,6%-і бір жылға дейін, 1%-і бір жылдан ұзақ өмір сүрген.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, азаматтардың қылмыс жасауға бірлесіп қатысқаны анықталған. Мұндай жағдайлар Қазақстан Республикасының Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының ІІБнің қызметкерлері Маметов пен Сыздықов қылмыскерлермен сыбайлас болған. ІІМ экономикалық қылмыстар жөніндегі қызметкері Сабиров те қылмыстың жасалуына көмектескен. ҚР ІІМ қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары Ахметов өзінің туыстары және таныстарымен бірлесіп қылмыстық топ құрған, оған өзі белсене қатысқан. Олар адам өлтірген, әйел зорлаған, тонаған, іздерін жасыру үшін жәбірленушілерге қатыгездік көрсеткен. Басқа бір жағдайда Сарыағаш ауданы прокурорының көмекшісі Сейітназаров рэкетирлермен бірлесіп қорқытып алушылықпен айналысқан.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланыс орнатқан қылмыскерлер өздері әшкереленетін қауіп төнсе, сол қызметкерлердің өздерін қалайда қорғауға тырысатынын біледі. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қылмыс жасауы ешқандай үрдісті көрсетпейді, себебі ондай жағдайлар Қазақстанда сирек кездеседі.
1994 жылы барлық тіркелген қасақана адам өлтірулердің ішінде қарақшылықпен шабуыл жасау кезінде адам өлтіру 11,9% болған /57/.
Тек 11% жағдайда қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасалған (мәйітті тыққан, мәйітті бөлшектеп жасырған, өртеген, өзенге тастаған). Мұндай әрекеттер, көбіне, таксистерге, жекеше адам тасушыларға қатысты жасалған.