Зін-өзі тану құралдары мен тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
Енді өзін-өзі тану мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, іс-әрекеттерді дәйекті түрде алмастыру ретіндегі өзін-өзі тану процесінің өзіне көңіл қоялық. Өзін-өзі тануды ұйымдастыру барысында қандай құрал-амалдарды пайдалануға болады? деген сұраққа жауап беріп көрелік. Өзін-өзі танудың ең кең таралған амал-тәсілдеріне мыналар жатады: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандай да бір «өлшегішпен» салыстыру, өз тұлғасын үлгілеу, әр қасиетте, жүрыс-тұрыс сипаттамасында қарама-қайшылықтарды танып-білу.
Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін, өз жүріс-тұрысын, ішкі әлем оқиғаларын бақылау арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Адамзат бір кездері психологияның негізгі әдісі болып табылған және «интроспекция» (ішке қарай үңілу) деп аталған, ал психологияның өзі «интроспективалы» деген атау алған өзін-өзі бақылаумен баяғыдан таныс. Бұл әдіс өте субъективті және адам психикасының дәл көрінісін бермейтіндіктен, кейініректе бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас тартылды, алайда өзін-өзі тану тәсілі ретінде оның зор маңызы бар. Өзін-өзі бақылау жолшыбай аз ұғынылған және мақсатты бағытталған болады. Жолшыбай аз ұғынылған ретінде өзін-өзі бақылау үнемі жүзеге асырылып отырады және біздің санамыздың қызмет атқаруына ұқсас болып келеді. Біз бір нәрсені жасаймыз, араласып-құраласамыз, дем аламыз және өзін-өзі бақылауды жүзеге асыра отырып, бір мезгілде өзімізді бақылағандай боламыз. Жүріс-тұрыс басқалар немесе біздің өзіміз белгілеген норматив шегінен шығып кеткеннен-ақ, біз оған түзетулер енгіземіз. Солай бола тұрса да, мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау барысында фактілерді жинау процесі жүзеге асырылады, олардың кейбірі маңыздылығына немесе қайталанғыштығына орай біздің санамыздың объектісі бола бастайды, яғни табылады, бекітіледі, талдауға ұшырап отырады.
Мақсатты бағытталған өзін-өзі бақылау біз қандай да бір қабілетті, тұлғаның қасиеттерін, жүріс-тұрыс сипаттамаларын табуды және оның көрініс беруін өзімізде бекітіп қалуды мақсат етіп қойған кезде орын алады. Бұл үшін адам кей кездері өз өзін тиісті жағдайларға қояды немесе өзімен өзіндік эксперимент жүргізе отырып, осындай жағдайларды өзі жасайды. Осындай эксперимент жүргізу үшін жақсы мүмкіндіктерді өз бойынан белгілі бір қасиеттер мен сапаларды табуға және бекітуге мүмкіндік беретін, арнайы ұйымдастырылған психологиялық тренингтер жасап береді. Айтылғаннан жолшыбай да, мақсаттцы бағытталған өзін-өзі бақылаудың да тұлғаның қасиеттерін, мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін және көптеген басқаларды табуға және бекітуге мүмкіндіктер беретіндігі түсінікті.
Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылаудың көмегімен табылған нәрсе талдауға (бөлшектеуге, ыдыратуға) ұшырайды, оның барысында тұлғаның ерекшелігі немесе жүріс-тұрыс сипаттамасы оны құрайтын бөліктерге бөлшектенеді, себеп-салдарлық байланыстар анықталады, өзі туралы, аталған нақтылы қасиет туралы ойлану процесі жүреді.
Өз өзін қандай да бір «өлшеммен» салыстыру. «Өлшем» мен «шкала» сөздері - бұл шартты түсініктер, алайда олар аталған тәсілдің мәнісін айтарлықтай дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өзімізді басқа адамдармен, әлде идеалдармен, әлде қабылданған нормативтермен үнемі салыстырып отырамыз. Салыстыру тәсілі өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз өзін бағалауды құруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру мұның полярлық полюстері қарама-қарсылықтар болып табылатын шкаламен жүзеге асырылады, мысалы: ақылды - топас, жақсы - жаман, әділ - әділ емес, зейінді - зейінсіз, еңбексүйгіш - жалқау. Әрі біз осы шкаладан өзімізге орынды міндетті түрде табамыз.
Өз тұлғасын үлгілеу енді өзін-өзі танудың айтарлықтай арнайы әдістеріне жатады және оны ең жақсысы, мысалы, психологтың көмегіне сүйене отырып қолданған жөн болады. Бірақ, өкінішке орай, психологпен әңгімелесу барлығына қол жеткізе бермейді, сондықтан өзін-өзі үлгілеу элементтерін өз бетінше қолдануға да болады. Үлгілеу - бұл жекелеген қасиеттер мен сипаттамаларды нақтылы процестердің (аталған жағдайда өзінің тұлғасының, өзінің басқалармен қарым-қатынасының) символдарында, белгілерінде, нысандарында көрсету.
Өз тұлғасының құрылымын да, өз қарым-қатынастарын да, мысалға, рольдік ойындардың және психодраманың көмегімен үлгілеудің одан да күрделі тәсілдерінің болуы мүмкін, бірақ бұл тәсілдер басқа адамдардың қосылуын қажет етеді және тек қана тәжірибелі психологтың басшылығымен ғана жүзеге асырыла алады.
Қарама-қайшылықтарды ұғыну өзін-өзі тану процесінің қандай да бір тұлғалық сипаттамасы бөлініңп көрсетіліп те қойылған, талданып шыққан, бағаланған және өзін-өзі қабылдау актісін ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кейініректегі кезеңдерінде қолданылатын тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі жалпы алғанда біздің тұлғамыздың, оның жекелеген қасиеттерінің бір мезгілде теріс те, оң да жақтарға ие болып келетіндігінен тұрады. Сондықтан, егер біз тек бір жаққа ғана бекітілсек, оны әлде сөзсіз оңды, әлде сөзсіз теріс ретінде қабылдасақ, өзін-өзі тану толық болмайды.
Жалпы алғанда өзін-өзі қабылдау - өзін-өзі танудың қорытындылаушы бөлімінің маңызды сәті, дәл осы өзін-өзі жетілдірудің, өзін тану және дамыту дың бастапқы нүктесі болып табылады, бір мезгілде өзін-өзі тану кезеңі ретінде де, тұлғаның бірлігі мен үйлесімділігінің жетістігі ретінде де, өзін тану және дамыту механизмі ретінде де көрініс табады.
Өзін-өзі танудың ең кең және қол жетерлік тәсілі болып басқа адамдарды тану табылады. Өзіміздің жақындарымызға, достарымызға сипаттама бере отырып, олардың жүріс-тұрысының мотивтерін талдай отырып, өзімізді басқалармен салыстыра отырып, біз осы сипаттамаларды кей кезде санадан тыс өз өзімізге көшіреміз. Осындай салыстыру жалпы мен ерекшені бөліп көрсетуге, өзіміздің басқалардан айырмашылығымызды және оның нақты неден тұратынын бөліп көрсетуімізге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану тәсілдеріне бет бұрайық.
Өзін-өзі танудың кең таралған тәсілдерінің бірі, әртүрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін өз өзіне есеп беру болып табылады. Ауызша өз өзіне есеп беру аптаның, айдың және т.с. соңында жүргізілуі мүмкін. Мұнда күннің немесе аптаның оқиғаларын жаңғырту: өзіңнің әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысыңды талдап шығу; барлық позитивтер мен негативтерді атап өту; қандай да бір түрде әрекет жасауға түрткі болған себептерді көрсету; одан да тиімдірек жүріс-тұрыс үлгілерін қарастырып шығу; өз бойыңда «есепті» кезеңде көрініс тапқан қасиеттер мен жеке бас ерекшеліктерін бөліп көрсету маңызды.
Өз өзіне есеп берудің өзге түрі күнделік жүргізу болып табылады. Ол уақыт шығындауды және ерік-жігерді қажет еткенімен, осы түрдің басымдықтары айдан анық. Біріншіден, адам оқиғаларды өзінде жазып алған кезде онда, әсіресе алуан түрлі уайымдауларды сөз түрінде білдіру керек болған жағдайларда, ойдың қарқынды жұмысы жүреді, осының нәтижесінде оқиғаларды да, уайымдауларды да ұғыну процесі жүреді. Екіншіден, күнделік жүргізу бізде бар ең бірегей нәрсені - біздің өміріміз бен оқуымыздың маңызды нәтижесі ретінде көрініс табатын өз өмірлік тәжірибемізді жазбаша түрде бекітіп қоюға мүмкіндік береді. Үшіншіден, күнделікте өзіңнің өткен өміріңді баяндауға, осылайша оны терең ұғынуға, өз тұлғаңның даму динамикасын табуға болады. Төртіншіден, күнделік мұнда баяндау талдаумен үйлесетін өзіңе өзіндік сипаттама беруге мүмкін сыйлайды. Өзін-өзі танудың келесі тәсілдері кинофильмдер, спектакльдер көру, көркем әдебиет оқу болып табылады.
Өзін-өзі танудың арнайы тәсілдеріне психолог жұмысының алуан түрлі қазіргі түрлерін жатқызған жөн. Дербес кеңес беру барысында психолог пациентпен жұмысын ол мейлінше көбірек ашылатындай, өзінің проблемаларын түсінетіндей, оларды шешу үшін ішкі ресурстар табатындай, өзін-өзі тану актілерін жүзеге асыратындай етіп құрады.Әлеуметтік психологиялық тренинг тобында жұмыс істеу де жақсы нәтижелер береді. Мұнда қарым-қатынас топ осында әрбір қатысушы көрініс табатын өзіндік айна бола отырып, өзгелерді және өзін-өзі тану процесін қарқынды ететіндей етіп құрылады. Топ пен психологтың өзара әрекеттесуінің міндетті шарты жетекшінің сенім мен өзара қабылдау атмосферасын құруы болып табылады. Психологияда тұлғаға тек өзін терең тануға ғана емес, өзін тану және дамыту бағыттарын, әртүрлі өмірлік мәселелер мен қиындықтардың өз шешімдерін жасап шығаруға да мүмкіндік беретін алуан түрлі психотерапиялық әдістердің көптеген саны бар.