Бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы
1) Тергеу бөлiмiнiң бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы және оның өз құзыретi шегiнде әрекет ететін орынбасарлары.
2) Тергеу бөлiмiнiң бастығы:
1. Тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушiге тапсыруға;
2. тергеушiнiң өз іс жүргiзуiндегi iстер бойынша тергеу әрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушiнiң тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3. тергеп-тексеру жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыруға;
4. тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетуге;
5. қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;
6. өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты, алдын ала тергеудi жүзеге асыратын органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алуға және алдын ала тергеудi жүзеге асыратын, өзiне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлiмшесiне беруге;
7. қылмыстық iстердi айыптау актісімен бірге прокурорға жіберуге;
8. тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға;
9. өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге уәкілетті.
3) Тергеу бөлiмiнiң бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеушiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргiзуге құқылы.
4) Тергеу бөлiмi бастығының iс бойынша нұсқаулары тергеушiнiң осы Кодекстiң 60-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, істі айыптау актісімен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының әрекеттерi жөнiнде шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
5) 60-бап. Тергеушi
6) 1. Тергеушi – қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор.
2.Тергеушi өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап, ол бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға және осы Кодексте көзделген барлық тергеу әрекеттерін орындауға құқылы.
3.Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау, осы Кодекске сәйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары баяндалған, жинақталған дәлелдер сипатталған айыптау актісін жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
4. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті.
5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті.
6.Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне қабылдауға және оны тергеп-тексеруге кiрiсуге құқылы.
7.Тергеушi заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
8.Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда, олар жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.
9.Тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).