Леуметтік жұмысты басқарудың мәні

Әлеуметтік қызмет көрсету саласында басқару жүйелерінің әртүрлі ұстанымдары болады. Жеке алғанда, мемлекеттік басқару саласында жұмыс жасау үшін дайындықтан өткен басшы, әлеуметтік қызмет көрсету саласы үшін кәсіби дайындықтан өткен мамандарды толық алмастыра алады. Дегенмен, бұл жерде нақтылы дифференциацияны жоққа шығару дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыс саласындағы басқарушы мамандары әлеуметтік-саяси сұрақтарды шешу, оның мазмұндық, этикалық аспектілеріне ене алу, қоғамдық құндылықтар және заңдарға сәйкес көрсетілетін қызметтің тиімділігін жоғарылату қабілетіне ие болуы керек.

ХХ ғасырдың басында Фридерик У. Тейлор, Франк Б. Гилберт, Генри Л. Ганнт, Х. Манстербург, Х. Эмерсон және т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері арқылы ғылыми менеджмент өркендей бастады. Басқару қатынастарының қалыптасуы және дамуы әлеуметтік технологияларды жетілдірумен қатар дамыды десек те болады.

Әкімшілік басқару мен менеджмент қатынасына байланысты әртүрлі көзқарастар (терминологиялық және мазмұндық аспектісінде) қалыптасқан. Мысалы, американдық мамандар әкімшілік басқару мен менеджментті бір деп санайды. Батыста, керісінше, менеджмент негізгі ұғым сияқты қолданылады, ал әкімшілік басқару ұйымның ішкі есептеріне жатады. Ең алғашында «менеджмент» термині АҚШ-та қолданылып, «жылқыдан оза білу» мағынасына ие болған. Ол «to manage» етістігінен шыққан (басқару), ал ол өз кезегінде латын тілінен «manus» (қол) деген мағынаны береді. Демек, нақты аудармасы – «адамдарды басқару» дегенді білдіреді. Менеджер деп кәсіпкерлікпен және заңмен бірлескен дүниенің міндетіне сәйкес тұлғаларды атайды. Бүгінгі таңда, АҚШ-та «менеджмент» терминін, алда тұрған мақсатқа жету үшін фирманың материалды және адамдық ресурстарын тиімді пайдалану мен ықпалдастығын қамтамасыз ету процесі арқылы түсіндіреді. Мәні жағынан менеджмент бұл нарықтық қатынас жағдайында фирманы немесе персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін білдіреді.

Қазіргі уақытта Батыста «адамдық ресурстар» концепциясына баса назар аударуда, себебі оларды тиімді басқару және мақсатты бағытталған қаржыландыру арқылы еңбекке қабілеттілік жағдайына мүмкіндік жасалады.

Компаниялар өздерінің қажеттіліктеріне сай білім беру бағдарламаларына қатысады, себебі ол болашақта өздерін білікті және техникалық дайындалған жұмыс күшімен қамтамсыз етеді.

Мұғалімдердің американдық федерациясында «Метрополитен лайф иншуренс компаниясының» президенті Д.Кирдон сөз сөйлеу барысында: «Бизнес, өзіне білікті қызметкерлер, клиенттер мен мамандар қажеттілігін мойындаудан басталады» деген болатын. Бизнес өзінің және қоғамның мүддесіне бірдей қызмет ететін болса, оған мысал ретінде денсаулық сақтау жүйесін келтіруге болады. Өмірді сақтандыру компаниялары жұмыс орнында шылым шегуге қарсы іс-шараларды қолдайды. Бұл медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды қысқартады және сақтандыру компанияларына жоғары кіріс алып келеді.

Жалпы, Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, менеджментті кәсібилендіру кәсіпкерлер үшін жоғары кірісті қамтамасыз ету болса, ал ХХ ғасыр бизнесіне кәсіби менеджмент келді және ол қоғам алдындағы белгілі-бір әлеуметтік жауапкершілік сипатына ие болды.

Кәсіби менеджменттің дамуы менеджер іс-әрекетіндегі арнайы өзгерісіне алып келді. Яғни, менеджер бұл қызметке қарағанда кәсіби, басқарушылық, психологиялық, экономикалық және тұлғаның шығармашылық сапаларының жиынтығын талап ететін мамандық болып табылады.

Қазіргі уақытта басқарушылық қызмет өзінің мәні жағынан технологиялы болып табылады, себебі ол өз қызметі жайлы басшылардың білуі тиіс белгілі-бір стандарттар мен заңдылықтардан тұрады. Алайда әлеуметтік салада жұмыс жасайтын басшы бірінші кезекте тұлғаның өмірлік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру мен мәселелерін шешуге ықпал ететіндіктен оның арнайы білімі болуы қажет.

Жеке ұйымдастыру шеңберіндегі басқару келесі процестердің жиынтығын көрсетеді:

- әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен оны оперативті мақсат түрінде тұжырымдау;

- бағдарламаларды дайындау және оның жүзеге асырылуын басқару;

- материалдық және кадрлық ресурстарды қамтамасыз ету мен қаржыландыруды ұйымдастыру және т.б.

Наши рекомендации