Ертегінің кейбір сабақтары.
Қазір әйгілі ертегі «Бауырсақты» психологиялық тұрғыдан тындауға шақырамын және талдауға белсенді түрінде қатысуларынды сұраймын.
ертегі | Сабақтар, өсиеттер, қорытындылар, ғибраттар … |
Шал мен кемпір өмір сүріпті. Оларда бала болмапты. Қартайған шақтарында жалғыссырап, олар бауырсақ пісіруге ұйғарыпты. Олар не істеді? Қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді | Бірінші өсиет: отбасын толықтыру сұрақтарын ойланып шеш |
Қырып, қағып Бауырсақ шықты. Суытып терезе алдына қояды. | Екінші өсиет: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмандар |
Бауырсақ домалап кетіп қоянды, аюды, қасқырды кездеседі | Үшінші өсиет: баданы қоршаған ортамен қатынасуға үйретіңіз |
Оған қу, мейірімді түлкі кездеседі | Төртінші өсиет: баланы жақсылық пен жамандықты, адамдардың адал ниетін айыруға үйретіңіз |
Түлкі Бауырсақты жеп қояды | Бесінші өсиет: балаларды өз бетімен, абырой мен қадыр-қасиетпен, өмірдегі қауіпсіз қиын жағдайлардан шығуға үйретіңіз |
Мектепке бейімделуге балаға қалай көмек көрсетуге болады?
Мектепке оқуға барған балаға моральдық және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (сөкпеген дұрыс болады), бір нәрсе жасап жатқанда мақтау керек (басқа балалармен салыстырмай).
1.Баланың мектептегі жетістіктеріне өзіңіздің қобалжушылығыңызды көрсетпеңіз
2.Баланың мектептегі өміріне көңіл бөліп тұрыңыз және экскурсия, кезекшіліктер, мектептегі мерекелерге дайындық пен өткізу туралы, баланың басқа балалармен қарым-қатынасына өз назарыңызды аударып тұрыңыз
3.Балаға өзіне сенімділік беретін қызметінде жетістікке жеткен саланы белгілеп, баса көрсетіңіз.
Бұның барлығы баланың қобалжушылығын төмендетеді және бала сабақта жұмыс істегенде жетістіктерге жете алады. Бала мектептегі сәтсіздіктері үшін тұйық болуына жол бермеңіз.
Долылықты бір әдіспен жазалауға борлады – қарым-қатынас мүмкіншілігінен айыру (асықпай, қыр көрсетпей).
Ең басты жүлде – бала тыныш, сабырлы, бір нәрсе жасап отырғанда ашық сенімді, мейірімді, жақсы қарым-қатынас (баланы емес, баланың жұмысын мақтаңыз).
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін және басқаларға ...» мектеп психологы Л.А.Вишневскаяның ата-аналар жиналысындағы дәрісі.
ИтБірінші қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды. Барлығы дайын. Бәрі дайын. Мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, барлығы сатылып алынды, балалар қобалжуда, ата-аналарды үрей биледі.
Бейімделу
Барлық балалар демалыстан кейін мектепке бейімделу кезеңін міндетті түрде өтеді.Бейімделу бұл жаңа жағдайға дағдылану, ынғайлану. Барлығы мерзім мен осы үдерістің маңыздылығында. Бүгін біз бірінші сынып оқушылары туралы айтамыз. Оларға бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай. Бұл үдеріс жатық өтеді, себебі бірінші сынып оқушылары жағымды сезімде болады, олар мектепке барғылары келіп, өзгеріске дайын, оқуға ниеттенген, олар ересек, оқушы болғылары келеді.
Олар неге бейімделулері қажет? Бірінші сынып оқушылары оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы қажет.
Күн тәртібі өзгереді. Енді бала қалаған уақытына дейін қыдырып, ұйықтай алмайды. Оның уақытының минутына дейін тіркеліп жазылып қойылған. Біз балалардың бейімделу кезеңі сәтті, денсаулықтарын қадағалап, психологиялық мәселелер туындамай өту үшін барлық жағдай жасауымыз қажет.
Ересектер қандай көмек көрсете аламыз? Біріншіден бұл оқу жылына икемделу. Бұған алдын ала дайындалған қажет. Тамыздың орта кезінен бастап күн тәртібін өзгерткен дұрыс. Ерте тұрып, ерте ұйқыға жату қажет. Өзіңіз үлгі болыңыз. Белсенді демалу қажет (таза ауада). Алдағы оқуға дайындалу (кітап оқу, сурет салу, қию, құрастыру, әңгімелесу ...).
Компьютерде ойнауды, теледидар көру уақытын шектеп отыру.
Бірінші тоқсанда баланы қосымша секциялар мен үйірмелерге апаруға қажеті жоқ. Келешекте де баланың уақытын дұрыс бөліп қойған дұрыс. Баланы мектептен кейін тамақтандырып, бір-екі сағат демалдырғаннан кейін ғана қосымша сабақтарына жіберуге болады. Және балада үй тапсырмасын орындауға уақыт қалу қажет.
Бала таза ауада үш, үш жарым сағат қыдыруы қажет. Таза ауасыз бала дұрыс дамиды деп айтуға болмайды.
Бала дұрыс тамақтануы қажет. Баланың миының дұрыс жұмыс істеуі үшін ас мәзірінде сүт, жұмыртқа, бауыр, балық тәрізді тағамдар болуы тиісті. Ал жармалар, бұршақ тұқымдастар, жержанғақ, шекілдеуік дәнегі, жаңғақ қуат үшін қажет. Организмді дәрумен мен микроэлементтермен толықтыру үшін – картоп, жеміс, көкөніс қажет.
Бірнеше тілек:
Мектепке барған балаға рухани және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (ұрысуға қажеті жоқ), ол бір нәрсе істеп жатқан кезде мақтаған дұрыс.
Баланың нәтижелерін басқа дұрыс орындаған баланың нәтижесімен салыстыруға болмайды.
Баланы тек баланың өзімен ғана салыстыру қажет және оның нәтижелерін жақсарту үшін ғана мақтаған жөн.
Ата-ана шыдамдылық көрсетіп, баланың жетістіктерін күтуі қажет, себебі мектепте қобалжушылық жағдайлары болып тұрады.
Мектеп ұзақ мерзім бойы аяушылықпен бағалауы тиісті.