Арым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б. факторлардың күшті ықпалында болды.
Барлық кездесетін қарым – қатынастарды үш түрге бөлеміз:
1. Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан арасындағы қарым -қатынас);
2. Міндетті қарым – қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат);
3. Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы достар арасындағы қарым - қатынастар)
Осы қарым – қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс үстінде көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым – қатынас түріне жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипаатынан байқасақ, онда жеке (ресми емес) қарым – қатынас түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым – қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындаумен байланысты.
Осыған орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда болады. Іскерлік қарым – қатынастар жеке бас қарым – қатынасына айналуы мүмкін.
Сонымен қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды.
Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады.
Қарым – қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу, әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым – қатынас, т. б. жатады. Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады.
Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б.
Қарым – қатынас қатысушыларының контингентіне байланысты жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым –қатынас, топтардың өзара қарым – қатынасы болып бөлінеді.
Алғашқы бастапқы топта, ұжымда, жеке адамдар өзара қарым – қатынасқа түседі. Осы қарым – қатынас барысында жеке және топтық міндеттер мен мақсаттар шешіледі.
Жеке бас топтық қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым – қатынас. Бұл түрі әсіресе жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады.
Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара әрекеті. Бұған спорттағы командалық жарыстар мысал бола алады.
Қарым – қатынастың үш жағы бар.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.
Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты.
Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет.
Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасыпжәне өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым – қатынастың осы жағы сипаттағанда жеке адамаралық қарым – қатынастың түрлерін талдау мен қарым –қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Жеке адамаралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады.
Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым – қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметік мотивтер айқындалған.
1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві)
2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (канкуренция)
4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтуризім);
5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).