Уанбаңдар жастыққа
Қуанбаңдар жастыққа, Елерме күлкі, мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа? Құрбыңның қызық дегенін, Сөз екен деп ап шықпа. Адалдан тапқан тиынды Сал да сақта қапшыққа. Қолдағыңды қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа. Сыпайы жүр де, шаруа ойла, Даңғойланып қаптықпа. Бет алды жанға бой салма, Қорлық жүрмес сақтыққа. Елу бесте біз-дағы Сенісер адам таптық па? Арыз құмар болғандар Опыр-топыр, шаң-шұққа Түспей жүр ме, көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа? |
Уатты оттай бұрқырап
Ќуатты оттай бұрќырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырќырап, Көк бұлттан үзілген. Ќайран тіл, ќайран сөз — Наданға ќадірсіз. Тәуекел мен батыр ой Өткір тілді найза етіп, Сайысып-аќ баќты ғой, Неше түрлі айла етіп Оянбай, ќайран жұрт, Ұялмай ќал жым-жырт! Аќылмен ойлап білген сөз Бойыңа жұќпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз Бар тамырды ќуалар. Ән салар, жатќа алар, Түбінде ќұр ќалар. |
Ызарып, сұрланып
Ќызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып. Өзді-өзі керегі. Екі асыќ ќұмарлы, Бір жолдан ќайта алмай, Жолыќса ол зарлы, Сөз жөндеп айта алмай. Аяңдап аќырын, Жүрекпен алысып, Сыбдырын, тыќырын, Көңілмен танысып. Дем алыс ісініп, Саусағы суынып, Белгісіз ќысылып, Пішіні ќұбылып. Иығы тиісіп, Төмендеп көздері. Үндемей сүйісіп, Мас болып өздері. Жанында жапыраќ, Үстінде жұлдыз да, Елбіреп-ќалтырап, Жігіт пен ол ќызға. Өзге ойдан тыйылып, Бірімен бірі әуре, Жүрекке ќұйылып, Жан рахат бір сәуле. Жүрегі елжіреп, Буындар босанып, Рахатпен әлсіреп, Көзіне жас алып. Жүйрік тіл, терең ой, Сол күнде ќайда едің. Ғашыќќа мойын ќой Жеңілдің, жеңілдің! |
Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең. Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең, Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп, Неге болды бар елдің қоры Бәкең? Лекер, Бітімбай мен Аталықты, Жанқожадан кім көрген қапалықты? Байұзақ одан соңғы адамы еді, Бәрі де кісі-ақ еді қасалықты. Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар, Екеуі бітім десе, басын шайқар. Екі елерме бітімге жөн келер ме, Ақылы болмаған соң артын байқар? Сөзінің басы ыржаң, соңы қылжаң, Жүгенсіз жүре бермек — сенің ырзаң. Сенен күшті кісілер не боп жатыр, Заманыңның тарлығын ойла, мырзам. Шотқара кірсе алдап, шықса күлген, Елірмелі Досаққа кісімсіген. Бұл топта маған айтар кісі бар ма, Дауылбай мен Қыздардың жөнін білген? Атқожаның қулығы сені елірткен, Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен. Менің терім тарылып келе жатыр, Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен. |
Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
Қиыстырып мақтайсыз, Ойласаң не таппайсыз? Бізде ерік жоқ, өзің біл, Әлденеге бастайсыз. Біз де әркімді байқаймыз, Тап бергеннен тайқаймыз. Сіздей асыл кез болса, Қайтіп басты шайқаймыз? Ақылыңа сөзің сай, Сіз — жалын шоқ, біз — бір май; Ыстық сөзің кірді ішке, Май тұра ма шыжымай. Қабыл көрсең, көңлім жай, Тастап кетсең, япырмай, Ит қор адам бола ма Бұл жалғанда сорлыңдай? Тілегімді бермесең, Амалым не жерлесең? Үйір қылма бойыңа, Шыны жақсы көрмесең. Қайғың болар шермен тең, Қара көңлім жермен тең. Сенсіз маған жат төсек Болар бейне көрмен тең. Сіз — бір сұңқар шаћбаз*, Жер жүзінен алған баж.* Біздей ғарып есепсіз Есігіңде жүр мұхтаж. Көңлің тұрса бізді алып, Шыныменен қозғалып, Біз — қырғауыл, сіз — тұйғын, Тояттай бер, кел де алып. Тал жібектей оралып, Гүл шыбықтай бұралып, Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып. Мұны жаздым ойланып, Ойда бардан толғанып. Кірсе ішіңе оқи бер, Бозбалалар, қолға алып. Мұны оқыса кім танып, Жүрегіне от жанып. Сөзді ұғарлық жан тапса, Айтса жарар ән салып. Өлең жиған тырбанып, Ән үйренген ырғалып, Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осыншадан құр қалып. |
Ыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Күйкентайы үстінде шықылықтап. Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап. Тиiп-шырып, ыза қып, ұстатпаса, Қуанар иелері сонда ыржақтап. Не таптық, мұныменен деген жан жоқ, Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осыменен жүр далақтап. |
Ыс